Ж.М.Қырықбаева,

 Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің

 аға оқытушысы

Ныязбекова К.С., п.ғ.к.,

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың доценті

(Қазақстан, Алматы)

 

Модульдік технологиялар арқылы қазақ тілі пәнін

проблемалық оқытуда студенттердің

ойлау  қабілеттерін дамытудың тиімді жолдары

 

Аңдатпа

        Бұл мақалада модульдік технологиялар арқылы қазақ тілі пәнін проблемалық оқытуда студенттердің ойлау қабілеттерін дамытудың тиімді жолдары, кейбір ерекшелігі қарастырылады. Модульдік технологияға негізделген проблемалық әдісті қолдану арқылы оқытушы  студенттің  ойлау қабілетін,  шығармашылығын, интеллектуалдық танымын дамытудың тиімді жолдарына тоқталады.

      Проблемалық әдістің шығармашылық ерекшелігі – оқытушы білімді даяр күйінде баяндай бермей, студенттердің алдына белгілі бір проблемалық міндет қойып, оны өздеріне шештіруге бағыттауы  болып табылады. Жас ұрпақтың шығарымпаздық ізденістерін арттырудағы модульдік технологияға құрылған жаңа сабақ бағдарламаларындағы проблемалық оқыту әдісінің маңызы туралы сөз етіледі.

 

Тірек  сөздер: модульдік жүйе, модульге топтау, модульдік тақырып, проблемалық жағдаят, проблемалық оқыту, проблемалық сұрақтар жүйесі, интеллектуалдық таным, студент тұлғасын қалыптастыру.

 

      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті «Қазақстан-2050» жолдауында  негізгі бағыттарды білім берудің маңызын көтеру, инновацияларға қолайлы жағдай жасау керектігін атап көрсетті.  Сондай-ақ, ҚР «Білім туралы» заңында  «Білім беру жүйесінің негізгі міндеті ұлттық және жалпы адамдық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына қажетті жағдай туғызу» делінген. Сондықтан қазақ тілін бүгінгі заманның талабына сай оқытудағы басты талап – дүние жүзілік дамудағы адамзаттың орны, ол жасаған әлемдік құндылықтардан хабардар, жан-жақты жетілген, өз тарихының өткеніне көз жүгіртетін, ұлтжанды, патриот азаматты қалыптастыру болып отыр. Оған ықпал ету үшін оқытушының шығармашылық ізденісі қажет. Жаңа заман  талаптарына сай сабақ түрі өзгеріп, жаңарып отырса, болашақ ұрпаққа әсері мен ықпалы ерекше болады. Қазіргі заман ағымына байланысты студенттердің білімге қызығуын арттыру үшін оқытушыларға жаңа талаптар қойылуда. Ғылыми педагогиканың негізін салушы Ы.Алтынсарин мұғалімнің қоғам алдында ролін қарапайым айта келіп, кезінде «...Салып жатқан үйдің жақсы болуы, оның іргесін берік және мықты қалануына байланысты болатыны сияқты, біздің қолға алып отыратын ісіміз де, қазақ мектептерінің бар келешегі көбінесе,істің қазіргі басталуына байланысты. Сондықтан да мен қазір жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін», – деген пікірі мұғалімге қоятын талабы ретінде естіледі. Оқыту үдерісіне жаңа инновациялық технологиялар енгізілуде. Технология – белгілі бір істегі адамның  шеберлігі. Қазіргі педагогикалық әдебиеттерден 50-ден астам оқыту технологиялары қолданысқа енгені белгілі болып отыр. Осындай әр түрлі технологяларды оқытушы сабағына пайдаланып, шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасап отырса жаңашылдыққа жақын болғаны. Міне, осы тұрғыдан келгенде, қазақ тілі сабағында модульдік технологиялар –интербелсенді әдістерді үнемі жетілдіріп отырса ,студенттердің ойлау қабілеттерін дамытудың тиімділігі артады.

       Ғалымдардың зерттеу нысандарында модульдік технологиялар арқылы проблемалық оқытудың да теориялық негізін анықтауға және студентердің ойлау қабілетін дамытуда проблемалық оқытудың жолдары қарастырылған.

      Модульдік технологиялар арқылы қазақ тілі пәнін проблемалық оқыту тәсілі арқылы студенттердің  логикалық қабілетін және  оқуға деген қызығушылығын арттыруға, тіл үйренушілерді өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретуге, сонымен қатар, осы оқыту тәсілі арқылы берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне қол жеткізуге болады.

