Магистрант Кунтубаева Гульнар Оразбекова

Университет «Туран-Астана», Қазақстан

ПРОФЕССИОГРАММА ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде жеке тұлға мен қоршаған орта арасындағы қарама қайшылықтар мен өзара қарым-қатынастар заманы. Тұлғаның отбасылық, азаматтық құқықтық әлеуметтенуі белсенді түрде іске асырылып отырылған кезең. XXІ ғасырдың басындағы ғылыми революциялық жаңалықтардың ашылуы, оның соңынан ғылыми техникалық прогресс әлемдік алаңға жаңа мәселелері алып келді. Техника, технология, өндірістің дамуы мен оларды адамзаттың қарқынды қолдануы экологиялық аппатқа әкелудің шегінде тұр. Адамзаттың негізгі тапсырмасы болып өзінің сапасын жетілдіру «адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруда» басты мақсат адамның өзінің барлық мүмкіндіктерін жүзеге асыру. Жалпы дамуды түсінудегі негізгі екпін адамның өз қажетін өтеуге бағытталады және оған қалай жете алады, ол арқылы қандай нәтижеге жетеді деген сұрақтарды қанағаттандырады. Тек қана даму арқылы адам сапасы мен адамдық қабілетіліктің өзгеруіне қол жеткізе аламыз. Яғни, даму барысында адамгершілік қасиеттермен адам бойында жеткілікті деңгейде қалыптастырылады [1,23].     

Болашақ маман тұлғасының кәсіби қалыптасуындағы бағыттар – бұл әр түрлі мамандықтар және сол мамандықтардың адамға қоятын талаптары жөнінде білім мен қаруландыру. Кәсіптік білім берудің негізіг принципі оны өмірмен байланыстыру, былайша айтқанда, халық шаруашылығы оның салалары, мамандықтар туралы түсінігін еңбектен ұштастыру. Болашақ маман тұлғасын қалыптасытруда олардың бейімділігін, қабілетін психофизиологиялық қасиеттерін еске алу қажет. Мамандықты саналы таңдауда екі факторды еске алу: білім деңгейі; адамның жеке қасиеттері, қабілетін, мүмкіншілігін дамыту бейімділігінің арнайы қабілеттерінің динамикасына көңіл аудару. Мамандығын анақтауда жан-жақты зерттеу, оған кеңес беру арқылы көмек көрсету. Бұл бүкіл оқу-тәрбие жұмысының барысында үнемі бағыт-бағдар беріп отыруды қажет етеді.

Профессиограмма – мұғалімнің тұлғалық сапасының, қажетті педагогикалық және арнайы білімдері мен біліктерінің жиынтығы.

Педагогтарды кәсіби даярлау жөніндегі зерттеулерді бірнеше топқа бөлуге болады. Профессиограммаға жоғары оқу орнында білім беру мазмұны нәтижесінде құрылатын, сондай-ақ мұғалімнің кәсіби сапасы үшін қажетті кәсіби білімнің, білік пен дағдылардың жиынтығы енеді. Оны жасау барысында біз педагогты кәсіби даярлау проблемасы бойынша зерттеулерде баяндалатын әртүрлі көзқарастарды есепке алдық. Бір бағытта даярлаудың параметрлерін анықтау кезінде теориялық білімнің мазмұны, оқу-тәрбие әрекеттерін жүзеге асыру үшін қажетті педагогикалық шеберлік пен дағдылар анықталады. Басқа бір бағыт педагогикалық қызметтің құрылымын ашумен сипатталады. Онда негізгі компоненттер ретінде мотивациялық, мазмұндық, үдерістік, бағалаушылық болып жіктеледі. Үшінші бағытта мұғалім қызметінің жекелеген түрлері бойынша білім қалыптастырудың мазмұны, түрлері қарастырылады.  

