Психология/Формы работы психолога-практика

Психолог.ғ.д., профессор Р.Б.Каримова

Психолог.ғ.к., доцент З.Қ.Орманова

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет

Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

 

МЕКТЕПТЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ  ҚЫЗМЕТТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН БАҒЫТТАРЫ

 

Мектеп психологы қызметінің негізгі психикалық этикалық принциптеріне сүйене отырып, мектеп психологының кәсіби өзін-өзі қалай ұсауы керек екендігін елестету оңай. Диагностикалық жұмысты жүзеге асыру кезінде тест тапсырмаларымен жұмыс жасау оқушылар үшін танымдық іс-әрекеттің бір түрі екендігін ескеру қажет. Кейбір оқушылармен (оны алдын ала біліп алу қажет) жұмыс жасау кезінде олардың жақындары мен достарына тіл тигізетін әдістемелерді қолданбауы қажет. Сонымен қатар, әдістеменің мазмұны оқушының ата-анасын немесе мұғалімнің күлкілі жағымсыз етіп суреттеп тұрса, ал әдісиемені мүлдем қолдануға болмайды, әсіресе егер шынайы өмірде шынында да ұқсап тұрса. Психолог, әсіресе мектеп психологы психологиялық зерттеу нәтижелерінің жария етілмейтіні алдын-ала айтылса, немесе ол зерттелушінің репутациясына зиян келтіретін болса, жұрттың алдында айтуына тиым салынады. Психологтың кәсіби құпияны жариялауы дәрігердің құпияны жария етуінен де ауыр қылмыс. Себебі, қоғамдық пікірде ауру жиі адамның тұлғасы мен еркінен тәуелсіз бақытсыздық деп есептеледі, ал «психологиялық ауру» сыналушының жеке кемшіліктерімен байланысты және оған оның өзі немесе жақындары кіналы болады. Психологиялық зерттеулерден алынған құпия мәліметтерді қатысы жоқ адам білмеуі қажет. Осы ережені бұзған психологты мектеп психологтары қатарынан алып тастау қажет.

Мектеп психологы сөзсіз оқушының мүддесін қорғауы қажет. Біріншіден, баланың кез-келген мүддесін емес, тек оның тұлғасының нәтижелі дамуына жағдай жасайтындарын ғана қорғауы қажет, екіншіден нені және қалай қорғау керек екендігі жайлы айтпас бұрын, кез-келген жағдайда мектеп психологы қызметінің ең нәтижелі формасы – мұғалімді (өзі анықтаған) оқушының өзі анықтаған мүдделері мен проблемаларымен таныстыру, содан соң олар осы мүдделерді дамытудың педагогикалық-психологиялық тәсілдерін анықтау немесе түзету бойынша бірігіп жұмыс жасаулары қажет. Мектеп психологы өзінің қызметін жүзеге асыруы кезінде мұғалім шет қалмауы қажет. Кәсіби сауатты мұғалім кімге болмаса да, өз оқушысын өзінің қатысуынсыз және бақылауынсыз тәрбиелеп оқытуға жол бермейді. Көптеген мәселелер мектеп психологы мұғалімге өз оқушысының психологиялық мәселелерін шешуіне жағдай жасаған кезде ғана шешіледі. Мұғалім өзінің оқушыларының арасында психологиялық жұмысты өзі жүргізуі, олардағы болып жатқан психологиялық құбылыстарды түсінуі қажет. Ал психолог соған жағдай жасауы қажет.

Мектеп психологының кәсіби сапаларын қысқаша былай келтіруге болады:

·Көңілі кең және көзқарасы тәуелсіз болуы қажет.

·Кез-келген қарым-қатынасқа дайын болу және оларды қолдай білу.

·Адамдарды өзіне эмоционалды тарта білу.

·Қарым-қатынас кезінде өз эмоцияларын ұстай білу қабілеті.

·Өзін-өзі және өзгелерді тануға ұмтылу.

·Өз міндетін ғана атқару.

·Әрекеттері мен сөздеріне жауап беру.

·Кез-келген әрекеттің арты не болатынын болжай білу.

Мектепке жаңа ғана келген психологқа қандай кеңес беруге болады? Ең алдымен асықпау, жан-жағына қарау.

Мектеп психологы жұмысының алғашқы кезеңін шартты түрде бейімделу кезеңі деуге болады: психологтың мектепке, мектептің психологқа бейімделуі қажет. Себебі, олар бір-бірін әлі дұрыс білмейді. Яғни психолог өз жұмысын мектеп әкімшілігімен танысудан, оқушылар және олардың ата-аналарымен әңгімелесуден, сабақтарға, сабақтан тыс мерекелерге, жиналыстарға, педагогикалық кеңестерге қатысудан, іс-қағаздармен танысудан бастауы қажет. Әңгіме, жиналыстар барысында мұғалімдерді, оқушылар мен олардың ата-аналарын мектеп психологы жұмысының міндеттері мен әдістерімен таныстыруы қажет.

Мектептегі психолог – біз үшін жаңа құбылыс және көптеген мұғалімдер психологты бірден қабылдамауы мүмкін. Сабырлық, шыдамдылық қажет. Әр адамның, әсіресе мұғалім, сынып жетекшісінің, мектеп директорының күмәндануға хұқығы бар. Олар неге бірден психологқа сенуі қажет? Барлығы оның өзінің кәсіби даярлығы мен өз кәсібін жақсы меңгеруіне байланысты.

Сондықтан, психолог жұмысын ең алдымен өзі білетін нәрседен бастауы қажет. Мысалы, егер оның кіші жастағы балалармен жұмыс істеу тәжірибесі мол болса, онда солармен жұмыс істей бастауы қажет, егер ол бұрын балалардың интеллектуалды сферасын дамыту бойынша жұмыс істеген болса, онда оған осы жұмыстан бастау қажет және т.с.с.

