«Құқықтану» кафедрасының оқытушысы Абралиев Ж.Ж.

«Тұран-Астана» университеті, Қазақстан

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ДАМУЫ

Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деп баян етілген [1]. Бұл еліміз үшін мәртебелі мақсат. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясында – Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны аталған. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы бірқатар әлеуметтік құбылыстарды бастан өткеруде. Бұл заңды да, өйткені тарихта әрбір қоғамдық дәуір өзіне тән саяси экономикалық, рухани әлеуметтік мәдениет деңгейін бастан кешіреді. Осыған байланысты білім, сана, әлеуметтік көзқарас, адамгершілік пен өнеге мәселелері үнемі басты назарда болып, дамып отырады. Дәуір тынысы жаңа қоғамдық қатынастар арнасында реформалық сипатта болғанымен, ескі мен жаңаның үйлесімін, бірізділігі мен сәйкестігін талап етеді. Демек, бұл құбылыс бүгінде өзінің тиімді жалғасын табуда. Еліміздегі құқық қорғау органдарына кешенді талаптар қойылып, заңгерлердің Отанға, ел жағдайына, саяси және құқықтық процестерге, табиғатты қорғауға деген көзқарасы мен қатынасын, кәсіби деңгейлерінің орнықтылығын қалыптастыру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Әлеуметтік жағдай да қолға алынып, білім беру саласын дамытуға ерекше назар аударылуда. «Ұрпағы білімді халықтың, болашағы бұлыңғыр болмайды» деген түсінікпен үкімет болашақ мамандарға сапалы кәсіби білім беру мақсатында талаптарды күшейтуде. Әсіресе болашақ заңгерлердің кәсіби даярлығына, кәсіби мәдениетіне, соның ішінде құқықтық мәдениетінің қалыптастыруына аса назар аударып отыр. Бұл өте өзекті мәселе, өйткені табиғаттан тыс адам әрекетінің болуы мүмкін емес. Қоғам цивилизациясының деңгейі қоршаған ортаның табиғи мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана білу дәрежесімен өлшенеді. Олай болса, адамзат проблемасының ең басты мәселесінің бірі әрбір адамның алдымен технологиялык ойлау мен білімді игерудің ғылыми-теориялық негіздерін түсіну қажет. Ғылыми-теориялық негізде табиғат, қоғам және ойлау (таным үдерісі) дамуының жалпы заңдары зерттеледі. Ғылыми танымның табиғи ерекшелігі логика, әдіснама және әдіс деген ұғымдардың мән-мағынасын ашуды ќажет етеді. Ғылым логикасы – материалистік диалектикаға сүйенеді, өйткені, ғылыми таным қарама-қайшылықта және өзара байланыста болатын күрделі әлеуметтік үдеріс. Ғылыми танымның теориялық негізі адамның танымдық және практикалық қызметінің әдістері мен тәсілдері туралы ілім. Ал, әдіс болса танымдық немесе практикалық мәселелерді шешудің тәсілі. Демек, әдіс адамның танымдық және практикалык іс-әрекетінде реттеушілік қызмет атқарады. Сонымен, дамудың жалпы философиялық теориясы (таным теориясы) және логика мен әдіснамасы материалистік диалектика негізінде түсіндіріледі. Оны адамның жаңаша ойлануының да және әлеуметтік шығармашылығының да логикасы десе болады.

Табиғат пен коғамдағы құбылыстар мен заттардың бір-бірімен өзара жалпы байланысы және тікелей байланысы туралы диалектиканың заңы білім алудың теориялық негізі болып саналады. Бұл заң бойынша табиғат пен қоғамдағы бірде-бір құбылыс не зат басқа бір құбылыстар мен денелердің әсерінсіз ешбір өзгеріске ұшырамайды. Әрбір құбылыс немесе зат табиғаттағы бүтін тұтастығын бір бөлігі ретінде қарастырылады деген түсінікті береді. Ф.Энгельстің сөзімен айтқанда табиғатта ешнәрсе өздігінше жеке дара оқшауланып тұрмайды. Әрбір құбылыс басқа бір кұбылысқа әсер етеді және керісінше әсерлеседі. Осындай жан-жақты қозғалыстың және өзара әсерлесудің нәтижесінде, көптеген жағдайларда, өте айқын байқалатын қарапайым заттардың өзін біздер көре алмайтын жағдайға ұшыраймыз. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты алғы шарттарының бірі – азаматтардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Құқықтық мемлекеттің қалыптасуын халықтың құқықтық мәдениетінің даму процесінен ажыратуға болмайтындығы жөнінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы N 1116 Қаулысымен бекітілген «Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасында ерекше айтылады [2]. Елімізде, халықтың саяси белсендiлiгiнiң заңдық нысандарының алуан түрлiлiгi мен мәдениетiн шынайы қамтамасыз ету қажеттігінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі N 949 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасында да көңіл бөлінген болатын [3]. Құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес 2004 жылғы 24 желтоқсанда Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама қабылданған болатын [4].

