Адам құқығын қорғаудағы Қазақсан Республикасы Конституциясының орны

Жаркенова Гүлнар Абуқалиқызы

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі

МУЙДЕНОВА ӘЛИЯ ҚАЛЖАНҚЫЗЫ

Заң ғылымдарының магистрі, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемелекетік университеті

Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаған жолдауларында адам құқығын сақтау, Қазақстанды одан әрі жаңарту мен демократияландыру күн тәртібіндегі мәселе екендігі айтылған. Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет, өзін әлеуметтік, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырып, қоғамның бүгінгі таңдағы әлеуметтік, саяси, экономикалық өзгерістеріне, яғни нарықтық экономикаға көшу, көп партия құру, қоғамда демократиялық және құқықтық институттарды дамыту мәселелеріне көп көңіл бөледі. Өткізілген реформалардың сәтті шығуы ең алдымен жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделетін құқықтық сана деңгейіне әсер етеді, одан адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары да шет қалмайды.

Адам құқығын қорғау - қазіргі замандағы өзекті мәселелердің бірі. Мемлекет те, партия да, жеке лауазымды тұлға да емес, жеке қарапайым адам өзінің құқықтары мен бостандықтары арқылы кез келген қызмет ортасында болуы керек. Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарына қол сұғылмайды және ол адамның туған сәтінен бастап өзіне тиесілі.

Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған күннен-ақ құқықтық мемлекет құру идеясын қабылдады. Ұлттық құқық жүйесін дамытып, оның толыққанды жұмыс істеуі үшін 1995 жылғы 30 тамызда Республикалық референдумда қабылданған Конституция [1] содан бергі мерзімде экономикалық және әлеуметтік, саяси реформаларды жүзеге асырып, қоғамды демократияландыруда Қазақстан халқына қызмет етіп келеді.

Барлық қазіргі заманға сай конституциялар, оның ішінде Қазақстан Республикасының Конституциясы да бұл мәселеге ерекше назар аударады. Ата Заңның басты мақсаты - адам құқығын қорғау.

Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке тұлғаның құқықтық мәртебесін реттеуде ірі қадамдардың бірі болды. Ол тек адам құқықтары облысында халықаралық құжаттардың ойларын ғана емес, сонымен қатар елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлардың конституциялық дамуының бұрынғы тәжірибесін де есепке алды. Конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қазіргі уақытта қорғау жүйесі көп деңгейлі сипатта көрінеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясының «Адам және азамат» деп аталатын 2-ші бөлімінде адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтары бекітілген (10-39 баптар). Олар Қазақстан Республикасындағы тұлғаның құқықтық мәртебесінің ядросын құрайды. Оларды келесі топтарға бөлуге болады: жеке құқықтар мен бостандықтар, әлеуметтік-экономикалық және саяси құқықтар мен бостандықтар.

Жеке құқықтар мен бостандықтарға Қазақстан аумағында тұрақты және уақытша тұратын барлық тұлғалар ие болады. Олар абсолютті, ешкім айыра алмайтын және әркімге тумысынан тиісті болады. Конституцияның 15-ші бабына сәйкес әркім өмір сүру құқығына ие болады. Конституцияда өмір сүру құқығы әр түрлі қол сұғушылықтан қорғалу мақсатында бекітілген. Өмір сүру құқығы көптеген конституциялық кепілдіктермен қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасының Конституциясы ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ бекітеді.

Жеке құқықтар мен бостандықтар категориясына Консттуцияның 16-шы бабында қарастырылған әркімнің жеке басының бостандығына құқығы бекітілген. Кез келген конституциялық мемлекет сияқты Қазақстан Республикасында тұтқындау мен қамау заңда көзделген реттерде ғана соттың санкциясымен іске асырылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 17-ші бабына сәйкес адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Адамның қадір-қасиеті тұлғаның сыртқы және ішкі мазмұнын өзіне толығымен енгізеді. Қазіргі қоғамда қадір-қасиет түсінігін тұлғаның жағымды қасиеттері мен жақтарының жиынтығы ретінде қарастырады, әрі ол мемлекетпен жоғары қазына ретінде қорғалады.

