Әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университеті
Философия
және саясаттану факультеті
Саясаттану
кафедрасының аға оқытушысы Садибеков Е.Ө.
Болгария
Республикасының монархиядан республикаға өтуінің тарихи
ерекшеліктері
Жақсы
тілші айтқанды жазатын емес, жақсы тілші керекті жазатын.
Тодор Живков
Болгар халқы көптеген
державалардың геосаяси ойындарының құрбаны болып, тек
ХІХ ғасырдың 1878 жылы Осман империясының
құрамындағы әкімшілік автономия құқығына
ие болды. Дегенмен, сол кезеңнің өзінде Осман
империясының құрамына 1878 жылғы Берлин
конгресінің шешімі бойынша, бостандыққа ие болған
Болгарияның көптеген
жерлерін империяға тиесілі деп шешілді. Келесі жылы Болгарияның
астанасы Тырново қаласында сол заманға либералды болып есептелетін
конституция қабылданды. Ол конституция бойынша Болгария
конституциялық монархия, астанасы болса София болып жарияланды. Мемлекет
княздық болды, ал князі болып Александр I Баттенберг
таққа отырды. Болгария өз жерлерін қайтару
мақсатында 1885 жылы тартып алынған жерлеріне басып кіріп,
сербтермен соғысты, нәтижесінде жеңіске жетіп, Бухарестік
бейбіт келісіміне қол қойылған болатын. Бұл келісім
бойынша Болгарияның жерлері өзіне қайтарылып берілді.
Болгария мемлекеті демократияны
құру жолында басынан 5 конституцияны кешірді. Болгарияның
бірінші конституциясы ретінде Тырновтік конституцияны (1879—1911) қарастырсақ болады. Тырновтік конституция сол
заманның ең либералды конституцияларының бірі еді.
Мемлекеттің негізгі заңын қабылдау үшін 229 депутат
жиналған болатын. Арнайы комиссиямен жасақталған
Конституцияның бірінші жобасы князьдің мықты билігін, екі палаталы
парламентті, біліміне қатысты сайлау құқығын
шектеуді қарастырды. Бұл жоба терең келіспеушіліктерді
тудырды. Бұл дисскусиялар депутаттарды екі фронтқа бөлді, бір
жағы либералистік бағытты таңдаса, екінші жағы
консерватистік бағытты таңдаған болатын. Либералдар
өздерінің конституциялық идеясы бойынша, қарапайым
шаруалардың және шағын кәсіпкерлердің
мүддесін қорғады. Олардың ойы, халықтың
өзін-өзі басқаруға, барлық кәмелетке жеткен
ер азаматтарға сайлау құқығына ие болуды,
азаматтық бостандақ және княздің билігін шектеуге сайып
келді. Либералдардың идеялараныа Ұлы Француз революциясының
жәнге ағылшындардың парламентаризм идеялары әсер
еткенін байқауға болады. Консерваторлардың пікірі либералдарға
қарсы болды, олар болгар қоғамының қалталы
қабаттарынан болды: бай саудагерлер, ірі жер иеленушілер ж.т.б. Олар
болгарлардың саяси мәдениетіне сенім білідрмеді. Сондықтан
олар монархтың мықты билігін, қатаң
отралықтанған мемлекетті құруды қалады. Дегенмен,
либералдар көп болып, 16 сәуір 1879 жылы дауыс беру нәтижесінде
Болгарияның бірінші конституциясы қабылданды. [1]
Алғашында айтып кеткендей, алғашқы
конституциясы либералды болды, өйткені Болгария конституциялық
монархияға айналды, сонымен қатар конституцияда тікелей сайлау,
баспалардың құқығы кеңейтілді, заң алдында
барлық азаматтардың теңдігін орнатты, таптарға
бөлінуді жойды, алғашқы тегін білім алуды қарастырды,
тұлғаның және жеке меншік
құқығын енгізді. Бірпалаталы парламент заңдарды
жасақтауға және бюджетті қарастыруға
құқылы болды. Мемлекет басшысы билікті мұра ретінде
беріп отыратын князь ретінде бекітілді, оған атқарушы және
әскери билік берілді, дегенмен заңшығарушы билігі
парламентпен шектелді, ал үкімет парламент алдында жауап берді.
