Ою-өрнектердің киімде қолдануы

Байұзақова Г.С., Иса М., РК, Тараз қаласы 

 

Ұлылығы мол, ұлағаты жетерлік ұлттық киімдердің  кез-келгенін  көзге көрікті, көңілге қонымды ететін нәрсе - әшекей. Онсыз киімнің сәні кірмейді, мәні қашады. әшекейдің молдылығы – қазақ киімдерінің байырғы ерекшелігі болып табылады. Киім әшекейлері ерте заманда адамның қоғамдағы орнын да беретін болған. Кім бай, кім ел басқарып жүр, соның киімінде кесте  де, асыл тас та көп ьолған  кез – келген ертегіні таңдасаңыз, кез-келген аңызға құлақ түрсеңіз, «ханның немесе патшаның маңдайындағы гауһар, шапанындағы сансыз лағыл, маржан» жайында айтылмас па еді? Осылайша, киім сол заманнан бастап қоғамдық ерекшеліктерді айтқызбай танытатын  нышандардың бірі ретінде қалыптасқан. Бұл дәстүр қазақ ортасында кейінгі екі жүз жылға дейін жоғалмай сақталып келеді.

Бұрынрақтағы қазақтар да күнделікті киімдер үшін мақта, жүн маталары мен киіз материалдары пайдаланған. Сондай-ақ, көптеген киім түрлеріне мех, былғары, тері пайдаланған. Ендідәулеті асып, сәулеті тасқан адамдар болса, қымбат маталардан сырттан, шет елдерден алғызған немесе сауда керуендерінен қанша қымбаттығына қарамай сатып алған. Мұндай қымбат, бағалы маталардың қатарына жібектің небір түрлері , барқыттың небір бояулары, пүліш пен парша маталары жатады. Оларды Шығыс елдерінен шығатын немесе Ооңтүстік жұртарынан  оралатын сауда керуендері қат- қатымен  жеткізіп жатқан.

Міне, осындай маталардан киім тіккен соң, оған міндетті түрде әшекей  жасалатын болған. Қолдан келгені онсыз да қымбат маталарды алтын және күміс жіптірмен  кестелейтін болған. Мұндай шеберлер кестелерді «зер тегу» деп бейнелеген. Ел алдына шығатын беделді адамдардың, сарайларда,  ордаларда елшілер мен  жаушылар қабылдайтын басшылардың бір шапанына кететін асыл жіптердің өзін санап таусу мүмкін емес  еді. Қымбат матаға қыбат кесте түсірудің өзі өнер саналған. Оған арнайы шеберлер ғана шақырылған.

 Қазақ өмірін терең зертеген зерттеушілер «қазақтар – бейнебір оюлар  мен өрнектер  арасында өмір сүретіндей» деп жазған. Киіз үйдің сыртьқы басқұры  мен үзігінен  басталатын ою мен өрнек  үйдің ішінде төрдегі текеметтен де, төңіректегі кілемдер мен түскиіздерден де, қыл – аяғы үйдегі әжелерден  немерелерге дейінгі аралықтағы адамдардың киімдерінен де көзді баурап, көңілді жаулап тұрған. Тіпті, азаматтың  етегі мен ер тұрманына  дейін әшекейленіп тасталған. Қазақтардың өз өмірін былай безендіру бұлардың  көңілді, өмірге құштар және жаны нәзік  халық екенін әйгілеп  тұрған жоқ па? Бесіктен бастап хан  ордаларына дейінгі салтанатты безендірудің, мүлтіксіз  әшекейлерді  көрген зерттеушінің «қазақтар – бейнебір оюмен өрнектер арасында өмір  сүретіндей» демеске лажы қайсы?

Біздің бүгінгі  күнімізге тозбай, шаңға тұтылып қалмай жеткен әшекейлердің болмысы ата-баба санасынан  бастау алып  жатқаны шындық. Осы ою-өрнекке  қарап тұрып, ежелгі адамдардың ойлау, дүнйені елестету қабілеттерін қапысыз анықтауға болады. Олардың өз тұсындағы өмірді, оның мәнін қабылдағаны  сол қалпында  оюларға  түскен. Демек, көне әжелердіңшыққан оюларды көне бабалардың қолымен қашаған Орхон-Енисей жазуларына  теңеудің толық қисыны бар.

