ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЛТЖАНДЫЛЫҚ – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ БІР БЕЛГІСІ

                                     

 

  Алдашева Г.Х. – «Тұран-Астана» университетінің 2-курс магистранты

Танирбергенова А.Ш. - педагогика ғылымдарының кандидаты

            Қазақстан Республикасы

        

 Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен қалыпты дамуының негізгі бірлігі және Конституциялық принциптерінің  бірі – Қазақстандық ұлтжандылық. Бұл – ең алдымен Республиканың әрбір азаматының әлеуметтік психологиялық  сезімі терең және Қазақстанның генетикалық тарихи, құқықтық байланыстарына негізделген оған өзінің сүйікті Отаным деп қарайтын және оның әлемдегі даңқын арттыру үшін өзінің істері мен жетістіктері арқылы көрсете білуі жатады. Қазақстандық  ұлжандылықтың бөлінбес бір бөлшегі  ретінде тарихи тұрғыдан дүстүрлі достастықпен өзара сыйластық, республикада өмір сүріп жатқан әртүрлі ұлттар мен этникалық топтардың салт- дәстүрі мен ерекшеліктеріне деген құрмет арқылы көрінеді.

         Қазақстандық ұлтжандылық Тәуелсіз қазақ елінің  өркендеп дамуына , оны қоршаған шындық пен дамудың жаңа тұрғысына сыни көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге әрбір азаматтың Отан алдындағы азаматтық орындау борышын , тарихтық көне жәдігерлерін сақтау , қазақ жерінің мәдени үлгілерін дамыту, оның табиғатының байлықтарына ұқыптылықпен қарау сияқты мәселелер де кіреді. Қазақстандық ұлтжандылықтың ерекше бір қасиеті Республика азаматтарының бейбітшілікті сүюі, жақын және алыс шет елдерде тұратын халықтардың достастығы және Қазақстан  мемлекетінің сыртқы интеграциялық саясаты жатады. Бұл жерде қазақтың атақты ақыны  Олжас Сүлейменовтың : «Тауларды төмендетпей , даланың дархандығын сақтайық» деген ерекше сөзі  Қазақстандық  ұлтжандылықтың бет-бейнесін толық көрсете алады.Республикадағы болып жатқан көптеген әлеуметтік өзгерістер, материалдық даму қазақстандық ұлтжандылықтың Қазақстанда тұратын халықтарды біріктіру жолында өмірлік маңызы бар. Себебі , ол – жекелеген Қазақстан қоғамындағы кейбір «қабаттардың» баюын ғана көксеп қоймай, сонымен бірге еліміздің басқада азаматтардың экономикалық-әлеуметтік жағынан да қамтамасыз етілуі де басшылыққа алынады. Себебі, Қазақстан – біздің Отанымыз – талай ғасырлар бойы ата- бабамыз « найзаның ұшымен, білектің күшімен» қорғаған қаншама қайғы- қасірет болса да, көрсе де сақтап қалған жер Республиканың азаматтарының әртүрлі ұлты мен діни сенімділігіне қарамастан , Қазақстанның тұтас біріктіріп тұрған халқын  өзара  рухани бірлікпен тығыз байланыста болып, бір ауыздан сайлаған Елбасының жанында топталып , қоғамдағы болатын  келеңсіз жағдайлардан өздерін жоғары ұстап келеді. Республиканың  94  қаласы мен ауылдарында әлеуметтік зерттеулер жүргізген Гиллер институтының  қорытындысы бойынша Тәуелсіздік жариялағаннан кейінгі қазақ елінің жай-күйінің жағдайын көрсеткен болатын. Дегенмен де зерттеуге қатысқандардың 1/5 бөлігінен азы бұл себепті басты деп санамайды.