      Ғылыми болжамдарда егер ұйымдастырылатын жұмыстар жүйелі, мақсатты түрде құрылса, онда модульдік технологиялар арқылы қазақ тілі пәні негізінде проблемалық оқыту тәсілдерімен студенттердің ойлауын дамытуға болатындығы дәлелденген.

      Қазіргі таңда жан-жақты ізденістің нәтижесінде оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, өсіп келеді. Айталық, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың «Дамыта оқыту технологиясы», В.Ф.Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы», Ж.Қараевтың «Деңгейлеп оқыту технологиясы», М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы»  және т.б. ғалымдардың технологиялары кеңінен қолдануда. Қазақстанда білім берудің өзіндік, ұлттық үлгісі қалыптасуда. Солардың бірі бұл модульдік оқыту технологиясы. Модульдік оқыту технологиясының негізгі  зерттеушілері: Дж.Блок, Б.Блум, М.М.Жанпейісова. Мақсаты: Тұлғаның танымдық қабілеттерін танымдық  жағдайлар   арқылы модульдік сипатта дамыту. Модульдік оқыту  технологиясы студенттерді өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға және  өзін-өзі  бағалай білуге үйретеді.

  Модульдік оқытудың негізгі талаптары:

Студент тұлғасының танымдық қабілеттерін дамыту.

Танымдық үрдістерді (жады, ойлау, зейін, елестету қабілеті) дамыту.

Оқуға қызығушылық қалыптастыру.

Сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін дамыту.

Тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал ету.

  Модульдік оқытудың құрылымы:

Оқытудың жалпы мақсатын қою.

Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу.

Студенттердің білім деңгейін алдын-ала (диагностика) бағалау.

Оқу әрекеттерінің жиынтығы және нәтижені бағалау.

      Қазақ тілі пәні бойынша бағдарламада берілген тақырыптарды топтап, модульге енгіздік. Атап айтсақ:

      Мысалы, «Қазақ елі» модулі:

      Сабақ үдерісінде бағдарлама бойынша жоғарыда топтастырылған модульдік тақырыптардың кіріспе бөлімінде студенттерді оқу модулінің жалпы құрылымымен, мазмұнымен таныстырылып, студенттердің осы оқу модуліндегі танымдық қызметінің мақсаттары мен міндеттерін әрбір студенттің қабылдауына, түсінуіне ерекше көңіл бөлінді және тірек сызбаларға сүйене отырып, модульдің тұтас тақырыбы бойынша оқу материалдарын қысқаша түсіндірілді. Сабақ барысындағы негізгі мақсат – студенттердің Қазақстан жеріндегі ортағасырлық мемлекеттердің даму ерекшеліктерін ұғындырып, бүгінгі күнмен салыстыра білуге үйрету және қазақтың ұлы хандары, билері, батырлары туралы мәліметтермен, «Жеті жарғы – дала конституциясы» баптарымен таныстырып, проблемалық сұрақтар  бере отырып,  ойлау-танымдық қабілетін  қалыптастыру  болды. Сөйлесу бөлімінде студенттердің танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастырылса, қорытынды бөлімде сынақ, тест, ойталқы арқылы тақырыпты бекіту болды.

Модульдік оқытудың негізгі тиімділігі:

  Модульдік оқытудың ерекшелігі: бірінші кезекте студенттерді оқытуға емес, қайта танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқу процесін өзара сөйлесу негізінде құруға бағытталады. Модульдік оқыту  технология кезінде студент  оқу материалын тыңдау, жазу, көру, айту, өз бетімен жұмыс жасау арқылы оқу материалын қарапайымнан күрделіге қарай шығармашылық, зерттеушілік сипаттағы тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.

       «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру қажет», – деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтып өткендей, бүгінгі заманғы білім берудің басты мақсаты – мамандарды әлемдік  шығармашылық тұрғыдан өзгертудің әдістемесімен қаруландыру. Осы тұрғыда  ғылыми міндеттерді  шешудің тиімді жолы ретінде  модульдік технологиялар арқылы қазақ тілі пәні сабағында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту үшін проблемалық оқыту жүйесін қолдануға болады.

      Проблемалық оқыту жүйесі – оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, студенттердің  ой-өрісін, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық әрекетін дамыту болып табылады. Қазіргі заманғы білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау. Ал шығармашылық дегеніміз жаңалықты ашу болса, модульдік технология арқылы сабақты проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс болып табылады. Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: оқытушы оқушылар алдына міндет (проблема) қоя отырып, оған қызықтырады және оның шешу әдіс-тәсілдерін табуға ынталандырады. Оқытудың бұл түрі  жаңадан ғана пайда болған жоқ. Өйткені, кезінде бұған өз үлес қосқан педагог-ғалымдар болды, атап айтқанда, Сократ, Руссо, Дистерверг, Ушинский. Мысалы, грек данасы Сократтың алдына қойған мақсаты білімнің өзі емес, адамдардың білім алуға деген ықыласын ояту, білімге ынтықтыру болған екен.                                                                                                      

      Проблемалық оқыту технологиясын зерттеу  жұмыстары 60-шы жылдардың соңында 70-ші жылдардың басында пайда болды. Проблемалық оқытудың негізін  салушылар мен зерттеушілер: американдық Джон Дьюи мен оның шәкірті В.Клипатрик, орыс ғалымы М.Махмутов.

