Психология и социология/10. Психология труда

 

пс.ғ.к., А.Р. Мандыкаева

магистрант Ж. Майлыбаева

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ.

 

Кәсіби бағдарлау жүйесінің құрылымдары

 

         Қазіргі таңда кәсіп таңдауға байланысты ақпараттар көзі, кәсіби білім беретін оқу орындары көп және әртүрлі, сондықтанда кәсіп таңдау мәселесінде жасөспірімдерге кәсіби бағдарлану, өзі дербес шешім қабылдау қиындай түседі. Жасөспірімдер кәсіп пен жоғары оқу орнын таңдағанда ата-анасының, достары мен өз ортасының әсерінен қате бағыт алып жатады. Жасөспірімдердің өз қызығушылықтары мен ұабілеттіліктерін ескермей кәсіп таңдап, жоғары білім алуы «Мен кім боламын және немен айналысамын?» деген сұрақ жауапсыз қалып, уақыт текке жұмсалады. Осындай жағдайлар тек жасөспірімнің өміріне ғана емес, сонымен қатар қоғам сапасына да өзінің кері әсерін тигізеді. Мұндай сәтсіздіктің алдын алып, уақыттың босқа кетуіне жол бермеу үшін кәсіп таңдаушыларға психолог-маманның, кәсіби кеңес беруші мамандар мен мектеп педагогтарының көмегі қажет. Жоғарыда айтылған мәселелердің алдын алып, жасөспірімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырып, дамытуға тікелей себепкер болатын кәсіби бағдарлау іс-шаралары.

     Кәсіби бағдарлау тек тұлғаның белгілі бір кәсіпке бейімділігін, қызығушылықтары мен қабілеттіліктерін көрсетіп қана қоймайды. Кәсіби бағдарлау жұмыстары оқушыға өзін жақсы түсінуіне көмектесетін тұлғалық, индивидуалды-психологиялық ерекшеліктерін, өз мүмкіндіктерін, кәсіби маңызды сапаларын, қажеттіліктерін, өзін дұрыс танып, саналық түрдк кәсіп таңдауына көмегін тигізеді.

Бағыттылық- бұл адамның шындыққа таңдамалы қатынасты өзінше бастан кешіруін, оның әрекетіне әсер етуін сипаттайды.
        
Кәсіби бағдарлану ұғымының қолданыста болғанына 100 жылдан астам уақыт өтті. Бұл ұғым адамның қоғамдағы қажеттіліктерінің өсуіне байланысты пайда болды.  Кәсіби бағдарлау ұғымының пайда болуы біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасырдағы Ежелгі Вавилонда қолданылған адам білімін, қабілеттері мен бейімділіктерін анықтайтын кәсіби диагностикалық тесттермен тікелей байланысты

Бағыттылық тұлға кұрылымында жетекші компонент бола отырып оның барлық құрылымдық мазмұнына әсер етеді: қабілеттер, психикалык процестер, эмоция, сезім. Кәсіби бағыттылықтың арқасында кәсіби оқу үрдісінде тұрақты мотив пен студенттерге сәйкес кабілеттер қалыптасады. Студент тұлғасында кәсіби бағыттылықтың қалыптасуы қажеттіліктер, мотив, құмарлық, жүріс-тұрыс нормасын іштей қайта құрумен, қазіргі маманға қойылатын талаптарды саналы игерумен жүреді. Студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру мынандай тұлғалық сипаттардан тұрады: табандылық, тұрақтылык, адалдық, болашақ мамандығына берілу қайта құрылады.
Кәсіби бағдарлау мақсат, міндеттер мен қызметтері ортақ, өзара байланысатан бірнеше құрылымдардан тұратын тұтас  жүйе (1-сурет):

1-сурет. Кәсіби бағдарлау жүйесінің құрылымдары

 

Ұйымдастырушылық-қызметтік құрылым – оқушыларды саналы түрде кәсіп таңдауға дайындауға жауапты, өзінің қызметтері мен міндеттерін координация қағидары негізінде орындайтын  әртүрлі әлеуметтік институттардың іс-әрекеті.

Логико-мазмұндық құрылым -  оқушыларды кәсіби ағарту жұмыстары, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту, кәсіби кеңес беру, кәсіби іріктеу, әлеуметтік-кәсіби адаптация.