Н.В. Кузьмина, В.А. Сластенин, И.Ф. Исаев профессиограмманы түрліше жетілдіріп, маманның кәсіби сапаларын анықтауда бірнеше нұсқаларын ұсынды. В.А. Сластенин педагогтың профессиограммасында оның жеке тұлғасының инвариантты, мұрат етілген параметрлері болу керек деп есептейді [2]. Ол мұғалімге қойылатын талаптарды бір-бірімен байланысты және бірін-бірі толықтыратын жалпы азаматтық сапалар, мұғалім кәсібінің өзіндік ерекшелігін көрсететін сапалар және мамандық бойынша арнайы білім, икемділік және дағдылар түріндегі үш негізгі компонентке біріктіреді. Студент өзінің психологиялық-физиологиялық сапаларымен педагогтық қызметке дайын болуы мүмкін, бірақ теориялық немесе практикалық жағынан әлі дайын емес. Мұғалімнің кәсіби дайындығы ұғымын құрайтын тұлғалық және кәсіби сапаларды профессиограмма түрінде көрсетуге болады. Алғашқы профессиограммалық зерттеуге В.А. Сластениннің ғылыми зерттеулерін жатқызуға болады. Студенттің, болашақ мұғалімнің профессиограммасына ғалым қоғамдық-саяси және психологиялық-педагогикалық даярлығын, арнаулы білім мен әдістемені толық меңгеруін жатқызады. Ғалым педагогиканың әдістемелік негіздерін, категориялары мен заңдылықтарын, тұлғаның даму жолдары мен әлеуметтік қалыптасуын, балалардың барлық жастағы даму кезеңдерінде болатын анатомиялық-физтологиялық, жастық және дербестік ерекшеліктерді білуді қарастыратын жоғары психологиялық-педагогикалық даярлықты мұғалім кәсібилігінің шешуші белгісі деп есептейді. Сонымен қатар ол педагогтың бағыттылығын да бір көрсеткіш ретінде санайды [3, 172].

К.Н. Дурай-Новакова мұғалім даярлау бағытында жүзеге асырылған жұмыстарды барлық қырларының әзірлік аспектілері бойынша топтастыра келіп, оларды негізгі екі топқа бөледі: оның алғашқысына ерекше ұзақ немесе қысқа мерзімдік жағдайға байланысты айқындалатын даярлаудың психологиялық аспектілеріне жасалған зерттеулер жинақталса, екіншісіне даярлаудың алуан түрлі іс-әрекет түріне жасалған зерттеулері енеді [4]. Мұғалім бір жағынан өмір сүріп отырған кезеңнің қажеттіліне, әлеуметтік жағдайына, қоғамның нақты сұранысына қарай оқытып тәрбиелесе, екінші жағынан, мәдениетті сақтаушы, жеткізуші, тұлғаны адамзат мәдениетінің барлық байлығы негізінде қалыптастырушы ретінде болашаққа қызмет етеді. Әсіресе, қазіргі ақпарат ағыны толассыз құйылған, өзгермелі заманда жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мұғалімнің қызметі күрделене түскені белгілі. Болашақ маман тұлғасының кәсіби қалыптасуында кәсіптік іріктеудің мақсаты – мамандыққа жарамдылығын немесе жарамсыздығын анықтау. Ол үшін жеке адамның еркешеліктерін, мамандыққа қоятын талаптарды да жете білген жөн. Осығын байланысты күні бұрын профессиограмма жасалады.

Профессиограмма – бұл белгілі бір мамандықтың ерекшеліктерін жеткілікті бейнелеу (жазу), мұндай мәліметтер жеке адамның белгілі мамандыққа жарамдығын, психолог, физиолог және медиктердің көмегімен анықталады. Мысалы, мұғалім мамандығына жеке адамның жарамдылығын анықтау үшін оның басқа қабілеттерімен бірге көру, есту мүшелерін және сөйлеу, психологиялық жағдайы, тіл табыса білуі, есепке алу басты талаптардың бірі болып саналады [5,19].

