Заң
ғылымдарының магистрі Шиндавлетова М.Н., 3 курс студентті Жақанов Н.
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік
университеті, Қазақстан Республикасы
«Салық
салу туралы кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен
толықтырулар енгізу» туралы Заң жобасын талқылау.
«Салық»
ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз
байланысты. Мемлекетте алынатын
салық түрлерінің, оны құру мен алудың
нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының
жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды.
1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде
салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан
Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға
негізделеді. Бұл заң салық жүйесін
құрудың қағидаттарын, салықтар мен
алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін
белгіленген алғашқы құжат еді. Осы заңға
сәйкес Қазақстанда 1992 жылға
қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18
жергілікті салықтар мен алымдар енгізді [2].
Қазіргі уақытта, 2002
жылдың 1 қаңтарынан бастап шамасында Қазақстан Республикасының
жаңа Салық кодексі күшіне енді. Осы кодекс бойынша
салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер заңды және жеке тұлғалардан алынады. Салық
жүйесінде басты орынды салықтардың түрлері алатыны
сөзсіз. Қазақстан Республикасының «Салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі
бойынша Қазақстан Республикасында мынадай салықтар
қалыптасқан:
- Корпорациялық табыс
салығы;
- Жеке табыс салығы;
- Қосылған
құнға салық;
- Акциздер;
- Жер қойнауын
пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемдері;
- Әлеуметтік салық;
- Жер салығы;
- Заңды және жеке
тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
- Көлік құралдарына
салынатын салық.
Биылғы жылы салық
заңннамасына өзгерту енгізутың түрде Парламентте
талқыланды. Және де мынадай салық түрлеріне 2014
жылдың 1 қаңтарынан өзгерістер енгізіледі:
- Көлік
құралдарына салынатын салық.
- Заңды
және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын
салық.
Және де «Салық салу туралы кейбір
заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар
енгізу» туралы Заң жобасында ерекше басымдық берілген
мәселелердің бірі – жылдар бойы игерілмей бос жатқан жер
телімдеріне салынатын салық көлемін арттыру болатын. Қазақстанда
осындай пайдаланылмай жатқан жер телімдері анықталғаннан
кейін заңға өзгерістер енгізіліп, бұндай жер
телімдерінің салығы он есеге көбейтіледі. Алайда, бұл өзгерістер 2016 жылдың 1-ші қаңтарынан
бастап жүзеге асады. Өйткені, ондай жер телімдерін анықтау
үшін есепке алынып, тізімін жинағаннан кейін жергілікті салық
органдарына беріледі. Сол тізімдер бойынша жұмыстар атқарылады.
Бірақ, жұмыс істеу бабы, қалай өзгеруі кейін
үкіметтің шығарған жарлығы бойынша жүзеге
асырылады [3].
Алдымен енді, көлік
құралдарына салынатын салыққа тоқталсақ,
2014 жылғы 1 қаңтардан
бастап 2013 жылдың аяғында қабылданған
қозғалтқышының көлемі 3 000 см3 артық
көлік үшін салықтың артуын көздейтін
өзгертулер күшіне енді.
Жылдың басынан бастап көлікке салық өзгерді
және ол 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР
аумағына әкелінген немесе ҚР өндірілген
(жиналған) қозғалтқышының көлемі 3 000 см3
артық жеңіл автокөліктерге қатысты. Салық
заңнамасындағы өзгертулер 2014 жылдан бұрын республика
аумағында пайдаланылған және сатып
алынған/сатылған автокөліктердің салық
мөлшеріне ықпал етпейді.
Ішінара жеңілдік санатындағы адамдар үшін талаптар
өзгерді. Бұрынғыдай ҰОС қатысушылары,
мүгедектер дәне Кеңес одағының және
Социалистік еңбек ерлері көлемі 4000 куб сантимерден төмен
көлемді көлік үшін салық төлеуден босатылады
(сондай-ақ ескі қағидалар бойынша жеңілдік
санатындағы адамдар егер 2014 жылға дейін 4000 см2 жоғары
автокөлік иелері болып табылса және 2014 жылдан кейін
тіркеу/қайта тіркеу жүзеге асырылмаса салық төлемейді).
Көлемі 4000 куб сантиметрден жоғары автокөліктерге
салық төлеудің жеңілдікті шарттары
(тіркеуде/қайта тіркеуде) жойылады және стандартты тәртіпте
есептеледі (ҚР Салық
кодексінің 365-бабына сәйкес)
[5].