Конституция князьдің сайлау жолымен таңдалуын және егер де
династия үзілген жағдайда үш адамнан тұратын
регенттікті сайлау мүмкіндігін берді. [2]
Уақыт өте келе
Тырновтік констиуцияның күші жойыла басталды. 1881 жылы А.
Баттенберг Конституцияның күшін жойып, 1883 жылы қайта
күшіне енгізді. Бірақ княздьдің билігі күшейтілді,
парламенттің құқығы шектелді. 1893 және
1911 жылдар аралығында Фердинанд І князі тұсында (1908 жылдан
бастап патша) демократияны шектейтін өзгертулер енгізді, ол да өз
билігінің кеңеюін қалаған болатын. [3]
Осман империясының
әлсіздігін пайдаланған Болгария князі Фердинанд І 22
қыркүйек 1908 жылы князьдіктің тәуелсіздігін жариялап,
оны патшалыққа айналдырды.
Конституцияға керекті
өзгерістер 1911 жылы V Ұлы Халықтық жиналыспен
енгізілді. V Ұлы Халықтық жиналыс Тырновтік
конституцияның толық редакциялады. «Князьдік» және «князь»
атаулары «патшалық» және «патша» деген атауларға
алмастырылды. Болгарлық монарх жоғарыда аталғандай билігі
кеңейді және парламенттің мерзімі 4 жылдыққа қысқарды.
1918 жылы билік басына келген Борис ІІІ патша да өзінің жеке билігін
оранатуды жалғастырды, барлық партияларға тыйым салынды, ал
министрлер кабинеті патшаның өзімен тағайындалды. Кейін бұл конституция «Күміс»
конституция (1911—1947) деп аталып кетті. 1943
жылы Борис ІІІ көз жұмған соң, уақытша оның
баласы Симеон ІІ билікке келді, билік регенттердің қолына
өтіп, уақытша Тырновтік конституция өз күшіне енді,
дегенмен, 1946 жылы референдум нәтижесінде монархия
құлатылып, Тырновтіктік конституция өз күшін жойды.
Болгарияда Тырновтік
конституцияның жойылуына және жалпы монархияның
құлауына себепші болған коммунистер өз қызметін
ХХ ғасырдың басында бастап кеткен болатын. Олардың негізгі
мақсаты мемлекетте монархияны құлатып, Болгарияны социалистік
жолмен дамыту. Әрине, Болгария да социализмнің орнауына
Кеңестер Одағының араласуы болғанына күман
тудырмауға да болады. Жалпы коммунистер Болгарияның фашисттер
жағында соғысып жатқанда-ақ өз
қарсылығын білдіріп, бірнеше рет үкіметті
құлатуға тырысқан, дегенмен, бұл
әрекеттерінен ештеңе шықпады. Монархияның
құлауына әсер еткен факторлардың бірі ретінде,
халқы фашистік жақта соғысқанды қаламағаны,
сонымен қатар, қарапайым халықтың
жағдайының ауыр болу салдарынан коммунистердің теңдік,
бауырлық идеялары халық арасынан кеңінен талқыланып,
олардың коммунистер жағына өтіп кеткеніне себепші болды. 1939
жылмен 1944 жылы аралығында партия мүшелерінің саны 3,4
мыңнан 25 мыңға дейін өсті [4]. Партия мүшелерінің санының өсу
нәтижесінде коммунистер саяси күшке айнала бастады,
нәтижесінде 1944 жылы халық толқулары болып,
Багряновтың үкіметі құлады. К. Муравиев үкіметі
билікке келіп, Отандық фронтың қаупін сезіп, бұл
қозғалыстың қызметіне тыйым салды. Партия
қызметіне тыйым салмағанына қарамастан, олар өз
қызметін тоқтатқан жоқ, керісінше Кеңестер
әскері мемлекетке кіруіне 2 күн қалғанда партия
мүшелері статегиялық маңызды пункттерді жаулап алып, өз
билігін орнатты. Кеңес Одағы да қарап отырған жоқ
болатын, олар Болгария үкіметіне тез арада фашисттер әскерін
шығарып тастау жайлы ультиматум қойған болатын, бірақ
ультиматум қойғаннан кейін де Болгария мемлекетінің
территориясында 30 мыңнан астам фашистік әскерлер болды, осы
әрекетті Кеңес Одағының үкіметі Болгария
әлі де фашистер жақта соғыс жүргізуде деп,
үкіметін құлатуға өздерінің идеялық
әріптестеріне көмегін берді.