      Олардың негізгі идеясы: проблема қойып, оны шешу арқылы оқып үйрену. Проблемалық оқыту технологиясы тіл үйренушілердің оқытушы  басшылығымен проблемалық ситуацияны шешуде өздік зерттеу іс-әрекетімен айналысуы, соның нәтижесінде студенттердің білім  дағдыларының қалыптасуымен, танымдық белсенділігінің,шығармашылық ойлау  және т.б. маңызды қасиеттерінің дамуымен сипатталады.                                                           

  Қазақ тілі пәнінде  проблемалық оқыту  мәселесін  сөз етпестен бұрын,алдымен «проблема» ұғымына анықтама беретін болсақ, қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде былай деп көрсеткен: «Проблема – зерттеуді, шешуді керек ететін күрделі мәселе». Олай болса, модульдік технология арқылы  қазақ тілі сабағын проблемалық оқытудағы басты  міндет – студенттердің ойлау жүйесін өздерінің шығармашылық қабілеттері арқылы  игерген білім қорын одан әрі тереңдету және түрлі проблемаларды  шеше білетін білімді студент  тұлғасын қалыптастыру  болып табылады. Проблемалық оқытудың негізгі ерекшелігі – оқытушының білім алушы білуге тиісті таным-түсінікті өзі айтып бермейді, қайта шәкіртке іздетеді. Проблемалық оқытуға негізделген шығармашылық тапсырмалардың дәстүрлі оқытудағы тапсырмалардан  басты айырмашылығын қарайтын болсақ, студент мен оқытушы іс-әрекеттері төмендегідей болады. Атап айтқанда, дәстүрлі оқытуда:                                                                                                          

1. Проблема қойылмайды.

2. Оқытушы тарапынан тапсырмалар берілетін жауабы дайын, қарапайым тапсырмалар.

3. Студент – объект және орындаушы. Оқытушы жетекшілігі, басшылығы басым болады.       

4. Шығармашылық ізденіс міндетті емес.

5. Топтағы барлық студенттерге бірдей арналған тапсырмалар.

Проблемалық оқытуда:

1. Студент алдына проблема қойылады.

2. Дайын жауабы жоқ, проблема шешуді талап ететін, зерттеушілікті, шығармашылықты  қажет ететін  тапсырмалар беріледі.

3. Студент-субъект. Ол-дербес ізденуші. Еш нәрсені қайталамайды, дайын дүниені көшірмейді, өзінің ізденісі, зерттеуі арқылы проблеманы шешуге талпынады. Оқытушы –ақылшы, кеңесші, ұйымдастырушы және бағыт беруші.

4. Студенттердің жан-жақты дамытуға, жеке тұлғаға, оның дарынын, қабілетін арттыруға бағытталған шығармашылық сипаттағы тапсырмалар.                                                                                                                         

      Әдістемелік жүйе ретінде оқытушының танымдық тапсырмалары мен көрнекі құралдардан проблемалық оқытудың мәні құрылады. Проблемалық оқыту кезінде ізденіс жұмыстары ұйымдастырылып, сабақ тақырыбына байланысты конспект, проблемалық сұрақтар мен шешімдері  де қарастырылады.Сабақ барысында студенттердің жаңа білімді  меңгеруі, зерттеу белсенділігі дамиды, шығармашылыққа үйренеді. Модульдік технологияға құрылған қазақ тілі сабағындағы проблемалық оқытуды жүзеге асыру үшін студенттерге алдын-ала проблемалық сұрақтар жүйесі ұсынылады. Онда кез келген сұрақ проблемалы бола бермейді әрі проблемалы сұрақтың жауабы дайын болмайды. Сондықтан оны студенттер міндетті түрде өзі ізденуі шарт. Ол сұрақ студенттің сана-сезімінде қиындық туғызуы қажет. Студент іштей түйсінген ойлау  қиыншылығы проблемалық жағдаят  деп аталады. Проблемалық сұрақ, бір жағынан, қиын болуы, екінші жағынан, студенттің шамасына және білім деңгейіне байланысты  болуы керек. Проблемалық сұрақта  студент сұрақтардың дұрыс нұсқаларын шешуді қарастырады, ойланады және ізденіс жолына  түседі. Модульдік технология арқылы қазақ тілі сабағында проблемалық тақырыпты толық ашуда жағдаяттар арқылы тіл үйренушілердің танымдық әрекетін дамыта аламыз. Мысалы, жоғарыда көрсетілген «Қазақ елі» тақырыбы  бойынша, сөйлесу бөлімінде:

      Содан кейін барып, «Мен білдім!» деген  жағдайға жетеді. Сонымен бірге дұрыс жауапты тексереді, алғашқы болжаммен салыстырады, алынған білімді қорытындылайды.

     Осы орайда жоғарыда көрсетілген  модульдік технологияға негізделген проблемалық оқыту жүйесіне құрылған тақырып бойынша сөйлесу бөлімінде студентке ізденімпаздық шығармашылық бағытта мынандай тапсырмалар арқылы, мысалы, «Стратегиялық», «Елтанымдық», «Аксиологиялық» «Сен білесің бе?» айдарымен пікір-сайыс, ой толғау, проблемалық сұрақтар қою, «Жылдар сөйлейді», «Кім жылдам?»  «Ойлан...тап!»   айдарлары бойынша, жеке, топтық жұмыс түрлері ұйымдастырылды. Мысалы, осы тақырыптың көлемінде:

1. Көне  Сарайшықтың орны туралы қазіргі проблемалық жағдайы туралы не айтасың?

2. Күлтегін, Білге, Тоныкөк ескерткішіндегі жазулар кімге арналған? Осы ескерткіштерді сақтаудың қажеті не?

3. Көне түрік қалаларының бүгінгі зерттелу тарихы туралы қандай мәліметтер бере аласыздар?

4. Қазақ хандары, билері, батырлары туралы ақпараттарыңыз? және т.б. проблемалық сұрақтар қою арқылы студенттердің проблемалық сұрақтарды шешуде негізгі нұсқаларды  қарастырып, өз беттерінше берілген материалды интеллектуалды-танымды түрде шешімді жауаптар берді.       

      Бұл технология  басқа да технологиялар сияқты өзінің жағымды және жағымсыз тараптарға ие.

Оның тиімділігі:

Кемшілігі:                                                                                                                                                                         

       Сонымен модульдік технологияға негізделген проблемалық оқыту жүйесіндегі сабақ  нәтижелерін қорытындылай келсек:

       Кезінде  проблемалық оқытудың алғы шарттарын жасаған  С.Л.Рубенштейн, Н.А.Мечинская, Г.С.Костюк, А.М.Матюшин т.б. өз еңбектерінде: «Жаңа ұрпақ жастары білім қорын қабылдап, өзінің танымдық қабілеттерін тек өздерінің белсенділігімен, өзіндік ізденулерімен ғана дамыта алады», деген болатын. Олай болса, студенттердің  ынтасы мен ізденімпаздығын, шығармашылық қабілеті мен ақыл-ойды қалыптастыру мақсатында модульдік технологияға негізделген проблемалық оқыту әдістерін қазақ тілі сабағында қолданудың тиімділігі бар деп айтуға болады. Педагогика саласындағы жаңа типтегі сабақ бағдарламаларында көрініс алған  модульдік технология, проблемалық оқыту әдістері кәсіби тұлғаның қалыптасуындағы біліктілік компоненттерінің негізін құрайтын жаңащылдыққа құрылған озық технология.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

                                                                              

1. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Қазақ ССР Ғылым академиясының  баспасы. Алматы, 1961.                                                                                                                

2. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы.

3. Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңы. 2007 ж. 27.07. №319 

4. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика. – Павлодар, 2006 ж.                                                

5. Давыдов В.А. Педагогика. – М., 2005 ж.

6. Махмутов И.М. «Проблемное обучение»  М., Педагогика,1975 г.

7. Нағымжанова Қ.М. Инновациялы-креативті технологиялар. – Өскемен, 2005 ж.                                                                                           

 

Резюме

В этой статье рассматриваются обучения казахскому языку по модульной технологии и их некоторые особенности, а так же на уроках изучения казахского языка с использованием  проблемно-поисковых методов. При применении  модульно-проблемных поисковых методов совершенствуется значимость развития способности студентов, их творчества и интеллектуального познания.

Summary

       In this article, educating to Kazakh is examined on module technology and them some features, and similarly on the lessons of study of Kazakh with the use problem – searching methods. At application module-problem searching methods reflected meaning fullness of developing a  flair of students, both their work and their intellectual cognition.