Жанилова А.Т.,

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

Жумашева А.Ж.

Тараз инновациялық гуманитарлық университеті, Қазақстан

 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖҮЗІМ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ

 

 

Экономикалық тиімділік – шаруашылықтың дамуын немесе құлдырауын, айналысқан жұмыстың нәтижесін көрсететін басты фактор болып табылады. Экономикалық тиімділік шаруа қожалығының даму жағдайын, өнімділігін, жұмсалған шығындарды, таза пайданы, өнімнің өзіндік құнын және рентабельдік деңгейін анықтайды.

Жеке шаруа қожалықтары, өндірістік кооперативтер, акционерлік қоғамдар ауыл шаруашылық өнімдерін өндірумен шұғылданғанда негізгі көрсеткіштердің бірі болып, алынған өнімнің мөлшері, олардың тауарлық сапасына, өзіндік құнын мейлінше азайтуға көп көңіл бөледі.

Қазіргі кезде өсіріліп отырған  дақылдардан табыс табу үшін ең алдымен сапалы өнім өндіре отырып оларды қазіргі сұраныс талабына сай жоғары сапалы өнімді өндіре білу қажет. Стандартқа сай келмейтін өнім сұранысты қанағаттандыра алмайды. Соған байланысты барлық агротехникалық шаралар мен тәжірибелердің, зерттеу жұмыстарының негізгі мақсаты болып аз шығын жұмсап мол әрі сапалы өнім өндіру болып табылады. Жоғарғы сапалы өнімдер жоғары бағаға сатылады. Бұл зерттеу жұмысының негізгі мақсаты зерттеуге алынған сорттың қандай жапқыштардың әсерінен жоғары өнім беретіндігі және оның сапасы мен тауарлық құнын анықтау болып табылады. Тәжірибеге алынған сорттың таурлық сапасы мен өнімділігі әр нұсқада әр түрлі көрсеткіш беретіндігі байқалып отыр.

Өнімнің тауарлық сапасы топырақпен көмілген нұсқада өнімнің тауарлық сорттарға бөлінуіне байлансыты 84ц өнім 1-ші сортқа жатқызылды, яғни сатылу бағасы 5000 тен/ц. Стандартқа сай келмейтін өнім мөлшері 26ц, өнімділігі гектарына 135ц болды. Ал өнімнің құны бірінші сорт бойынша жалпы 420мың теңгені құрады.  Екінші сорттың сатылу бағасы  2000теңге болса, стандартқа сай келмейтіні центнеріне небәрі 1500теңге болды.

Қамыспен жабылған жүзім түптерінің өнімділігі гектарына 145ц болса, оның 89ц бірінші сортқа, 27ц екінші және  стандартқа сай келмейтін өнім мөлшері 29ц болды. Бұл нұсқадағы өнімнің сапасы мен құны, бірінші нұсқаға қарағанда жақсы нәтиже көрсетті. Таурлық өнімнің құны 1-ші сортта жалпы түскен түсімі бойынша 445,0мың теңге, екінші сортта  54мың теңге болды, ал стандартқа сай келмейтін өнімнің жалпы құны  19,800 теңгеге сәйкес  келді. Ал жалпы үш тауарлық сорттан түскен түсім көлемі 542,5мың теңгеге жетті бұл әрине 1-ші нұсқаға қарағанда жақсы көрсеткіш, бірақ тауарлық сапасымен  жалпы түскен көлемнің түсімі бойынша өсімдік қалдықтарымен жабылған нұсқада жақсы көрсеткіш көрсетті. Гектарынан түскен өнім көлемі 160ц болса, бірінші сорт 97ц құрады. Ал стандартқа сай келмейтін көлемі 31ц көрсетіп қамыспен жабылған нұсқадағыға өнімге қарағанда айтарлықтай жоғары көрсеткіш көрсетті. Тауарлық өнімнің құны және олардың жоғарғы көлеміне байланысты жалпы түскен өнімнің түсімі бойынша 597,5мың теңгеге жетті. Сондай-ақ жабылмаған жүзім түптерінің бірінші сорт бойынша өнімділігі 76ц, түсімі 380мың теңге. Ал жалпы үш сорт бойынша түсімі 465,5мың теңгені беріп отыр. Бұл мәліметтерден мынандай қортынды жасауға болады: жүзім дақылының қыстан жақсы өтіп оның жоғары өнімділік пен тауарлық сапасы жоғары өнім алу үшін органикалық жапқыштардың оның ішінде жақсы көрсеткіш беретін өсімдік  қалдықтарымен жабылатын жүзімнен жақсы пайда табуға болады.

  Өнімнің тауарлық сапасымен қатар зерттеуге алынған нұсқалардағы жүзім сортының жалпы түсімін, жұмысалған шығынды, шыққан таза пайданы, өнімнің өзіндік құнын және рентабельдік деңгейінін анықтаймыз (10кесте).

