Дүйсенбай
Арайлым, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты,
қазақ және орыс филологиясы факультетінің 2 курс студенті
Ғылыми
жетекшісі: Сейсембай Т.Т., аға оқытушы, Қостанай мемлекеттік
педагогикалық институты, Қазақстан
Шоқантану
- әдебиеттану
ғылымының маңызды саласы
Ш.Ш.Уәлиханов - қазақтың
әдебиеті мен мәдениетін орыс
жұртшылығына
алғаш таныстырушы. Бұл
істе Шоқан жалғыз болған жоқ.
Шоқанға дейін де кейбір орыс
ғалымдары
қазақ
әдебиеті мен мәдениеті туралы пікірлер айтып, қазақ халық
әдебиетінің кейбір үлгілерін баспаға
шығарушылар болды.
Олардың ішінде Потанин, Березин, Радлов, Алекторов тағы
басқалардың
еңбектері ерекше ескерерлік (1.254).
Ш.Ш.Уәлиханов – әйгілі шығыстанушы болумен қатар,
қазақ халқының мұрасын жинауға, зерттеуге
зор үлес қосқан, қазақ халық
поэзиясына
тұңғыш рет теориялық талдау жасаған ғалым. Ш.Ш.Уәлихановтың шығармашылығын зерттеу
оның көзі тірі
кезінде басталған еді. Алайда, қазақ ғалымының мұрасын зерттеудің
жаңа дәуірі ол
дүние салған жылы
басталды. Шоқанның
ғылыми мұрасын жан-жақты, түбегейлі зерттеудің аса қарқынды дәуірі біздің заманымызда
1940 жылдардан соң басталып, осы күнге дейін жалғасып келеді.
Әр дәуір
өзінің
көрнекті шоқантанушы ғалымдарын тудырды. 1917 жылға
дейін шыққан шоқантанушылар ретінде
Г.Н.Потанин мен Н.И.Веселовскийлерді атаған жөн. Ал, біздің
заманымыздағы
шоқантанушылардың
саны аз емес. Солардың ішіндегі
ең көрнектісі – академик
Ә.Х.Марғұлан.
ХХ
ғасырдың бірінші ширегінде
Ш.Ш.Уәлихановтың
фольклортануға
сіңірген
еңбегін
қарастырған
зерттеушілер
Ә.Бөкейханов, Қ.Сәтбаев, М.Дулатов,
М.Жұмабаев және басқалары болатын.
Қазақ фольклорын
зерттеуде ерекше еңбек
сіңірген академик М.О.Әуезов Ш.Ш.Уәлихановтың
ағартушылық, зерттеушілік
қызметі, қазақтың халық
әдебиетін зерттеудегі орны, ислам
дініне қатысты көзқарасы, сол сияқты қырғыздың
атақты эпосы “Манасты” алғаш жазып
алуы туралы пікірлерін
білдіреді. Кейінгі кезде бұл
іспен түбегейлі айналысқан Ә.Х.Марғұлан
еді. Ә.Марғұлан
бастаған
зерттеушілердің
іздестіру жұмыстары нәтижесінде Шоқан
еңбектерінің 5
томдығы жарық көрді. Оның үстіне Ә.Марғұлан Шоқан туралы көлемді монографиялар жазды. Оның халық
әдебиеті туралы ой-тұжырымдарымен қатар
фольклорлық, тарихи
шығармаларды жинап, олар туралы
маңызды пікірлер айтып, зерттеулер қалдырғаны, қазақ фольклорындағы тарихи
аңыз бен әңгімелердің бар
екендігін байқауы,
өзі жазып алған
тарихи жырлардың нұсқаларына ғылыми талдау
жасағандығына
көптеген ғалымдар назар
аударған.
Орыстың
алдыңғы
қатарлы
баспасөзі Шоқан туралы
ең жанашыр пікірлер
айтып отырды. А.С.Пушкин,
В.Г.Белинский, А.И.Герцен, Н.Г. Чернышевский, Н.А.Добролюбов,
А.Н.Некрасовтар негізін қалап, бастырып келген
“Современник” журналы
Шоқан туралы өз
пікірін 1864 жылы-ақ жариялаған. Мысалы
осы журналда К.Губарев
“Қазақ
сахарасы” деген мақала жариялап, онда “... Шоқан
Уәлихановтай ерекше қабілетті адам бұратана деп
аталатын басқа халықтардың ешқайсысынан бұрын-соңды
шыққан емес”, –
деп жазған (2.102). Белгілі ғалымдар Н.С.Смирнова,
Ш.Қ.Сәтбаева, Р.Бердібаев еңбектерінде Ш.Ш.Уәлихановтың қазақ халық
әдебиетін
алғашқы жинаушы,
зерттеушілігі байыпты сараланған. Қазақ эпосы мен
аңызы, ертегілері мен өлең-жырлары,
мақал-мәтелдері жайында өте бай
материал жинауы,
олардың жинау принциптері мен қазақ
халық поэзиясы жанрларына
анықтама беруі,
халық әдебиеті шығармаларынан халықтың таным-түсініктері,
әдет-ғұрыптары, өмір-тіршілігі көрінеді дейтін
ұлағатты
ойларын аталған ғалымдар кеңінен
қарастырады.
Ш.Ш.Уәлихановтың жинап-терген өлеңдер
мен олар туралы айтқан ой-пікірлердің
мәні ерекше.
Ш.Ш.Уәлиханов
қазақ
поэзиясының жыр тәрізді көне
формаларына тоқталып,
оның қазіргі даму
заңдылығын
зерттейді. Ол “ соңғы
уақытта ... қазақ
сахарасында жыр поэзиясының ескірген, көне
формасы ретінде қолданушылық тек
бақсылардың еншісіне ғана
тиген. Домбыра мен өлең бұл
күндері қобыз бен
жырды біржола ығыстырып шығады”. “ Қазіргі
ақындардың
көпшілігі-ақ
осы күнгі өлең формасын ең қолайлы өлең
өлшемі ретінде қолданып, соған өздері жаттығып
алған”, – дейді (3.18).