      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 1995 жылы 16 желтоқсанда «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында : «Строя свою государственность, мы обязаны соотносить национальные ценности и универсальными, опираться  на культурное многообразие нашей страны , обеспечивать ее гармоничное развитие, сближая тем самым народы, помогая им познать себя и других» (Назарбаев Н.А. Укрепление независимости – через устойчивое развитие)

         Жеке тұлғаның гуманисттілігі әмбебап идеялар сияқты ең алдымен азаматтар мен адамдардың құқығының қорғалуы, әрбір адамның жеке басының қауіпсіздігінің  сақталуы, өзара түсінушілік , әрбір азаматтардың өздерінің істеріне деген жауапкершіліктерін арттыра отырып, бір-біріне деген адами қасиеттерін дамытып отыруды жақтайды. Ұлттық идея - өзінің ұлтына деген сүйіспеншілік кейде сол ұлт өкілінің жоғары тұруына мүмкіндік береді және бұл кезде тікелей немесе жанама түрде ұлттық, діни және тегі жағынан азаматтардың теңдігі бұзылады. Сондықтан халыққа кейбір мессиандық иллюзияны айтып және оны жақтап, ұлттық күш көрсетуді орнықтыру мүмкін емес. Дегенмен де алғаш қараған кезде гуманистік идея мен ұлттық идея бір-біріне қарама-қарсы емес. Тек қана олардың әрқайсысының  ең алғашқы өзгеріске түспеген мағынасын дұрыс қабылдау қажет. Себебі гуманизм адамға деген құрметті дамыта отырып , оның жалпы табиғатпен байланысын өзіндік құнын арттырады, ал ұлттық идея – адамдағы ерекше қасиеттерді мойындайды. Адамға деген құрмет бағалы болуы мүмкін , егер де оның ішкі жан дүниесінің табиғаты нақты бір ұлтқа тән болса, әрбір адамдағы ұлттық идея өзін-өзі тану қымбат әрі оған өте жақын болып келеді.Немесе  керісінше , адамның биік мансабы өзінің ұлтына деген сүйіспеншілік және ол дүниежүзілік адами қоғамның  бірігуі, олардың басқа ұлтқа деген сүйіспеншілігі сәйкестенбеген уақытта болуы мүмкін. Мұндай уақытта әрбір ұлттың өзін-өзі тану құқығын ескеретін болсақ, онда мемлекетаралық қарым-қатынастармен ғана, шығармашылық тұрғыдан ғана өзін-өзі дамытып қана қоймай адамзаттың алдында өзінің талантымен іс-қимылы  арқылы дүниежүзілік танымға ие болса, нағыз ұлтжанды адам ғасырлар бойы бірге өмір сүріп жұмыс жасасып келе жатқан басқа ұлт өкілдерінен байланысын үзуі мүмкін емес.Бірінші жағдайда гуманизм космополизмге транформация жасауы мүмкін, ал екінші жағдайда ұлттық идея ұлттық эгоцентризмге айналуы мүмкін.Қазақстандық  ұлтжандылықтың  басты негіздерінің бірі – гуманизм және ұлттық идеялардың Конституциялық құқықтың танымның бірлігі, ұлтына қарамастан әрбір азаматтың  тең құқықтылығы. Біздің көзқарасымызша, азаматтардың теңдігі мен Конституциялық құқықтық танымы ең алдымен әрбір көпұлтты азаматтық қоғамдағы жалпы белгі болып табылады. Көп ұлтты Қазақстандағы ұлтжандылықтың  рухани атмосферасы ең алдымен екі негізгі этнос – қазақтар  мен орыстарға , яғни Қазақстандағы түркі мен славян тектес ұлттардың қарым-қатынастарына қатысты. Бүгінгі таңда Қазақстан жерінде тұрып жатқан қазіргі өкілдеріне көне замандардан қалыптасқан қарым-қатынастарды достықтың ерекше үлгісі ретінде жеткізуге тиіс. Осыған  қатысты  Елбасы Н.Ә.Назарбаев былай деп атап көрсетті: «Казахи,отвечает за спокойствие и равноправие проживающих в Казахстане граждан всех национальностей... И я выступаю за то, чтобы ни один человек не уезжал из Казахстана. Это потери для нашей экономики и вообще для  политики , для  народа ( Назарбаев  Н.А. Суверенный Казахстан отвечает  за спокойствие  равноправие проживающих в нем граждан всех национальностей. Интервью Президента Казахстана информационному  агентству «Постфактум» // Казахстанская правда, 1993  30 декабря)./2/

