БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ОТБАСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

 

Абенова Н.Б. – бастауыш сынып мұғалімі

МКМ «Жанай орта мектебі»

ШҚО Уржар ауданы, Жанай ауылы

 

Отбасы  ежелден қалыптасьш, қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік құрылымның негізгі элементгерінің біріне айналды. Қазақстанда әрбір отбасында өсіп келе жатқан ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында ізгілік, яғни адамгершілік тәрбие шешуші  фактор болуы заңдылық. Адамгершілік тәрбиесі - үздіксіз жүргізілетін процесс. Ол адамның емірге келген күнінен бастап өмір бойы жалғаса береді. Оқушыларға адамгершілік тәрбие беруде отбасының орны ерекше. Өйткені бала туған күннен бастап ата-анасының аясында өсіп, өмірлік тәжірибесі қалыптаса бастайды.

Отбасы - белгілі бір әлеуметтік нормалар, санкциялар, мінез-құлық (жүріс-тұрыс), құқық және міндеттер үлгілерімен, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт болып табылады. Балардың барлық қасиеттері    отбасындағылар   және   басқа адамдармен қарым-қатынас барысында қалыптасады. Сондықтан бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрсетілген.

Тәрбие қоғамдық құбылыс, қоғам мен жеке тұлғаның арақатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Тәрбие процесінің негізгі мақсаты - жеке тұлғаның әлеуметтендіріп, оның жағымды қасиеттерін дамыту, қоршаған ортадағы адамдармен тіл табысып, өзіне және басқаларға ыңғайлы болу болып табылады. Оқушылардың сапалы тәртібін, жағымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін жәие сенімін тәрбиелеу отбасының және оқу     орындарындағы     тәрбиешінің     функциясын     атқаратын     барлық қызметкерлердің   негізгі   мақсатқа  бағытталған   іс-әрекетінің  тиімділігіне байланысты. Дегенмен бұл жерде отбасының да алатын ролі ерекше.

Ұлы педагог В.А.Сухомлинскийдің [1] айтуы бойынша, егер баланы тәрбиелеп дәрежеге жеткізу сәті түссе, адамгершілік тәрбие жеке адамды жетілдіруде тиімді ықпал жасайды. Егер біз балаға қуаныш пен бақыт бере алсақ, ол бала дәл сондай бола алады.

Сондықтан отбасындағы тәлім-тәрбие жұмысын тиімді   ұйымдастыру  жолдарын   атақты   педагоггар   мен   психологгар   өз еңбектерінде көрсеткен.

Бұл мәселеге өз үлесін қосқандар: Абай Құнанбаев,
Ыбрай Алтынсарин,     С.Қалиев,      Қ.Жарықбаев,      В.А.Сухомлинский,
А.С.Макаренко, А.А.Бодалев, А.Лазарус, К.Роджерс және т.б.
ғалымдар. Ғалымдар бала тәрбиесіндегі ата-ананың атқаратын рөлімен қатар
мектеп қабырғасындағы тәлім-тәрбиеге өте үлкен көңіл аударған.  Ата-аналарға тәлім-тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері туралы, оларда орын алатын жағымсыз мінездерді қайта құру жолдары, оқыту мазмұнын балаларға толық меңгертудегі отбасының көмегі т.с.с. мәселелер бойынша көптеген проблемаларды түсіндіру мектеп қызметкерлеріне жүктеледі.

Білім беру жүйесінде психолог оқушыларға, олардың ата-аналарына, педагогтарға көптеген мәселелерді тиімді шешуге психологиялық кеңес беру жұмысын ұйымдастырады. Балардың мектепте оқуға даярлығын анықтаудан бастып, мектепке қабылдау, бастауыш сыныптарда жетелеу, орта және жоғарғы сынып оқушылары мектеп бітіргеннен соң өмір жолын таңдап алу проблемаларын шешуге бірінші кеңесші және көмекші болатын адам - мектеп психологы. Ол оқушылардың жекелік қасиеттерін диагостикалау, зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, олардың күнделікті дамуыена ықпал жасайтын отбасының іс-шараларын ретке келтіру жұмыстарын жүргізеді.

