Сайлыбаева Қ.Ә.,  Жақсылыкова Г.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТА   ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЙЛАУДЫҢ БАЛА ДАМУЫНДАҒЫ  МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

 

Жеке адам құрылымында адамдармен қарым-қатынас құлы – ойлау мен сөйлеу әрекеттері. Адам сыртқы құбылысты қабылдап ойда талдап, оны сөз арқылы жеткізеді. Бұл танымдық процесті тереңірек сипаттау үшін, оның мазмұн – себеп жағын, сондай-ақ   құрылымындағы олау мен сөйлеудің әртүрлі қасиеттерінің қатысын анықтайтын жеке адамның іс-әрекеті және бағыт-бағдарымен байланысын талдау қажет.  

Б.М.Теплов еңбегінде ойлаудың интеллектуальдық ерекшелігін практикалық міндеттерді шешуде іс-әрекетте көрінетіне тоқталды. Л.С.Выготский «Ойлау және сөйлеу» еңбегінде сөйлеудегі ойлаудың генетикалық түбірін, ойлау және сөйлеу ерекшелігін, онтогенездегі сөз және ой қатысын, іштей сөйлеу сипатын ашты.    

Ойлау теориясы нақтырақ тоқталсақ: ойлау процессінің мағанасын түсіндіретін теорияларды 2 үлкен топқа бөлуге болады.

 Бірінші топқа адамның интеллектуалды қабілетінің туа біткеннен пайда болатынын, өмір жолында өзгермейтіндігін жатқызамыз.

Екінші топқа адамның ес қабілеті негізінен өмір бойында дамуы, жетілуі жатады.

 Психология баланың ақылының кіріп, қалай есейетінін, анатомия бала дене құрлысының әр жасқа қарай нығайып, физиология сол дене ағзаларының  атқаратын қызметін, әр жаста түрліше өзгерістерге ұшырайтынымен айналысады. Сол сияқты педагогика баланы оқу – тәрбие жұмысы  үстінде  белгілі бір тәсілдер қолданып ұғындыруға, не тіл алдыруға  болатынын зерттейді. Демек, баланы зерттеуде әр ғылым өзінше тиісті  саласымен шұғылданады.

Білімгер психологиясы балдырғанды зерттейді. Балалар психологиясы балдырғанның басқа адамдармен қарым-қатынас жасай алатын, еңбектенетін, жаңалық ашатын, өнер туындыларынан ляззат ала білетін ересек адамға қалай айналатынына көңіл бөледі.

Білімгер психологиясының зерттеу пәні – баланың психикалық даму ерекшеліктері болып табылады.

Білімгер психологиясы  тек мектепке дейінгі балалармен айналысып қана қоймай, мектепте оқитындардың ұғымталдығы мен ой-өрісінің, интеллектісінің қалыптасуымен де айналысады.

Балада туған бойда ересек адамға тән мінез-құлық түрі болмайды. Дегенмен, мінез-құлықтың кейбір қарапайым формалары - шартсыз рефлекстер – оған туа бітеді де олар баланың аман-есен өсіп жетілуі, онан әрі психикалық дамуы үшін де өте қажет.

Кез келген ғылымның негізі фактыларды зерттеуден тұрады. Фактылар тауып, анықтауға көмектесетін тәсілдерді ғылыми әдістер деп атайды. Әр ғылымның әдісі оның өзі зерттейтін пәніне, нені зерттейтініне байланысты. Балалар психологиясының әдістері – баланың дамуын сипаттайтын фактыларды анықтау тәсілдері. Балалар психологиясын зерттеудің негізгі әдістері – бақылау және эксперимент, ал көмекші әдістеріне бала іс-әрекетінің нәтижелерін зерттеу, әңгімелесу, тест әдісі және әлеуметтік өлшем әдісі. Бала психологиясы – баланың психологиялық даму ерекшеліктері туралы  ғылым.

