Медиева С.Х.,Шаяхметова М.Н.,Анарбаева Г.С.

 

Е.А.Бөкетов атындағы Қар МУ

 «Теміртау қ. №9 мектеп-лицейі» КММ

 

 

Халық педагогикасы бағытындағы

ағартушылардың ой-пікірлері

 

 

Қазақ халқының өте әрідегі ата-бабаларының өмір сүрген  кезеңінен (VI ғасыр, Түрік қағанаты) бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұрасының бірі-халықтық педагогика.

Халықтық педагогикасын зерттеу кезінде педагогикалық мазмұны мен педагогикалық бағыттары қазақ халық ауызекі поэтикалық шығармашылығы, халықтық дәстүрлер, халықтық ойындар, т.б. жатады. Демек, халықтық педагогика-тәлім-тәрбиелік ой-пікірдің ілкі бастауы, халықтық рухани мұрасы.[1].

Халықтық педагогиканы бүгінгі күннің проблемасы деп қарауға болмайды. Оны түрлі тарихи кезеңдердегі педагогтар мен ойшылдар ауызекі халық шығармашылығын және халықтық педагогикадан алынатын үлгі-өнегені халық даналығының көрінісі ретінде пайдалану жөнінде айтқан құнды идеялары дәлелдеп отыр.

Олар Я.А. Каменский, Ж.Ж. Руссо, И.Г. Пестолацци, А.Г. Белинский, Н.А.Добролюбов,К.Д.Ушинский,А.Н.Толстой,АА.Луначарский, А.С.

Макаренко, В.А. Сухомлинский, т.б. Я.А. Коменский: «Балалардың қандай болуы туралы ешкімге байланысты емес, бірақ дұрыс тәрбие беру арқылы жақсы болып шығуы - біздің қолымыздағы нәрсе», - деген болатын.

Швейцарияның педагогы И.Г.Пестолоцци «Бала тәрбиесі, оның дүниеге келген күннен басталуы керек. Баланың дүниені түсінуі жанұяда басталып, мектепте әрі қарай жалғастырылуы шарт», - деген қағиданы ұсынады.

К.Д. Ушинскийдің «халықтық принцип» туралы айтқан пікірлерін әлемдегі барлық халық өкілдерінің педагогикалық біліміне жатқызуға болады.

Сондай-ақ, жоғарыда аталған ғалымдардың, педагогтардың жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде халықтық педагогика мұралары жөніндегі көкестері мен идеяларын беруге ұмтылысы, сондай-ақ, оларды мектеп практикасында пайдалануға тырысуы олардың халықтық педагогикасының мәнін терең түсінгендігін білдіреді [2].

Қазіргі заман талаптарына сай тарихи теориялық, практикалық тұрғыдан қарастырылған бірқатар еңбектер жарық көрді. Олар: С. Ұзақбаеваның,

Т.Қышқашбаевтың, Т.Қоңыратбаеваның, А.Дайрабаеванын, Ұ.Асанованың,

Р.Дүйсенбинованың, С. Жолдасбекованың, Р.Төлеубекованың  т.б. ғылыми еңбектері.

Аталған еңбектерде қазақ халық шығармашылығының (поэтикалық, музыкалық, сәндік-қолданбалы өнер) әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің тәрбиелік мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне тоқталып, оларды тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың адамгершілік, эстетикалық, музыкалық тәрбиелерін жетілдіруде пайдалануды сөз етеді.

Р.Төлеубекованың «Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика» атты әдістемелік құралында халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан ұлттық салт-дәстүр, ата-бабаның мұрасын білу, жас жанұяларға тәлім-тәрбие, өмірлік кеңестер ұсынылған. Бала тәрбиесінде халықтық мұраның алатын орны, оның проблемалары және педагогикалық негізі мектеп тәжірибесі мен өмірден алған материалдар көрсетілген.

