Дағдарыс кезіндегі бюджеттік саясат

Удасбекова А.М.

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ

Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм құнының мемлекеттiң орталықтандырылғын қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын белгiлейдi.

Бюджет экономикаға бюджет механизiмi арқылы ықпал етедi. Мұнда бюджеттiң бүкiл экономикаға ықпал құралы ретiндегi рөлi көрiнедi. ²Бюджет механизiмi² -мемлекеттiң ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен әдiстерiнiң жиынтығы. Экономиканы реттеу орталықтандырылған қаражат қорының көлемiн белгiлеу, оны құру, пайдалану формалары мен әдiстерiн реттеу, бюджеттi құру және орындау процесiндегi қаржы ресурстарын қайта бөлiске салу жолымен жүзеге асырылады.

Мемлекеттiң негiзгi қаржы жоспарының көрсеткiштерi республика  Жоғарғы Кеңесiнiң жыл сайын қабылдайтын ²мемлекеттiк бюджет туралы² заңына сәйкес мiндеттi түрде орындалуы тиiс.

Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан барлық меншiк формасындағы кәсiпорындар, бiрлестiктер мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлер  республикалық бюджетке, кеден тарифтерiне сәйкес ұлттық валютамен экспорттық және импорттық баж салықтарын төлейдi.

Нарықтық  қатынастар  жағдайында  салықтар  мемлекеттi  қаржыландыру  қызметi  және  оның  аппаратын  ұстайтын  негiзгi  қайнар  көзi  болып  табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстаннның жаңа мүмкіндіктері» атты  Жолдауында: «Ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді. Дүние жүзінің экономикасын тұралатқан жаһандық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін  дайын болғандықтан, оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ. Біз еліміздің қаржы жүйесін қорғап, жүйе құраушы банктерді сақтап қалдық. Дағдарысқа дейінгі кезеңде біз Қытай, Үндістан және өзге де экономикасы қарыштап алға басқан мемлекеттер қатарында дамудың жоғары деңгейіне көтерілдік. Толағай иабыстарымен дүние жүзін мойындатқан Қазақстанның әлеуеті артып, экономикасы серпінді бола түсті. Жасампаздық қуатымен дүние жүзінде даңқы артқан Қазақстан әлемді өз жетістіктерімен таң қалдырды. Сондықтан Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мәртебелі миссиясы сеніп тапсырылды» деп айта кетті [1].

Сонымен қатар Президентіміз осы Жолдауда: «2000 жылмен салыстырғанда 2008 жылы-ақ, жоспарланғанынан екі жыл бұрын, біз республика ІЖӨ-нің көлемін екі еселедік. Орташа айлық жалақы 5 есеге, ал зейнетақының орташа мөлшері 3 есеге өсті. Өмір сүрудің ең төменгі деңгейінен аз табысы бар халықтың үлесі 4 есеге (50%-дан 12%-ға дейін) азайды. 2009 жылы экономиканың артуы 1,1%-ды, өнеркәсіпте 1,7%-ды құрады. Ұлттық Қордың жалпы халықаралық резервтері мен активтері бүгіннің өзінде 50 миллиард доллардан асып түсіп, соңғы он жылда 25 еседен астамға өсті» деп айта кетті.

Осы Жолдауда Президентіміз 2020 жылға дейінгі Даму стратегиясын орындауға кірісетінімізді және оның негізгі 5 бағытын айқындап берді:

-       Экономиканы дағдарыстан кейінгі дамуға әзірлеу;

-       Жедел индустрияландыру және инфрақұрылымды дамыту есебінен экономиканың тұрақты өсуіне қол жеткізу;

-       Адам капиталының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін болашаққа белсенді инвестициялау;

-       Қазақстандағы сапалы әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету;