  Алынған өнімдердің сапасына байланысты сату бағасы әр түрлі болды. Сондай-ақ жалпы түсім мөлшері өнімділікке және оның сапасына байланысты. Топырақпен көмілген нұсқадағы жалпы өнім 509мың теңге болса,қамыспен жабылған нұсқада 542,5мың, өсімдік қабықтарымен жабылған нұсқада 597,5 мың теңгені, жабылмаған нұсқада 465,5мың теңгені құрады, жұмысалған жалпы шығын мөлшері бірінші нұсқада 295 мың теңге болса органикалық материалдармен жабылған нұсқаларда біршама арзанға түскенін көруге болады. Бұл көрсеткіш бойынша шығынның бірдей жұмысалмауы топырақпен жабылған нұсқада еңбектің ауырлығы болса, екінші қамыспен жабылған нұсқада қосымша қамыс бумаларына шығын жұмсалды. Яғни өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне әсерін тигізді. Таза пайда жоғарғы екі нұсқаға қарағанда өсімдік қалдықтарымен жабылған нұсқада жоғары болды, 312,5 мың теңге таза пайда алынды. Негізгі көрсеткіш рентабельдік деңгейі бойынша  1-ші нұсқада 72,5% болса, 2-ші нұсқа бойынша 96,9% ды құрады. Өсімдік қалдықтарымен жабылған 3 нұсқада 109% ды құрап ең жоғары көрсеткіш көрсетті.

  Жалпы экономикалық тиімділікті қортындылай келіп «Агроуниверситет» оқу тәжірибелік шаруашылығының ауа-райын ескере келіп, жүзім түптерін қыста жабуға органикалық, оның ішінде өсімдік қалдықтарымен жабудың тиімді екенін көрсетті.

  Жүзімнің  Алиготе сортының фенологиялық фазаларының өту мерзімдері бойынша зерттеу жүйелерінде бүршіктерінің оянуы, жаппай гүлдеу көрсеткіштері бойынша бақылау жүйесінде 2-5 күн аралығында зерттеу жүйелерімен салыстырғанда кещ өтті. Ал жидектерінің толық пісуі жағынан зерттеу нұсұқаларында 4-10 күнеге дейін бақылаумен салыстырғанда ерте басталды.

  Ал көзшелерінің сақталу дәрежесі бойынша нұсқалардың арасында өсімдік қабықтарымен жабқан жағыдайда 89% болдығ бақылау жүйесінде 47,6%  құрады.

  Өнімділік бойынша жалпы көрсеткіштер жоғары болды, бірақ нұсқалар арасында бақылаумен салыстырғанда қамыспен жабылған жағыдайда 10 центнер, ал өсімдік қалдықтарымен жабқан жағыдайда 25ц/га артықшылығын көрсетті, және өнімнің тауарлық сапасын зерттеу нұсқаларында біршама артықшылығымен ерекшеленді.

  Экономикаилық тиімділігі бойынша рентабельдік көрсеткіштері жағынан бақылау нұсқасында 72,5%  болса, өсімдік қалдықтарымен жабу нұсқасында 109 % болды. Таза пайда  33%  артық және өзіндік құны көрсеткіштері жағынан бақылау нұсқасымен салыстырғанда зерттеуге алынған нұсқалар басымдылығын көрсетті. Әсіресе өсімдік қалдықтарымен жабылған нұсқада өзіндік құны жағынан бақылау нұсқасымен саластырғанда 325 теңгеге, таза пайдасы бойынша 60,800 теңгеге артықшылығын көрсетті.

  Қорыта келгенде зерттеуге алынған нұсқалар арасында айырмашылықтар болды. Өнім сапасы, өнімділігі, рентабельдік көрсеткіштері бойынша өсімдік қалдықтармен жабылған нұсқада жүзім түптері жоғарғы көрсеткіштермен ерекшеленді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.       Алшанов Р.А Казахстан на миравом аграрном рынке, 2006

2.       Аяпов К.Ж., Мажитова Р.С Жүзім шаруашылығы, -Алматы, 2001

3.       Джангалиев А.Д., Понамарчук В.Г  Сорта винограда Казахстана. –Алматы. Қайнар, 1967

4.       Миржаниан А.С. Виноградарство.- М: Колос, 1967

5.        Гукасьян А.С., Өтегенов И., Жанұзақов С. Қазақстанның   оңтүстігінде          жүзім өсіру.- 1975

6.       Ауыл шаруашылығын өркендету жүйесі жөніндегі ұсыныстар». Алматы облысы. Алматы, 1979;

7.       Субботович А.С. Виноград культивируемый, В кн.: Энциклопедия виноградства/ Т. 1. – Кишинев: издательство МСЭ, 1986-1987.

8.        Негруль А. М. Происхождение культурного винограда и его      классификации. - В кн.: Ампелография СССР. М., 1946, т. 1;

9.         Уинклер А. Дж. Виноградарство США: Пер. с англ. - М., 1966;