Сонымен қатар дамуында нормадан ауытқуы бар балалармен жеке-дара, қажеттілік туғанда — топпен, түзету және дамыту жұмыстарын ұйымдастырады.

Сондықтан мектеп психологиялық қызметінің күрделі міндеттерінің бірі ретінде - оқушылардың ата-аналарының психологиялық сауаттылығын арттырып, балардың жеке ерекшеліктеріне байланысты отбасында түсінбеушілік орын алғанда оларға психологиялық кеңес беру болып табылады.

Баланың адам ретіндегі қалыптасуында тәрбиенің негізі ата-анадан деп есептегенімен, жүрген ортаның, ағайын туыстың, жора-жолдастың, жанұяның, ең әуелі туған жердің табиғатына дейін әсер тигізетіні рас. Бұлардың бәрін, ержетіп, азамат болуда ықпал етер шартты жағдайлар деп бағаласаң, көгеріп, көкейіп өскен жастың жанына азық, бойына қуат, өнеге беретін аялы алтын діңгегі - әке-шешесі.

Тіршіліктегі барлық нәрсенің бір бірімен сабақтас болғаны сияқты, баланың бойындағы, әдетіндегі небір жақсы, жаман қасиеттердің көздері осыларда. Ананың, тәрбиешінің, ұстаздың шеберлігіне қарай бала бойында ұстамдылық, ұқыптылык, нәзіктік, кішіпейілдік қасиеттер қалыптасса, әке арқылы еңбекқорлық, батылдық, адамгершілік, азаматтық, табандылық мінезге ие болады. Сондықтанда ата- анаға, ұстазға өз жүрегінің тебіренісін, жай күйін бала сезіміне әсер ететіндей жеткізе білуге тырысқан жөн.

Қазіргі кездегі педагогика бойынша отбасылық тәрбие-ата-ана мен баланың арасындағы қарым қатынастың жүйесі. Олай болса, әрбір ата-анаға осы жүйені ғылым және өнер ретінде жан-жақты меңгеру қажет.

Отбасы тәрбиесінің түрлері мен мүмкіндіктері көп, әсіресе, көргенді, ынтымақты, тату-тәтті тұратын отбасында шаңырақ шаттығы негізінен, қоғамдық сананың адамгершілік, кісілік, қайырымдылық, әдептілік, әділеттілік сияқты толып жатқан моральдық ұғымдарға негізделеді. Бала үшін отбасында ең алдымен, әке-шешесінің, ата-әжесінің, басқа да ересектердің инабатты, кісілік үлгілерінің маңызы зор. Бала өз заманына тән кісілікті, әдептілікті, қайырымдылықты, тіпті бұзақылықты да алғаш рет осы өзінің отбасында меңгереді. Үй ішінде күнделікті айтылатын қариялардың ұлағатты өсиеттері мен ақылы, ал жастардың оларға деген сый-құрметі, адал көңілі, әдепті қылықтары, ерке-назы, әзіл-оспағы, жалпы алғанда, дұрыс қалыптасқан моральдық-психологиялық қарым-қатынастар отбасы өмірінің ерекше бір байлығы, әшекейлі көркі. Мұндай ортада өскен балалар бақытты, олардың өмірден алатыны да, өмірге беретіні де көп болады.

