Абдикамалова Қаракөз Кайратовна

Алданазарова Жанагуль Ешназаровна

Казахстан   г.Караганда  ЖББОМ№54

Оқушы құзыреттілігін дамытуда модульдік оқыту технологиясының тиімділігі

 

«Қазақстан-2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізділерінің бірі- жоғары интелектуальды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Сондықтан, ұстаз-мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі- жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі-деңгейлік саралау сондай – ақ дамыта оқыту технологиясының элементін қолданамын. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді [1].

Әлемдік білім беру кеңістңгңнде жеке тұлға мен қоғамның қажеттілігін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім беру қалыптасуда.

Оқушы-жеке тұлға,қайталанбас даралық қасиеттер жиынтығы.Қазіргі білім беру консепциясының басты мақсаты-өзінің және қоғамның мүддесіне өзін-өзі белсенді етуге дайын,күнделікті бәсекеге қабілетті және құзыретті,шығармашыл,білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

Сондықтан өзгермелі әлеуметтік және эконмикалық жағдайда өмір сүруге ғана емес,болып жатқан өзгерістергеқатысып,белсенді,әлеуметтік жауапкершілігі жоғары,ой-өрісі кең,сауатты,танымдық әрекеттерге қызығушылығы мол жеке тұлғаны қалыптастыру-өзекті мәселелердің бірі.

Осындай нәтижелерге жету үшін,мектеп түлегінің бойында құзыреттілікті қалыптастыру керек.

Құзыреттілік-оқушының іс-әрекетінің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі.Оқушылардың құзыреттілігі,ең әуелі мектепте оқыту үрдісі кезінде қалыптасады.

Оқу-танымдық  құзыреттілік-оқушының зерттеу әрекеті мен өзіндік оқу-танымдық үрдістерін қамтамасыз етеді.Білімділік қызметін ұйымдастыра білуді,тиімді жоспарлауға,ізденушілік-зерттеушілік дағдыларын игеруге,талдауға,қорытынды жасай білуін қарастырады.

Жалпы оқу жүйесін бұзбай,оқу үрдісін ұйымдастыруда тиімді формаларды пайдалана отырып,негізгі құзыреттіліктерді дамыту мақсатында әр түрлі педагогикалық технологияларды пайдалануға болады.Солардың бірі-Қазақстанның білім кеңістігінде он жылдан астам уақыт орын теуіп,білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыруда қызмет етіп келе жатқан оқыту технологияларының бірі-М.М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы

 Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жасалынған оқыту технологиясы-құрылымы ортақ,бірақ мазмұны әр түрлі үш бқліктен;

·                   кіріспе

·                   Сөйлесу

·                   Қорытынды бөлімдерден тұрады.

Аталмыш модулде кіріспе-қызықтырушылық кезеңі кіріспе бөлімінде іске асырылады.Яғни кіріспе бөлімінде мұғалім;

оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен және мазмұнымен таныстырады

Оқушылардыңосы оқу модуліндегі танымдық қызметінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды. Тірек-сызбаларға сүйене отырып,модульдің тұтас тақырыбы бойынша оқу материалын қысқаша түсіндіреді [2].

Оқу модулінің сөйлесу бөлімі тарауды тұтас оқып-үйренудің екінші операциялық-танымдық кезеңі іске асыру болып табылады. Сөйлесу бөлімінің әр сабағында оқу модулінің тақырыбына «қайта оралып отыру» қағидасы (қайталау сабағы емес) жүзеге асырылады. Сондықтан сөйлесі бөліміндегі оқу материалын меңгеру – тек қажетті құрал ғана, оның негізгі мақсаттарға жету, қисынды ойлауды, түрлі құбылыстар мен фактілер арасындағы байланысты көре білуді дамыту: ұғымды қалыптастырып, оларды ғылыми негіздеуге үйренуге; интелектіні және креактивтілікті (шығармашылық қабілетті) дамыту мүмкін емес.

Қорытынды бөлім – тарауды оқытудың тұтас циклін анықөтайтын рефлексиялық – бағалау кезеңі қызметі барысында жағдай жасалынған дайындық деңгейлерін

·                   Бақылауға

·                   Тексеруге

·                   Бағалауға арналған

Сонымен, кіріспе, сөйлесу, қорытынды деп аталған үш бөліктің әрқайсысының кіші мақсаттары модульдің жалпы мақсатына жеткізу тиіс.

Модульдік оқыту технологиясымен жұмыс жасайтын мұғалім алғашқы жылдық өзінде-ақ  сабағының құрылымын, мазмұнын, әдісін ғана өзгертіп қоймайды, өзінің рөлін де түбегейлі өзгертеді.

Молульдік оқыту технологиясын оқыту үрдісінде қолдану оқушылардың таным процесін дамытуға, қажеттіліктерін қанағаттандыруға, оқуға жағымды қызығушылықтарын қалыптастыруға, олимпиада жүлдегерлері мен  оқушылардың ғылыми-конференциялары  жоба-байқаулардың жеңімпаздары болағн оқушылар санының арттыруға. ҰБТ-да биология пәнін таңдап оқушылардың тоқсандық баға лауына мүмкіндік берді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1.      Конституция Республики Казахстан. – Алматы: ТОО «Издательство «НОРМА-К». – 2002, 40с.

2.      Іргебаева Ә.И. Оқыту технологиясы ұғымы, мәні, сипаттамасы // білім берудегі менеджмент №2, 61-65б. 2000ж.