Сеиткожина Ж.С.
магистрант 2 курса ВКГУ
им.С.Аманжолова
МЕМЛЕКЕТ
БАСҚАРУ ТУРАЛЫ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС
ЖЕМҚОРЛЫҚ
В статье рассматривается суть и особенности государственного управления,
основные критерий объективной оценки общественной значимости. Всесторонне
рассматривается социально-политическое свойства государственного управления а также его специфические
особенности.
In article the essence and features of the
government, the cores criterion of an objective assessment of the public
importance is considered. It is comprehensively considered sociopolitical
properties of the government as well as its specific features.
Мемлекеттік басқаруды қоғамдық
процестерге нақты әсер етуші ретінде жалпы түсіну үшін
оның мазмұндық ерекшеліктерін талдау арқылы білуге
болады. Соңғысы мемлекеттік басқаруға мемлекеттің
әлеуметтік міндеті мен мазмұнына негізделген жүйенің
әмбебап басқарушысы ретінде сапалы анықтама береді. Мемлекеттік
басқарудың мазмұны мен өзіндік ерекшеліктерін
анықтау – қоғамдағы оның объективті
қажеттілігін көрсететін негізгі белгілерін табудан тұрады.
Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-саяси табиғаты
оның бірнеше өзіне тән белгілерімен анықталады.
Ең бірінші ондағы мықты биліктің күштің
болуы.
Неміс политологы
М.Вебер «Мемлекет – әдіс ретінде
мәжбүрлеуді заңды деп танып, соған
сүйенген адамдардың адамдарға билік қатынасы», - деп
жазған [1]. Дегенмен, мемлекетті көпқырлылығы
жағынан анықтауға болатыны белгілі. Сондықтан, Г. Еллинек «Мемлекеттің жалпы
теориясы» атты еңбегінде «Мемлекетті бір ғана анықтамамен
түсіндіруге болмайды, зерттеу тәсілінің мазмұнын
көрсететін ол - әлеуметтік-ғылыми,
құқықтық және т.б. болып, мемлекеттік
түсінік болады»,- деген.
Аристотель кезеңінен бастап, мемлекет -
территорияның, халықтың және биліктің (заңдары
болса) бірлігі ретінде түсіндірілді. Мемлекеттің
құқықтық анықтамасы осындай. Жан Боден осы
түсінікті абсолютті және тұрақты билік ретінде
дербестікпен қатар қойды. Содан бастап, дербестік мемлекеттік
биліктің ажырамас атрибуты ретінде қарастырылады. Ежелгі кездерден
бастап, мемлекеттің негізгі бір белгісі ретінде
заңдылықтың болуы қарастырылған.
Аристотельдің айтуы бойынша, адамдар бір мемлекетке бірігіп тұру
үшін ғана емес, өмір сүру үшін біріккен,
сондықтан да заңдардың болуы шарт. Бірақ, Аристотель
заңдардың барлығы орындалып жатқанын немесе
олардың мінсіз екенін айтқан жоқ.
Ағылшын философы Томас Гоббс – мемлекетті – «тұтас
тұлға, тәуелсіз жоғары билеуші, оның қалауы
халықтың қалауы болады, сондықтан ол барлық
адамдардың әрқайсысының күші мен мүмкіндігін
ортақ бейбітшілік пен қорғаныс үшін қолдана
алады» - деп санайды [2].
Неміс әдебиетінде мемлекет «белгілі бір аумақта және
жоғары биліктің қол астында біріккен халықтың
ұйымы» ретінде көрсетілсе (Р.Моль), ал өзге
әдебиеттерде «құқықтық жағдайды жан-жақты
қолдану үшін құрылған жоғары биліктің
қол астындағы белгілі бір аумақтағы еркін
адамдардың одағы» ретінде қарастырылады (Н.Аретин).
Үшінші жағдайда мемлекет «белгілі
құқықтық тәртіпті қорғау
үшін табиғи түрде пайда болған билік жүргізуші
ұйым, - деп айтылған» (Л.Гумплович) [3].