Тұлғалық құрылым – оқушы тұлғасы кәсіби өзін-өзі анықтауының дамуының субъектісі ретінде қарастырылады. Субъекттің шығармашылық әрекеттері, кәсіби әрекетте өзін-өзі көрсету, өзін-өзі жүзеге асыру, бағыттылық, яғни мотивтер жүйесінің тұрақты доминантты түрі, қызығушылықтары, сенімдері, білімдер мен дағдылары меңгеруге деген, әлеуметтік нормалар мен ережелерге, құндылықтарға қатынасы, эстетикалық мәдениетінің дамуы, өзін-өзі саналауының деңгейі, өзі, мүмкіндіктері, қабілеттері жайлы ойлары мен өзін-өзі бағалауы қарастырылады.

Басқарушылық құрылым – кәсіби бағдарлау жүйесінің жағдайы мен құбылыстары жайлы, бағдарламалар мен ұсыныстарды құрастыру, жүзеге асыру процесінің реттелуі туралы  ақпараттарды өңдеу мен жинақтау .

Кәсіби бағдарлау жұмыстарының барлық құрылымдары бір бірімен өзара тығыз байланысты және осы байланыстың нәтижесінде жаңа, интегративті сапаларды қалыптастырады. Кәсіби бағдарлау жүйесі диагностикалық, оқыту, қалыптастыру, дамыту қызметтерін атқарады.

Кәсіби бағдарлаулың мақсаты қоғам тарапынан, қоғам талаптары мен міндеттеріне орай болады. Әлеуметтік педагогтың кәсіби бағдарлау барысындағы басты мақсаты оқушыны саналы түрде кәсіп таңдауға баулу. Оқушыны кәсіби бағдарлаушы маман жоғары міндеттерге сәйкес өз алдына жалпы келесі мақсаттарды қояды: оқушыларды белгілі бір білімдермен қамтамасыз ету, бойында  дағдыларды қалыптастыру, шығармашылық мүмкіндіктер мен қажеттіліктерді ашу, эстетикалық сананы тәрбиелеу, құндылықтарды реттеу және т.б.

Осы қойылған мақсаттар мен міндеттер мектептегі кәсіби бағдарлау жұмысының барлық құрылымдарының жүзеге асуымен орындалады. Тұла кәсіби өзін-өіз анықтау процесінің субъектісі болғандықтан құрылымдардың ішінде тұлғалық құрылымға баса назар аударған жөн.  Кәсіби өзін-өзі анықтау Е.Б. Евладов бойынша әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, дифференциалды-психологиялық компоненттерді қамтитын көпөлшемді процесс. Әлеуметтік мағынада кәсіби өзін-өзі анықтау тұлға дамуына әсер ететін қоғамның тұлғаға қоятын талаптарынан тұрады.

Дифференциалды-психологиялық көзқарас бойынша кәсіби өзін-өзі анықтау кәсіби іс-әрекетте индивидуалды өмір стилінің қалыптасуы барысында көрініс табады.  Бұл жағдайда кәсіби өзін-өзі анықтау уайымдар, мақсаттар,кәсіби әрекеттер мен нақты әлеуметтік жағдайларды түсіну емн қоғамдағы өз орнын білуді қамтитын  индивидуалды кәсіби «Мен» концепциясында қөрініс табады.

Кез келген жағдайда кәсіби өзін-өзі анықтау нақты еңбек әрекетіне, еібек нарығының мобилділігіне қатынасы мен осы нарықта бағдарлана алуын және нарықтағы өзгерістерге бейімделе алу тенденциясын қалыптастырады. Осыдан шығатыны кәсіби өзін-өзі анықтау – тұлғалық өзін-өзі анықтаудың бір бөлшегі екені.

Тұлғалық өзін-өзі анықтау психологиялық құбылыс ретінде жасөспірімдік кезеңде пайда болады. Тұлғалық өзін-өзі анықтаудың негізгі сипаттамасы келесідей:

-         Тұлғалық өзін өзі анықтауға деген қажеттілік өзі және әлем жайлы елестерінің мазмұндық жүйесін қалыптастыруға деген қажеттіліктерден тұрады;

-         Өзін-өзі анықтау болашаққа бағдарланады;

-         Тұлғалық өзін-өзі анықтау кәсіп таңдаумен  байланысты, бірақ оған сәйкес келмейді.

