Автоматизированные системы управления на

производстве.

 

 

магистр педагогики Иманбекова Қ.К.,

магистр техники и технологии Жаппарова А.Қ.

 

Тараз мемлекеттік университеті, Тараз

 

Жүннен жасалған көлемді ойыншықтарды өңдеу ерекшеліктері

 

Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларының иесін шебер деп атаған. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер бұйымдарында жиі қолданған. Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді. Қазіргі кезде қолөнер элементтерін үй интерьерінде, киім сәндеу кезінде, бас киімді әшекейлегенде көп қолданып жүр.

Қолөнерде жүнді пайдалану. Қазақ қолөнерінде пайдаланылған негізгі шикізат түрі - жүн. Оның табиғаттық қасиетіне зер салып, тиімділігі мен күнделікті тұрмыста қолайлы жақтарын қарастыра отырып, әдемілік жағына да көңіл бөлінді. Бүгінге дейін дәстүрлі қолөнер түрі – киіз басу. Бұл көне заманнан бері әйгілі. Бұрын киізді қара немесе ақ түсті етіп басқан, соңғы кезде оюлап басу кеңінен тарап кетті.

C:\Users\Админ\Pictures\iRASSJ5bSnE.jpgC:\Users\Админ\Pictures\P1050364.JPG

Жүн – қой, ешкі, түйе және т.б. жануарлардың түгі, жеңіл өнеркәсіптің құнды шикізаты. Жүн талшықтары жылуды аз өткізеді, ылғал тартқыш және берік болады. Ол жіп иіру, мата тоқу, киіз басу, әр түрлі тоқыма бұйымдар жасау үшін пайдаланылады. Қой, ешкі және түйе Жүні құнды шикізат болып есептеледі. Дүние жүзінде қой Жүні көп өндіріледі.

         Біздің халқымыз ісмерлікке, қолдан іс жасауға шебер халық. Ал кесте салу, киіз басу, жүн түтіп, иіру күнделікті тірлік болған. Бүгінге дейін бояу қосылып, ою-өрнек салынған тұрмыстық текемет, киіз әрбір отбасының орынды мақтанышы болып қалуда. Киіз – жүн және түкті тері қалдықтарын илеу арқылы немесе минералды мақтаға тұтқыр материал қосып, жылумен өңдеп, қалыптау тәсілімен жасалған аралық төсем, тығыздау арқылы дыбыс пен жылуды оқшаулау үшін пайдаланылатын зат. Бұл киіз өңдеудің қазақша әдіс-тәсілі. Алайда тіпті біздің шеберлерімізге де беймәлім киіз өңдеу технологиялары бар екен. Дүниежүзінде киізді пайдаланған қазақ қана емес, сонымен қатар қысы мен жазы, малы мен қарасы бар халықтардың барлығы суықтан қорғану мақсатында бір түтім жүнді де далаға тастамай, ең аяғы аяққап жасап отырған. Финляндия, Америка, Австралия, Жаңа Зеландия, Жапония, Үндістан, Непал, Корея, Ұлыбритания елдерінде жүннен киіз жасап, оған түрлі пішін беру арқылы үй жиһаздарын дүниеге әкелген. Бірақ әр елде киізді әр түрлі сапада, әр түрлі әдіспен өңдеп, тұрмыста кеңінен қолданған. Олай болса, киіз әлем халықтарының ортақ табысы екені анық. 

Олай болса сол әлем білетін жүннен жасалған бұйымдар қатарына өзімнің кішкене ғана үлесімді қосып интерьерге ерекше сән береті бұйым жасамақпын.Табиғи және боялған жүнді пайдалана отырып алма жасауға кірісеміз, оған керекті  бұйымдар: гупка және арнайы ине.

Ең әуелі ойдағы композицяны айқындап түсіреміз, сосын керекті түс бойынша боялған жүнді арнаулы инемен сіңіреміз, жұмыс барысына қойылатын арнайы талаптар да баршылық. Біріншіден өзімізге керекті мөлшерде жүнді аламыз. Оны гупканың үстіне қойып  ине арқылы біріктіреміз себебі инемен жүнді біріктіргенде ине қатты затқа тисе сынып кетеді. Жүнге инені  тыққылау арқылы біріктіреміз. Табиғаттағы барлық түсті боялған жүн арқылы толықтай қамту мүмкін емес, сондықтан, бояулар арқылы қажетті түсті құрап, алма жасауға пайдаланамыз. Соның негізінде ойға алғанды сәнді етіп шығаруға жол ашылады.

Көз алдарыңыздағы көркем көріністер жүнді пайдаланудың заманауи үлгісі, жоғардағы әдіспен сан алуан композициялық суреттер жасау – қазақ колөнерінің тың тынысын ашуға жасалған қадам. Бұл бағыт осы оқу орнына тұңғыш рет енгізіліп отыр. Келесі кезең алма жапырағын жасау. Жасыл түсті жүнді алып инемен сіңіру арқылы алма жапырағын жасаймыз. Алма жасау техникасы арқылы көптеген басқада сувенир, аксессуар, ойыншықтар жасауға болады.

C:\Users\Админ\Pictures\6.jpg   C:\Users\Админ\Pictures\master-klass_valyaniya_iz_shersti_0_17668.jpg 

Әдебиеттер

1. Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері, Алматы: Қазақстан 1995ж.

2. Бәсенов Т. Орнамент Казахстана в архитектуре. Алматы 1994г.