«2050 Стратегиясы» бойынша дүниежүзіндегі дамыған 30 мемлекеттің қатарындағы Қазақстанның орны

Базылбекова А.Б., Нұрлыбек Ұ., Шоқан Г., Бателова Г.

М.Х.Дудати атындағы Тараз мемлекеттік университет

 2012 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында республикамыздың 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөнінде жаңа стратегиялық мақсат қойылды.

Негізінен, дамыған елдерді жан басына шаққандағы табыс көлемімен, индустриалды дамуымен анықтайды. Дамыған елдерде дүниежүзі халқының 15 пайызы тұрады. Шамамен әлемде нақты 32 дамыған ел бар деп есептеледі. Шамамен әлемде нақты 32 дамыған ел бар деп есептеледі. Дамыған елдердің санатына Австралия, Австрия, Бельгия, Ватикан, Ұлыбритания, Германия, Греция, Дания, Исландия, Ирландия, Израиль, Испания, Италия, БАӘ, Канада, Лихтенштейн, Люксембург, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Португалия, Сан-Марино, Сингапур, АҚШ, Тайвань, Финляндия, Франция, Швеция, Швейцария, Оңтүстік Корея, Жапония, Ресей жатады. Ал, неге Қытай бұл тізімде жоқ деп есептейтін болсақ, дамыған елдің негізгі критерийлеріне жауап бере алмағандықтан деп есептеуге болады. Өйткені бұл елде жас басына шаққандағы табыс көлемі дамыған елдердің санатына қосылуға мүмкіндік бермейді (1 сурет) [1].

        

-         дамыған мемлекеттер

1 сурет.  Дүниежүзіндегі дамыған мемлекеттер

«Қазақстан-2050» стратегиясының негізгі бағдары елді жаңғырту тақырыбы болды. Қазіргі заманғы кезеңде сарапшылар жаңғыртудың екі кезеңін бөліп көрсетеді: бастапқы жаңғырту немесе экономиканың аграрлық түрінен өнеркәсіптік түріне ауысу кезеңі және ғылымды көп қажет ететін экономиканы құруға байланысты қайта жаңғырту.

Дамыған елдер бастапқы жаңғыртуды аяқтап, ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының өзінде-ақ қайта жаңғырту кезеңіне өтті. Қайта жаңғырту немесе ғылымды көп қажет ететін экономиканы құру экономикалық өсуге білім мен инновациялар үлесінің өсуімен, көрсетілетін қызметтер үлесінің ұлғаюымен және экономиканы экологияландырумен байланысты. Қайта жаңғырту кезеңінде денсаулық сақтаудың тиімді жүйесіне, неғұрлым ұзақ өмір сүруге, сапалы білім беруге, тиімді және ашық институттарға, ақпараттық технологиялардың таралуына негізделген өмір сүру сапасын арттыру бірінші орынға  шығады. Бұл кезең бойынша Қазақстанның дамыған елдерден артта қалуы шамамен 50 жылды құрайды [2].

Бүгінде отыздыққа кіретін дамыған елдер – негізгі және маңызды көрсеткіші ол жан басына шаққандағы ІЖӨ көлемі неғұрлым жоғары елдер. Жалпы ішкі өнім - мемлекет территориясындағы барлық өндірушілердің белгілі бір кезең ішінде өндірген түпкі тауарлары мен көрсеткен қызметтерінің нарықтық құнын білдіретін жиынтық көрсеткіш. Қазақстан бұл тұрғыда 49 орынға ие. Яғни, отыздықтан әлі алыстау. Төменгі кестеде ЖІӨ бойынша алдыңғы қатардағы мемлекеттердің тізімі берілген (1 кесте).

Кесте 1

Жиынтық ішкі өнімі жоғары мемлекеттердің тізімі 2012-2014 жж.

( көрсеткіш АҚШ долларда есептелінеді)

Мемлекет

2012

2013

2014

Мемлекет

2012

2013

2014

1.

Катар

149642

150309

145894

17.

Германия

41730

42756

43475

2.