Қазақ этносы баланың тілін дамытуға айрықша мән беріп, оны бесік жірімен сусындатқан, бала кезінен –ақ оған қысқа-қысқа өлең-жыр, жұмбақ пен тақпақ, жаңылтпаштар үйреткен. Сол арқылы баланың сөйлеу мәнерімен қатар ойлау белсенділігі қатар дамыған.

Тілді меңгеру осы заманғы ғылымда айрықша маңызы бар мәселеле болып саналады. әсіресе баланың ана тілінде айқын сөйлеп, тіл грамматикасын меңгеруінің шетел тілдерін меңгеруге тұрақты тиянақ болатынын нақты деректер мысал болып отыр.

Баланың тілін мектеп жасына дейінгі кезеңде ата-ана мен оның тәрбиешілері қадағаласа, ал мектеп қабырғасында мұғалім маңызды орын алада. Оның оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыруы, баланың сабаққа деген ынтасын көтеру. Ал мұндай  жағдай дұрыс ұйымдастырылмаған жағдайда бала тілінің бұзылуы, оның ойлау қабілетінің төмендеп ортадан шеттетілуге ықпал етіледі.

Мектепке дейінгі шақ – баланың сезімдік тәжірибесінің орасан зор молайып, ретке келу, қабылдау мен ойлаудың адамға тән формаларын игеру, қиялдың күшті даму, ырықты зейін мен мағыналы естің бастамалары қалыптасу кезеңі болып саналады.

Мектепке дейінгі балалық шақта қабылдаудың дамуы үшін, А.В. Запорожец пен оның қызметкерлерінің еңбектерінде көрсетілгендей, балалардың сенсорлық эталондар жүйесін игеруінің ерекше маңызы бар. Сенсорлық эталондар балалар қабылдау әрекеттерін орындағанда қолданылып, тексерілуге тиісті заттардың ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін айрықша өзінше бір өлшем қызметін атқарады.

Мектепке дейінгі балалық шақтың соңында бала көпшілік мақұлдаған эталондарды әлі игермейді. Оның қабылдау өлшемі нақтылы жақсы таныс заттардың қасиеттері туралы елестер болады. бұл, мәселен, баланың заттардың қасиеттеріне беретін сөздік атауларынан байқалады. Мысалы үш бұрышты анықтай отырып, бала: «Үй сияқты», «Шатыр сияқты», шеңберді анықтай отырып: «Доп тәрізді»; сүйірді: «Қияр тәрізді», қызыл түс жайында: «Шие сияқты» т.б. деп жауап қайырады. Эталондардың жұрт мақұлдаған жүйесін игеру қабылдауды «жандандырып»; баланың дүниені қоғамдық тәжірибе тұрғысынан қабылдауына мүмкінді береді. Егер баланы эталондар жүйесімен арнайы таныстырмаса, онда бала оларды біртіндеп стихиялы жолмен түрлі, әсіресе жемісті іс-әрекеттер орындау үстінде игереді. Қолданылатын материал түстер мен түрлердің негізгі үлгілерінен, көлемдердің серияларынан тұрады. Бала үлгілерді оларға тән ерекшеліктерге сәйкес қиыстыра отырып затты бейнелейді, оның моделін жасайды. Мұндай практикалық моделдеу – көру тұрғысында моделдеуге ауысудың бастамасы.

Қабылдауды дамыту әсіресе арнайы ұйымдастырылған сенсорлық тәрбие болған жағдайда тиімді өтеді. Сурет салуға үйреткенде музыка сабақтарында, дидактикалық ойындар процесінде мектеп жасына дейінгі балаларды сенсорлық эталондар жүйелерімен жоспарды түрде таныстырады, заттарды тексеру тәсілдерінде, олардың қасиеттерін игерілген эталондармен салыстыруға үйретеді. Бұл бала қабылдауының толық, дәл және бөлшектенген болуына жетелейді.