Нерсесянцтің айтуы бойынша, мемлекет – бұл
жеке тұлғалардың құқықтық
(яғни шынайы теңдік қағидасына негізделген)
ұйымдастырылған саяси билігі [4]. Ал, В.А. Четверниннің
айтуынша, мемлекеттің жалпы
теориясы - ең бірінші «демократиялық конституциялық мемлекет»
түсінігін білдіретін қазіргі мемлекеттендірудің дамыған
институционалдық формасына негізделген [5].
Сонымен қатар, мемлекет түсінігі тірі «табиғи организм»
ретінде анықталады. Осы бағытқа сәйкес ол
«әлеуметтік биологияның нысаны» ретінде қарастырылады.
Мемлекеттің түсінігіне деген мұндай көзқарасты
австриялық заңгер Г.Кельзенге дейін көптеген басқа
авторлар, атап айтқанда, мемлекеттің органикалық теориясын
жақтаушылар қолдады [6]. ХІХ-ХХ ғасырларда өз
дамуының жоғары шегіне жеткен бұл теория барлық
әлеуметтік өмірді биологиялық заңдылықтармен
түсіндіруге тырысты. Олар қоғамды толығымен организмге
теңестіріп, ал мемлекетті тіршілік етіп жүрген және
болашақта дүниеге келетін азаматтардың қажеттіліктерін
қанағаттандыратын «жалғыз институт» деп санады.
Жалпы айтқанда, мемлекет – қоғамның саяси
ұйымдастырылуының формасы болып табылады. Оның негізгі
міндеті – қалыптасқан құрылымды қорғау мен
тәртіпті қорғау. Мемлекеттің белгісі – бұл
белгілі бір территорияның болуы, онда сол мемлекеттің заңы,
құқығы, билік қызметі, басқару
жүйелерін жүзеге асырушы ерекше органдар құрылымы мен
мекемелердің болуы. Мемлекеттік басқару жүйесі - өзіне
мемлекеттік органдардың,
мемлекеттік қызмет персоналдарының
ұйымдастырушылық құрылымдарын, қолданылатын
әдістер, қаржылар мен ресурстар кешенін қосады.
Аталған жүйе қатар жүретін басты мәселе
сыбайлас жемқорлық. Мемлекеттік сыбайлас жемқорлық
мемлекеттік қызметшінің мемлекет мүлкін өз жеке
мақсатына сатуы ретінде
анықталады [8]. Көптеген батыстық демократиялық
елдердің мемлекеттік секторында сыбайлас жемқорлықтың
тамыры терең жайылған. Бұл жеке секторда аздау.
Мысалы, мемлекеттік қызметшілер лицензия беру кезінде, кеденнен
өткені үшін пара алады немесе пара беруші бәсекелес
фирманың нарығына кірудің алдын алу үшін пара алады.
Мұндай жағдайларда олар ресми иесі мемлекет болып табылатын тауар
үшін жеке агенттерге жеке ақы белгілейді.
Сыбайлас жемқорлық – қоғамдағы өз орнын
жеке мақсаттарына ашкөздікпен пайдалануды білдіретін жалпы термин.
Бұл бюрократиялық немесе саяси жемқорлық болуы
мүмкін. Ұсынған қызметіне жемқор пара алады. С.
Роз-Аккерманның жұмысына аталғандай [8], пара алушы адам
басқа тұлғаның немесе ұйымның агенті,
орындаушысы (agent) болып табылады, өйткені параның мақсаты –
өз мүдделерін өзі жұмыс істейтін ұйымның
мақсатынан жоғары қоюға түрткі болу. Сатылушы
субъектіні байқау үшін, ол белгілі бір билікке ие болуы тиіс.
