Педагогические науки

П.ғ.д., профессор Сарыбекова Ж.Т.

Тараз., Казахстан

Болашақ мамандар бойында адамилық қасиетті қалыптастыру мәселесі

ҚР білім беру жүйесін реформалауда  жаңа педагогикалық парадигмалардың ішінде адамилық қасиет парадигмасы тұлғалық-бағдарлы дамыту тұжырымдамасын қолдайтын бірден бір бағыт болып табылады. Бұл бағыт бойынша студенттердің адамилық қасиетін қалыптастыру шараларының күтетін нәтижесі тәрбие әрекеттерінің жалпыадамзаттық және табиғатпен үйлесімділігін қамтамасыз ету. Аталған шараны жүзеге асыру тетігі ретінде тәрбие мазмұнының құндылық негіздерін, яғни этникалық және рухани-мәдени құндылықтарды ұлттық ерекшеліктер негізінде анықтап жүзеге асырған дұрыс. Сонда ғана тәрбиенің өмірмен байланыстылық, сабақтастық, мазмұндық және жүйелілік принциптері жүзеге асады, күтілген нәтижеге қол жеткізіледі деп есептейміз. Жеке тұлғаның бағдарлы дамуының табиғатпен және жалпыадамзаттық құндылықтармен үйлесімді  қалыптасуы оның рухани дамуының көрсеткіші болады. Философиялық түсінік бойынша руханилықтың ең негізгі өлшемдерінің бірі - адамның жақсылыққа қарай талпынысы. Жақсылықтың адамилық және гуманды сипаты туралы Қ.Әбішев былай дейді: «жақсылықтың ешбір айнымайтын өлшемі – адамдардың әлеммен қатынасында да, өзара қатынстарда да олардың ешқашан өшпес құндылықтар екенін мойындап, жалпы дүние болуының негіздерін сақтау, қастерлеу және оны бұзатын, оны былғайтын, оны тәрк ететін нәрсенің бәрін де жамандық деп қарау» [1]. Тәрбиенің адамилық сипатын ашатын рухани құндылықтар ұлттық мәдениетпен  ұштасқанда ғана жас ұрпақтың адамилық қасиетін қалыптастыру мүмкін болатындығы С.Ұзақбаева және К.Кожахметованың жоғары мектеп  студенттері мен оқытушыларына арналған «Педагогикалық пәндерді оқытуда қазақ этнопедагогикасының материалдарын пайдалану» атты оқу құралында көрсетілген. Онда қазақ этнопедагогикасының тәлім-тәрбие мұраларының адамилық сипатының басымдығы «нағыз жігіт», «әдепті қыз» тұлғаларын қалыптастырудағы адамилық мазмұнының ұлттық ерекшелігінен көрінеді [2].

Бүгінде «Мәдени мұра» бағдарламасын насихатайтын электрондық кітапхананың жұмыс істей бастағанын білеміз [3]. Олардың барлығы жастар тәрбиесіне оң ықпалын тигізері анық. Соңғы кездері жастардың Адамилық қасиетінің қалыптасуына мәдени, адамилық құндылықтардың тигізер әсерін жандандыру керектігі күн тәртібінен түспей отыр. Ол уақыт талабы. Бұл жайында ғылыми еңбектерге талдау жасай отырып, Жарықбаев Қ., Қалиев С. Еңбектерінде жастар тәрбиесіндегі мәдени құндылықтары деп төмендегілерді көрсеткен:

1. Жетілген адам, яғни «Сегіз қырлы, бір сырлы адам» тәрбиелеу.

2. Отанды, халқын, жерін,елін сүю. «Атаның ұлы емес, халықтың ұлын» тәрбиелеу.

3. Адал, арлы азамат тәрбиелеу, яғни «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы».

4. Жеті атасын білуге тәрбиелеу. «Жеті атасын білмеген жетесіз».

5.  Отбасы шежіресі және мұрагерлік (туыстық қарым-қатынас, үш жұрт, отбасындағы кенже ұлдың ерекше рөлі). Ата-баба дәстүрін жалғастыруды анықтап берді [3].

Өскелең ұрпақ білім мен адамилық тәрбие негіздерін өзінің адамилық мектебінен алатыны сөзсіз. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» демекші, ата дәстүріміздің қалыптаса беруіне отбасы тәрбиесінің ықпалы зор. Әйтседе, күнделікті тірлікте ортақ тәрбие құралы – бұқаралық ақпарат құралдарын баса пайдаланып келеміз. Қазақтың айтулы қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай кезінде былай деген: «Адамилық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды» [4].  Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзатттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени-рухани мұрағаттары мен адамилық тәлім-тәрбие саласындағы, білім жүйесіндегі ізденістерін көрсету арқылы жастардың бойында адамилық қасиетті қалыптастыру басты міндетіміз болып қала бермек. Адамилық тәрбиеге негізделген адамилық қасиет – біздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз. Ал мұндай мәселелерді зерттеп, көпшіліктің ой-пікірлерін жас ұрпаққа жеткізетін негізгі құрал – бұқаралық ақпарат құралдары екені даусыз.  Біздің адамилық өнеріміздің, мәдениетіміз бен дәстүрлеріміздің алдыңғы қатарлы үлгілерін, тіліміздің орасан зор байлығын жас жеткіншектердің жан дүниесіне сіңіріп, сол арқылы әлемдік рухани өркениеттің өріне шығып, нәр алу – адамилық қасиетті қалыптастырудың қайнар көзі болмақ.  Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұрпағына азық болған ақыл-кеңес, өсиеттері, асыл мұрасы ұлттых рух, Адамилық мақтаныш, адамилық намыс, ана тілі мен адамилық мәдениетін қалыптастыру сезімін ояту – баршамыздың парызымыз. Біз сонда ғана Адамилық қасиет-сезімі толыққанды жетілген, туған тілін еркін білетін, Адамилық сипаты мен Адамилық рухын жоғалтпаған ұрпақ тәрбиелей аламыз. Ендігі кезекте адамилық қасиетті құрайтын компоненттерге тоқталсақ. Ұлт толыққанды ұлт болып қалыптасып дамуы үшін оның адамилық қасиеті, адамилық құндылығы және адамилық мүддесі болуы керек. Олай болса бүгінгі күні қазақтар өздерінің саяси тәуелсіздігін алып, егеменді ел болғаннан бері, өткен жиырма жылдың ішінде адамилық қасиетін қалыптастырып, адамилық құндылықтарын қадірлеп, адамилық мүддесін қорғауда қандай жетістіктерге қол жеткізгенін білу үшін біз әуелі адамилық қасиет, адамилық құндылық, адамилық мүдде деген сөздердің мағынасына талдау жасап, оның ұғымына түсінік беруіміз керек. Төмендегі кестеде профессор С.Пірәлиев бойынша адамилық қасиеттің құрамдас бөліктерін көрсеттік [5].