         Қазақ және орыс халықтарының тағдырларының туыстығы мен жалпы байланыстылығын географиялық жағдайдағы өмір сүрумен  түсіндіру жеткіліксіз.Бұл екі халықта да дәстүрлі әлеуметтік ұйымдастырудың негіздері сәйкес келеді. Орыс халқында ол - жалпы қауымдастық болды. Қазақ халқында да осындай,тек қана оның шығу тегі әртүрлі . Қазақ халқында өмір сүру мен шаруашылығы көбіне-көп көшпелі ,елдің салтына  байланысты болып, жерді игерумен толықтырылып отырды.Ал, орыс халқының бұл жағдайда жалпы қауымдастықтың негізгі ұясы болып патриархалдық қоғамның белгісі ретінде кіші жанұяның ролі басым болды. Яғни ата,әке билігінің  күштілігі ,оған әйелдердің бағынуы және үлкендерді сыйлауы жатады. Бұл мәселе қазақтарда да, орыстарда  да ұжымдық еңбек қарым-қатынасы мен көмегінің көрінісі және олардың дәстүрлі  өмір сүруі арқылы жүзеге асты. Кезінде Шоқан Уәлиханов : «Чувствительность в кайсаках и участие, принимаемое ими в несчастии  ближнего ,стоят внимания и похвалы..., низший, куда бы он ни пришел, в кибитку ли богача или в хижину бедняка – везде выражают  ему сострадательность  и не только словом,но всегда  чем-нибудь более или менее существенным...- деп жазған болатын./5/