Параның тек ақша түрінде болуы шарт емес: ол
«сыйлық» болуы немеес қызмет ұсынылуы болуы мүмкін,
немесе туыстарға жағдай жасау және т.с.с. Егер мұнда
әңгіме мемлекеттік емес жеке фирма туралы болып отырса, онда
мұндай құбылысты сыбайлас жемқорлық деп
атауға болады.
Жалпы бизнесте пара секілді төлем түрін түсіндіруде
бірыңғай тұжырым жоқ. Біреулер үшін бұл
қызметке «қалыпты» «үйреншікті» төлем болып келеді.
Енді біреулер Параны «күмәнды» акті деп есептейді. Ал енді
үшіншілері болса, оны еркін нарықтың кәсіпқой
этикасы тұрығысынан ұят тірлік деп санайды. Төртінші
біреулер, оны заң бойынша жауапқа тартылуы тиіс қылмыс деп
есептейді. Жеке базардағы сыбайлас жемқорлық әдетте
заңмен реттелмейді және бір фирманың өкілі басқа
фирманың өкілін сатып ала алады.
Әлем көп ұзамай Штаттардың Ирактағы демократия
үшін күресі туралы шулы мәлімдемесінің астарында
нақты не тұрғанын білетін болады. Ешқандай
айғақпен расталмаған бірқатар күдіктер
қазірдің өзінде туындап жатыр. Transparency International
(ТІ) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
жөніндегі халықаралық үкіметтік емес ұйым
өзінің жыл сайынғы «Әлемде 2005 жылғы сыбайлас
жемқорлық жағдайы туралы баяндамасын» жасады. Есепте берілген
ақпарат қираған елді қалпына келтірумен байланысты ірі
сыбайлас жемқорлық дауын тудыруы мүмкін.
Құжатта Ирактағы пайдалы келісім-шарттарды пайдалы етіп
бөлуді АҚШ үкіметі жасырын жүргізуде. «Мердігерлік
жұмыстар «пакеттермен» берілуде, бұл шағын
компаниялардың қатысуын болдырмайды. Көптеген пайдалы
келісім-шарттар Республикалық партияға жақын
компанияларға берілген. Мысалы, Halliburton және Bechtel.
АҚШ-тан бас мердігерлердің ірі кірістер алғаны туралы
куәліктер пайда бола бастады» делінген баяндамада.
Бақылаушылар мәлімдегендей, «қайта қалпына
келтіруде Ирак ірі көлемдегі сыбайлас жемқорлықтың
ордасына айналдырылды. Елге құйылып жатқан
қаржылық көмектер ағыны институтционалдық
кепілдікпен қамтамасыз етілмегені былай тұрсын, тіпті дай
ғана министрліктер мен мемлекеттік компаниялардың есепке алу
жүйелерімен де қамтамасыз етілмеген».
Transparency International Иракта құрылыс пен мемлекеттік сатып
алуларға жоспарланған шығыстар жүзеге асырылмай
тұрып, сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуді ұсынды.
Болмаса елдің экономикалық дамуына қауіп төнеді.
Ұйым сыбайлас жемқорлықпен күресудің бір жолы
анықтық, яғни уақтылы есепті жариялап отыру деп есептейді.
Сыбайлас жемқорлықпен соғыс әлемді нашарлатады.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін ең алдымен
бізге Гиппократ анты секілді ант қабылдау керек.
Он жылдай бұрын әлем сыбайлас жемқорлықтың
ыдырай бастауына куә болды. Әлемде демократия желі
тұрғанда ешкімге есеп бермейтін диктаторлар мен
бюрократтардың лас мәмілелерін жалпы көпшілік біле бастады.
Қырғиқабақ соғыс жылдарында диктаторлар
олардың ұрлықтарын қолдау үшін екі ірі
державаның біріне өз берілгендігін сатты. Екі ірі держава
арасындағы бәсекелестік тоқтағаннан кейін осындай
жемқорлық мәмілелер тоқтады. Ақпараттық
революцияның арқасында жоғары эшелондағы кішкентай
ғана сыбайлас жемқорлықтың өзі сол сәтте
халықаралық жаңалыққа айналды.