Құқықтық мәдениет деңгейін одан әрі арттыру, құқықтық түсіндіру жұмысының нысандары мен әдістерін жетілдіру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы N 1116 Қаулысымен Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді [5]. Құқықтық саясат тұжырымдамасының мақсаты – отандық мемлекеттiлiктiң жаңа даму сатысы,халықтың құқықтық сауаттылығы меншiк түрiнiң өзгеруi, экономикалық реттеудiң тәсiлдерiнiң өзгеруi құқықтық тәрбие нысанының әдеттегi қалыптасқан салттарының өзгеруiн талап етедi. Алайда бұрынғы қалыптасқан ережелердi жаңа талаптарға сай етiп өзгерту де жаңа құқықтық тәрбиенiң алдына қойған негiзгi мақсаттардың бiрi болып табылады. Қылмыстылықтың өршiп, азаматтардың әлеуметтiк қорғалуының деңгейi төмендеген кезде азаматтарға олардың құқықтарын түсiндiру, олардың мүмкiндiктердiн айқындаудың маңызы өте зор. Қоғамдағы тәртіпсіздік пен қылмыстың көзі – маскүнемдік. Азғындықтың құзына итермелейтін жағдайлардың алғышарты осыдан басталады. Қоғамдық сана мен мораль алкогольге барынша қарсы болуға тиiс. Мемлекет бұл сезiмдi тәрбиелеуге тиiстігі туралы Қазақстан-2030 бағдарламасында айтылып кеткен болатын [6].

Қазақстандық қоғамдағы құқықтық мәдениет деңгейiн қарастыра отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын насихаттауға бағытталған ұлттық идеяның қажеттiлiгiн айта кету қажет. Қазiргi таңда бiздiң қоғамда келешектегi даму бағытының қалыптасу деңгейi өте нашар, ал барлық мемлекеттiк саясаттың өзi осы ориентирлер негiзiнде құрылатынын ескерсек, бұның неге апарып соқтыратыны айқын. Жоқ болып кеткен әлеуметтiк саяси құндылықтар қоғамға өзiнiң керi әсерiн көптеп тигiзуде. Осының негiзiнде мемлекет азаматтарды қорғау функциясын белгiлi бiр дәрежеде жүзеге асыра алмай отыр. Қазiр мемлекет екi парралельдi әлемде қатар өмiр сүрiп келедi; оның бiрi – фантомдық легитимдiлiк, яғни заңның қағаз жүзiнде ғана болуы, ал екiншiсi – бiздiң қоғамның нақты жағдайы-онда заң да, құқық та қағаз жүзiнде қала бередi. Бұл құқықты әлеуметтiк құндылық ретiнде жоққа шығарып, құқықтық нигилизмге әкелiп соғады. Бұндай жағдайдың орын алу себебi – қазақстандық экономика деңгейi және көптеген азаматтардың өмiр сүру деңгейiнiң құлдырауы. Қоғамда ертеңгi күнге деген сенiмсiздiк,үмiтсiздiк дертi өршiп келедi. Бұның барлығы әлеуметтiк теңсiздiк негiзiнде болып отыр.

Мынаны атап өткен жөн: қазiргi қоғамның батыстық сипат алуы қалыптасқан әлеуметтiк бақылау нормаларына түбегейлi қайшы келуде. жастардың қалыптасқан әлеуметтiк бақылау нормаларымен келiспейтiндiгi, қазiргi қоғамдағы құықтық мәдениет және тәрбие деңгейiн құлдыратуы мүмкiн, ал аз ғана уақыттан кейiн бұл қылмыспен күресу деңгейiнiң де құлдырауына әкелiп соғатындығы рас. Сондықтан бiздiң елiмiз сияқты жас мемлекетке идеалды модель ойластырып табу керектiгiн атап өткiм келедi. Мiне, соның негiзiнде құқықтық мәдениеттi әлеуметтiк құндылық ретiнде танытуға болады. Бұл орайда баспасөз ақпарат құралдарының шексiз мүмкiндiктерiнiң бар екендiгiн атап айтайық және осы шексiз мүмкiндiктердi Мәдениеттілік адамдардың мінез-құлқына қойылатын этикалық, эстетикалық, құқықтық, саяси және т.б. талаптардың орындалуын білдіреді. Дәстүрлі қазақ қоғамында адам бойында мәдениеттіліктің қалыптасып, дамуына ерекше көңіл бөлінген. Мәдениеттілік жөніндегі көзқарастар кемел адам ұғымымен үндестік тауып, адамгершілік, кісілік қасиеттерінің қалыптасуы арасында дамиды [7]. Қазақстан Республикасы қазіргі таңда өзін зайырлы, құқықтық, демократиялық мемлекет ретінде орнықтыруды мақсат етіп отыр. Бұл мақсатты жүзеге асырудың тетігі жастар екендігі белгілі. Сондықтан да жастардың құқықтық мәдениетін көтеруге бағытталған заңдарда, жастардың құқықтық білімі мен тәрбиесін жетілдіруге бағытталған шаралар қажет. Құқықтық тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялық пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді.

Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау – ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендегі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады.

Әдебиеттер:

1.     Қазақстан Республикасы Конституциясы, 1995 жыл 30 тамыз.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы «Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі N 1116 Қаулысы.

3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі N 949 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы».

4. 2005-2007 жылдарға арналған «Құқықтық түсіндіру жұмысы». 2004. http://www.zakon. Kz

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы N 1116 Қаулысымен Құқықтық түсіндіру жұмысы, 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасы.

6. Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.

7.     Ғабитов Т.Х. Заңгер этикасы. - Алматы, 2006.

Аннотация

В статье предусмотрены основные пути преодоления правового нигилизма: повышение уровня общей и правовой культуры, пропаганда правосознания, предупреждение правонарушений.

Abstract

In article the main ways of overcoming of legal nihilism are provided: increase of level of the general and legal culture, promotion of sense of justice, prevention of offenses.