 Балалардың музыканы қабылдау қабілеті және соған байланысты эстетикалық тебіренуі, картиналарды қабылдауға қарағанда азырақ зерттелген. Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық шығармаларды эстетикалық қабылдауға қабілеттілігі және мұның өзінде музыкалық тебіреністер, негізінен, шығармалардың тембрі және ырғағымен анықталатыны дәлелденген. Алты-жеті жасқа қарай балалар әуенді тәп-тәуір қайта жаңғыртып, және ең бастысы, оған эстетикалық баға бере алады. Музыканы үнемі тыңдауға, айналасындағылардан оған терең эмоциялық жауап қайыруды үйренугі мүмкіндік бар жерлерде балалардың музыкалық қабілеттері ете оянады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық дамуы. Қабылдаудың жетіле түсуімен тығыз байланысты баланың ойлауы да дамып отырады. Егер сәбилік шақта ойлау заттық іс-әрекет процесінде жүзеге асса, мектеп жасныа дейінгі балада ол практикалық әрекеттің алдын алады. Бұлай болу себебі, бала бұрынғы тәжірибеде жасалған әрекет тәсілін басқа, бірақ алғашқыға дәлме-дәл келмейтін жағдайға ауыстыруды үйренеді.        

Ж.Пиаже 1921-1922 ж. француз тілінде  аударылған еңбегінде баланы оқытсаң да, оқытпасаңда психикасының дамуы, ақыл – ойыеың өріс алуына ықпалын тигізбейді деген. Пікір сол кездегі психологтардың көбіне жаңалық болған. Сондықтан Ж.Пиажені сынға алушылар әр елде көбейе бастады, соның бірі -  біздің елдегі Л.С.Выготский Ж.Пиаженің пікіріне қарсы шығып, бала психикасы тек оқытудың негізінде қалыптасады. Осыған орай баланың ықпалын дамыту үшін оны оқыту керек - деген. Л.С.Выготскийдің айтуынша, оқыту баланың есеюін тездетеді, оны алға қарай сүйрейді. Егер баланы ақылды өетемін десеңдер, - деді Выготский, - оқыту тәсілдерін оның қолы жеткен даму дәрежесіне дәл ықшамдай, шамалы алға қарай оздырып жүргізу керек. Сонда ғана оқыту баланың ой - өрісін алға қарай сүйрейтін болады, - дейді. Бұл пікірді сол кездегі психологтар, ғалымдар түрлі пікірлер айтты.

Балаға ақыл – ой тәрбиесін беруде ертеден келе жатқан қазақ халқының ауыз - әдебиеті, мақал – мәтелдер, жаңылтпаштар, шешендік сөздер, нақыл - өсиеттер, жұмбақтар болып табылады. Осылардың барлығы баланы тапқырлыққа, шешендікке, өнерге, ойлауға, қиялдауға, ойын, тілін дамытуға, тілін жаттықтыруға үйрететін этнопедагогикалық туындылар.   

Сонымен бірге, ғалымдарымыз, қазақ салт – сана, әдет – ғұрып, дәстүр, ұлттық  өнер мен ауыз әдебиеті үлгілерінен талғым айтып, мұра қалдырып кеткен ортағасыр ғұламалары  әл – Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, ағартушылар Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құанбаев еңбектері, педагогикалық ой – пікірлерін оқып – үйрену, жинақтаған ілімді заман талабына сай оқушыларға ұлттық рухта тәрбие беріп, ақыл – ойын дамыту әрбір мұғалімнің міндеті.

 

      ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.     Алдамұратов Ә.  Жалпы психология. Алматы.:1996.

2.     Жарықбаев Қ., Озғанбаев Ө.  Психология. -Алматы.: 2000 

3.     Жарықбаев Қ.   Жантану негіздері. -Алматы.: 2002

4.       Ребер А.И. Психологический     словарь. -   Москва  2000 ж. 1 том