         Қазақ және орыс халықтарының қатаң да суық кең даланы игерудегі және оны ұйымдастырулар сол уақыттағы тарихи кезеңдерде қарама-қарсы тенденциялардың  пайда болуына әсер етті: Атап айтқанда қалалардың ,тайпалар мен рулардың және хандықтардың одаққа бірігуі үшін бір-біріне ұмтылуы және бөлшектеу бөлінулері,яғни әртүрлі князьдықтар мен жүзге бөліну және олардың арасындағы бір-біріне деген ұлттық мінез-құлықтарында ұқсастық  бар.Сол сияқты бұл халықтарға тән ерекшелік – диспотивтік үкіметке деген бағыну, шенеуніктерді құрмет тұту, мансапқорлық және «бастықтардан» қорқу. Мұның басты себебі екі халықта да дәстүрлі қалыптасқан өзіндік пікір мұның орнына халықтың пікірін , көзқарасын есептеу басшылыққа алынбайды. Орыс халқындағы жер қатынастарына арналған жиналыс,ауылдық вечелер және құрылтайлар болса,қазақ халқында ауыл жиналыстары, ақындар айтысы мен жыраулар сол кездегі хандар мен княздардың басқа да үкіметтің құрылымындағы адамдардың поэзиясы мен көзқарасын білдіре бермейді. Дегенмен де қазақ халқының да, орыс халқының  бостандықты сүюі, олардың ұлттық ерекшеліктерін көрсететін белгі болды. Сол сияқты екі халыққа да ортақ жалпы белгі үкіметтің «қолы жетпейтін» жерлерге қоныс аудару,стихиялы қарулы көтерілістер екі халықты да жалпы халықтық сипат алып оған тарихта мысалдар өте көп. ХҮІІ ғасырдағы Иван Болотников пен Степан Разиннің жетекшілігімен болған шаруалар көтерілісі , ХҮІІІ ғасырдың 70- жылдарында Емелян Пугачев көтерілісі, ХҮІІІ ғасырда Райымбек Хангелдин бастаған қазақтардың жоңғар шапқыншылығына қарсы ерліктері мен жорықтары, 1836-37 жылдардағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының жетекшілігімен болған шаруалар көтерілісі ,патша өкіметінің коллониялық саясаты мен қоныс тепкен жерлерін тартып алуы,Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қазақтарды тыл жұмысына алуға   қарсылық көрсетілуі, 1916 жылы Амангелді Имановтың жетекшілігімен болған ұлт-азаттық қозғалыс, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ халқы мен Қазақстандықтардың көптеген ерліктері дәлел.Мұның барлығы қазақ халқы мен орыс халқының тарихи жағынан да,психологиялық жағынан да достық қарым-қатынастың алғышарттарын жасап отырды. Бұл екі халықтың арасындағы екі тарихи негізгі тенденциялар бар.Бұл тенденциялар қазақ жастарына сонымен бірге басқада ұлт өкілдерін Қазақстандық ұлтжандылыққа тәрбиелеуде атқаратын ролі өте зор. Орыс халқының мәдениетіне деген шын сүйіспеншілік  пен қазақ халқының мейірмандылығы екі халықты бір-біріне байланыстырып отырды.Ресейдің мемлекеттік күш-қуаты жоңғарларға қатысты күресте қазақ жерін қорғап ,сақтап қалуға мүмкіндік берді.Дегенмен де мәселенің екінші қырын да атап айтуымыз қажет. Ол ең алдымен Ресей мемлекетінің империялық саясаты,Кеңес үкіметінің тоталитарлық  жүйесі халықтардың тарихи жағынан бірігуіне, ішкі мүмкіндіктерін пайдалануға, мәдениет пен салт-дәстүрлерін байытуға кедергі келтірді.Ресми идеология орыс адамының ұлттық ерекшелігін көтеруге біржақты қарады,яғни интербюрократия монополия өкіметті сақтап қалу үшін «аға халықтың өкілі»,«халықтардың арасындағы бірінші  халық» деген сияқты мифтік ұғымдарды қалыптастырды.Бұл мифтік ұғымдар ең алдымен орыс халқының дәрежесін төмендетті,ұлттық деградацияға дейін жеткізді.Ұлты неміс,Қазақстан жазушысы Г.К.Бельгер : «...русских синонимировали с царской колониальной политикой , со сталинским режимом, с Центром, с административной системой , со всем дуболомным и мохнорылым в стране и третируют все,кому не лень.У великого народа остались одни великие проблемы. И нелегка его судьба в этой вселенской неурядице».

         Қазақстан елінің тәуелсіздігін жариялауы Ресей және басқа шекаралас елдермен қарым-қатынасты жақсарту, олардың халықтары мен байланыстар орнатып,қазақ елінің табиғи байлығы мен дархан кеңпейілділігін көрсетіп,ғасырлар бойы бірге өмір сүріп келе жатқан басқа ұлт өкілдерімен қатар өмір сүріп,өздерінің болашақ ұрпақтарына бейбітшілік өмір сыйлау мақсатында жасап келеді. Бұл жерде кез келген ұлттың өзіндік салт-дәстүрін дамыту ерекше орын алмақ. Кезінде академик А.Д.Сахаров халықтардың қоғамдық дамуындағы  осы бір жаһандық заңдылыққа назар аударған болатын. Ол өзінің 1975 жылы оқыған Нобельдік лекциясында былай деп атап көрсетті: «любые попытки замедлить темп  научно- технического  прогресса, повернуть вспять урбанизацию, призывы к изоляционизму, патриархальности, к  столетий  - нереалистичны. Прогресс неизбежен ,его прекращение означало бы гибель цивилизации» /4/