А.С.Макаренко [3] ата-аналарға арнаған бір сөзінде былай деген: "Сіздің мінез-құлқыңыз - жеткіншек тәрбиесіндегі бірден-бір шешуші құрал. Егер сіз дөрекі және мақтаншақ немесе маскүнем болсаңыз, онда сізге тәрбие туралы ойлаудың қажеті жоқ. Сіз қалай киінесіз, басқалармен қалай әңгімелесесіз, қалай қуанып, қалай қайғырасыз, достарыңызбен және қас адамдарыңызбен қалай қатынас жасайсыз, сіз қалай күлесіз, газетті қалай оқисыз, радионы қалай тыңдайсыз, міне, мұның барлығының да бала үшін маңызы ерекше". Ол ез еңбектерінде ата-аналар беделі туралы үлкен сөз көтеріп бала тәрбиесінде бұл беделдің алатын орнын көрсеткен.

Ата-аналар шын беделге ие болған отбасыларда олардың жай ғана реніш білдіруі, ескерту жасауы баланы теріс істерден сақтандыру үшін жеткілікті. Беделдің болмауынан балалар ата-анамен ашылып сөйлеспейді. Олардың ескертпелеріне дөрекілікпен қарсыласумен жауап береді. Кішкентай күнінде сәби ата-анасын жан- тәнімен қадірлейді, оларды бар зейінімен тыңдайды. Ал ақылы кіріп жақсы мен жаманды ажырата бастаған жасөспірім үйдегі үлкендерге сөзді ересек көзбен қарайды. Бірақ бұл жағдайды ата-аналар, үнемі ескере бермейміз. Олар баланы тәрбиелегенде қорқытумен, күш көрсетумен балаға айтқанын істетуге әуес. Мұндай отбасында нашар мінез-құлықты балалардың өсетініне ата-аналар түсінбейді немесе онша мән бермейді. Отбасындағы байсалды, бірқалыпты қарым-қатынас - жас буынның ата-аналарына сенімі мен құрметін күшейтетін тәсіл. Кейбір ата-аналар тәкәппарлық беделіне бой ұрады. Адал да еңбекқор адамдарға өндірісте болсын, үйде болсын, ең алдымен кішіпейілділік жарасымды. Алайда арамызда әлі де болса тек өзінің жұмыстағы жетістіктері туралы ғана айтқанды жақсы көретін, басқалардың жақсылықтарын көрмей, оларға менмендікпен қарайтын адамдар бірен-саран болса да кездесіп қалады. Осыны көрген, естіген балалар да жолдастарына көкіректік көрсетіп, әкесінің лауазымын, аналарының талантын айтып, мақтанады. Кейбір ата-аналар балаларына уәде беру, түрліше сыйлықтар ұсыну арқылы айтқандарын тыңдатады.

Мектеп осы уақытқа дейін балалардың бойындағы қабілетін, қайсы нәрсеге бейімділігін, ол қабілеттер мен бейімділіктер қашан, қай мезгілде пайда болатынын толық шеше алмай келеді. Соның салдарынан дүниеде миллиондаған адамдар өздерінің болашақтағы орнын дұрыс таңдай алмай қиналады, сәтсіздікке ұшырайды. Отбасы мен ата-аналардың осы проблемаларды шешуге тигізетін пайдасы мол. Арманшыл талапты жастарға мамандық таңдау үстінде дұрыс бағыт, кеңес беретіндер, негізінен, солар.

Себебі, балалардың сырын да, қабілетін де ата-аналарынан артық білетін адам жоқ. Адамның ең асыл қасиеттерінің бірі - оның жұртқа ұнамды мінез-құлқы. Ол қасиет негізінен отбасыда қалыптасады. Ол ата-аналардың адал ақ көңілі, жұмсақ алақанының көмегімен ұрыс-таласы, үрей-қорқынышы жоқ отбасында тәрбиеленеді. Жұмсақ мінезді, ақ пейіл адамдарға арнап айтылған "бір кісілік орын барп деген мақал осының куәсі. Отбасы мүшелерінің әрбір іс-әрекеті, тындырған ісі, тындыра алмаған жұмыстары әртүрлі жағдайда көрсеткен мінез-құлқының қырлары, бір-біріне тигізетін көмегі түгелдей халық дәстүрінің сынынан, елегінен өтіп "дұрыс", не '"бұрыс" деген бағаларын алады. Отбасында жарасымды орнын тапқан салтгар мен дәстүрлер аса тиімді тәрбие құралына айналады. Отбасы тәрбиесінің осындай ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін қоғамдық тәрбиенің міндеттерімен ұштастыра білсек, оның берері мол.

