Право/12.Предпринимательское и банковское право
Рахметоллина
М.М., Ю-22к тобының студенті
Қазтұтынуодағы
Қарағанды экономикалық университеті, Қазақстан
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ФРАНЧАЙЗИНГТІҢ
ҚҰҚЫҚТЫҚ ДАМУ ТҰРҒЫЛАРЫ
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша
бір тарап (кешенді лицензиар) екінші тарапқа (кешенді лицензиатқа)
сыйақы айрықша құқықтар кешенін
(лицензиялық кешен), соның ішінде лицензиардың фирмалық
атауын және қорғалатын коммерциялық апаратты пайдалану
құқығын, сондай-ақ лицензиаттың кәсіпкерлік
қызметінде пайдалану үшін
шартта көзделген айрықша құқықтардың
басқа да обьектілерін (тауар белгісін, қызмет көрсету
белгісін, патент және т.б. беруге міндеттенеді. [1.]
Франшиздік келісім деп – лицензиар белгілі бір
іскерлік операцияларды (бизнесті) лицензиарға тиесілі атаумен
жүргізуге және оның кәсіпкерлік қызметінің
әдісін пайдалануға лицензия беретін шартты айтамыз. Франчайзинг
шарты кез келген салада қолданылады. Патенттердің тауар белгілері
мен интеллектуалдық меншіктің басқа да нысандарының
иелерді оларды басқа тұлғаларға лицензия бере отырып
шетелдерде жиі пайдаланылады. [2.]
Франчайзинг орта және шағын
бизнестің дамуына, отандық тауарлар мен тауар өндірушілерді
ішкі және халықаралык нарықта жылжытуға, жұмыс
орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Шетелдік және
отандық әдебиеттерді ғылыми тұрғыда зерттей
отырып, франчайзингтің келесідей авторлық анықтамасын
ұсынамын: "Франчайзинг -келісім-шарт негізінде франчайзердің
(құқық иесі) франчайзиге (құқық
алушы) өз атынан өнімдерін, бизнесті жүргізу технологияларын
немесе басқа коммерциялық ақпараттарын белгілі бір
аумақта сатуға (таратуға) эксклюзивті
құқық беретін кәсіпкерліктің
инновациялық нысаны".
Франчайзинг тарихын айтатын болсам, алғаш
рет ол 1851 жылы тігін машинасын өндіретін компания мен диллердің
арасында жасалған. Осы әлемге әйгілі компанияны
құрушы Исаак Зингер болды. Бұл шарт арқылы белгілі бір аумақта сату
құқығы және жөндеу жұмыстары жазбаша
түрде берілген.
Франчайзингтің
әлемдік жылдық тауар айналымы триллион АҚШ долларынан астам
соманы құрайды, оның әлемдік франчфйзингтік 20
мың желілерінде 30 миллионнан астам адам қызмет етеді. Шетелдердегі
франчайзингті қолданудың көпжылдық тәрбиесі оның іскерлік
тиімділігін дәлелді түрде көрсетеді. Бүгінгі
таңда франчайзингтік желілердің саны бойынша әлемдік
көшбасшысы – Қытай, оның 3000-нан астам франчайзингтік
желілері бар, екінші орында АҚШ, үшінші орында Жапония тұр .
Қазақстанда франчайзингтік қатынастардың орын
алғанына 10 жылдан асты, алайда отандық экономика үшін осы
бизнестің кең дамыған ұйымдық нысаны әлі де
жаңа құбылыс болып табылады.
Франчайзинг орта және шағын бизнестің дамуына,
отандық тауар мен тауар өндірушілердің ішкі және
халықаралық нарықта жылжытуға, жұмыс орындарымен
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасында
франчайзингті жүзеге асыру негізі Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексінің 45 бөлімінде
көрсетілген. Сонымен қатар, 2002 жылы 24 маусымда
Қазақстан Республикасының «Кешенді кәсіпкерлік лицензия
(франчайзинг) туралы Заңы қабылданды.
Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде қазіргі
кезеңде коомерциялық сауда, әрі франчайзинг шартында тауар
сату және қызмет көрсету үрдістері кең кең
көлемде ұлғаюда. Франчайзингтің мақсаты
құқық иеленушінің өндірілген немесе сататын
тауарларды немесе қызмет көрсетуді нарыққа
шығаруға көмектесу. Бұл жерде
құқық иеленуші (франчайзер) – ерекше
құқықтарға ие және қолданушыға
сол құқықтарды пайдалануға рұқсат
беретін тұлға. Қолданушы (франчайзи) – ерекше
құқықтарды алуға мүмкіндік алатын
тұлға. Құқық иеленуші де, қолданушы
да франчайзинг келісім-шартын жасасқан кезінде жеке кәсіпкер
ретінде тіркелуі тиіс. [3]
Қазақстан франчайзинг
қауымдастығының мәліметтері бойынша елімізде 120
франчайзинг жүйесі, 1000 франчайзинг кәсіпорындары бар. Мысалы,
Қазақстандағы франчайзингтік
қатынастары даму кезендеріне тоқталар болсақ: бірінші
кезең: 1994-1999 жылдар аралығында пайда болған компаниялар:
«Рахат Палас», «Сеймар», «Дока», «Анкара», «Рамстор», «Adidas», «Kodak»,
«Coco-Cola».
Негізгі сипаттамалары:
1.
Франчайзингті реттеуші
нормативтік құқықтық базаның болмауы;
2.
Нарықта
бәсекелестің жоқтың қасы;
3.
Жекелеген шетелдік компаниялар
іс-әрекет аумағын кеңейту мақсатында
Қазастандық нарыққа шықты.
Екінші кезең: 2000-2004 жылдар аралығында пайда болған
компаниялар: «Баскин Роббинс» , «Планета суши», «Пятерочка», «Три толстяка».
Негізгі сипаттамалары:
1.
Франчайзинг туралы заң
қабылданды;
2.
Шетелдік ірі фирмалардың
франчайзингілерінің нарыққа шығуына байланысты
бәсекелестік қалыптасты;
3.
Қазақстан
Франчайзинг Қауымдастығы құрылды.
Үшінші кезең: 2005 жылдан бастап құрылған:
«English First», «Tiffany Marble», «Umex Realty», «Finn Flare», «Apguatoria of Luxury Life», «Алма-ТV».
Негізгі сипаттамалары:
1.
Санаткерлік меншікке,
франчайзингке қатысты заңнама белсенді түрде қолдануда.
2.
Франчайзинг көрмесі
ұйымдастырылды.
3.
Шағын кәсіпкерлікті
дамыту қоры франчайзингті несиелеу бағдарламасын әзірледі.
4.
Бәсекелестік
қарқынды түрде дамыды.
5.
Медиа және
әлеуметтік франчайзинг пайда болды.
Алғашқы рет «франчайзинг келісім» ұғымы 1999 жылы
Азаматтық кодекс қабылданған кезде енді. Қазіргі таңда франчайзинг саласында
Қазақстан Орталық Азияда көш бастап келеді. Оған
еліміздегі жыл санап көбейіп келе жатқан франчайзинг жүйелері
дәлел. Қазақстанда соңғы жылдары франчайзингтік
нысанда таңдаған бірқатар компаниялар нарықты
белсенділік танытуда. Статистика агенттігінің мәліметтеріне
жүгінсек, бүгінде Қазақстандағы шетелдік франчиза
жүйелерін бизнесінің бағытына қарай бірнеше
салаға жіктеуге болады. Олар: бөлшек сауда жүйелері – 60% ,
қызмет көрсету салалары – 30 %, қоғамдық
тамақтану -3 %, өндірістік сала – 7 % және халық
тұтыну тауарларының арасында шетелдік танымал сауда
белгілерінің киім және аяқ киімін сату да
қарқынды жүруде. [1]
«Coco-Cola», «Baskin Robbins», «Worid Class»,
«British Airways», «перекресток» сияқты франчайзинг жүйелері
табысты дамып келеді. Қонақ
үй бизнесінде 1994 жылы ашылып, кейін «Хаят Ридженси» франчайзинг
брендінің халықаралық отельдер желісінің бөлігі
болған «Рахат Палас» және «Анкараны» айтуға болады.
