аға оқытушы
педагогика магистрі, Иманбекова К .К., оқытушы техника және
технология магистрі, Пернебаева Р.А., оқытушы, техника және
технология магистрі, Анарова Г.С.
М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті, Тараз қаласы
СЛИНГТІҢ
ТАРИХИ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ҚАЙТА
ЖАҢҒЫРУЫ
Ана болу әрбір
әйелдің бақытты кезеңі. Бұл жолды әркім
өзі таңдайды. Баланың туылғаннан бастап, оның
тәрбиесі, оқуы осының бәрі ананың қолында.
Анасы баласының
әрқашанда қасынан
табылуы, оған жылулық сезімін және
тамағының тоқ болғаны аса қажеттілік. Осындай
қажеттілікті іске асыруға адамдар ертеден көңіл
аударған. Ата – ананың балаға қарағаннан
басқа да, үйдегі жеке үй шаруашылық толып жатыр.
Сондықтан балаға қарау үшін, әрі
өзінің шаруашылықтарының бітіру үшін анаға
және балаға ыңғайлы слингті пайдаланған
дұрыс.
Слинг - байлайтын белбау.
Слинг ағылшын тілінен аударғанда ана немесе әке денесінде көтеруге
пайдаланатын белбау. Қазіргі ағылшынша аталып жүрген слинг
ерте заманда пайда болған. Кытай, Непал, Үнді,Вьетнам Африка
елдерінде слингті қолданған.
Слингке ұқсас
құралдарды шығыс елдерінде Үнді және Цыган Африка
халықтары мыңдаған жылдар бойы пайдаланған. Орыс
халқының әйелдері балаларын етекке алып жүрді.
Біздің ата-бабамыз слингті пайдаланды. Қазақша оны «белбау»
деп атады. Әжелеріміз егістікте және үй шаруашылығында
жұмыс істеген кезде баланы белбауға байлап көтерді. Ғасырлар бойы келе жатқан
белбауды қазіргі уақытта көптеген жанұя
қолданады. Анасы слингпен емін-еркін қозғалады, шаруаларын бітіреді,
ал баласы жан-жаққа
қарап слингтің ішінде емін-еркін жатады. Анасы баласын кез келген
уақытта слингтің ішінде, үйге бармай-ақ тамағын
береді. Бала туылғаннан бастап, ана үшін слинг таптырмайтын
өте қолайлы, әрі ыңғайлы белбау.[1].
Слингті қолдану
диапазоны кең. Баланы слингке салып алып, қыдыруға,
қонаққа баруға, үй шаруашылығымен
айналасуға, баланы емшекпен емізуге, ұйықтатуға болады.
Слингтің барлық түрлеріне баланы алдыға, арқаға және етекке жатқызып, көтеруге болады. Бала үшін слинг
қауіпсіз.
Слингтің
көптеген түрлері құрылысымен және
қолданылған материалдармен ерекшелінеді. Мысалға;
сақиналы слинг, қалталы слинг, шарфтық слинг және т.б.
Қазіргі заманда слинг қайта жаңғыруда. Дүние
жүзінде ата-аналар үшін балаларын көтеруге слинг өте ыңғайлы.
Слингтің бірнеше
түрі бар; Біз өте кең тараған екі түріне
тоқталамыз. Олар: сақиналы слинг – шарфтық слинг.