     Л.И.Божович тұлғалық өзін-өзі анықтаудың бір мезетте жүзеге асатын екіжоспарлылығын бөліп көрсетті, бір жағынан болашақ кәсібін анықтау мен өз өмірін жоспарлау болса, екінші жағынан нақты емес өзінің өмір сүруінің мәнін іздеу.

     Тұлағылық өзін-өзі анықтау – жасөспірім тұлғасының өз болашақ кәсібін жеке өзі саналы түрде, дербес, таңдай алу жағдайын жету. Эффективті кәсіби өзін-өзі анықтау – жасөспірімнің тұлғалық дамуының жоғары сатысында, жасөспірім өзіне, өз «Меніне» өз өмірінің субъектісі ретінде қатынас жасап, өзі таңдау жасай алатын деңгейде мүмкін болады.

     Кәсіби бағдарлау жұмыстары мен жасөспірімдердің кәсіби бағытталуы қоғамдағы кадрлардың сұранысына, өзгерістерге байланысты жүреді. Жасөспірімдер кәсіби бағытталу барысында тек субъективті факторлар әсеріне ғана түспейді, яғни олар тек өздерінің жеке қызығушылықтары мен ерекшеліктеріне ғана сүйенбейді, сонымен қатар объективті факторлардың да әсеріне түседі, қоршаған орта, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық жағдай және т.б. жағдайларды ескере отырып кәсіп таңдайды. Жасөпірімдердің кәсіби бағытталуы дұрыс жүруі үшін кәсіби бағдарлау жұмыстарының  сапалы және эффективтілігі жоғары болуы қажет.

     Қазіргі кезде кәсіби бағдарлау жұмыстарының жүйесі келесі бағыттағы әрекеттер тізімінен тұрады:

1.     Кәсіби ағарту, ол кәсіби ақпараттандыру, кәсіби пропаганда, кәсіби үгіттеуден тұрады;

2.     Тұлғаның белгілі бір кәсіп түріне қызығушылықтарын, қабілеттері мен бейімділіктерін көрсететін алдын ала кәсіби диагностикалау;

3.     Кәсіби кеңес беруші мамандар тарапынан кәсіп таңдауда индивидуалды көмек көрсетуге бағытталған кәсіби кеңес беру жұмыстары;

4.     Белгілі бір кәсіп түріне қабілеттілігі жоғары тұлғаларды таңдп алуға негізделген кәсіби іріктеу жұмыстары;

5.     Әлеуметтік-кәсіби адаптация;

6.     Қатысушыларда жауапкершілікті, кәсіби сапалар мен мақтаныш сезімін қалыптастыру мақсатындағы кәсіби тәрбие беру.

        Кәсіби бағдарлау жұмыстарының ұзақ жылға дамуы барысында түрлі бағыттағы  әдістері мен формалары жасалған: кәсіптер жайлы әңгімелер, әңгімелесу, экскурсия, пікірталастар және т.б.

       Сонымен кәсіби бағыттылық ұғымы кәсіби бағдарлау, кәсіби өзін-өзі анықтау, тұлғалық өзін-өзі анықтау ұғымарымен тығыз байланыста. Бұл ұғымдарды бірінсіз бірін қарастыру алмаймыз. Жалпы жасөспірімдердің кәсіби бағыттылығы оларды кәсіби бағдарла жұмыстарына, олардың кәсіби және тұлғалық өзін-өзі анықтауларына байланысты болады.

 

Әдебиеттер:

1. Түрікпенұлы Ж. Кәсіптік бағдар, Алматы 1995

2. Нұрғалиева Г.К. Психолого-педагогические основы ценностного ориентирование личности//Док.диссертации наук, Алматы 1993.

3. Ростунов А. А. Психология профессионализма – М. : Международный гуманитарный фонд «Знание», 2006. – 265 с. 

4. Ковалев В. И. Психологический практикум 24. Содержание процесса культурной идентификации как новый тип образовательной подготовки личности педагога в вузе //Новые образовательные технологии обучения в вузе: Межвуз. сб. науч. тр./ ВолГТУ.- Волгоград, 1998.- Вып. 4. Ч. 2.