Мукашева Р.А.
А.
Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Практикалық
лингвистика кафедрасының оқытушысы
ЛИНГВОМӘДЕНИ АСПЕКТІДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР
(С.Мұқанов
шығармалары бойынша)
Жалпы тіл білімінде фразеологизмдердің зерттелу
тарихы жүз жылдыққа кетеді.Сан ғасырлар бойы
өздерінің сонылығын сақтаған алуан айшықты,
терең мазмұнды фразеологизмдер халық тілінің асыл
қазынасы іспетті. Бейнелі
сөз орамдары дөп тигізіп айтар дәлдігімен, ерекше
көркемдігімен кімді де болса әрдайым баурап алады. Халық
тілінің осы бір байлығын керегінше пайдалану – әрбір
көркем сөз шеберіне тән.
Дүниенің тілдік бейнесі ұлт өкілдерінің
өмірге деген көзқарасы мен өмірлік тәжжірибелерінен
тұрады. Сондықтан дүниенің тілдік бейнесі
фразеологизмдерден, тұрақты тіркестерден,
мақал-мәтелдер мен идиомалардан анық көрінеді. Себебі
бұл тілдік қабатта ұлт өкілдерінің дүниеге
деген көзқарастары, айнала қоршаған ортаға
қарым-қатынасы,сондай-ақ халық даналығы
жинақталған.Осымен байланысты дүниені танып-білуде
фразеологиялық бірліктердің маңызы ерекше.
Б.А.Ларин
фразеологизмдер қоғамдық өмірді, халықтың
дүниеге көзқарасын, сол қоғамдағы
идеологияны бейнелеп тұрады деп көрсетеді.[4,4]. Әдеби тілде фразеологизмдер сан
жағынан артып, мазмұны жағынан түрлене
түседі.Алғашқы қазақ жазушыларының
қайсысын алсақ та, олар әдеби тіл қазынасын
қолдануда.
Лингвокультуремалық сипатқа ие болатын бірліктер тілде
сөз, сөз тіркестері, оның ішінде фразеологизмдер мен
мақал-мәтелдер түрінде кездеседі.
Қазақ тіл білімінде фразеологизмдер І.Кеңесбаев,
Ә.Қайдар, Н.Уәлиев, Ғ.Смағұлова,
С.Сәтенова, Г.Қосымова т.б. ғалымдар еңбектерінде жан-жақты
зерттелген. Соның негізінде І.Кеңесбаевтың «Қазақ
тілінің фразеологиялық сөздігі»,
Ә.Қайдардың «Тысячи метких образных выражений в казахском
языке» ,Н.Уәлиевтің «Фразеология және тілдік норма»,
Ғ.Смағұлованың «Мағыналас фразеологизмдердің
ұлттық мәдени аспектілері», С.Сәтенованың
«Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің тілдік және
поэтикалық табиғаты», Г.Қосымованың «Қазақ
эпосындағы тұрақты сөз тіркестері» деп аталатын
ғылыми еңбектері жарық көрді.
Фразеологиялық тіркестер тілге ұлттық ерекше сипат,
нақыш береді.Фразеологизмдер – ұлттық психологияны,
оның тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрін,
әдет-ғұрпын бойына сіңірген, соларды баяндайтын
лингвокультуремалар.
Жазушы
шығармаларында фразеологиялық тіркестерді молынан
пайдаланған.
Қай қаламгердің болмасын өз
шығармасында фразеологизмдерді дайын күйінде де, авторлық
өңдеумен де (перифраза жасап) қолданатыны сөзсіз.
Әрине, мұнда да жазушының талғамы мен тілдік қоры
шешуші болмақ. Соларға орай фразеологизмдер біреуде аз, екінші біреуде мол кездеседі,
біреулері оларды дайын күйінде пайдаланады, екіншілері
өңдеуі, толықтыруы, ал қайсыбірі оны тыңнан
туындатуы мүмкін.
Ә.Қайдаров «Қазақ тілінің өзекті
мәселелері» атты жинағында фразеологизмдердің қасиеті
жөнінде мынадай ой айтады: «Фразеологизмы – весьма сложные
лингвистические образования. Сложность их объясняется не только множеством
структурных типов и синтаксических моделей, но и тематической и семантической
многоплановостью, а также способностью выражать самые различные
эмоционально-экспрессивные оттенки мысли»[5, 202].
Демек, академик-ғалымның пайымдауынша, фразеологизмдер – бейнелі
ойлаудың жемісі.
Н.Уәлиев фразеологизмдердің дүниенің тілдік
бейнесін берудегі рөлі жайлы былай деп жазады: «Халық тілінде
байырғыдан келе жатқан тұрақты сөз
оралымдарының (мақал- мәтел, қанатты сөздер,
фразеологиялық тіркестер т.б. ) сан алуан сыры бар. Олай болатыны
халық өзінің өткен дәуірлеріндегі наным-сенімін,
түйсік-түсінігін, ой-қиялын, тыныс-тіршілігін аз
сөздің аясына сыйдырып, әрі нәрлі, әрі әрлі
етіп ерекше өрнектей білген.