Әрбір автор қайсыбір ұғымға анықтама бергенде өзінің басты назарының нысынасы болған саланы көрсетуге тырысатындығы белгілі. Осыған орай С.А.Ұзақбаева: «халықтық педагогика-оқыту мен тәрбиелеу саласындағы халық бұқарасы білімдерінің, біліктерінің, дағдыларының жиынтығы, солардың негізінде ұрпақтан ұрпаққа халық шығармашылығы арқылы (ауызекі халық шығармашылығы, музыкалық, сәндік-қолданбалы өнер) беріліп отыратын әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер қалыптасқан» - деген анықтамасын негізге аламыз.

Әлемге әйгілі екінші ұстаз атанған Әл-Фараби (870-950) бабамыз этика саласында да еңбек жазып, жаңа идеялармен байытты. Әл-Фараби бұл салада жасаған қортындысының басты түйіні-білім, мейірмандық, сұлулық үшеуінің бірлігінде. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін, адамгершілік, мораль мәселесін діни тұрғыдан негіздеу тар ұғым екенін көрсетті[3].

XI ғасырда аты әлемге әйгілі ақын, философ, қоғам қайраткері Жүсіп Хасхаджиб Баласағұн (1021-1075) өз заманынан иығы асқан дана ұлдарының бірі. Жүсіп Баласағұн, әсіресе халық ауыз әдебиеті үлгілерін барынша пайдаланып, аса құнды пікірлер қалдырды: «Сөздің көркі-мақал» т.с.с. бала тәрбиелеу жайларына көп аялап, өз танымын білдіріп отырған.

Балалардың әлеуметтік және тарихи-мәдени тұрғыда қалыптасуына ғұламалардың берері мол. Олардың діни медреселерден, халықтың ғибаратты нақыл сөздерінен алған, бұқара халықтың мүддесін көрсететін ілім-білімдері жеткіншектерге ақыл-үсиет тұрғысында қайта оралып, сол кездің өзінде білім алуға итермелеп отырса, соның бәрі қазақ халқының қайта үрлеу кезеңінде жоққа шығаруға әсте де болмайды.

Қазақ халықтың педагогикасының тереңнен тамыр тартқан арналарын зерттеген Қ.Жарықбаев этнопедагогиканы ұлттар мен ұлыстардың ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған тәлімгерлік тәжірибесін зерттейтін ғылым ретінде таныса, С.Қалиев халықтың педагогикасы деп-сол халықтардың ғасырлар бойы жинақталған ұрпақ тәрбиесі жөніндегі ой-пікір, білім, тәжірибелер жиынтығын атайды.

М.Жұмабаев(1893-1938ж.)-қазақтың сыршыл ақыны, ұлттық педагогикалық терминді қалыптастыруға тұңғыш жол ашушы болды.

М.Жұмабаев, Ж.Аймауытовтар арқылы халық ауыз әдебиеті шығармашылығын зерттеу ісі белгілі бір ізге келтіріліп, ғылыми жүйе қортындыланды. Ш.Құдайбердиев оқу, өнер-білімді, адамгершілікті уағыздай отырып, талапты жастарға ақын кемеңгер Абайдың «бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық болуына ұқсас», «Талап пен ақыл», «Адамдық борышың», «Еріншек» өлеңдерінде жас ұрпақтың әуес болар қасиеттері меп азаматтық орнына арқау болар сапаларын өткір өлең сөздерімеп өрнектейді[4].

Халықтық педагогикасының арқауы- ауыз әдебиеті мен халықтың салт-дәстүрлері. Осы тұғырлы тұжырымды ірі ғалым-лингвист, әдебиет зерттеушісі, тюрколог, дарынды ақын, аудармашы, туған халқының рухани дүниесін жандандырған ғұлама-Ахмет Байтұрсынов жан-жақты зерттеген. Ахмет Байтұрсынов қазақ ауыз әдебиетінің ұлттық мәнін жоғары бағалады. Ол 1895 жылы «Торғай газетінің» 24-қыркүйектегі № 39 санында «Қазақтың болжамдары мен мақалдары» деген мақала жариялап, онда халық сөздерін және даналық мақалдарды келтіріп, халықтың данышпандық тұжырымдарын оқу-тәрбие ісіне пайдалануға ұсынды [5].

