ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖЕР САЛЫҒЫНЫҢ ТҮСІМІНІҢ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ

 

 э.ғ.к., доцент Молдабекова А.Ш

 

          Жер салығы меншікке салынатын салықтардың ішіндегі ең негізгі, ауқымды, маңызы жағынан ерекшесі. Жер салығы жер иеленушілер мен жер пайдаланушылар төлейтін тікелей, оның ішінде нақты салықтардың қатарына жатады. Ол жергілікті бюджеттің бекітілген салықтарының бірі. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде жер салығы көбінесе дербес салық ретінде қарастырылмайды, тек жер құны (баланстық құны) мүлікке салынатын салықтың жалпы сомасына енеді.

           Оның мақсаты – экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалануды қамтамсыз ету және жерді сақтау, құнарлылығын арттыру, аумақтардың әлеуметтік-мәдени дамуы үшін қажетті шараларды жүзеге асыру үшін бюджетке түсетін табыстарды құрау.

Жер салығы – жер рентасы төлемдерінің бір түрі 18-ғасырдың аяғы мен 19-ғасыр бойы дамып келе жатқан саяси экономияның өкілдері жер меншігі уақыт өте табыс әкеле алатыны мүмкін болса, онда ол жалпы мемлекеттің байлықтарының негізі болып табылады деп тұжырымдаған. Елді басқару үшін керек мемлекеттік табыстар осы байлық көзіне салық салу жолымен, яғни жерге салық салудан алынады.

            Бұл салық жер учаскелерін нақты пайдалануды есептеу табысына негізделеді. Жер салығын енгізумен байланысты мәселелер ерекше қиыншылықтарға, ең алдымен, өйткені оны белгілеуге әдістемелік тәжірибенің бір тұтас жүйеге көшу тұрғысынан туып отыр.

            Жер салығын енгізу ең алдымен жерді және басқа да ресурстарды неғұрлым рационалды пайдалану есебінен ауыл шаруашылық өнімдерінің тиімділігін көтеру қажеттіліктерін, нақты антишығындық механизмді құрумен туып отыр.

            Бұл дегеніміз жерге деген азаматтардың құқықтарын теңестіру құралы.

            ТМД мемлекеттері мен дамыған елдерде қолданылатын жер салықтарының түрін зерттеу негізінде Н.Зенец оның жекелеген элементтерінің нақты әртүрлі мемлекеттерде болатын әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың есебін келесі сыныптамадан ұсынады:

            - жер салығының функциялары – жер салығының кәсіпорындарға, фермерлік шаруашылықтарға нақты әсер ету нысан деңгейі (фискалдық, реттеуші);

            - салық көлемін белгілеу-салық салу ауыртпалықтарын анықтау әдістері;

            - салық салу объектілері-салық салуға жататын жерлердің құрамы;

            - салық салуды анықтау үшін база-мысалы: баға, рента көлемі, жердің бағалық баллы;

            - басқа салықтармен өзара байланысы – салық салудың жалпы жүйесінде жер салығының және басқа салықтардың функцияларын өзара бөлу;

            - жер салығын төлеушілер категориясы-кооперативтік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар және тағы басқалары.

Біріншіден, жер салығының функциясы  және оны төлеудің қайнар көздерінің өзара байланысы ТМД елдерінің барлығында жерді рационалды пайдалану функциясы арнайы болып келеді. Сондықтан жер салығын төлеудің қайнар көзі ретінде жер рентасы шығады деп болжануда. Европалық Одақта бұл функция жақсы атқарылатын ауыл шаруашылығы кәсіпкерліктің жанұялық жүйесіндегі жеке меншік жағдайында арнайы ынталандыруды талап етпейді.

            Екіншіден, жер салығы функциясын салық салу жүйесіндегі басқада элементтерінің арасында өзара байланыс бар. Жер салығы жалғыз болған жағдайда, ал қайта бөлуді де қоса алғандағы барлық функцияны орындайтын еді.

            Үшіншіден, жер салығының мөлшерлемелерін анықтау үшін база оның функцияларын және оның жерді ақылы пайдалану жүйесінің дамығандығына байланысты. Жердің бағасы жоқ болғанда салық мөлшерлемері бағалық жер баллымен немесе ренталық көлемімен байланыстырылады. 