Адамдар көптеген саясаткерлердің кәсіпкерлермен келісе
отырып пара алғандығын білген кезде «сыбайлас
жемқорлықпен күресейік» деген қоғамдық
үндеуі туатыны белгілі. Елдер антикоррупциялық заңдар
қабылдады, ал корпорациялар – қатаң кодекстер жасады.
Барлық жерде ықпалды антикоррупционерлер басқаратын
ұлттық ведомостволар пайда болды.
Бүкіл әлемде Германиядан Перуге және Оңтүстік
Кореяға дейін сыбайлас жемқорлықпен байланысты даулар
мемлекет басшылары мен лауазымды шенеуніктерді шарпып, олардың
көпшілігі түрмеге отырды. Егер қандай да бір қызметке
үміткер болатын болса, ықпалды тұлғаға
қарсы шығып, ол оппонентін жемқор деп айыптау белең
алды. 2003 жылы БҰҰ 100 елден аса мемлекет
мақұлдаған сыбайлас жемқорлықпен күрес
туралы конвенция қабылдады.
Өкінішке қарай, мұның бәрі
көңілге қуаныш ұялатпайды. «Соңғы он жылда
аз нәрсе істелген жоқ, - дейді жемқорлық
саласының білгір сарапшыларының бірі Даниэль Кауфманн. – Көп
нәрсе атқарылды, ал қол жеткен нәрсе аз. Қазіргі
кезде сыбайлас жемқорлықпен күрес демократияға зиын
келтіруде, қоғамды өзекті мәселелерден басқа
жаққа назар аудартып, басқа адамдардың билікке
өтіп кетуіне жағдай жасалуда».
Жемқорлық мемлекет проблемалары үшін оңай
әмбебап диагнозға айналды. Бізге пара алу мен сараңдық
мәдениетін қаншалықты тез аластасақ, көптеген
күрделі мәселелер оңай шешіледі деп сендіргісі келеді.
Сыбайлас жемқорлық шындығында да ірі зиын келтіргеніне
қарамастан, парақорлық пен сатылушылықтың жойылуы
қоғамды толғандырып отырған елеулі
мәселелердің бәрін шеше алмайды.
Сыбайлас жемқорлықтың тірмізіктігі өмірлік
мәні бар мәселелер туралы даулардан да көрінеді.
Банкротқа ұшыраған білім жүйесі, нашар жұмыс
істейтін аурухана және экономикадағы тоқырау мәселелері
сыбайлас жемқорлық туралы даумен теңесе алмайды. Мүмкін
сыбайлас жемқорлық осы проблемаларды ушықтырып отырған
болар, дегенмен жемқор шенеуніктерге де қатысы жоқ
проблемалар туындап жатыр. Осындай әлеуметтік зиынды мәселе
елдің күн тәртібіндегі басты мәселе болғанымен
сыбайлас жемқорлықпен күрес сонда да қоғамдық
дебатты өршітуге ұмтылады.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.
Вебер М. Политика как призвание и профессия //Избр. произведения. М.:
Прогресс, 1990. С.665.
2. И.А. Василенко. Административно-государственное
управление в странах запада: США, Великобритания, Франция, Германия.-Москва.: «Логос», 2001.
3. Гумплович. Л. Общее учение
о государстве / СПб., 1910.- с.47.
4. Нерсесянц B.C. Общая теория права и государства. М., 1999. С. 78.
5. В.А. Четвернин.
Демократическое конституционное
государство. Введение в теорию.- М., 1993. С. 9.
6.
Государственная служба
Германии // 12-й Международный конгресс. М., 1993. С. 35.
7. Кирпнчников A. Взятка и коррупция в России, СПб., 1997.
8. Левин М., Сатаров Г. Явление
коррупции России // Независимая газета. 1997.2 окт.