Конституцияда ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайтындығы туралы кепілдік орын алған. Конституцияның 18-ші бабына сәйкес әркім өзінің қадір-қасиетін қорғауға құқығы бар. Салалық заңдылықтарда адамның қадір-қасиетін қорлағаны үшін жауапкершілік шаралары қарастырылған. Сонымен қатар жеке құқықтарға әркімнің өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқала сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығының сақталуына құқығы бар. Бұл норма Конституцияның 18-ші бабында бекітілген. Бұл құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.

Сонымен қатар Конституцияның 19-шы бабында бекітілген жеке құқыққа әркімнің өзінің қай ұлтқа, партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге құқығы жатады. Ешкім азаматтты өзінің қай ұлтқа, қай партия мен дінге жататынын көрсетуге мәжбүрлей алмайды. Бұл жағдай ешқандай да құқықтық салдарға әкеліп соқпайды және жалпыға танылған адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қандай да бір басымдылықтың болуының немесе нұқсан келтірудің негізі болып табылмайды. Ал Конституцияның 19-шы бабының 2-ші тармағына сәйкес әркімнің ана тілі мен төл әдебиетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алу құқығына ие болады.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 20-шы бабында сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады. Бұл ұғым адамдардың қызметінің рухани аясына негізделген. Бостандықтың бұл түрі тұлғаның идеялары, пікірлері, сенімдері мен оларды айта білу бостандығының кепілдігіне жатады. Сөз бостандығын конституциялық деңгейде бекіту адамзаттың ең үлкен жетістігі болып есептеледі, себебі тарих адамдардың өз көзқарастары үшін қаншама қиналғанаын мысалға келтіре алады.

Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қеуіпсіздігігіне нұқсан келтіруге, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді.

Алғаш рет конституциялық деңгейде әркімнің Қазақстан Республикасы аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бекітілген. Әр адам Республикадан тыс жерлерге кетуіне, ал Қазақстан Республикасының азаматтарынң Республикаға кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар. Бұл құқық Қазақстан Республикасының Конституциясының 21-ші бабында бекітіліп, адам құқықтарының халықаралық қауымдастықпен жалпыға танылған разрядына жатады. Сондай-ақ ол бұрынғы одақтас республикалардың және КСРО аумағынан кедергісіз кете алмаған әрі одан тыс жерлерден тұрақты мекенді ьаңдай алмаған азаматтар үшін өзекті мәселе болған. Қазақстан Республикасында ар-ождан бостандығы консттуциялық негізде кепілдендіріледі (Қазақстан Республикасының Конституциясының 22-ші бабы). Ар-ождан түсінігіне тұлғаның дінге өз ерікті және ешкімнен тәуелсіз түрдегі қатысы. Әркім қай дінді ұстану немесе ұстанбау бостандығын өзі шешеді. Қазақстан Республикасында діни-наным бостандығы мен атеизм де танылады.

Конституцияның 25-ші бабына сәйкес тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді және тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген тәртіп бойынша ғана жол беріледі. Бұл адам мен азаматтардың ққықтары мен бостандықтарын, конституциялық құрылыс негіздерін қорғаумен және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және т.с.с. байланысты.

Адам мен азамат азаматтық қоғамның мүшесі ретінде экономикалық және әлеуметтік құқықтар мен бостандықтарға ие болады.

Тұлға өзінің экономикалық құқықтары мен бостандықтары арқылы материалдық мүмкіндіктерін іске асырады. Экономикалық құқықтары мен бостандықтар Конституцияның 24-ші бабында бекітілген, оларға жеке меншік, кәсіпкерлік қызмет бостандығына құқығы жатады.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік және жеке меншік тең негізде қорғалады. Конституцияның 26-шы бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады. 1995 жылы қабылданған Конституцияда алғаш рет жерге жеке меншік құқығы бекітілді (Конституцияның 6-шы бабының 3-ші тармағы). Конституцияда меншікке қол сұғылмаушылық, яғни ешкімді де соттың шешімінсіз өз мүлкінен айыруға болмайтындығы бекітілген. Бірақ заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілу  мүмкіндігі қарастырылады.