Қазір олар танымал «Intercontinental»
қонақ үйлер желісінің құрамына кіреді.
Мейрамхана бизнесінде Ресейлік «росинтер» компаниясын
Қазақстандық нарықтан өз орнын алып үлгерді деуге болады. Бұл
компания елімізде «Эль Патио», «Планета суши», «Американский бар и гриль»,
«Мока Лока» брендтерімен танымал.
Франчайзинг компаниясы өзінің
франчайзи – мүшелеріне фирма атын, сауда маркасын, өнімін,
технологиясын пайдалану құқығын береді.
франчайзинг жаңадан бастаушы кәсіпкер
үшін жаңа бизнеске, бүгінгі күндегі кәсіпорын мен
оның жұмысшылары жинақталған үлкен
тәжірибелерді пайдалануға
мүмкіндік береді, сондықтан шетелдегі әр бір 12-ші
кәсіпорынның франчайзингтік болуы кездейсоқтық емес.
Франчайзингтік қатынастар жүйесі – тек ғана бізде емес, сондай-ақ шетелде де
айтарлықтай жаңа құбылыс, сондықтан бұл
түсініктің терминологиясына толығырақ тоқталу
керек. [4]
Өткен жүз
жылдықтың айналымын құраған мұнай
және мұнай өңдеуші компаниялар мен автобиль зауыттары
өз өнімдерін өткізуде және қызметтері
көрсетуде ерекше құықтарды ұсына бастады.
Франчайзинг эволюциясының бұл кезеңінде — өндірушілер
таруарды сатып алып, таратуға құқықтарды беруге
ынталылығымен ғана сипатталады. Америкада
франчайзингтің әйгілі болуы екінші дүние жүзілік
соғыстың аяқталуына байланысты миллиондаған
американдық азаматтардың экономикалық сахнаға айта
оралуымен және сол кездегі «балалар әсеріне» байланысты он
мыңдаған американдық компанилардан франчайзингті
қолданып,өздерінің меншікті бизнестерін құра
бастауымен тығыз байланысты болды. Тек өздеріне ғана
сенімділік білдіретін және де өте ойлы түрде
тәуекелдікке бара отырып, қаржылық тәуелсіздікті
иемденгісі келетін адамдар үшін франчайзинг бизнесті табысты
бастаудың жаңа нысаны болды.
ҚР франчайзингтің тиімді дамуының салалары болып мыналар
табылады:
1.
Автокөліктік өндіріс және автосервистің
қызмет көрсету түрлері;
2.
Ұйымға және
бизнесті жүргізуге көмек (бухгалтерия, іс жүргізу
өндірісі, жарнама);
3. Құрылыс,
үйлерге қызмет көрсетумен ремонтқа байланысты
қызмет түрлері;
4.
Біліммен байланысты
қызмет көрсетулер;
5.
Демалыс және көңіл көтеру;
6.
Тез қызмет
көрсету ресторандары, ресторандар, асханалар;
7.
Өнімдік
палаткалар, медициналық және
косметологиялық қызмет көрсетулер;
8.
Үй
шаруашылығы сферасындағы қызмет көрсетулер;
9.
Бөлшек сауда.
Қазақстан
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының басқа да елдерi сияқты
бiрнеше жылдар бойы Дүние жүзiлiк сауда ұйымына кipy бойынша
келiссөздер жүргiзiп жатыр. Дүние жүзiлiк сауда
ұйымына кipyгe дайындығы кезiнде Қазақстан
экономиканың либерализациялауы бойынша халықаральқ
саудаға қатысты нормативтiк-құқықтық
актiлердi сәйкестендiру және құқықтық
стандарттарды халықаралық тәжiрибеге сәйкестендiру
бойынша бiрқатар жұмыс жасады.