Болгария да коммунистер билікке
келген соң бірден билігін нығайтуды бастады. Борис ІІІ орнына
отырған Симеон ІІ тақтан тайдырылып, мемлекеттен отбасымен
қашуға мәжбүр болды. Соғыстан кейін,
Болгарияның коммунистік партиясы мемлекетте аграрлық реформа
жүргізді, өнеркәсіпті және банкттерді мемлекеттің
қарамағына өту жайлы заңды қабылдады, фашистік
ұйымдар жойылды, социалистік өзгерістерді
қабылдамағандарды қудалау басталды.
Отандық фронттың
бағдарламасының орындау мақсатында 1946 жылы
Болгарияның басқару формасы жайлы мәселені көтерді.
1946 жылдың 8 қыркүйегінде референдум өткізу жайлы
заңды ұсынды. Коммунистер көшбасшылар «Халықтық
Болгария республикасын» қалыптастыру үшін халықты
референдумға қатысып, дауыс беруді шақырды. Заң бойынша, егер де
халықтың жартысынан көбісі дауыс берген жағдайда
ғана Халықтық республика орнайды, сонымен қатар,
Халықтық республиканы орнататын конститцуяның негізгі
қағидалары белгіленген болатын. 8 қыркүйек 1946 жылы
болгар халқы белсенді түрде референдумге қатысып,
монархияның құлатуына және Халықтық
республиканың орнатылуына 92,7% дауыс берген, ал монархияның
сақталуына тек 4, 2% (3% бюллетендер жарамсыз деп табылды) дауыс берді.
Сөйтіп 15 қыркүйекте 1946 жылы Болгария өзін ресми
түрде Халықтық республика деп жариялады. Ал 1947 жылдың
4 желтоқсанында Ұлы халықты жиналыс жаңа
өзгерістерді заңды қылатын конституцияны қабылдады.
Бұл конституция құрастырушы болгар коммунисті Георгий
Димитров құрметіне тарихта (1947—1971)
ретінде
қалды.
«Димитровтік
конституцияның» 1 бөлімінің 1 бабында болгар
халқының монархиялық-фашистік диктатураға қарсы
күресінде жеңіске жеткені жайлы айтылған, ал 2 бабында
Халықтық Болгария республикасында билік халыққа тиесілі
деп белгіленген. Салыстырмалы түрде қарасақ, конституцияның
бірінші бабынан бастап, билік халық қолына өткенін
көруге болады, дегенмен іс жүзінде конституция
қаншалықты іске асқаны тарихтан бізге белгілі. Дегенмен,
Тырновтік конституцияны жасаушылар мемлекетте жалпы сайлау
құқығын енгізуді талап еткен болатын, олардың
арманы осы 1947 жылы қабылданған конституцияның 3 бабында
орындалды, конституцияның 3 бабы бойынша «нәсіліне, дініне,
біліміне қарамастан, республиканың 18 жасқа толған
әрбір азаматы дауыс беру құқығына ие»,- деп
белгіленген. 1947 жылы
қабылданған конституцияның 3 бөлімінің 15 бабында
Ұлттық жиналыс мемлекеттік биліктің жоғарғы
органы екені белгіленді, сонымен қатар, 16 бабында Халықтық
Болгария республикасының жалғыз заңшығарушы органы
ретінде танылды. Конституцияның 17 бабы Ұлттық
жиналыстың құзырын белгіледі, ол бойынша Ұлттық
жиналыс Халықтық жиналыстың президентін сайлайды,
үкіметін тағайындайды, соғыс жариялайды ж.т.б саяси
маңызды шешімдерді қабылдайтынын белгілеген болатын [5]. Мемлекетте Болгарияның коммунистік
партиясының бір партиялық жүйесі орнады, сонымен қатар,
Болгарияның егіншіліктік халықтық одақ партиясы
өз қызметін тоқтанған жоқ. Бірақ, бұл
партия мемлекетте тек екінші рөлді партия болды және де БКП
ешқандай да бәсекелес еместігін өздерінің
қолдауымен көрсетіп отырды. Мына мәселені ескерген жөн,
мемлекет басшысының қызметі конституцияда белгіленгенімен,
мемлекетті партия төрағасы басқарды.
