Өндірістік ластанулардан қорғануларға арналған арнайы киім

Байұзақова Г.С., Мукаева А.М., РК, Тараз қаласы

 

«Чайковский стиль» жалпы өндірістік ластанулардан қорғауға арналған маталар жинағын жобалады. Жинақтың барлық маталары осы талаптарға сәйкес келеді. Мұндағы жинаққа кіетн әрбір мата өзінің жеке ерекшеліктеріне ие – тұтынушы өз пайдаланушылық шарттары үшін қандай мата сәйкес келетіндігін өзі шешіледі. Бюджеттік жұмыс киімі үшін «Лидер 210» және «Лидер 240» маталары ұсынылады (құрамы 67П7/33ХЛ, салмағы 210 және 240 г/м2). Өздерінің жоғары емес бағасымен бұл маталар азиялық аналогтарынан сапасы бойынша озып тұр. Маталар пайдалану кезінде үнемділігімен және жақсартылған пайдаланушылық қасиеттерімен: қажалуға және үзілуге тозу төзімділігі, беріктілігімен ерекшеленеді. Пайдаланушылық кепілдік мерзімі 1 жыл. Премьер 210 және Премьер 250, маталары (құрамы 67П7/33ХЛ, салмағы сәйкесінше 210 және 250 г/) еуропалық деңгейлі ұжымдық киім ұсынылады. Маталар бақуатты сыртқы  түрі мен ұзақ мерзімді қызмет көрсетуге кепілдік береді. 85  температурадағы жуу беріледі, яғни ширатылған иірілген жібін қолданғандықтан тамаша қалпын сақтағыштыққа ие. Саноризация үдерісі арқасында – минималды отыру қасиеті тән. Ашық көк түсті бояғыштар болының төзімділігімен қамтамасыз етеді. Антипилнгтіполиэфир мен ұынталшықты матаы қолдану пилингті толығымен болдырмайды. Пайдаланушылық кепілдік мерзімі 3 жыл.

100 %-дық мақтадан жасалған арнайы киім әлдеқайда гигиеналық және комфортты екені мойындалды. Мамандықтардың бірқатары үшін матаның табиғи құрамы – айы киімді тігу үшін міндетті шарт. Бірақ ұжымның қорғалуын қамтамасыз ету үшін маталарға қойылатын талаптар тек гигиеналық көрсеткіштермен ғана шектелмейді. Мақталы маталардың гигиеналық қасиеттері ауа өткізгіштік пен гигроскопиялылықтың жоғарғы көрсеткіштерімен қамтамасыз етеді: киім ылғалды жақсы сіңіріп, жақсы жылуалмасуға кепілдік береді. 100 %-дық мақтадан жасалған арнайы киім әлдеқайда антиэлектростатикалық болып есептеледі: қозғалу кезінде ұшқын пайда болмайды және осылайша өртқатерлі жағдайлардың пайда болу қаупі төмендетіледі. «Чайковский стиль» өндірісінің «Премьер Cotton 260», «Премьер Cotton 300»  «Премьер Cotton 350» маталары EN510, EN340 (1 кесте) еуропалық стандарттарына сәйкес келеді. [«Спецодежда: конструирование и новые материалы», Федеральное агенство по образованию Российской Федерации Волгаградский Технический университет, 2009]

Кесте 1

«Чайковский стиль» фирмасының маталары

Мата

Артикул

Құрамы

Салмағы

Айқаспа

Өңдеме нұсқалары

Премьер Cotton 260

10410

 

 

100 ХЛ

260 г/м2

саржалық 2/1

майлы-сулы итергіш, мұнайлы-майлы-сулы итергіш

Премьер Cotton 300

10408

300 г/м2

саржалық 3/1

Премьер Cotton 350

10409

350 г/м2

саржалық 3/1

 

Осы топ маталарының ауаөткізгіштігі мен гигроскопиялық қасиеттері норманы (ГОСТ 11209-85) сәйкесінше 3 жіне 1,2 есе асып түседі. Сонымен қатар мақталы маталарда болуы мүмкін кемшіліктері «Чайковский стиль» маталарында өндірістің сапалы заманауи үдерістерінің арқасында мүлдем жоққа шығарылады. Жоғары беріктік көрсеткіштері киімнің тозуға төзімділігін, пайдалану кезінде ұзақ мерзімге жарамдылығын кепілдейді.

Маталар төмен отыру қасиеттерімен ерекшеленеді. Бұл өндірісте қолданылатын санфоризация үдерісі (матаны мәжбүрлі механикалық отыруы) арқылы жеткізіледі. Маталардың отыруы негізі бойынша 1,5 пайыздан және арқауы бойынша 1%-дан аспайды. Ашық көк түсті бояғыштарды қолдану, боялудың жоғары төзімділігін кепілдейді: жууға 5/5, үйкелуге 4, жарыққа 7. Жаңа заманның мета-арамидті қосындылар сияқты инновациялық материалдары арнайы киімдер өндірушілері арасында жаңалық жасалды, бұл маталар жоғарылатылған комфорттылық үйлесімділігімен жоғары функционалдылық және ұзақ мерзімге жарамдылығымен танымал. Бүгін «Коутс» компаниясы арнайы киімдерге арналған Coats Pro – жіптері мен сыдырмаларының инновациялық жобасын ұсынады.

Coats Рyrostar – арнайы өңдемесі бар DuPont Kevlar талшығынан жасалған, 100% ширатылған метаарамидті жіп.

Coats Firefly – 100% ширатылған метаарамидті жіп (мысалы, Nomex және Comex).

Coats Fortress – инновациялық құрылымды жіп: отқа берік өңдемесі және полиэстерлі өзегі бар метаарамид және вискоза.

Coats Protos - DuPont Kevlar талшығынан жасалған ұзынталшықты параарамидті жіп.

Coats Helios – отқа берік өңдемесі бар мақталы талшықтық V2 A болатымен үйлесімі.

Coats Aptan – пайызды нейлонды үзіліссіз талшық (нейлон 6,6).

Coats Antisil – полиэстерлі талшықтармен өрмектелген полиэстерден жасалған каркасты жіп.

Coats Gral anti-wick – суитергіш қасиеттері бар полиэстерден жасалған кешенді жіп.

Сoats Gral antistatic – өткізгіштік материал комбинациясында полиэстерден жасалған кешенді жіп.

Арнайы киімді эстетикалық бағалау және ұжымдық стиль

Соңғы уақытта киімнің ұжымдық стилі кәсіпорынның немесе фирманың өсіп келе жатқан бәсекелестік шартында заманауи нарықтағы визит карточкасы болып табылады. Бүгін жұмыс киіміндегі ұжымдық стиль – бұл ең алдымен кешенді көзқарас. Бір жағынан, шын әсер ететін қауіптен қорғау. Екінші жағынан жұмысшының ағзасын білдірмей қажытатын және ауыр ауырларға, сондай-ақ өліммен аяқталатын жағдайларға душар ететін психологиялық және физиологиялық әсерлерден қорғау.