Аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуын бағалау және қазіргі жағдайы

Нурманалиева Н.А.,Калымбетова С.Д.

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.

 

 

Елдің экономикалық құрылымы өндірістік күштердің орналасуымен, өндірістік және ғылыми потенциалдармен, сонымен қатар материалдық өндірістің әлеуметтік – экономикалық даму қарқындарымен өзара әрекеттеседі. Сондықтан да, өндіргіш күштерді орналастыру мен тиімді дамыту бұл мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі болып табылады және аймақтың потенциалын тиімді пайдалану мен мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін шешуші міндет. Өндірістің тиімді орналасуы – халық шаруашылығымен және территориялық пропорцияларды жетілдіруге арналған база. Аймақта ғылыми ауқымды, бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды орналастыру арқылы халық шаруашылығын дамыта аламыз, олар қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын, талабына сай сапалы өнімдер өндіруге мүмкідік береді. Сондықтан, аймақтың өндіргіш күшін тиімді орналастыру экономикалық, әлеуметтік, экологиялық мәселелерді шешуге, сонымен қатар, мемлекеттің соның ішінде аймақтардың әлеуметтік – экономикалық дамуының, өркендеуінің, негізгі жолы болып табылады. Аймақтарда өндіргіш күштерді дамыту Президентіміздің Қазақстан халқына (Стратегия 2030) жолдауында жарық көрді, мұндағы стратегиялық жоспарлау міндетінде, салалардың, аймақтардың, және мемлекеттің талабына сай өндіргіш күштерді орналастыру мәселелерін шешу. Қол жеткізген және алдымыздағы қолжеткізетін өндіргіш күштің дамуы және материалды – техникалық базаның жағдайының көрсеткіштері мен жетістіктерін бастаушы мүмкіндіктерін және көбінесе аймақтың экономикалық дамудағы жақын арадағы болашағының мүмкіндіктерін және халықтың өмір сүру деңгейін жоғарлатуды - оның халық шаруашылық құрылымы мен бірінші орында өндіріс құрылымы анықтайды. Құрылымдық фактор айналым сферасы мен бөлу қатынасы жүйесіндегі және сонымен қатар, макро және микродеңгейдегі шаруашылықтың салааралық пропоцияларды қалыптастыру негізі болып табылады. Құрылымдық фактор қоғамдық қажеттіліктер мен материалдық өндірістің құрылымы арасындағы байланысты тиімді жетілдіру, салалар арасындағы шектелген ресурстарды бөлу құралы болып табылады. Бұл мәселелерді шешуде қажеттіліктерді де, сондай-ақ экономиканың ресурстық базасын да түрлендіретін ҒТП маңызды рөл атқарады. Құрылымдық фактор арқылы аймақтың экономикасына көптеген басқа экономикалық негіздегі инвестициялық, базалық, салықтық, бәсекелік және т.б. факторлар әсер етеді. Мемлекеттің және оның ішіндегі аймақтардың экономикалық қалыптасуы, дамуы және жаңғырудағы негізгі рольі құрылымдық факторға бөлінеді. Халық шаруашылық құрылымын талдауда ( салалық және функционалдық аспектілері ) нарықты экономикадағы аймақтың экономикасының тиімді қызмет етуіне өндіргіш күшті дамытудың параметрлерінің сапалылығын талқылауға мүмкіндік береді. Бұдан, кең көлемде аймақтың экономикасының дамуы мүмкіндіктерін, тиімді бөлу және экономикалық қарым – қатынастарын , аймақтың болашақтағы дамуы мен жандану жолдарын анықтау. Аймақтың шаруашылығының бұл бастаушы салалары қазіргі таңда дамып келеді: Республикалық деңгейде облыстың өнеркәсіп өндірісінің жалпы өнімін орта есеппен жан басына шаққандағы үлесі 90% шамасында. Бұл көрсеткіште аймақтың экономикасының алға басқандығын көрсетеді. Облыстың өндірістік құрлымындағы өңдеу саласының қызметі басқа салаларға қарағанда баяу дамуда, тәжіребіиеде қаншама жылдардан бері қалыптасып келе жатқан шикізаттарды толық өңдеу технологияларының жеткіліксіздігі, осы саланың дамуының төмендеуі, халық тұтынатын тауарлардың деңгейінің төмендеуіне, ол халықтың өмір сүру деңгейің көлеміне, қызмет көрсететін салалардың дамуына да әсерін тигізді. Нарықты экономикада елімізде өңдеуші өнеркәсіпті, өндірістік инфрақұрлымды, агроөнеркәсіп секторларын дамытуға, бәсекелестік қаблетін арттыруға, экономиканың жоғарғы өсіміне қол жеткізуге аса ден қойылуда. Сонымен қатар, аймақтың әлеуметтік – экономикалық жағдайын дамыту мен жандандыру негізінде өнеркәсіптің өңдеуші саласына аса көп көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда өндірістің функционалдық