Сақиналы слингті бала туылғаннан кейін үйде
қолдануға болады. Баланы 3,5 - 4 айда етекке жатқызып,
көтеруге болады. Шарфты слингпен алыс жерлерге қыдыруға, және
жаңа туылған балаларды тербетуге, баланы анасының арқасында неше түрлі жағдайда
көтеруге болады. Сақиналы слингке ені 70-80 см,
ұзыныдығы 2 метр мата кетеді. Сақиналы слингті
пайдаланған кезде оған пайдаланатын сақинаның
диаметріне көңіл аударған дұрыс. Диаметрі 6-8 см
болғаны дұрыс немесе бұл өлшемді алақанның
ұзындығының өлшеміне сәйкестендірсе болады. Матаның бір шетіне 2 сақина
орналасады, ал екінші жағын сақинаға бір-біріне кигізіледі. Сақиналы
слинг бір иығына кезектесіп, немесе екі иығына кигізген кезде
салмағы тең болады. Басын және тұлғасын ұстайтын сәбиді етекке көтеру үшін, әлемді
зерттеуші кішкентайлар үшін ыңғайлы жағдай, және буын
дисплазия профилактикасына өте
пайдалы. Баланы емізудегі
слингтің ыңғайлы ерекшелігіне тоқталатын болсақ;
баланы туылған кейін алғашқы апталарында емшекті көп
емеді. Кей кезде анаға баланы ұстап емізу, өте
ыңғайсыз (туғанна кейін көптеген аналардың белі
ауырады) баламен жатып емізуге мүмкіндігі жоқ. Осы
жағдайда слинг көмектеседі.
Егер слингте бала ұйықтап қалса, онда оны төсегіне
жатқызу үшін, анасы еңкейіп абайлап слингтен шешіп баланы
орнына жатқызады. Жаңа туылған балалар слингте тыныш
ұйықтайды. Сондықтан көптеген ата-аналар
баланың слингте
ұйықтағанын қалайды. Слингті пайдаланған
көптеген ата-аналардың ой-тұжырымы осындай, әрі олар тез киіліп, және тез шешіледі. .[2].
Слингті тігуге жыл
мезгіліне байланысты әртүрлі маталарды қолдану керек. Мысалы;
қыс мезгілінде мата әрі жылы, әрі созылмалы болғаны
дұрыс. Қалың трикотаж маталары пайдаланған дұрыс.
Ал, жаз мезгілінде, мата ауа өткізгіштігі бар, терлетпейтін, мақта
маталары жұмсақ жаккардты жұқа трикотаж-флис маталарын
пайдаланған жөн. Жаңа
туылған сәби үшін жұқа байқы мата әрі
жұмсақ, әрі жылы. Жаз мезгілінде, мақта мата, вискоза,
зығыр мата қолданылады. Ал сақинаны таңдағанда
ағаштан жасалынған тез сынады, сол үшін металдан
жасалғаны дұрыс. Таңдау кезінде сақинаны металлдан алу
ыңайлы, бірақ та ол сырғанайды. Сондықтан
сақинаны қосымша түйіндік өңдеу жасау керек. Слинг
бөз матасынан тігілген болса, ондағы сақинаны жеңіл
қажетті қалыпқа келтіруге болады. Слингті тігу үшін
бірнеше ұсыныстар береміз. Слингті шарфтың матаның
түріне қарай таңдап тігеді. Мысалы; трикотаж-флис 50-60 см.
Жаккард 60-80 см. Слингтің өлшемі ұзындығына
қарай анықталады. Егер сіз
-
40 - 44 өлшемді киім кисеңіз, онда 400-450 см
ұзындық келеді.
-
46-50 өлшемді киім кисеңіз, онда 450-500 см ұзындық
келеді.
-
52-56 өлшемді киім кисеңіз, онда 50-600 см ұзындық
келеді
Слингті пішуге
ұсыныс сызба:


Слингті тігетін матаның түсін ана
киімдерінің түсімен, аяқ киімге, сөмкелерге, немесе
сән үшін мойынға байлайтын әртүрлі
шарфтарға үйлестіріп тігуге болады. Бұл заман талабына сай
сәнмен қатар, ананың талаптарын қанағаттандырады.
Әдебиеттер
1. Баженов В.И. Материалы для швейных изделий. Москва «Легкая и
пищевая промышленность» 1982 г
2. Мальцева Е.П. Е. Әкібаева Тігін өндірісінің
материалдары Алматы Ана тілі 1992ж.
|
|