Шет тіліндегі лингвомәденитанымдық бағытталған оқылымды үйретудің теориялық негiздері

Атханова Л.Д

Қазақстан, Алматы

КазНПУ имени Абая

Магистрант

Болашақ мамандардың кәсiби өзара қатынас тiлі ретінде 60 жылдардан қазіргі кезге дейін ағылшын тілін оқытудың бірнеше бағыты бар: 1) тұрмыстық қарым-қатынас үшiн (General English), 2) кәсiби бағыттағы ағылшын тілі (Business English ), 3 ) ғылыми-техникалық сала үшін  (English for Science and Technology), 4) академиялық мақсаттағы ағылшын тілі (English for Academic Purposes ), 5) кәсіби салаға арналған ағылшын тілі (English for Specific Purposes). Соңғы бағыттың (English for Specific Purposes )  бастауларында Джон Уэллс, Джек Ивер, Питер Стревенс сияқты  лингвисттер тұрды. Кәсiби саладағы ағылшын тіліннің туған жылы 1962-шi жыл деп санауға болады, бұл жылы ағылшын тілі, берiлетiн мәлiметтiң мазмұнына байланысты өзгереді деген теория ұсынылды. Яғни ағылшын тілінің әр –түрлі кәсіби сала үшін ерекшеленетін негізгі ресми сипаттамаларын бөліп көрсетуге болады.

Жоғарғы мектепте әр түрлі салада ағылшын тілін үйрететін оқытушылар мен әдіскерлер үшін кәсіби салаға арналған ағылшын тілінің (English for Specific Purposes) мәні зор. "Арнайы мақсаттағы ағылшын тілі" ұғымына дәл қазiр айқын анықтама жоқ. Көптеген зерттеушілердің бұл туралы ойлары үйлесуде: арнайы тілді жалпы тілден бөлек қарауға болмайды, ол оның бір құраушы бөлігі және онымен әрқашанда өзара әрекетте болады.

Әдістеме саласынды ағылшын тілін арнайы лингвомәденитанымдық мақсатта оқытылуының зерттелуі 1960-шы жылдары басталды. Ағылшын тілін лингвомәденитанымдық бағытта оқыту процессін үйлесімдеу жолдарын іздестіру мақсатында, әдіскерлер білімгерлердің қажеттіліктерін, сабақты оқуды бастағанда олар өз алдына қандай мақсат қоятындарын зерттеуге көшті. 1980-шi жылдардың басында Т.Хатчинсон ағылшын тілін кәсіби оқытуда "үйрену процессіндегі шоғырлану" тәсілін ұсынды.

"Арнайы мақсаттағы ағылшын тілін үйрену" бағытының дамуы, шет тiлдерiн оқытудағы ортақ әдiстеменiң дамуымен қатар жүрдi. Бiрақ студенттер болашақ мамандықтары бойынша кәсіби дағды мен икемділікті ала алатын  жоғарғы оқу орындарында ағылшын тілін оқытудың әдістемесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ағылшын тiлiн кәсiби бағытта оқытудың ерекшелігі; кәсiби саланың өзгешелігін максималды түрде есепке алу болып табылады. Оның тұжырымдамалары мен терминологиясы, лексикалық-синтаксистiк және грамматикалық ерекшелiктері, ауызша және жазбаша мәтiндер, ситуациялы ерекшелiктердiң қалыбы, сондықтан оқыту нақты кәсiби - мағыналы мақсаттар және міндеттер сәйкестігінде. Басқа тiл өкiлдерімен коммуникативтік қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігімен және қазіргі заманның кәсіби проблемалары мен олардың  практикалық шешім жолдарын айқындайтын тақырыптық және грамматикалық материалдардың таңдалу негізінде құрылады.

Қазіргі кездегі әдiстеменiң дамуының екi мерзiмін бөліп көрсетуге болады: - 1970-шi жылдардың ортасына дейiнгі (коммуникативке дейін)  және 70-шi жылдардан кейiнгі (коммуникативті) .

1990-шы жылдары ағылшын тілін арнайы мақсатта оқытудың теориялық және тәжірибелік зерттелуі жалғасты, ал әр түрлі  профилді мамандарға сұраныстың өсуіне байланысты бұл бағыт көптеген елдерде танымал бола бастады. "қолданбалы" шет тiлi  бойынша кез келген бағдарламаның құрастырушыларының қазіргі кезде алдында тұрған негізгі міндеттері: бұл үш коммуникативтік параметрлерді дамытуға бағытталған: сауаттылық, шапшандық, тиiмдiлiк.

Жоғарғы оқу орнында ағылшын тілін оқытудың ерекшелігі, бұл болашақ маманның қажеттіліктеріне бағдарлану болып табылады, өйткені бұл болашақ мамандардың көбінесе өз кәсібіне байланысты әдебиеттер мен құжаттарды оқып, және шет елдік әріптестерімен шет тілінде кәсіби тақырыптарда қатынасу. Болашақ маманның айқындалған қажеттілігін есепке ала отырып, оқыту бағдарламасы кәсіби бағытталған дағдылардың және икемділіктердің қалыптасуын, дамуын және жетілдіруін қамтиды, онда пәнге берілген уақыттың аздығынан негізгі тірек кәсіби бағытталған арнайы мәтіндерді оқытуға арналады.

Студенттердің оқыту қызметі дұрыс ұйымдастырылғанда: шет тілін меңгеру, оқыту және коммуникативті-тәжірибелік деңгейде қатар дамиды. Келешек мамандардың шет тiлi бойынша бiлiм меңгеруiнiң ерекшелiгi, кәсіби дағды мен икемділік шет тілін жоғары дәрежеде игеруіне және коммуникативтік дағдының дамуына кепіл бермейді. Шет тілін кәсіби бағытта оқытудың басты талаптары, бұл оқытудың мазмұны мен мақсаттарын білімгерлердің тәжірибелік қажеттіліктеріне жақындату болып табылады. Бірақ, бұл үшін белгілі бір студенттер контингентінін алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді жете зерттеу керек және оқу бағдарламасын құрастырған кезде міндетті түрде қызығушылықтар мен мотивацияны ескеру керек. Бұл ең алдымен материалдың таңдалуына, оның сыни мәнін түсінуге, студенттердiң кәсiби ерекшелiгіне және тiл құзырының деңгейiне жатады.

            Жоғарғы оқу орының оқытушысының лингвомәденитанымдық бағдарлайтын қызметтері студенттерге кәсіби қажеттілік, олардың белсенділігінің көзі болып, пайда болған қажеттілікті қанағаттандыру үшін бағытталған іс-әрекеттерді жасауға мәжбүр ететін оқу ақпаратын ұйымдастыру кіреді.

 

 Пайдаланылған әдебиеттер

1.Общая методика обучения ин. языкам; Хрестоматия/Сост. Леонтьев А.А.-М.:1991-360с.( Кузьменко О.Д., Рогова Г.В. Учебное чтение, его содержание и формы с.238-252).

2. Байтұрсынов Қ. Тіл тағлымы, Алматы, 1998, - 362 б.

3. Гальперин И.Р. Грамматические категории текста. –Москва: Просвещение, 1964, -168 стр.

4. Москальская О.И. Грамматика текста, - Москва: Высшая школа, 1981.

5. Роберт Ладо «Неизученные стороны оригинальных текстов английского языка»

6. МайклУэст “Learning to Read a Foreign Language”, Oxford University Press, 2009, p.22

7. Клычникова З.И. Психологические особенности обучения чтению на иностранном языке. – Москва, 1983, - 159 стр.