Киімге, киіз үйге, ер-тұрманға және басқа  тұрмыстық заттарға  ою түсіру- көне тайпалар  үшін өнердің  бір түрі  деп саналған.  Өнер болған  жерде жарыс бар,  озу бар, дамыту бар. Сол себепті  ою-өрнек өнері мыңдаған  жылдар бойы өз түрін де, түсірілуі техникасын да дамытып келеді. Сөйте тұра, сонау көне  замандағы  ою  түрлерінің  аты мен затының  сатылуы таңғаларлық  жағдай. Қазіргі біздің  тұрмыста  сирек те болса кездесетін ою түрлерінің  кейбірі  бұдан сан ғасыр бұрын ойлап табылған. Олар бізге сол түрінде  және сол  кездегі атымен жетіп отыр.

Әр өрнектің өз аты болған. Және ол өрнек тегін түсірілмеген. Шебер немесе үй  адамдары оны бір  нәрсені мезгеп немесче  ырымдап жасайтын болған.  Ең ғажабы- содан кейін  бұл оюды немесе  өрнекті көрген  адамдар жаңағы  ойды, нышанды оқыған немесе түсінген.  Мұның өзі ғажап жағдай емес пе?  Кейбір ғалымдар «қазақтың оюы-өте ертедегі жазу» деп те жүр.

           

 

Сур. 1 Киізден тігілген костюмдар

 

Тікелей бұл саланың  тарихи зерттеушісі болғандықтан,  оған талдау  жасамайтын.  Бірақ, оюлардың мәні болған және  кейінгілердің  сол мәнді қамтамасыз  ұққан талассыз  екенін айта  аламыкн.  Қалай болғанда да  әрбір  оюдың негізінде  бір образ  немесе  кейіп қалған. Қазақтар оюларды өзін  қоршаған  табиғат  пен әлемнен  іздеген және байқап  та таба білген.

Зертеушілердің  қазақ оюларын төрт топқа  жатқызуы тегін емес. Өйткені, қазақ ою мен өрнекті өзі үнемі көретін және  байқайтын тұстардан  тұратын еді.  Сол себепті де ою-өрнектер тұтастай алғанда төрт топтан тұратынында талас жоқ. Ою-өрнектің бірінші тобы:

Жан-жануарлар әлемінен алған топ. Қазақ-ежелгі көшпелі халық. Көшпелі халықтар негізінен  мал шаруашылығымен айналысқан.  Сондықтан  оның дүние танымында малға көп орын  берілген. Қазақ малдың  түсі мен қаңқасын  танудан әлемдік  қазіргі ғылымдарға  жауап берерліктей  білім жинаған. Сол себепті  малға қатысты оюлар біздің  тұрмысымыздан  елеулі орын алған.

Оның үстіне көшпелі өмір малдан басқа да аң мен құстың сырын  ұққызған. Балаларымыз ежелден-ақ түз құстарын  қолға  бауылған. Сондай-ақ  тіршілікте  өздерін қоршаған аң  мен құстың барлық қасиеттерін  қапсыз  зерттеген.  Тіпті, үй  маңында ұшқанмен қолға  жуымаған карға, сауысқанның да бүкіл қасиетін  таныған. Түлкі, қоян, қасқыр да бабаларымызға  өздерінің  мінездері  мен қасиеттерін танытқан.

Осындай өмірлік  мүдде мен қоршаған орта  қазақтың оюы мен  кестесінен орын  алмауы  мүмкін емес еді.  Оюларда түйе, жылқы,  бүркіт, сұңқар, бөрі және  басқалары кейде  тұтас  тұлғасымен  кездессе, кейде олардың белгілі бір бөліктері- мүйізі, табаны, өркеші,  тұмсығы  кездесетін болған.

Міне, оюлардың бұл тобы  осылай қалыптасқан және  олардың аттары ою мен  өрнектің дәл қайдан  алынғанын қапысыз  аңғартып тұрған. «Қошқар мүйіз»- қазақ дәстүрінде  ең көп  ұшырасатын ою.  Ежелден қой  баққан халықтың  қошқар мүйізі обға деген  ықыласы бөлек  болған.  «Қос мүйіз» атты, «бұғы мүйіз» және «қоңыр мүйіз» атты оюлар тұрмыста көп  пайдаланылған. «Атбас», «табан», «өркеш» аталатын  оюлар да аты мен зқатын  сақтап бүгінгі  күнге дейін  жетіп отыр.