Қазіргі жағдайда мамандарды кәсіби даярлаудың белгілі бір деңгейіндегі сапасы мен бағыты еңбек нарығында оның бәсекеге түсу қаблетінің негізгі шарты болып табылады. Кәсіби даярлық процесінде жоспарлау, білім алу, өзінің жоғары жеке қабілеті мен қажеттігіне жауап беру мүмкіндігі бар студент еңбек нарығында елеулі орын алуы заңдылық болып табылады. Осыған орай, маманды даярлау сапасы тек қана даму көрсеткіші және оқу орынын тәмәмдау факторы ретінде шешуші ролге ие болып қана қоймай, негізгі өмірлік табысы болып табылады [6,9].

Дүниетанымның қалыптасуы – ұзақ және күрделі процесс. Оның барысында жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады және жеке адамның әрекет жасауына басшылық етеді. Дүниетаным процесіне әр түрлі факторлар, әлеуметтік, оқыту мен тәрбие, ақпарат құралдары тағы басқалары жатады. Осы тұрғыда дүниетанымды нақтырақ анықтау үшін, оның негізгі құрылымдарына тоқталып өтейік:

- ағартушылық – ғылыми дүниетаным адам үшін қоғам мен табиғат әлемін анықтайды да, ағартылушылық сананы қалыптастырады, философиялық принциптер методологиясы мен таным тәсілдерімен қаруландырылады;

- тәрбиелілік – қабылданған көзқарастар мен сенімдер нәтижесі адамнан шындыққа негізделген моралдық ерік бастамаларымен эстетикалық қатынастарды талап етеді;

- дамытушылық – дүниені қабылдау мазмұнын меңгеру арқылы, ішкі рухани қозғалыс әсері ойлауды белсенді әрекет етуге итермелейді;

- ұйымдастырушылық – адамдардың  тәжірибелік іс-әрекеті барысында қолайлы позиция болып табылады;

- тәрбиелік мақсат – баланың тұлғалық құрылымының тұрақтылығы мен сенімді орталық ұйымының қалыптасуын қадағалайды да, табиғатқа, қоғамға және ойлауға деген қатынастың негізінде мінез-құлық пен ерік-сезімдердің санадағы бірлігін айқындайды.

Қортындылай келе, осы аталған барлық міндеттердің шешімі өнегелі, мәдени, экономикалық және экологиялық тәрбиелер нәтижесінде сараланады. Жоғарыда аталған мақсаттар мен міндеттердің орындалуы, болашақ мамандардың дүниетаным аймағының кеңейуін қадағалайды да оның нәтижесі үлкен маңызға ие. Дүниетаным жалпы жеке адамның, оның ішіндегі арнайы дайындалатын болашақ мамандардың қалыптасуында үлкен рөлге ие бола отырып, олардың ары қарай нағыз кәсіпті, білікті маман болуына көмектеседі. Дүниетанымы жоғары, дүниеге көзқарасы кең адам әр уақыттада өзінің мамандығына адал, біліктілік, кәсіби деңгейі жоғары, ойы ұшқыр, қиялы жүйрік болары анық.  

Әдебиеттер:

1.                 Қазақстан Республикасы этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы /Егемен Қазақстан, 7 тамыз, 2012.

2. Сластенин В.А. Формирование личности учителя в процессе профессиональной подготовки. - М.,1976. 160 с.

3. Педагогика: педагогические теории, системы, технологии: Учеб. пособие для студ.сред.пед.учеб.заведений /Под ред. С.А.Смирнова. –М.: Академия, 1999. - 544 с.

4. Дурай-Новакова К.М. Формирование профессиональной готовности студентов к педагогической деятельности: автореф... док. пед. наук. –М., 1983. - 32 с.

5.     Педагогика негіздері. - Алматы, 2005.

6.                 Жаңа педагогикалық технологиялар (оқу құралы). - Алматы, 2006.