Бірақ, барлық жағдайда да асықпау қажет. Психолог мектепке ұзаққа, өмір бойына жұмыс істеуге келді, сондықтан ол педагогикалық ұғымға психологтың сиқыршы емес және барлығын бірден шеше алмайтынын түсіндіруі қажет. Ал, түзету, дамыту сияқты психологиялық процестер тіпті ұзақ уақытты талап етеді. Кез-келген психологиялық мәселелердің себебін анықтаудың өзі әр кезде әр түрлі уақытты талап етеді. Кейде бірнеше минут қана болса, кейде бірнеше айға да созылуы мүмкін.

Мектеп психологының жауапты әрі көпжоспарлы қызметі оның кәсіби сапасы мен бліктілігіне белгілі бір талаптар қояды дедік. Мектеп және педагогикалық психологиядан білімі болуы, баланы зерттеудің түрлі психологиялық әдістерін жоғары деңгейде меңгеруі және сонымен қатар интеллектуалды өте жоғары дамыған болуы қажет. Психологиялық қорытындылардың дұрыстығы – дұрыс таңдап алынған психодиагностикалық әдістердің нәтижесі ғана емес, психолог пен баланың өзара жақсы қарым-қатынастарының нәтижесі де.

Мектеп психологы тек бүгінгі мектептің оқу және тәрбие жүйесіне бейімделе алған жағдайында ғана өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алады. Адамдар арасындағы қайшылықтарды шешу, олардың қаьелерін түзету мектеп психологы қызметінің ажырамас бөлігі болғандықтан, бұл оның тұлғалық қасиеттеріне үлкен талаптар қояды. Себебі, ол берген кеңесіне, қабылдаған шешіміне әрдайым жауапты.

Психолог психологиялық диагноз қоюда немесе түзету жұмыстарының формалары мен тәсілдерін ұсынуда өте мұқият болуы қажет.

Мектеп психологы өзіне өте қатал талаптар қоюы қажет: өзара әрекет жағдайын сезіну, өзінің мінез-құлқын басқару.

Мектеп психологы қызметінің көптүрлілігі, оның біліміне, білігі мен тұлғалық сапасына қойылатын талаптардан бір жағынан оның кәсіби мүмкіндіктерін шекте туралы сұрақ, екінші жағынан, мектептегі пратикалық жұмысқа психологиялық арнайы дайындығын ұйымдастыру туралы сұрақ туады.

Мектепте психолог қызметін кім атқаруы керек және оның кәсіби даярлығы қайндай болуы қажет. Бұл сұрақ бойынша көптеген көзқарастар бар.

Шетел психологы Л.М.Фридман мектептегі психолог қызметін психологиялық дайындықтан өткен мектеп мұғалімі атқаруы тиіс деп есептейді.

Біз нақты талаптар қоятын шетел және кеңес психологтарымен келісеміз: мектептегі психолог қызметіне тек арнайы психологиялық білімі бар маман тартылуы қажет. Венгрияда осыған қатысты қатал ереже ұстанады: «Тәрбие беру мәселелері бойынша кеңес берудегі психолог қызметіне тек клиникалық немесе педагогикалық психология мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнын тамамдағандар ғана тартыла алады. Чехословакиядағы аудандық педагогикалық-психологиялық кеңес беру орталықтарында психолог қызметін тек кәсіби психолог атқара алады, себебі, психодиагностиканы практикада қолдану көп жағдайда адам тұлғасын ғылыми тануға мақсатты бағытталған процесс ретінде жүреді. Бұл салада тек сәйкес ғылыми дайындықтан өткен маман ғана жұмыс істей алады.   

Қорыта келгенде, педагог баланы оқытады, одан кез-келген пән бойынша білімді, өзін-өзі дұрыс ұстау ережелерін сақтауды талап етеді, оны бағалайды. Психолог баладан ештеңе талап етпеуі қажет, талап ете алмайды да, ал баланы түсініп, көмектесуге тырысады. Психологтың балаға еш ренжісі болмауы қажет. Егер баламен дұрыс қарым-қатынас жасай алмаса, ол тек өзіне ғана ренжуі тиіс. Барлық талаптар тек өзіне, өзінің кәсіби даярлығында.

Сонымен қатар, психолог оқушылардың кәсіп таңдау мәселелерімен айналысады. Ол қызығушылығының жоқтығынан, қабілетінің жетіспеушіліктерінен, оқудағы үлгермеушіліктен кәсіп таңдауға қиналып жүрген оқушыларға кеңес береді.

 

Әдебиеттер:

1.   Дубровина И.В. Рабочая книга школьногопсихолога.М:Просвещение, 1991

2.    Дубровина И.В. Диагностическая и корекц-ая работа школьного психолога. М: 1987 г.  

3.   Кала У.В, Раудик В.В. психологическая служба в школе.    М: 1986 г. Знание №12

4.   Дубровина И.В. Школьная психологическая служба. - М. Педагогика, 1991

5.   Орманова З.Қ. Мектептегі психологиялық қызмет. Алматы: «Қазақ мектебі», 2001 №1 

6.   Битянова М.Р. Организация психологической работы в школе. - М: Совершенство, 1997   

7.   Джрназян Л.Н.  Структура и опыт деят-ти школьной психол-ой службы. / Вопросы психологий 1989 ж. №4 стр.52-59

8.   Активные методы в работе школьного психолога. Сборник научных трудов. Под.ред: И.В.Котовой Ростов на дону, 1991.

9.   Овчарова Р.В.Справочная книга школьного психолога. М:1993.