Елiмiз Дүние
жүзiлiк сауда ұйымына кіргеннен кейiн
қазақстандық компаниялардың ноу-хауға,
қазіргі заманғы технологияларға
қызығушылықтары өседi және соған
сәйкес франшиздерге және лицензияларға cұpaныс
өседi. Өз кезегiнде халықаралық бренд иегерлерi
үшiн интеллектуалдық меншiктiң қорғалуы
маңызды мәселе болып табылады.
Франчайзингтік қатынастың 3 типі бар:
1.Франчайзер - өнім өндіруші немес қызмет
көрсетуші фирма, өзінің өнім өндіру немесе
қызмет көрсету құқығын франчайзиға
береді.
2. Франчайзер – негізгі өнім өндіруші, өз
өнімінің көтерме сату құқығын
франчайзиға береді.
3. Франчайзер – көтерме сатушы, тауарды бөлшек сату
құқығын франчайзи фирмасына береді.
Аталған шарттың
мақсаты белгілі бір тауарлар мен қызметкерді нарыққа
шығару болып табылады. Мысалы, жоғары технологиялы жабдық.
Осымен байланысты ол интеллектуалдық меншік обьектілеріне айрықша
құқық иесі мен лицензиар үшін белгілі пайда алуды
білдіреді. Бұл шарт лицензиат үшін де пайдалы, себебі
кәсіпкерді өзінің имиджін қалыптастыруға
тауарларды жарнамаға босатады. Қазіргі Қазақстан
жағдайында өндірістік сектордың жеткіліксіз дамуымен
байланысты франчайзингтік қатынастардың нақты жағдайы
туралы айту қиынға соғады. Шет елдерде бұл шарт елеулі
түрде және табысты қолданылып келеді. Қазақстанда
интеллектуалдық әзірлемелерді дамытуға оң ықпал
ететін болады. [5]
Франчайзинг батыс нарығы үшін бизнестің көптен бері
етене таныс формасы болса, Қазақстан үшін жаңа форма
болып табылады. Кәсіпкерліктің бұқаралық топтары
қалыптасып, жүздеген адамдары өзінің бизнесімен
айналысуға ұмтылыс білдіріп жатқан біздің ел үшін
франчайзинг тәжірибесі өте маңызды. Олар
(кәсіпкерлікпен шұғылданбақшы тұлғалар)
бастапқы кішігірім капиталдың бар болуымен, бірақта
білімдері, тәжірибелері, алдын ала сақтандырулары жағынан
жетіспеуші-лікпен сипатталынады. Бүгінгі таңда ел экономикасында
франчайзинг бизнесті ұйымдастырудың біріккен формасы бола отырып,
негізгі ілімдік және әдістемелік тұрғыларын
өңдеу қажет болып табылатын салыстырмалы түрде
құбылыс болып саналады.
Франчайзинг
ерекшеліктері
Франчайзинг
биснесмендерге кең мүмкіншіліктер береді. Ешқандайда
тәжірибені иемдемей кішігірім капиталды игере отырып, ол бастау
алған жерден тез арада қарқынды өріс ала алады.
Бірақ, бизнесті жүргізудің кез келген түрі сияқты,
франчайзингтің де өз артықшылықтары мен кемшіліктері
бар. Франчайзингтің тез дамуы мен кең таралу феномені мыналармен
анықталады:
1.
Франчайзерге, сонымен қатар мыналар бойынша
франчайзи үшін де өзара табысты болып саналады.
2.
Салық салыну базасының қысқаруы.