            Жер салығының жергілікті бюджетке түсуінің маңызы. Жер салығы түрінде алынған қаржылардың қандай басқару деңгейінде жинақталуындағы мәселе маңызды  мағынаға ие болады.

             Осыдан жергілікті бюджетке жер салығы түріндегі түсетін қаражаттар негізінде ауыл шаруашылық өндірісі қажеттіліктеріне шығындалуы керек деген тұжырым жасауға болады. Бірінші кезекте бұған жататындар: жерлердің құнарлылығын, олардың мелиорациясын көтеру, ауылдық жерлерде әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымның дамуы бойынша шараларды жүргізу.

            Соңғы нәтижеде жер салығы түрінде алынған қаржылар халықтың өмірлік деңгейін көтеру, ауыр аграрлық дағдарысты бастан кешіруді қамтамасыз етуі қажет. Н.Суханов осыған байланысты: “Ренталық салу қоғамның және мемлекеттің міндеттерінің бірі, елдің бар халқына жер рентасын тең бөлікпен бөлуді мақсат етуі қажет” – деп белгілеген. Ал тәжірибе жүзінде бұл дегеніміз, жер салығы орталық бюджеттің толықтырылуына кетпей толығымен жергілікті билік органдарының бюджетіне аударылуы қажет дегенді білдіреді.

             Жер салығы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша  төленеді, салық сомасы жергілікті өкімет органдарының құзырында қалады, яғни жер салығының сомасы толығымен жергілікті бюджетке түсіп, жергілікті өкімет органдарының салықты жинауға мүдделілігі арттырылады. Жер салығының негізгі базалық ставкаларын республика үкіметі, ал нақты төлем мөлшерін жергілікті мәслихат өз билігі шеңберінде белгілейді.

1. Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың нысаналы мақсатына және  мынадай санаттарға:

1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге;

2) елді мекендер жерлеріне;

3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге (бұдан әрі – өнеркәсіп жерлері);

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріне, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге (бұдан әрі – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері);

5) орман қорының жерлеріне;

6) су қорының жерлеріне;

7) босалқы жерлерге тиесілігіне қарай қарастырылады.

2. Жердің қандай да болсын санатқа тиесілігі Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленеді. Елді мекендер жерлері салық салу мақсаты үшін мынадай екі топқа бөлінген:

1) тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда, елді мекендер жерлері;

2) тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер.

3. Жердің мынадай санаттары:

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;

2) орман қорының жерлері;

3) су қорының жерлері;

4) босалқы жерлер салық салуға жатпайды.

4. Жер салығының мөлшері жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметінің нәтижелеріне байланысты болмайды.

5. Жер салығы:

1) меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар;

           2) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері негізінде есептеледі. Тараз қаласы  салық басқармасы бойынша жергілікті бюджетке түсетін  түсімдердің құрамы мен құрылымындағы жер салығының түсімін 1-кестеде қарастырамыз.

 

2-     кесте

Тараз қаласы  салық басқармасы бойынша жергілікті бюджетке түсетін  түсімдердің құрамы мен құрылымыдағы жер салығының үлесі

мың.тг

р/с

 

Көрсеткіштер

             2012 ж

                2013 ж

Ауытқуы (+;-)

сомасы

мың.тг

үлес салмағы, %

сомасы

мың.тг

үлес салмағы, %

сомасы

мың.тг

үлес салмағы, %

1.

Салықтық түсімдер

10681663

90,1

12367503

93,8

1685840

3,7

-

оның ішінде:

- жер салығы

189692

1,5

216674

1,6

26982

-8,6

2.

Салықтан тыс түсімдер

274530

2,3

348269

2,6

73739

0,3

3

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер

900987

7,6

466737

3,6

-434250

-4

Жергілікті бюджет

11857180

100,0

13182509

100,0

1325329

-

 

          Есептеу нәтижелері бойынша 2013 жылдың нақты түсімін 2012                                                                                                                                               жылдың нақты түсімімен салыстырғанда жергілікті бюджет 1325329 мың теңгеге өскен, себебі салықтық түсімдер 1685840 мың теңгеге өссе, гоның ішінде жер салығы 26982 мың теңгеге өскен, ал салықтан тыс түсімдер 73739 мың теңгеге өскен. Осы мәлімттерге сүйене отырып Тараз қаласы  салық басқармасы бойынша жергілікті бюджетке түсетін  түсімдердің құрамы мен құрылымының қозғалысын 1-суретте қарастырамыз.