Қазір   ата-аналар   мен   қалың  бұқара  халық арасыпда    психологиялық   және    педагогикалық   білімді    иасихаттаудың маңызы өте зор. Насихаттау барысында оқушыны тәрбиелеу міндеттерін шешу жолдары талқыланып, отбасында шешетін көптеген проблемалардың мән-мағынасы анықталып, оны шешудің тиімді жолдарын табуға ммүмкіндік туады. Сондықтан психологтың осы жұмысының болымды әсері мол.

Қазақ халқының ұлттық мәдениетінің қайта өркендеу жағдайында жастарды ұлттық дәстүрлерде тәрбиелеудің заңды обьективті қажеттігі туды. Халықтық педагогика арқылы оқушылардың - адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың педагогикалық мәні де оған қоғамдық салт-сана, әлеуметтік экономикалық, мәдени өмірден саяси көзқарас пен тарихи кезеңнің айқьн айғағы болып табылады [4]. Сондықтан қазақ елінің жаңа тұрпаты халықтық тәрбие жүйесінде ең алдымен өз халқының ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесіне арқа сүйері және оны қастерлеп дамыта түсуі заңды құбылыс. Өйткені мұндай негіздерді білмей, өз халқының, ұлттық ерекшеліктерін сезінбей, басқа халықтың өзіне тән ерекшеліктерімен салыстырмай, бағаламай өз байлығын байыта түсу мүмкін емес. Халықтың өзі жасаған бастауларға сүйенген тәрбие ғана өз күшінде бола алады. Бұл тәрбиенің артықшылығы ол адам ең алдымен өз халқының перзенті екендігін сезінуі, екіншіден, өз халқының болашағы сол жекелеген адамдарға байланысты екендігін сезінеді.

Сондықтан да әр ұрпақ өз уақытын, өз талаптарын негізге ала отырып, ата-ана тәрбиесін, яғни халықтық педагогиканы игеріп отырғаны жөн. Тілімізге, дінімізге, қайта мойын бұрған кезде, болашақ ұрпағымыздың өз ана тілін білмеуі, салт-дәстүрден бірте-бірте қол үзе бастағаны, әке-шешесін, ата-әжесі, бауыр еті баласын тастап кету, жетімсірету сияқты қатыгездіктің етек алды, арақ ішу,  зорлық-зомбылық, ұрлық жасау сияқты жағымсыз қасиеттерге бой алдырды, өз пікірі жоқтық, біреудің айтқанына оңай ергіштік, көнгіштік, табансыздық, тағы басқа да сүреңсіз жағдайлардың етек жайып еркінсуі - халықтық тәрбиеден қол үзудің салдары екені даусыз. Жағымсыз құбылыстардан құтылу үшін халқымыздың өзі жасаған, ұлттық дәстүр, салттарын оқу-тәрбие ісіне кеңінен пайдалану жолдарын іздестіру өмір талабы. Егер тарихи деректерге жүгінсек, халықтық педагогиканың үлгі-өнегесі халық даналығының көріпісі ретінде пайдалану жөніндегі идеяларды кезінде түрлі уақыттағы педагогтар да аз айтпағанын байқаймыз.

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.  Сухомлинский В.А. Коллективтің құдіретті күші. -Алматы: Мектеп, 1979.

2. Отбасы саясатының қалыптасуындағы әлеуметтік-психологиялық мәселелер // материалы международной конференции. А., 2001.

3. Макаренко А.С. Педагогическая поэма. Педагогика; Москва; 1981

4.  Казахстанская семья – как объект социально-политических иследований // А., 2001г.