Ш.Ш.Уәлихановтың
қазақтың
қара
өлеңінің
құрылысы жайлы айтқан пікірлеріне, мән-маңызына Қ.Жұмалиев, С.Қирабаев, З.Ахметов, М.Базарбаев,
Б.Уахатов, А.Сейдімбеков
сияқты ғалымдар ерекше
назар аударған.
Шоқанның халық
әдебиеті және оны
зерттеу туралы айтқан пікірлерін, халық поэзиясының ерекшеліктерін шығыс
поэзиясымен салыстыра талдауын, қырғыздың “Манас”
эпосы хақындағы пікірлерін
бір қатар ғалымдар өз еңбектерінде қарастырған.
Қазақтың
мақал-мәтелдері, қазақ билері, шешендік
сөз туралы, жалпы айтыс
өнері жайында Ш.Ш.Уәлихановтың пікірлерін
көптеген
ғалымдар өз зерттеулерінде басшылыққа
алып отырады,
фольклордың бұл жанрларын
тұңғыш
зерттеген Шоқан екенін
әділ атап өтеді. Олар Шоқанның
этнографиялық
зерттеулерімен, Шал, Жанақ, Орынбай, Шөже ақындар туралы, ақындық
өнер, халық
әдебиеті
хақындағы
ой-пікірлерін өз еңбектерінде орынды да орнықты қарастырады (4.140).
Әдебиет
пен өнер туындыларында халыққа танымал өнер иелерінің де
Ш.Уәлихановтың
көркем бейнесін жасауға көңіл
бөлгені мәлім. Сонау
ертеде, Уәлихановтар
ауылында жиі болып, Шоқан көрген, дидарласқан, көп әсер
алған атақты ақын
Орынбай
Кертағыұлы
ғалым дүниеден қайтқан шақта
өлең-элегия
шығарып, асыл
ұлынан
айырылған
қазақ
қауымының
күңіренген
мұң-шерін
жеткізе келіп, туған елі
оны мәңгі есіне
сақтайтынын, қашанда
құрметтеп, қастерлейтін
көркем сөзбен өрнектеген болатын. Содан бері көптеген жылдар бойы көркем сөзбен өнерде талай
шығармалар
Ш.Ш.Уәлихановқа
арналды.
С.Мұқанов “
Аққан жұлдыздар”
романы мен “ Шоқан Уәлиханов ” тарихи драмасын т.б. жазды.
С.Марков “Асқарға аттанғанда” тарихи биографиялық повесть, С.Бегалин “Шоқан
асулары”, С.Бақбергенов “ Мен
сізді сүйемін
”повестерін, А.Сатаев бірнеше
әңгімелер, П.Косенко
“Тағдырлар тоғысы”
атты тарихи хроника жазды.
Шоқан Уәлиханов туралы
Х.Бекхожин, Ғ.Орманов, С.Сейітов, Х.Ерғалиев, Е.Ибрахим,
М.Мақатаев, Қ.Мырзалиев
тағы басқа ақындар поэма, өлеңдер
жазды. Ақындар, жазушылар
Ш.Уәлихановтың
өмірі мен қызметінің елеулі
кезеңдерін, халықтың
әлеуметтік, рухани
тарихын және өз
кезіндегі жайын жақсы
білгенін, орыстың
алдыңғы
қатарлы жазушылармен қарым-қатынасын,
достығын едәуір толымды
бейнеледі. Көркем
туындыларда
ғалымның биік адамгершілік келбеті, бай ішкі жан
дүниесі, мінезі
сипатталды. Көркемөнерде
де ғалым тұлғасын бейнелеуге
арналған деректі кинофильм
көп сериялы және
суретті фильмдер,
скульптурлық және суреттік
бейнелер жасалды.
Мұндай
шығармалардың да деңгейін, хал-жайын саралау
да көп
қажеттіліктердің
бірі.
Ш.Ш.Уәлиханов өмірі мен қызметі, сан салалы мұрасы туралы ондаған ғылыми кітаптар мен жүздеген мақалаларды
қамтитын “Шоқан Уәлиханов” атты әдебиеттердің мазмұндалған көрсеткіші жарық
көрді.
Шоқантанудың
бағдаршысындай болып көрінетін бұл басылым да
құптарлық дүние.
Шоқантануда
ғалым
мұраларының
сан-салалы, көп қырлы мазмұны мен мәні, алуан қасиеттері едәуір ашылды,
ашыла да бермек.
Ұлы
тұлғадан
әр
кезеңнің адамдары,
әр буын, болашақ ұрпақ адамға тән тамаша
қадір-қасиеттерді
алады, рухани өсе түседі. Ш.Ш.Уәлиханов мұралары – қалтқысыз шыншылдықтың, халқына,
Отанға адал қызмет етудің
үлгісі, тағылымды тәрбие көзі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Сүйіншәлиев Х. ХІХ ғасыр әдебиеті. – Алматы: Ана
тілі. 1992.
2. Жолдасбеков
М. Асыл арналар «Жазушы» А., 1990
3. Уахатов Б. Қазақтың халық
өлеңдері. – Алматы:
Ғылым. 1974.
4. Адамбаев Б. Халық даналығы. – Алматы: 1975.
5.
Нағашбекова
Ж. Абай – күн, Ыбырай – ай, Шоқан – жұлдыз Кітапта:
Көкейкесті әдебиеттану 1
кітап Астана., 2001