         Дүниежүзімен басқа да халықтардың оның ішінде орыс, қазақ халықтарының көптеген талантты да атақты адамдары өз халықтарының рухы жөнінде жоғары пікірде болды. Мұндай атақты адамдардың қатарына сол кездерде диссидент немесе басқаша ойдың адамы деп атаған Абай Құнанбаев (1845-1904) және Петр Яковлевич Чаадаев (1794-4856) болды. Бұл ұлы адамдардың ұлттық сана сезімі этникалық бірліктердің биік шыңына жеткен,яғни осы шыңға шыққан адамның ішкі жан дүниесінде өзіне деген сенімділік пайда болады. Табиғатында ұлттық сана-сезімнің жұтаңдануынан сақтанып,сол халықтың , оны басқарып отырған адамдардың өзіне деген сана-сезімін қалыптастыруы ұлттық танымды жоғары ұстауы ар, абырой, ұят мәселесінің жоғары тұруын қалайды.Қазіргі қоғамның алдында ұлы  Абай тек қана дүниежүзілік әлемдік тұлға болып қала береді. Сана-сезімнің шындығын  ұлы Абай өзінің атақты «Қара сөздерінде» көрсетеді: «Адамның мәнін махаббат, шындық және адамгершілік құрайды,адамдар осы бастауларды қажет етеді».

      Абай қазақ халқын : «Әр қашанда адами қасиеттер туралы ойлайды, адамға жақсылық жасау ,сол арқылы «шын мұсылман болу» туралы шақырды.Ол  «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деп айта отырып зорлық-зомбылықпен сәйкес келмейтіндігін көрсетті. Біздің көзқарасымызша, Қазақстандық ұлтжандылықтың бекітуде ол мейлі жеке тұлға болсын немесе мемлекеттік принциптері болсын зорлық-зомбылыққа негізделмеуге тиіс. Адами құндылықты мінез- құлқы нашар жаман адамдармен салыстырмай ,жақсылардың жақсыларымен салыстыру қажет. Чаадаев та, Абай да өздерінің идеялары мен сенімділігі арқасында орыс халқының кеңпейілдігі  мен қазақ халқының ақжүректілігін адамға деген сүйіспеншіліктерін олар бүгінгі уақытта да азаматтық қоғам құрып жатқан Қазақстан халқына өсиет етіп қалдырып отыр. Қазақстан мемлекетінің саяси және экономикалық бүгінгі бағытта олардың белсенді қызметі үлкен роль атқарады.

     Себебі біздегі азаматтық қоғам құру тікелей эволюциялық жолмен емес, өркениетті  дамудағы әлеуметтік саланы дамытудың жолдарында тарихи кезеңдерде  «жоғарыдан нұсқау күтіп» отырады. Сондықтан бұл мемлекет көптеген азаматтық өзіндік иденфикациямен республика жұртшылығымен  көпұлттылығы және конфесионалдығы әсер етеді. Бұл әрбір қазақстандықтардың жаңа сапалы ұлтжандылыққа тәрбиелеуде басқа ұлт өкілдерінің де қадір-қасиетін жоғалтпай қазақ елінде өмір сүріп жатқан басқа ұлттардың басын біріктіретін күш болуы тиіс.   

                       

   Әдебиеттер тізімі

 1. О национальной гордости казахстанцев «Караван» газеті, 15 желтоқсан, №50,)

 2. Назарбаев Н.А. Укрепление независимости – через устойчивое развитие

1995 жылы 16 желтоқсанда «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбаты

 3.Назарбаев  Н.А. Суверенный Казахстан отвечает  за спокойствие  равноправие проживающих в нем граждан всех национальностей. Интервью Президента Казахстана информационному  агентству «Постфактум» // Казахстанская правда, 1993 , 30 декабря).

4.Сахаров А.Д. Мир, прогресс, права человека Москва, «Советский писатель»,1990, стр.53

 5. Валиханов Ч. Собрание сочинений.Т.1.С.199

6.Жұматаева Е.  Адамдық та,батырлық та тәрбиеден. Журн., «Ұлт тағылымы», № 2, 1999ж., 52-56 б.

7.Сейітнұр Ж. Отансүйгіштік психологиялық феномен ретінде. Журн., «Ақиқат»,№ 8,тамыз,2007 ж., 14-20 б.б.

8.Назарбаев Н.А. Нұрлы жол – болашақтың жолы.Қазақстан халқына арнаған Жолдауы,2014 ж.