Франчайзер
үшін артықшылықтар:
- өткізу
нарығының жылдам кеңеюі, сату көлемінің
ұлғаюы мен бизнестің ауқымдық түрде
таралуы;
-
шұғыл басқару қажеттілігін босатылуы;
-
меншіктік капитал салымдарының төмен деңгейі;
-
лицензияны сатудан түскен табыс;
-
франчайзи төлемі есебінен қосымша табыстарды иемдену;
- меншіктік
сауда желісі арқылы өткізу бойынша шығындарды
қысқарту;
-
жалданбалы жұмысшыларға қарағанда тәуелсіз
бизнесмендер сәттілікке күштірек ынталандырған.
Франчайзер үшін кемшіліктер:
-
Өзінің кәсіпорына қараған
франчайзидан алатын пайда деңгейінің төмен болуы;
-
франчайзи біреулерінің лайықты дәрежеде
репутациясына сай келмеуі, сапаны
лайықты бақылаудың
болмау есебінен франчайзер өзінің репутациясына кесірін тигізуі
мүмкін;
-
франчайзи қаржылық есеп беруінің
шынайылығын бақылау қиыншылығы;
-
франчайзи бизнесі негізін жеткілікті жерде таңдау
қиыншылығы;
-
франчайзиді оқыта, үйрете отырып, франчайзер
өзіне болашақта болуы мүмкін бәсекелесті даярлауы
ықтимал;
-
жүйе ережесіне бағынбайтын франчайзимен
қарым – қатынасты доғару мүмкіншілігінің болмауы;
-
коммерциялық құпияның
сақталу қиыншылықтары;
Франчайзи
артықшылықтары:
-
шағын бастапқы капиталымен меншіктік істі
бастау мүмкіншілігі;
-
дайын «қуыс», франчайзи франчайзермен
жан-жақты сыналған, дайын бизнесті сатып ала алады;
-
материалдар, шикізаттар,
құрал-жабдықтар, жабдықтаушылар, өткізу
жүйесі, жалпы жүргізу әдістері мен тәсілдері турасында
мазмұнды ақпаратты иемденетін нақты
нұсқаулардың толық жинағын меңгеру;
-
бизнес пен менеджментті жүргізу
технологиясындағы франчайзер көмегі.
Франчайзиде
келесі кемшіліктерді қарастыруға болады:
-
қызмет ету бостандығының шектелінуі;
-
сервистік төлем;
-
қызмет етуде икемділіктің жетіспеушілігі;
-
франчайзер компанияға қатысты жағымсыз сипаттамалардың франчайзи –
кәсіпорын үшін де тән болуы;
-
франшизаны иемдегенде құрылған
жоспарлар ойдағыдай іс жүзіне аса бермейді.
Жоғарыда
аталған себептерге байланысты қорытынды жасайтын болсам, елімізде
франчайзингтің дамып, кең етек алуы келесі жетістіктерге жетелейді:
-
инвестицияның ішкі және сыртқы
ағымын күшейтеді;
-
жаңа технологиялардың, құралдардың,
бағалы ноу- хаулардың пайда болуына септік етеді;
-
бар өндірістерді дамытып, жаңа
өзгерістерді қалыптастыру, ол сәйкесінше, жаңа
жұмыс орындарының пайда болуына әсер етеді;
-
шағын және орта кәсіпкерлік
аясының кеңеюі мен бекітіліуіне тұғыр болады;
-
жұмыс күшінің біліктілігін жетілдіреді;
-
елімізді сапалы тауарлар мен қызметтерге
қанықтыруды жылдамдатады;
-
қазастандық өнімді жаңа
нарықтарға өткізуге мүмкіндік береді.