2014 жылдан ҚР аумағына
енгізілген/өндірілген/жиналған
қозғалтқышының көлемі 3 000 см3 жоғары
жеңіл автокөліктерге арналған салықтар.
|
Қозғалтқышының
көлемі (куб. см) жеңіл автокөліктер |
Салық
мөлшерлемесі (айлық есептік көрсеткіш) |
Салық
мөлшерлемесі (теңге, 1 АЕК = 1852
теңге) |
|
3 000 жоғары 3 200 дейін |
35 |
64 820 |
|
3 200 жоғары 3 500 дейін |
46 |
85 192 |
|
3 500 жоғары 4 000 дейін |
66 |
122 232 |
|
4 000 жоғары 5 000 дейін |
130 |
240 760 |
|
|
|
|
ҚР аумағында
пайдаланылатын және қозғалтқышының көлемі 3
000 см3 дейінгі республикаға енгізілген/жиналған/өндірілген
көлік құралдары үшін салықтар
|
Қозғалтқышының
көлемі (куб.см) жеңіл автокөліктер |
Салық
мөлшерлемесі (айлық есептік көрсеткіш) |
Салық
мөлшерлемесі (теңге, 1 АЕК = 1852
теңге) |
|
1100 дейін |
1 |
1852 |
|
1100
жоғары 1500 дейін |
2 |
3 704 |
|
1500
жоғары 2000 дейін |
3 |
5 556 |
|
2000
жоғары 2500 дейін |
6 |
11 112 |
|
2500
жоғары 3000 дейін |
9 |
16 668 |
|
3000
жоғары 4000 дейін |
15 |
27 780 |
|
4000
жоғары |
117 |
216 684 |
|
|
|
|
Енді 2009 жылғы
автокөлікке салықпен салыстырсақ
|
Қозғалтқышының
көлемі (куб. см) жеңіл автокөліктер |
Салық
мөлшерлемесі (айлық есептік көрсеткіш) |
Салық
мөлшерлемесі (теңге, 1 АЕК =1296
теңге) |
|
1500 жоғары 2000
дейін |
3 |
3895 |
|
2000
жоғары 2500 дейін |
5 |
6487 |
|
2500 жоғары 3000 дейін |
8 |
10375 |
|
3000 жоғары 4 000 дейін |
15 |
19947 |
|
4000 жоғары |
117 |
151632 |
Жыл сайын 31 желтоқсанда бюджетке көлік салығын
төлеу қажет. Көлемі үлкен
көліктерге салығын төлемеген жағдайда азаматтарға
ескертпе түбіртек жіберіледі. Салық төлеуші арнайы мерзім
аяқталғанға дейін салығын төлемеген жағдайда
сот орындаушыларына жіберіледі. Ондай тұрғындардың
көліктеріне тиісінше шектеу қойылады.
2.Жаңа жоба мүлік салығын
арттыруды да қарастырады. Мүлік салығының көтерілуі «ауылдарды, кенттерді
және аудандық маңыздағы қалаларды қамтымайды.
Баспананың шаршы метрінің
«базалық құнын» екі есе, атап айтқанда, Астана мен
Алматы үшін – 60 теңгеге дейін, ал облыс орталықтары
үшін – 36 мың теңгеге дейін арттыру ұсынылып отыр.
Басқа елді мекендер үшін тұрғын үйдің
базалық құны бұрынғы деңгейде қалады.
Астана мен Алматыдағы тұрғын
үйлердің әр шаршы метрінің қазіргі
қолданыстағы базалық құны 30 000 теңгені,
ал облыс орталықтары үшін 18 000 теңгені
құрайды. Осы «базалық құнды» Салық
комитеті, әрбір үй мен пәтердің жалпы ауданына
көбейте отырып, салынатын салық көлемін айқындайтын.
Енді ол екі есе көтеріліп отыр. Осылайша, еліміздің басты
қалаларындағы баспана құны ресми «қымбаттады».
Жеңілдіктер беріледі: Жылжымайтын мүлік
салығын есептеу кезінде ҚР Салық кодексіне сәйкес
Кеңес Одағы Батыры, Социалистік Еңбек Ері, «Халық қаһарманы»
атағын алған және «Даңқ», «Отан» ордендерімен
марапатталған азаматтарға жеңілдіктер қарастырылады. Осы ретте «Алтын алқа», «Ардақты ана»
төсбелгілерін тағып, ұрпақ тәрбиелеген
жандардың еңбегі де ескерілетін болады. Ұлы Отан
соғысына қатысқан және оларға теңестірілген
ардагерлер мен қан майданда жанқиярлық әрі мінсіз
әскери қызмет көрсеткендерге жеңілдіктер беріледі.