-       Ұлтаралық келісімді нығайту, ұлттық қауіпсіздікті арттыру, халықаралық қарым-қатынасты одан әрі дамыту.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев осы   Жолдауында: «Бюджеттің барлық шығындық баптары бойынша қатаң үнемдеу және аса қатал қаржы тәртібін сақтауымыз қажет. Осыны ескере отырып Үкіметке республикалық бюджет шығындарын оңтайландыруды және апта сайынғы мониторинг режімінде бюджеттік қаражаттың жұмсалуын жіті бақылауды тапсырамын. Осыған сондай-ақ біздің депутаттарды да шақырамын. Қауырт өсу кезеңінде үйреншікті болып кеткен ысырапқорлық ойлы тұтынумен және үнемдеумен ауыстырылуы тиіс. Ашығын айтайық, бізге ақша пайда болған осы жылдары сұраныс көбейіп, штаттар қампиып кетті және іссапарлар саны, әрқилы ауқымды мәдениет күндерін өткізу ұлғая түсті. Осы мәселеде баршаның ойланғаны керек. Қаржы тәртібін бұзушыларға дағдарыс уақытының заңы бойынша қатал сұраныс қойылуы тиіс. Барлық басым емес шығындар – әкімшілік, инвестициялық және басқа шығындар – нөлге теңестірілуі тиіс. Бұл жергілікті бюджеттерге де қатысты. Босаған қаражат бізге, ең алдымен, қазақстандықтардың еңбекпен қамтылу стратегиясын іске асыру мүмкіндігін береді. Ол бізге дағдарыс ауыртпалығын еңсеруге ғана көмектесіп қоймайды, сонымен бірге дағдарыстан кейінгі уақытта экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз етеді. Ол әрбір қазақстандық отбасына жаңа мүмкіндіктер беруі тиіс. Жұмыс орындарының жеткіліктілігі Үкімет мүшелері мен әрбір әкімнің Қазақстан экономикасының тұрлаулы дамуын қамтамасыз етуге қабілеттілігі айқындалатын негізгі көрсеткіш болуы тиіс.Әрбір әкім, әр министр апта ішінде қанша жұмыс орнының қысқарғанын және жергілікті орындарда қаншасын ашқанымызды білуі тиіс. Нақ осы тұрлаулы дамудың негізі болып табылады. Өңірлік жұмыспен қамтылуды және кадрлардың қайта даярлануын қамтамасыз ету үшін мен Үкіметке кем дегенде 140 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Жергілікті бюджеттерден де жұмыспен қамту стратегиясын бірлесе қаржыландыруға ресурстар бөлінуі тиіс. Жұмысынан айырылғандар үшін жаңа жұмыс орындарын құратын боламыз. Біз кем дегенде 350 мың қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз ете аламыз, бұл қазіргі қоғамдық жұмыстарды есептемегенде.Бізде еңбек рыногын дамыту үшін мүмкіндіктер бар, оларды ойлап табу керек емес. Нақ осыған біз қосымша бөлінген қаражатты жұмсаймыз. Біріншіден, бұл коммуналдық желілерді қайта жарақтандыру және жаңғырту. Бұл – сумен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету, энергетика мен кәріз сулардың нысандары мен желілері. Үкіметке әкімдермен бірлесіп осы мақсатқа кететін қажетті шығындарды анықтауды, жұмыстарды қаржыландыруды ғана емес, сонымен бірге бюджеттен бөлінген әрбір теңгенің пайдаланылуын қатаң бақылауды тапсырамын» деп айта кетті [1].

Сонымен қатар Президентіміз осы Жолдауда: «Парламенттің, мәслихаттардың, “Нұр Отан” партиясының депутаттарына сөз арнаймын. Біздің партия үшін дауыс берген сайлаушылар бізге зор сенім көрсетті. Енді қазір, қиын дағдарыс кезеңінде, біз оны ақтап, қоғамдағы дағдарысқа қарсы ауқымды қозғалыстың басында болуға тиіспіз.Үкіметпен және жергілікті органдармен бірлесіп адамдардың нақты проблемаларын шешу, дағдарысқа қарсы шаралардың іске асырылуын, осы мақсаттарға бөлінген бюджеттік қаражаттың жұмсалуын айрықша бақылауға алу керек» деп айта кетті

Мемлекет  салықтарды  пайдалана  отырып,  елде  болып  жатқан  экономикалық  процестерге  активтi  түрде  қатыса  алады.  Салықтар  есебiнен  жиналған  ақшалай  қаржылар  мемлекетке  әлеуметтiк  саясат  жүргiзуге  мүмкiндiк  бередi,  соның  iшiнде  өзiнiң  өмiр  сүру  деңгейiн  минималды  деңгейде  қамтамасыз  ете  алатын  халық  топтарына  материалды  көмек  көрсету  мүмкiндiгi  бар. 

     Кез - келген   мемлекет  өзiнiң  қаржылық  базасы   болғанда  ғана  өмiр  сүре  алады,  басқаша  айтқанда,  өзiнiң  аппаратын  ұстауға  және  өзiнiң  функцияларын  орындау  процесiнде  туындайтын   шығындарды  жабуға  ақшалай  қаржылары  болғанда  ғана  өмiр  сүредi

     Салық -   мемлекеттiң  бекiтуi.  Тек  сол  ғана  азаматтарды  белгiлi  бiр көлемде  ақшалай  қаржыларды  беруге  мiндеттi.  Қазақстан  Республикасында  салықты  төлеу  мiндеттемелерi  азаматтардың  Конституциялық  мiндеттемелерiнiң  қатарына  жатады.  Осыған  байланысты  мемлекет  саяси  Үкімет  субъект  өкiлдiгiне  сүйене  отырып  әрекет  етедi.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Н. А. Назарбаев. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан», Қазақстан халқына 

          Жолдауы. Ақ жол, № 17, 2014 ж.

  1. Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі. Қазақстан Республикасының Парламентінің Жаршысы, № 8-9, сәуір, 2014 жыл
  2. Қазақстан Республикасының Заңы «2014 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Егемен Қазақстан, №305 желтоқсан,2013 жыл.
  3. Постановление Правительства РК. « Среднесрочная фискальная политика Правительства РК на 2007-2009 годы.» Казахстанская правда, №184, август, 2006 год.