Фразеологизмдер
халықтың өткені мен бүгінгісін жалғастырушы
көпір іспетті. Көркем образды, терең мазмұнды сөз
өрнектері әр ұлт тілінің ерекше көрінісі болып
табылады. Мұндай сөз айшықтары жалпы халық тіліне
айрықша реңк беріп, ұлттық характердің
айқын белгісін көрсетеді.
Сәбит
Мұқановтың
қай-қай шығармасында, әсіресе көлемді
туындылары романдарда фразеологизмдер өте мол.
Кез келген жазушы фразеологизмдерді белгілі бір
мақсатта пайдаланады. Сондықтан қолданыстағы
фразеологизмдердің стильдік мәні де айрықша.
«Бұл
хабарға сырттай сыр бермегенсінген
әкемнің іші қатты қобалжығанын
жүріс-тұрысынан, кескін-кейпінен аңғарып
жүрдік.» (2,29- б).
«Тыйынның қаттылығы ма, әлде қорқып кетті
ме, қанын ішіне тартып
сұрлана қалған әжем де тіл қатпай
әкемнің кескініне жаутаңдай қарап сілейе
қалды...» (2,39- б).
Осы келтірілген
сөйлемдердегі фразеологиялық тіркестер сөйлемдерге ерекше
ритм, мелодикалық әуен беріп тұрғандай, басқа
сөздермен қосылып, ерекше үйлесімді әуенмен айтылады.
«Фразеологизмдер өз мағынасында
қолданыла келе, өзін көмкеріп тұрған әр
қилы субъективтік, ситуативтік қоршауында
мағына-мазмұны жағынан жетіле, шыңдала түседі.
Фразеологизмдерді осылайша орнын тауып қолдану үлкен
суреткердің ғана
қолынан келеді. Алуан түрлі тіркестер суреткердің
қаламына іліккенде кең өріс алып, стиль жағынан
ширатыла түседі». «Әйелдігіне бағып жасқа
булыққан жеңешем, арғы сөзін айта
алмай, әжеме арнаған жоқтауын айтып дауыс қып кетті...»
(2,49- б). «Күн бұрын
қатты ескертерім, естіген сөздерің осы арада қалсын.
Жан адамға тістеріңнен шығара көрмеңдер» (2,54 -б).
Жазушы
фразеологиялық тіркестерді қолданғанда, сөйлем ішінде
олардың қалыптасқан тұлғасын сақтап,
өзгеріссіз қолдануға тырысады. Тіркес сөйлем ішінде
басқа сөйлемдермен үйлесім таба байланысады, көңілге
қонымды, түсінікті және экспрессивтік өңі
айқын аңғарылады.
Автор
пайдаланған фразеологизмдердің
бейнелік құрылымы да әр түрлі, олардың
арасында тұрақты эпитет те (шыбын жан, жаутаңдаған
көздері, қуыс өзек т.б.), тұрақты
теңеулер де (оттай жайнап,
ұршықтай үйірілді, қызыл шоқтай
т.б кездеседі. Жоғарыда келтірілген фразеологизмдердегі сөздік
құрам да, олардың беретін жиынтық мағынасы да,
жалпыхалықтық сипат та болып келеді. Мұның өзі
нанымдылықты да арттырады, жазушы талғамын да дәлелдейді, үндестігін
күшейтеді, эмоциялық бояуын әрлендіреді, күшті сезім
әсерін туғызады. Фразеологизмдердің осындай
мүмкіншіліктерін жазушы өз шығармасында кейіпкерлердің психологиялық
күйініш-сүйініштерін, ой әсерлерін, рухани жан дүниесін
нақты да нәзік бейнелеуге таңдап, талғап
жұмсайды. Мысалы, «Жаным ашып
кеткен мен, үйге кіріп барып, үңіле қарасам,
Айғожа әкемнің сол жақ санын пышақпен тіліп жатыр
екен...»(1,45-б).
Осы
мысалдардағы фразеологизмдер шығарма кейіпкерлерінің
өмір-тіршілігіндегі сан қырлы оқиғаларға
ризалық жан сезімін айрықша мәнерлеп жеткізумен бірге,
олардың мінезіндегі қат-қабат қырларын ашып, небір
нәзік жайттарды айқындай түседі.
С.Мұқанов романдарында фразеологизмдерді молынан пайдалана
отырып, шығарма тіліне мәнерлегіштік, бейнелегіштік әр
берген. Жазушы фразеологизмдерді талдап, таңдап кейіпкердің образын
сомдауда, мінезін ашу, портрет жасау, шығарманың идеялық
көркемдік жақтарын жақтарын жетілдіруде тағы
басқа толып жатқан мүмкіндіктеріне сай етіп, белгілі бір
стильдік мақсатпен қолданылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ларин Лингвистический характер Москва, 959ж.
2. С.Мұқанов. «Мөлдір махаббат» Алматы, 1972ж.
3. С.Мұқанов. «Өмір мектебі» Алматы, 1972ж.
4. С.Мұқанов. «Ботагөз» Алматы, 1972ж.