Франчайзингтің артықшылықтарын қарастыра отырып,
оның кең түрде қолданылуы тұтынушылар үшін
қандай жағдайларға әкеліп соғатындығын атап
өткен жөн. Бір жағынан, франчайзинг нарықтың
сапалары тауарлар мен қызмет көрстеулерін толтырса, екінші
жағынан франчайзингтік келісімдер тұтынушылардың
құқықтары мен мүдделерін бұзуы
мүмкін. Франчайзингтің негізгі ойы субъектіні өзінше
ауыстыру, яғни тұтынушы айналымда фактілі түрде басқа
біреудің атауынан, яғни құқық
иеленушінің атауы мен оның
фирмалық атауы және тауарлық белгілерін қолданып,
айналымда жүреді. Осы жағдайда тұтынушының
құқықтары шектеліп қалады. Бұл
көзқарас бойынша тұтынушы үшін өндірістік
франчайзинг зиянды болып табылады. Тұтынушы тауарды сатып алған
кезде тауар белгісі иеленушісімен шығарылмағандықтан, қажет
сапаны қамтамсыз етуінің қауіптілігі туады. Егерде
тұтынушы франчайзинг келісімі бойынша қолданушымен
шығарылған тауарды сатып алса, онда ол тауардың сапасына
сенімді болар еді.
Жаңа
ғана дамып келе жатқан Қазақстан Республикасы
үшін кәсіпкерлікті дамыту маңызды мәселелердің
бірі болып табылады. Сондықтанда кәсіпкерлікті дамыту үшін
оның жеңіл жолдарын карастырғанымыз жөн.
Кәсіпкерлікті енді ғана ашып келе жатқан кәсіпкерлер
қаржы жағынан қысым көреді, ал франчайзингті осы
мәселені шешудің құралы ретінде қарастыруға
болады. Ол үшін франчайзинг заңмен қамтамасыз етіліп,
толық түрде өз күшіне ену қажет. Сонымен
қатар, әлі де болса, Қазақстанда аз танымал франчазинг
мүмкіндіктерін жетілдіріп, ортаға салуымыз керек. Біздің
ел қатарлы нарықтық экономикасы дамушы елдерде лайықты,
әйгілі тауарлармен меңгеріліп, қолданылған
технологиялардың иегерлері – әйгілі фирмалар шегінде,
өздерінің құқықтары үшін белгілі бір
сыйақыға келісушілік танытып, басқа жеке-дара
кәсіпорынға осы технологияны және өзінің тауар
маркасын сол тауарларды сату мен қызмет көрсету үшін
рұқсат беру қатынасының жүйесі кең
таралуда. Осы қатынас франчайзингтік қатынасты білдіреді.
Елімізде екінің бірі франчайзинг шартын
біле бермейді. Елбасымыздың 2014 жылғы Қазақстан
халқына Жолдауында шағын және орта бизнесті дамыту «Бизнес
2020» бағдарламасын айтқан болатын. Менің ойымша, Қазақстанның бизнесін
франчайзинг шарты арқылы жылдам
әрі сапалы дамытуға болады. [6]
Сондықтан да,
болашақта өз интеллектуалдық меншiгiн
қорғауға мүдделi франчайзерлердiң бiздiң
ұлттық экономикамызға қызығушылығы
артатындықтан қаралып
отырған жұмыс тақырыбы өзектi болып табылады.
Пайдаланған әдебиеттер
1.
ҚР Азаматтық кодексі (ерекше бөлім) 1 шілде 1999 ж. №
409-1.
(соңғы өзгерістер 15.01.2014 №
164-V). № 406-IV.
2.
Шмит Гофф К.М. Экспорт:
право и практика междунородной торговли: Пер. С англ.- М.: Юрид. Лит., 1993
3.
Кешендік кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы
Қазақстан Республикасының Заңы, 2002. 24 маусым
// «Юрист» базасы. № 330. (соңғы өзгерістермен толықтырулар
ҚР 25.03.2011ж. № 421-IV)
4.
Сейдахметова Ф «Нарықтық экономикадағы кешенді
кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шартының дамуы» «Әділ-Сот №6 «Заң» Медия Корпороциясы баспасы.» 02.11.2013.
5.
Бекнұр
Сейітжанұлы «Қазақстандағы франчайзинг» Монография ,.
А., 2005
6.
«Қазақстан жолы – 2050:
Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ, Қазақстан
Республикасының Президенті - елбасы Н.Ә. Назарбаевтың
халқына Жолдауы, Астана қ., 18.01.2014.