Сонымен қатар, I, II топтағы мүмкіндігі шектеулі
азаматтардың әлеуметтік жағдайы байланысты.
Мәселен, бұрын құны 9 және 10
миллион теңге деп бағаланған жеке тұрғын
үйге 18 800 теңге салық салынатын. Биыл елімізде
қолданысқа енген өзгерістерге орай оның бағасы 18
және 20 миллион теңгеге жоғарылап, жылдық өтемі
37 600 теңгеге өсті. Ал, құны 10 және 50
миллион теңге аралығындағы баспаналардан бюджетке 23 300
теңге көлемінде төлем түсетін. Бұдан былай
мұндай “сарайлардың” 20 және 75 миллион теңгеге
қымбаттауына байланысты олардың берешегі 50 мың теңгеге
жетпек.
Бағасы 50 және 120 миллион теңге
аралығында болатын жылжымайтын мүліктің салығы
223 300 теңге деп белгіленетін. Ағымдағы жылы
мұндай зәулім үйлердің құны 75 және
100 миллион теңгеге артуына байланысты оларға 321 600
теңге көлемінде салық салынады. Құны 120 миллион
теңгеден жоғары тұратын баспаналар 350 миллион теңгеге
дейін қымбаттап, мемлекетке 796 600 теңгеге дейін өтем
бермек. 350 миллион мен 450 миллион теңге аралығындағы
сәулетті сарайлардың өтейтін парызы 3 миллион теңгеге
барады.
Әрине, кім де болса
қазақстандықтардың бай, ауқатты
тұрғанын қалайды. Дегенмен, экономикасы жыл санап дамып келе
жатқан елімізде салықтың түсімі аздық етеді.
Сондықтан, бұдан былай мемлекет қазынасының
толығуына хан сарайындай ғимараттарда сән-салтанат
құрып өмір сүретіндер де атсалысады. Осы
уақытқа дейін қолданылған заң он жыл бұрын
қабылданған еді. Одан бері халықтың
әл-ауқаты жақсарды. Дәулеті артты. Ендігі жерде
олардың мемлекетке құятын қаржысы соған сай
болмақ [6].
Салықтарды арттыру көрсеткіші халықтың
айлық еңбекақысына салыстырмалы түрде сәйкес
келмейді.
Мысалы
автокөліктерге қатысты айтайық, орташа жалақы
көлемі мен салық көрсеткішін салыстырайық.
Өркениетті елдерде қозғалтқыш көлемі 4 текше
метрден асатын автокөліктерге салынатын салық көрсеткішін
қарастырсақ, Ұлыбританияда ол жалақының 9%-ын,
Германияда 15%-ды, Жапонияда 22%-ды құрайды. Ал
Қазақстанда мына түзетулерді қабылдасақ бұл
көрсеткіш 109%-ға жетпек. Бұл дегеніміз Қазақстан
азаматтарына автокөліктер салығы бойынша Ұлыбританияға
қарағанда 12 есе, Германиямен салыстырғанда 7 есе,
Жапонияға қарағанда 5 есе артық салынады. Біздің
өмірімізді жақсартудағы сіздердің
ұсыныстарыңыз сонда осындай болып отыр. Ел Үкіметінің
қымбат көлік салығын не себепті арттырып
отырғандығы айтылды: «Бұл көтеру «неғұрлым
ауаны көбірек ластасаң, соғұрлым көп
төлейсің» қағидатын сақтауды қамтамасыз ету
қажеттілігінен туындады». Үкіметтегілер «бұл қадам
әлеуметтік шиеленіске әкелмейді» деген пікірде. Экономика
және бюджеттік жоспарлау министрі көлік салығының артуы
112 мың автокөлікке қатысты болатындығын, яғни
барлық «темір тұлпарлардың» тек 3%-ын қамтитындығын
мәлім етті.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Қазақстан
Республикасының Конституциясы.1995 жыл
3.
«Қаржы менеджменті»
журналы,2014 жыл.№2 наурыз.
4.
Электронный ресурс: http://www.salyk.kz.658496
5.
«Бухгалтер белютені» журналы.2013 жыл,№12 сәуір
6. Электронный ресурс: http://www.zakon.kz