   1-сурет.Тараз қаласы  салық басқармасы бойынша жергілікті бюджетке түсетін  түсімдердің құрамы мен құрылымы

 

        Есептеу нәтижелері бойынша Тараз қаласы салық басқармасы бойынша 2011-2012 жылдар аралығында жергілікті бюджетке түсетін түсімдер келесідегідей пайызды құраған: салықтық түсімдер 91,9 пайызды; оның ішінде жер  салығы 5,9 пайызды;салықтан тыс түсімдер 2,5 пайызды; негізгі капиталды сатудан түскен түсім 5,6 пайызды құраған. Тараз қаласы салық басқармасы бойынша жергілікті бюджет  кірісіндегі   салықтық түсімдердегі жер салығының үлесі 2-кестеде қарастырамыз.

   

 

 2- кесте

          Тараз қаласы салық басқармасы бойынша жергілікті бюджет  кірісіндегі   салықтық түсімдердегі жер салығының үлесі

                                                                                                                        мың.тг.

р/с

Көрсеткіштер

 

 

2012 жылы

2013  жылы

Ауытқуы (+,-)

нақты

түсім

сомасы

үлес салмағы

%

нақты

түсім

сомасы

үлес

салмағы

%

нақты

түсім

сомасы

үлес

салмағы

%

1

  Салықтық түсімдер

10681663

90,1

12367503

93,8

1685840

3,7

-

  Жеке табыс салығы

4884924

41,2

5702944

43,2

818020

2,0

-

  Әлеуметтік салық

3762916

31,7

4455320

33,8

692404

2,1

-

  Мүлік салығы

468743

3,9

535845

4,0

67102

0,1

-

  Жер салығы

189692

1,5

216674

1,6

26982

0,1

-

Көлік салығы

370950

3,1

418071

3,1

47121

-

-

Бірыңғай жер салығы

87

-

122

-

35

-

-

Тауарларға, жұмыс және қызметтерге салынатын ішкі салық

731334

6,1

795139

24,9

63805

       18,8

-

оның ішінде;

- акциз салығы

51460

0,4

45242

0,3

-6218

-0,1

-

Мемлекеттік баж

273017

2,3

243388

1,8

-29629

-0,5

Жергілікті бюджет

11857180

100,0

13182509

  100,0

1325328

-

         

         Тараз қаласы салық басқармасы бойынша жергілікті бюджет  кірісіндегі салықтық түсімдер 2013 жылдың нақтысын 2012 жылдың нақты  түсімімен салыстырғанда 1685840 мың теңгеге өскен, себебі жеке табыс салығы 818020 мың теңгеге, әлеуметтік салық 818020 мың теңгеге, мүлік  67102 мың теңгеге,  жер салығы  26982 мың теңгеге, көлік салығы 47121 мың теңгеге, тауарлар, жұмыстар және қызметтерге салынатын ішкі салықтар 63805 мың теңгеге өсулеріне байланысты болған

          Осы мәліметтерге сүйене отырып Тараз қаласы салық басқармасы бойынша жергілікті бюджет  кірісіндегі салықтық түсімдердің қозғалысын 2-суретте қарастырамыз.

 

2-сурет. Тараз қаласы салық басқармасы бойынша жергілікті бюджет  кірісіндегі салықтық түсімдер

    

       Есептеулер нәтижесі бойынша Тараз қаласы салық басқармасы бойынша жергілікті бюджет  кірісіндегі салықтық түсімдер 2012-2013 жылдар аралығында төмендегідей пайызды құраған;  салықтық түсімдер 91,9 пайызды, жеке табыс салығы 42,7 пайызды, әлеуметтік салық 32,8 пайызды, мүлік салығы 4,0 пайызды, көлік салығы 3,1 пайызды;

жер салығы 1,6 пайызды, тауарлар, жұмыстар және қызметтерге салынатын ішкі салық 15,5 пайызды, оның ішінде акциз салығы 0,4 пайызды,  мемлекеттік баж 2,1 пайызды құраған.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

     1.Құлпыбаев С., Мельников В.Д., Қаржы негіздері: Оқулық.-Алматы IEM, 2009.-670 б

     2.Молдабекова А.Ш., Қаржы, ақша айналымы және несие: Оқу құралы.-Алматы: «Үш Қиян» 2012.-516 б