құрылымындағы барлық өндіру және қызмет көрсету салаларында, нарық экономикасының талабына сай жұмысшы – кадрларды кәсіби мамандандыру мәселелерін шешу өте маңызды. Ол халық шаруашылығының салаларын кәсіби мамандандыру, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты қанағаттандыру, өнеркәсіптің, облыстың экономикасын, демографиясын, әлеуметтік жағдайын дамытады, өркендетеді. Аймақтың өнеркәсіптерінің экономикалық дамуы Республиканың экономикасына да оң әсерін тигізуде. Бір сөзбен айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсібіндегі өнімдер негізінен, халықтың тамақ және тұтыну тауарлары өнімдерін өндіреді. Сонымен, Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп өндіріс салаларының кешені негізінен жеңіл және тамақ өнімдерін өндіруге мамандандырылған, бұл аймақтың әлеуметтік - экономикалық мәселелерін шешудің алғы шарты болып табылады Соныменен, осы аталған факторлар жиынтығы облыстың өндірістік салалық және функционалдық құрылымының, нақты сектордың айтарлықтай дамып, жанданып келе жатқанын, сонымен өнеркәсіпте жаңару, толығу, кеңею сияқты оң өзгерістердің біртіндеп қалыптасып жатқандығын, жұмыссыздықтың деңгейін төмендегенін, облыс халқының тұрмыстық жағдайының жақсара түсу нәтижесінде, аймақтың экономикалық дамығандығы мен оның тұрақтылығы да айқындалады және осының негізінде әлеуметтік жағдайдың дамуының қалыптасқандығы және шикізат қорларымен қамтамасыз етілуі байқалады. Аймақтың әлеуметтік - экономикалық деңгейінің соңғы жылдары біртіндеп жақсы дамығандығын дәлелдейді. Республиканың экономикалық даму көрсеткіші Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық дамуымен салыстырсақ әлдеқайда жоғары. Аймақтың экономикалық дамуының Республикалық көрсеткіштегі жылдан жылға төмендеуі адам факторының жоғары деңгейде көбеюі негізінде, инвестицияның көлемінің жылдан жылға көбеюі өндірістің жағдайын тұрақтандыруда. Экономикалық және әлеуметтік факторлардың арасындағы тығыз себепті байланыстың барын есепке ала отырып, сірә, халық шаруашылығының нәтижесі аймақтың әлеуметтік даму деңгейін жоғары деңгейде қамтамасыз ете алады. Адамның өмір сүру деңгейін барлық негізгі қызметтермен қамтамассыз ету негізінде әлеуметтік сфераны инвестициялау мүмкіндігі жатыр, ал бұл Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық жағдайында қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда әлеуметтік сфераның деңгейін одан әрі жоғарлату мемлекеттің барлық экономикалық - әлеуметтік дамыту бағдарламаларында қолға алынуында, және бұл қазіргі таңда халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасынан көрінеді. Әлеуметтік сфераның дамуы және аймақтың халқы әр түрлі әлеуметтік қызметтермен қамтамассыз етілу жағдайын бүгінгі таңда өткен кезеңдерге қарағанда жоғары деп бағалауымызға болады және бұл аймақтың экономикасының дамуы мен жандану мүмкіншіліктері әлеуметтік саланы да дамытуда және ол халықтың өмір сүру деңгейі мен жұмыспен қамтылғандар санының жылдан жылға жоғарлауы, тиеселі жұмыссыздар санының төмендеуі, экономикалық тұрғыдан енжар халыққа және табыстары күнкөрістің ең төмен деңгейдегі халыққа әлеметтік көмек көрсетуден көрінеді. Сонымен қатар, әлеуметтік саланың қызмет ететін обьектілері де біртіндеп дамып, жандануда, халыққа қызмет көрсетудің сапасы жоғарлауда, құрлысты инвестициялау және денсаулықсақтау обьектілері, халыққа білім беруді әлеуметтік қамтамассыз ету, мәдениет және өнердің де дамуын байқаймыз. Сонымен бірге тікелей инвестициялардың бір бөлігін жол салуға бағыттау қажет. Жақсы жолдар аймақтар арасындағы байланысты ұлғайтып, халықтың жұмыспен қамтылуын игі әсерін тигізеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.     Г.С. Смағұлова. Аймақтық экономиканы басқару мәселелері. Алматы : «Қазақ университеті», 2008- 110 б.

2.     Е.С. Мұхтар. Жергілікті басқару және өзін-өзі басқару. // ҚазҰУ  Хабаршысы, экономика сериясы. №3 – 18-22 б

3.     Н. К. Мамыров., Ж. Ихданов.  Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана. – Алматы: «Мектеп», 2001- C 206.

Қ.Р. Нұрғалиев. Қазақстан экономикасы. -Алматы: «Қазақ университеті»,

4.     министрлігінің 2009-2011 жылға арналған стратегиялық жоспары [Teкст] // Егемен Қазақстан. – 2009. - №81 – 83 б. – 7 – 12 б.