БХР даму
ерекшілігі ретінде оның кеңестік модельді толығымен
көшіруді атап кетсе болады. Болгария да бесжылдық жоспарлы
экономика енгізілген болатын. Болгария үкіметі негізгі
көңілді ауыр өнеркәсіпке бөлді. Бесжылдықтар
нітижесінде өнеркәсіптің жаңа салалары ашылды,
соның ішінде қара және түсті металлургия,
электортехникалық және химиялық өнеркәсіпті атап
кетсе болады. Болгария да болған мәдени революция нәтижесінде
мемлекетте тұрғындар арасында сауатсыздар саны 15-20% дейін жетті,
ол үлкен көрсеткіш еді. Жетісітіктермен қатар, көптеген
проблемалар басталды, атап айтсам ол: 1) бәсекеге қабілетті
өнімнің болмау; 2) мемлекеттің қарыздың
және бюджет дефицитінің өсуі; 3) Кеңестер
Одағының көмегіне қатты тәуелді болу; Осы
мәселелерді шешуде 1971 жылы қабылдаған конституцияда да шеше
алмады. 1971 жылдың 18 мамырында Ұлттық жиналыс жаңа
конституцияны (Живковтік конституция
(1971—1991)) қабылдады. Бұл конституция «Димитровтік»
конституциядан еркешеленді. 1 бөлімнің 1.1. бабында
Халықтық Болгария республикасы социалистік мемлекет ретінде
жарияланды, сонымен қатар, 2 бабында Болгарияның коммунистік
партиясының мемлекетте негізгі басқарушы күш ретінде
белгіленді. 3 бабында Болгарияның егіншіліктік халықтық
одақ партиясы Болгарияның коммунистік партиясымен қатар
мемлекетте социализмді құрудағы серіктесі ретінде танылды
[6]. Конституциядағы
өзгерістер өсіп келе жатқан экономикалық,
ұлттық мәселелерді шешпеді. Саяси дағдарыс
нәтижесінде және Кеңестер Одағындағы
басталған «Қайта құру саясаты» Болгарияға да
жетті. Осының нәтижесінде Болгарияны 31 жыл басқарған
Тодор Живков билік басынан кетіп, Болгарияның Ұлы
халықтық жиналысы 1991 жылдың 12 шілдесінде жаңа
конституцияны қабылдады. Бұл конституция бойынша Болгария -
парламенттік басқару формасы бар мемлекет ретінде жарияланды. Жаңа
конституция президенттің мәртебесін бекітті, президент сайлауы
әр 5 жыл сайын өтеді және ол 2 мерзімге сайлану
құқығына ие. Бұл конституцияда белгілі бір
партияның жүргізуші рөлін бекітетін пункт алынып тасталды.
Конституцияда заңшығарушы, атқарушы және сот билік
тармақтарының билігі нақты айқындалған. Дін
бостандығы, партия және бірлестіктердің, ой, баспа және
кәсіпкерлік еркіндігі конституцияда бекітілген [7].
Бұл басынан талай қиыншылықты кешірген мемлекеттің
қысқа тарихы. Болгария мемлекеті демократияға өту жолы
ауыр және ұзақ уақытты талап етті. Ол
өзінің көршілес мемлекеттерінен айымашылығы
үлкен, өзіндік даму жолы бар мемлекет. Қазіргі таңда,
Болгария мемлекетін демократиялық мемелекет ретінде қарастырсақ
болады.
Әдебиеттер:
[2] Протоколите
на Учредителното българско народно събрание в Тьрново, С. - Пловдив - Русчюк,
1879; Сб. мат-лов по гражданскому управлению и оккупации в Болгарии, в. 6, СПБ,
1907.
[4] Сергей Малинкович. Коммунистические партии мира// http://bookz.ru/authors/sergei-malinkovi4/malinkovich_serg01/1-malinkovich_serg01.html
[5] Конституция Народной республики Болгария 1947
года// http://bulgaris.ru/Kons1947_01.html
[6] Конституция Народной республики Болгария 1971 года//
http://worldconstitutions.ru/archives/791/2
[7] Конституция республики Болгария 1991 года http://worldconstitutions.ru/archives/120