Люксембург

88668

88050

90333

18.

Швеция

41615

42428

43407

3.

Сингапур

74594

75949

78762

19.

Оман

45406

44460

43304

4.

Бруней

74396

75220

73823

20.

Канада

41291

42259

43253

5.

Кувейт

67131

72006

70785

21.

Дания

41906

42354

43080

6.

Норвегия

61648

63738

64363

22.

Тайвань

39059

40191

41539

7.

БАӘ

58917

60951

63181

23.

Исландия

38283

39402

41001

8.

Швейцария

51578

52488

53977

24.

Бельгия

40010

40325

40760

9.

АҚШ

49746

51450

53001

25.

Финляндия

40183

40120

40045

10.

Гонконг (ҚХР)

49799

51009

52984

26.

Франция

38657

39291

39813

11.

Сауд Аравия

48163

50422

51779

27.

Жапония

34295

35501

36654

12.

Бахрейн

45912

47361

49633

28.

Корея Республикасы

31327

32474

33791

13.

Нидерланды

46309

46224

46440

29.

Экваториалды Гвинея

35183

35948

33767

14.

Австралия

42674

44215

45138

30.

Жаңа Зеландия

31368

32522

33626

15.

Ирландия

45194

45757

44663

50.

Қазақстан

20626

21736

23038

16.

Австрия

42813

43728

44402

Дереккөз: ХВҚ дерегі ЖІӨ адам басына шаққандағы  8 қазан 2014 ж. (ағыл.) IMF: GDP based on purchasing-power-parity (PPP) per capita GDP

 

«Қазақстан - 2050» Стратегиясының басты мақсаты Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруі мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 1385 қаулысына сәйкес әлемнің  ең дамыған 30 елінің қатарына ену жөнінде тұжырымдама әзірленді. Тұжырымдама әлемдік экономиканы дамытудың демографиялық, саяси, экономикалық және технологиялық трендтерін ескере отырып Қазақстанды 2050 жылға дейін дамытудың негізгі стратегиялық бағыттарын нақтылайды. Онда үшінші индустриялық революцияға дайындық, кластерлік тәсілді енгізу, отандық өндірістік активтерді жаңғырту, шикізат емес экспортты кеңейту және Қазақстанның тауарлары мен қызметтерінің жаһандық және өңірлік нарыққа кіруі мәселелері көрсетілген [3].

2050 жылға дейін Қазақстан кезең-кезеңмен мынадай міндеттерді шешу принципті маңызды:

·       2050 жылға қарай Қазақстан өзінің өндірістік активтерін ең жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес толықтай жаңартуы тиіс.

·       Экспорттың жалпы көлеміндегі шикізаттық емес экспорттың  үлесі 2025 жылға қарай екі есеге, ал 2040 жылға қарай үш есеге ұлғаюы тиіс.

·       2050 жылға қарай елде энергияның  баламалы және жаңғыртылатын түрлерін қоса алғандағы  барлық энергия тұтынудың кем дегенде тең жартысы келуге тиіс.

·       Инфрақұрылым экономикалық өсімнің мүмкіндіктерін кеңейтуге тиіс.

Қазіргі болжамдарға сәйкес, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жөніндегі мақсатқа қол жеткізуге болады. Ол үшін елімізге табиғи және адами ресурстарды, капиталды пайдаланудың, институционалдық ортаны және аумақтық дамуды жетілдірудің бағыттары туралы басты шешім қабылдау қажет.
      Соңғы онжылдықтарда Қазақстанның қарқынды экономикалық өсуі оның бай табиғи ресурстарымен, әсіресе, көмірсутекті шикізат қорларымен айтарлықтай дәрежеде қамтамасыз етілді. Алайда аталған өсуді қолдау үшін ұзақ мерзімді перспективада да экономиканың мұнай емес секторларын әртараптандыру және дамыту қажет.

Әдебиеттер

1.      http://www.alashainasy.kz/interested/1181/

2.      www.strategy2050.kz.  «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты

3.       «Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 1385 қаулысы