Шамсиева Н.С., Абдуллаева А.Ә., Әбдіғаниева А.С.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

 

Білім беру жүйесінде жобалау технологиясының алатын орны

 

Әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдылықтарының бірі білім алушылардың  өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тəрбиелеуге бағытталған. Білім алушыларды жоба жұмысын жасауға мақсатты əрі жүйелі түрде бағыттау - бүгінгі күннің талабы. Сондықтан да жобалау технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда.

Жобалау әдісі – жеке басқа бағытталған оқыту әдісі. Жобалау әдісі барлық кезде қандай да бір мәселенің шешімін жорамалдайды. Ол оқудың мазмұндық бөлігі мен тапсырма кешені арқылы шеберлік пен дағдыны дамытады. Ол оқытудың мазмұндық бөлігін тапсырма жиынтығы арқылы  білім алушылардың зерттеу іс-әрекетін болдыруға себепші, оқытылатын мағлұматтарды қандай да бір іс-әрекет ретінде алып, шеберлік пен дағдыны дамытады.

Жобалау технологиясы  əлемдік педагогикада жаңалық емес. Ағылшын тілінен аударғанда "cooperative learning" - "бірге үйрену" деген мағынаны білдіреді. Түсіндірме сөздікте оған төмендегідей анықтама беріледі: "Жобалау технологиясы - білім алушылардың жоспарлау жəне күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білім. Жобалау технологиясы 19-ғасырдың 2-ші жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған - Джон Дьюи атты психолог, педагог және философ. Дьюидің ілімін  жалғастырушы - Колумбия университетінің жанындағы мұғалімдер колледжінің профессоры Ульям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау - бұл технологияның негізі. Жобалап оқыту технологиясы   сонымен қатар орыс педагогтарының да назарын аударған. Жобалап оқыту идеясы Россияда Америка педагогтарымен параллель келген. Орыс педагогы С.Т. Шацкий 1905 жылы оқу үрдісінде  жобалап оқыту технологиясын пайдаланды.

  Европа тілдерінде «жоба» сөзі латын тілінен алынып, projectus «алдыға лақтырылған» деген мағынаны білдіреді, «сөйлеуші», «көзге түсуші», яғни бір объектінің, бір істің прототипі, прообразы сияқты, осы іс- әрекет жоба жасауға әкеледі.  Сонымен жоба  жоқты  жасауға тырысады, яғни ол бір нәрсені алудың жолын көрсетеді. Жоба сөзінің түсінігі терминологияда  «проблема» сөзімен тығыз байланыста болады.  Жоба проблема ретінде  шығармашылықтың шынайы жағдайын жасауы мүмкін, онда адам идеялардың жаршысы, жүзеге асырушысы. Жоба әдісі  білім алушылардың бір проблеманы шешуін талап етеді. Ал проблеманы шешу үшін олар бір жағынан әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданса, екінші жағынан әр түрлі пәндерден алынған білімнің интеграциясын пайдалануы керек.

Жоба әдісі білім алушылардың білімділік ситуацияға түсіп, өз проблемаларын іздеп, тауып, шешуі, өзіндік жұмыстарын, іс-әрекетін ұйымдастыруы болып табылады. Мұғалім ақпарат көздерін қайдан алуға болатынын ғана айтады немесе оқушы ойына өзіндік жұмыс жасау мақсатында бағыт бере отырып, белгілі бір проблемаға қызығушылық тудырып, жобалап оқыту іс-әрекеті арқылы алған білімін  пайдаланып, шешім жолдарын ұғындыруға жетелейді. Яғни, теориядан практикаға жетуге бағыт жасайды.

Уақыт өте келе жоба әдісі кейбір эволюцияға ұшырады, бірақ оның мәні өзгермей қалды. Бұл әдістің әлемнің көп елдерінде кеңінен қолданылу себебі білім алушылардың әр түрлі пәндерден алған білімін проблеманы шешу кезінде біріктіруге көмектесуінде, алған білімді практика жүзінде қолдана алуында, ол кезде жаңа идеялар пайда болады. Жоба әдісі белсенді әрі жетістікпен АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Израиль, Финляндия, Германия, Италия, Бразилия, Нидерландия және т.б., көптеген елдерде нақты проблеманы шешуде қолданылып, теориялық білім мен оның практикада қолданылуын қамтамасыз етті. Жоба әдісі басқа әдістер сияқты оқытудың көптеген әдіс-тәсілдері арқылы жүзеге асуы мүмкін, cоның ішінде жаңа ақпараттық технологияны қолдануға да болады. Оған: компьютерлік телекоммуникация, электрондық база мәліметі, виртуальды библиотека, мультимедиялық құралдар, аудио- видеоконференциялар т.б. Сондықтан жоба әдісі бүгінде екінші рет өмірге қайта жанданды десек болады.

Жобалап оқыту технологиясы педагогтың интеллектуалдық, кəсіби, моральдық, рухани, азаматтық жəне басқа да сапалы қасиеттерін қалыптастырып отырып, мұғалімнің жеке тұлғасына тікелей əсер етеді. Ең алдымен оқу барысында білім алушыны өз бетімен іздендіре отырып, өзіне деген сенімділік күшін тудырып, өз ойын анық жеткізе біліп , дұрыс шешім қабылдауға, яғни жеке тұлға болып қалыптасуына бейімдеу қажет.

Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат - білім алушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру жəне сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы білім алушыны  болашақта əр түрлі жағдаяттарда, əр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдейді.