Ш.Уәлиханов қазақтың қоғамдық ой-пікірлерінің дамуында ерекше орын алды. Ол «қазақ халқы - ақыл парасатты, тың, ұғымтал, жаналықты, тез қабылдағыш халық», - деп бағалады. Өз халқының тіл байлығын, сөз өнеріне деген ынта-ықыласының, шешендік қасиетін жоғары бағалады. Ш.Уәлихановтың ағартушы ретінде айтқан ой-пікірлері, кейбір ескерткелері мен болжамдары қазақ халық ауызекі поэтикалық шығармашылығына байланысты.

Шоқанның зерттеу әрекетінің басты мақсаты ауызекі поэтикалық шығармашылығы арқылы халықтың өмір жайлы ой-арманың, тілегін керсету, ұмтылып бара жатқан салт-дәстүрлерге көніл аудару, оны халықтық тәрбиенің құралы, әдіс-тәсілдері ретінде пайдаланғанның және оның болашақ ұрпақтар тәрбиесінде де қажет екенін ескерту.  «Қалай дегенмен де өмірдің өз қоғамының ұжымдар мен қатынастарының бейнесі ретінде қазақтар поэзиясы өте-мөте қызықты және көңіл аударатын көптеген жақтары бар» - деп атап көрсетеді.

Ш.Уәлиханов ауыз әдебиеті үлгілерінін ішінде адамгершілік -эстетикалық тәрбиенің таптырмас құралы - ертегілер жайлы құнды пікірлер айтады. Ертегілердің мазмұнының бай екеннін ескертеді, ондағы батыр, жезтырнақ, алып секілді көптеген кейіпкерлерді көрсету арқылы адам баласының жағымды-жағымсыз моральдық қасиеттерінің (кішіпейілділік, әділеттілік, қайырымдылық, шыншылдық, ізеттілік, т.б.) ажырата білуге шақырады. Мақал-мәтелдер жинақтау арқылы халықтың балалар мен жастар тәрбиесінің әлеуметтік - тарихи тәжірибиесін көрсете білді

Шоқан өзінің зерттеу еңбектерінде жинаған ауызекі поэтикалық шығармашылығы арқылы халықтың арман тілегі тұрмыс-қаракетін, көз-қарасын баяндады, ұмытылып бара жатқан мәдени дәстүрлерге (поэтикалық, музыкалық, сәнді-қолданбалы өнер т.б.) көніл аударып, оны халықтың адамгершілік - эстетикалық тәрбие құралы ретінде пайдаланғанын көрсетті[6].

Бүгінгі қоғамдық сұранысқа сай оқу-тәрбие процесінде қазақ халық ауызекі поэтикалық шығармашылығын тиімді пайдалану-оқушылардың білімінің көтерілуіне, оқу іскерлігі мен дағдысының қалыптасуына септігін тигізеді.

Халықтың рухани мәдениетінің мөлдір бастау-бұлағынан жас кезден нәр алып өсу сан ғасырлық қалыптасу, даму тарихы бар халық мұрасын ерте кезден  бойға сіңіруге, ондағы жалпы адамдық құндылықтарды оқып білуге үйретеді.

       Халық ауызекі поэтикалық шығармашылығының тәрбиелік мүмкіндіктері туралы құнды пікірлер айтқан қазақ оқымысты-ғалымдарының еңбектері үлкен қызығушылық тудырады.

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

1.       Қалиұлы С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы.- 

Алматы, 2003.- Б. 244.

2.       Әбілдина С.Қ. Дербес пәндер әдістемесін оқыту барысында қазақ халық

     ауызекі шығармашылығын пайдалану. - Қарағанды, 1998.- 80 Б.

3.       Бодауова Б. К. Халық педагогикасын жоғары оқу орындарында оқу

      процесінен тыс әрекеттерде пайдалану // Семей мемлекеттік университетінің    

     хабаршысы. –2000 ж. -№2. - Б. 66.

4.       Бахтиярова Г.Р. Халық тағылымы-тәрбие қайнары. - Алматы: Ғылым, 2002.

5.       Ашай Ә. Ұлттық педагогика негізінде оқу-тәрбие ісін     ұйымдастыру

     - Алматы, 1990. – Б. 30.6.

6.       Қасымова А. Қазақтың халық педагогикасы арқылы оқушыларға

     адамгершілік тәрбие беру.- Алматы, 1994.-29Б.