Адамилық энциклопедияда берілген анықтамада адамилық қасиет дегеніміз - сол ұлтты құрайтын халықтың әр адамының жеке тұрмыс-тіршілігінің сыртында өз ұлтының мүддесін, халқының тағдырын, ұрпағының болашағын ойлау қабілетінің адамилық деңгейге көтеріліп, жалпы қоғамға тән ортақ сипатқа ие болған ұжымдық түрі,  яғни ұжымдық қасиет. Адамилық қасиет абстракты ұғым емес, ол ұлт тірлігінің тұрмыстық көрінісі, былайша айтқанда, сол ұлтты құрайтын халықтың  бүкіл ғұмырнамасының, әдет-ғұрпының, салт-дәстүрінің, әдебиеті мен мәдениетінің, өнерінің, тұрмыс-тіршілігінің тарихын білу дәрежесі, яғни халықтың өзін өзі жете танып, түсінуі. Адамилық қасиет адамилық дүниетанымға негізделеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сурет 1. Адамилық қасиеттің құрамдас бөліктері

Ал адамилық дүниетаным дұрыс таным-түсінік арқылы өріс жайып, адамилық дәстүр арқылы өз болмысын танытады. Өз ұлтыңа деген құрметтің көрсеткіші — адамилық қасиет-сезімнің қалыптасу деңгейіне байланысты. Қазақ этносының өкілі болуды құдай маңдайыңа жазғаннан кейін, оны мамандық ауыстырғандай ауыстыру мүмкін емес. Өйткені, ауыстырмақ болып, басқа ұлттың мәдениетін қаншама бойыңа сіңірдім дегеніңмен, бәрібір сен сол ұлтқа кірмейсің, төлтумасы бола алмайсың. Қабылдамайды, реті келген тұста өгейлігіңді есіңе салады да тұрады.  Мұндай жағдайды бастан кешірген жан кейін рухани дағдарысқа ұшырап, өмірінің соңы бақытсыздыққа айналады [6].

Сонымен адамилық қасиет жайлы ғылыми зерттеулерді талдай келе  оның төмендегі құрамдас бөліктерін, компоненттерін белгіледік. Олар: Адамилық мүдде, адамилық мінез, адамилық намыс, адамилық патриотизм,  адамилық сезім, адамилық тәрбие, мәдени құндылықтар. Адамилық қасиетті құрайтын компонеттер кестеде көрсетілген.  Бұдан шығатын қорытынды – адам ата-анасын таңдай алмайтыны сияқты этносын да таңдай алмайды. Тағдырдың жазуы солай. Өзінің тәрбиесіздігінен, біліксіздігінен төл мәдениетін жатсынып, өзге мәдениеттің шапанының шалғайына жармасып жүргендер ерте ме, кеш пе, дағдарысқа ұшырап, Абай айтқан: “не ол емес, бұл емес, менің де күнім күн емес” күй кешеді. Асылы, дана халық “Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң” дегенді бекер айтпаса керек.

Біздің міндет – үйіріне қосылуға талпынғандарды қолдап, барынша бауырмалдық көмек беру, адамилық қасиетті қалыптастыру. Сонымен қорытындай келе, осындай халқымыздың маңдайына біткен Адамилық құндылықтарымызды, сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан дархан халқымыздың таратқан үлгі насихаты асыл мұраларымызды өздеріңіздің талмай, қажымай еткен еңбектеріңіздің арқасында дарынды да тәрбиелі оқушылардың бойына сіңіріп, адамилық мәдениетімізді әлемдік деңгейдегі мәдениетке жеткізіп сақтауға деген патриоттық сезімді қалыптастыруға бір кісідей атсалысу қажет.        

 

Әдебиеттер:

1.         1. Қазақ халқының тәлім-тәрбие тарихынан /Құрастырғандар   

2.              Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. –Алматы: Кітап, 1992, 196 б.

2.     Ұзақбаева С.А., Қожахметова К.Ж. «Педагогикалық пәндерді оқытуда қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалану». – А.: Өнер, 1998.

3.     «Мәдени мұра» бағдарламасы мемлекеттік бағдарлама болуы тиіс. //Егемен Қазақстан. 29 қараша, 2003ж.

4.     Шоқай М. Таңдамалы. Бірінші том. А.: 1998, 71 б.

5.     Пірәлиев С. Жоғарғы оқу орындарындағы оқу-тәрбие процесінде болашақ мұғалімдердің кәсіби бейімделуі //Қазақстан жоғары мектебі, №2, 2001

6.     Қазақстан: Адамилық энциклопедия, А: 1999, ҚЭ, 2 том, 135 б.

 

3.    

4.