Мазмұнына қарай жобаның бірнеше түрлері бар :

1) Тәжірибеге бағытталған жоба, яғни жобаға қатысушылардың мүддесін қорғайтын әлеуметтік мәселелерді шешуге мақсатталады. 

2) Зерттеушілік жоба  құрылымы бойынша ғылыми жобаға ұқсайды.  Өзектілігі, мақсат, міндеті, болжам, нәтиже сипатталады.  Мәселені шешуде: лабораториялық эксперимент, модельдеу, әлеуметтік сауал т.б. әдістер қолданылады.

3) Ақпараттық жоба  мәселені шешуге бағытталған әртүрлі құбылыстар туралы ақпарат жинау, оны жалпылау, талдау. Нәтижесі  БАҚ және Internet желісінде жарияланады.

4) Шығармашылық жоба өнімді презентациялауда түрлі дәстүрлі емес тәсілдерді кеңінен қолданады.  Бұл -  альманах, сахналау, спорттық ойын, видеофильм т.б. түрде болуы мүмкін

5) Рөлдік жоба. Мұны құрастыру да, жүзеге асыру да қиын. Жобаға қатысушылар белгілі бір кейіпкерлердің бейнесін сомдайды.

Сонымен, жобалау  жұмысы қазіргі оқытудың талабына сай жеке тұлғаға бағытталғанымен сипатталады.  Жобалау жұмыстарын бір сабаққа немесе бір аптаға арналған шағын жобалау жұмыстары және бір-екі айға немесе бір семестрге арналған үлкен көлемді жобалау жұмыстары деп бөлуге болады. Бұлай бөлу студенттердің жоспарлаған жұмыстарына байланысты.
Жобалау жұмыстарын жүзеге асыру мынадай кезеңдерден тұрады:

І.    Мақсат қою;

ІІ.   Жоспарлау;

ІІІ.  Бағдарламаны жүзеге асырудың әдісін таңдау

ІV.  Орындау;

V.  Бағдарламаны қорғау.
   
Оқу жобасына қажетті талаптар:

 жоба нақты қажетті, әлеуметтік маңызды мәселеге арналады;

 жобаны жоспарлау мәселені шешуге бағытталады;

 қандай өнім алатындығы белгіленеді (нәтиже, мерзімі және оған жауаптылар көрсетіледі);

 білім алушылардың зерттеушілік қызметі міндетті шарт. Яғни, ақпарат іздеу, талдау, оны білім алушыларға тарату;

 нәтижесі, өнім болып шығуы тиіс: мақала, модель т.б.

   жобаны ұсынған адамға нәтижені көрсету, жобаны қорғау, презентациялау

Жобаның тақырыптарын тандау түрлі жағдайларда әр түрлі болу мүмкін: оқытқан пәні бойынша, мұғалім мен білім алушылардың мамандыққа  деген қызығушылығын, мүдделері мен қабілеттері ескерілуі қажет, немесе  сабақтан тыс іс- әрекетіне байланысты болуы мүмкін. Әрине, жобаның тақырыптары оқу бағдарламасы бойынша білім алушылардың білімдерін тереңдету мақсатымен берілу тиіс.

Жобалау  арқылы білім алушылардың интеллектуалды эмоционалды контексті сөйлесуі  іштей басқа әрекеттермен бірлікте жүреді. Басқа әрекеттер деп отырғанымыз, жоспарын жүзеге асыру үшін құжаттар, анкета, кесте бейнеролик т.б. дайындалады. Жобамен жұмыс істеу – шығармашылық процесс. Студенттер өздері үшін маңызды болып саналатын мәселені анықтау үшін өз беттерінше немесе оқытушының жетекшілігімен ізденуге кіріседі. Бұл студенттердің өз бетінше білімдерін, дағдыларын және біліктерін жаңа контексте пайдалануға көмектеседі. Бұлай іздену олардың   сөйлеуіне,  табиғи және еркін түрде үйренуіне ықпал етеді. Әрине, мұндай жағдайда жобаға қатысушылардың өздерінің ынтасын тілдік сауаттылығына емес, айтылатын ойдың мазмұнына аударған дұрыс. Жобалау кезінде студент өте белсенді болады, ол өзінің шығармашылықпен жұмыс істей алатынын көрсетеді. Жобамен жұмыс істеу барысында белсенділігі төмендеу білім алушылардың өзі де өзінің қиялдауына, белсенділігін және өз бетінше жұмыс істей алатынын көрсетуіне мүмкіндіктері өте мол. Жобалау жұмысында оқытушы жоспарлау жұмысының мақсатын түсіндіреді; әрекеттерін уәждейді, бақылайды, талқылауға көмектеседі, кеңес береді, талдау процесіне бағыт беріп отырады, сондай-ақ бағалауға қатысады.

Қорыта келгенде, жобалау әдісі білім алушы өз бетінше ізденуіне, шығармашылық қабілеттерін арттыруға, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыруға,  мамандыққа деген қызығушылық қабілетттерін дамытуға көмектесіп, шеберлік дағдыны қалыптастырады.

   

Әдебиеттер тізімі:

1.                     Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М.: Педагогика, 1989.

2.                     Левина М. М. Технологии профессионального педагогического образования: Учеб. пособие для студ. высш. пед. учеб. заведений. М.: Издательский центр «Академия», 2001. 272.

3.                     Қараев. Ж. А, Кобдикова Ж. У.  Актуальные проблемы модернизации педагогической   системы на основе технологического подхода. –  Алматы, 2005.

4.                     Кларин, М.В. Инновации в мировой педагогике: обучение на основе ис-следования / М. В. Кларин. – Рига : Эксперимент, 1995. 176. (Развивающее обучение)..