Конституция жеке меншікпен қоса мұрагерлік құқығына да кепілдік береді.

Қазақстан экономикасының нарықтық қатынасына көшуімен байланысты Конституция кәсіпкерлік қызметке бостандықты жариялады. Әркім өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін пайдалану құқығына ие болады.

Конституцияның 28-ші бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматына жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айрылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.

Қазақстан Республикасының азаматтарына денсаулығын сақтау құқығына, дәрігерлік көмектің көлемін тегін алуына кепілдік беріледі. Қазақстан Республикасында ақылы дәрігерлік қамсыздандырылу танылады.

Қазақстан Республикасының азаматтары саяси құқықтар мен бостандықтарға ие болады. Олар азаматтардың азаматтық қоғамның саяси жүйесіндегі құқықтық жағдайын анықтайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 23-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары бірлесу бостандығы құқығына ие болады. Азаматтар қоғамдық бірлестіктерді құру арқылы өздерінің саяси, экономикалық, мәдени және өзге де мүдделерін көздейді. Сонымен қатар қоғамдық бірлестіктер азаматтардың құқықары мен бостандықтарын қорғау мақсатында құрылуы мүмкін, яғни құқық қорғаушы қоғамдық бірлестіктер.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 32-ші бабына сәйкес Республиканың азаматтарының бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға құқығы бар. Бұл құқықты пайдалану мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, денсаулық сақтау және басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделері үшін заңмен шектелуі мүмкін.

Аталған құқық азаматтарға қоғамның және мемлекеттің өмірінің маңызды мәселелері бойынша өз көзқарастарын, идеяларын ашық және жариялы түрде көрсетуіне мүмкіндік береді. Ол мемлекеттік органдардың тарапынан ресми түрде рұқсат етілу жолымен шешіледі.

Конституцияның 32-ші бабын қолдану 17 наурыз 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасында бейбіт әрі қарусыз жиналу, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы” заң күші бар жарлығымен [2] реттеледі.

Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекет істерін басқаруға тікелей республикалық референдум және сайлау арқылы қатыса алады.

Республикалық референдум – Конституцияның, конституциялық заңдардың, заңдардың жобаларын және Қазақстан Республикасының мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін шешу бойынша бүкілхалықтық дауыс беру. Республикалық референдумды тағайындау, дайындау және өткізу тәртібімен байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар 2 қараша 1995 жылы қабылданған “Республикалық референдум туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен [3] реттеледі.

Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлану құқығына ие болады (ҚР-сы Конституциясының 33-бабы).

Санымен қатар саяси құқықтар мен бостандықтарға Қазақстан Республикасының азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең конституциялық құқығы жатады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы ең жоғары құндылық ретінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп бекітті. Бұл қағида демократиялық мемлекеттің қызметі мен оның халықаралық-құқықтық міндеті. Конституцияда бекітілген жеке тұлғаның құқығы оны жүзеге асыру мен қорғаудың тиімді механизмін құруды болжайды. Адам құқығы, оны сақтау мен кепілдік беру бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі. Адам құқықтарын сақтаудың шындық жағдайы - демократияның маңызды көрсеткіші, оның кемеліне келуі мен руханилығының белгісі.

Падаланылған әдебиеттер тізімі:

1.          Қазақстан  Республикасының  Конституциясы – Алматы: Юрист, 2012.

2.          Қазақстан Республикасы Президентінің 17 наурыз 1995 жылғы «Қазақстан Республикасында бейбіт әрі қарусыз жиналу, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң күші бар жарлығы.

3.          Қазақстан Республикасының 2 қараша 1995 жылғы «Республикалық референдум туралы»  Конституциялық заңы.