ЖЕР ПАЙДАЛАНУШЫЛЫҚТАРДЫҢ МЕЖЕЛЕРІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӘНЕ ТҮСІРУ

 

Ахметов Е.С., Сарбасова Г.А., Дубурбаева Г.А.

 

М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті

 

Жер пайдаланушылықтардың межелері шаруашылықаралық жерге орналастыруды жүргізу процесінде кұрылып, белгіленген тәртіп бойынша рәсімделеді және жерді тиімді пайдалану үшін қажетті территориялық, жағдай жасауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жер пайдаланушылықтың кұқығын корғау үшін қолданылады. Бұл межелердің жер пайдаланушылықты қалыптастыру үшін маңызы зор. Сондықтан жерге орналастыру планы мазмұнының міндетті түрдегі элементі болып табылады.

Уақыт өткен сайын кейбір межелік белгілер жер бетінен жоғалады, сол себепті оларды жаңа планға (картаға) көшіру мақсатында немесе жер пайдаланушылықтар арасында жер туралы келіспеушілік болған жағдайда жер пайдаланушылықтың межелері қалпына келтіріледі. Геодезиялық құралдармен межелерді қалпына келтіру, олар жөніндегі геодезиялық мәліметтер межелік белгілер, горизонтальдық бұрыштар   және   белгілердің   арасының   ара   қашықтығы координат түрінде болған жағдайда ғана мумкін.

Жер бетінде сақталған немесе жоғалған межелік белгілерді санына және орналасуына, геодезиялық ақпараттардың дәлдігіне, жердің топографиялық жағдайына байланысты қайтадан қалпына келтіру мынадай әдістермен жүргізіледі:

-      бұрыш өлшеу;

-      сызықтық. өлшеулер;

-      жоғалған белгінің жер бетіндегі қандай да бір белгісін тану (дешифрлеу) арқылы аныктау.

Бұрыш өлшеу әдісі бойынша жоғалған межелік белгіні қалпына келтіру үшін, теодолит немесе өлшеуіш прибор қолданылады. Ол үшін межелер бойынша қажетті бұрыштық жене сызықтық, шамалар координаталар ведомосінен немесе жер пайдаланушылықтың планынан алынады. Жұмыс істеу үшін далада межелердің сызбасы дайындалады. Бұл сызбада бұрыштар және меженің жоғалған бөлігі бойынша сызықтар және оларға келіп тірелетін жер бетінде сақталған межелік белгілердің сызықтары жазылады.

Жеке межелік белгілерді қалпына келтіру үшін полярлық (1-сурет) әдісі немесе бұрыштық кертпе әдісі қолданылады.

Бұл әдісте жоғалған С нүктесін анықтау үшін сақталған межелік белгі В бұрыш β және В белгісінен жер бетіне салынған  S ара қашықтығын салу болып табылады.

 

 

 

 

 

 

1-сурет

Геодезиялық материалдарға байланысты β бұрышын және S ара қашықтығын координаталар ведомосінен алуға болады немесе межелік белгілердің аналитикалық координаталары бойынша мына формуламен анықталады:

                       (1)

 

      (2)

Жоғалған межелік С белгісінің тұрған орнының дәлдігін анықтау бұрышының және S ара қашықтығының дәл анықталуына байланысты.

Бұрыштық кертпе әдісі (2-сурет). Бұл әдісті жер бетінде сақталған В, Д межелік белгілері мен жоғалған С белгісі арасын өлшеуге қиын жағдайларда қолданылады.


2-сурет

Қажетті β1 жене β2 бұрыштарын координаталар ведомосінен алуға болады немесе (1) формула бойынша есептейді. Жер бетінде В белгісінде теодолитті орнатып А белгісі бағытынан β бұрышын саламыз. Алынған бағыт бойынша С белгісінің орналасқан аумағынан с1 жене с2 нуктелері белгіленіп қада қойылады. Сол сияқты с3 және с4 нуктелері табылады. Содан соң және с3 с4 нүктелерінің арасынын қиылысқан жерінде межелік С белгісі орнатылады.

Геодезиялық мәліметтері бар жабық жерлердегі межелік белгілерді қалпына келтіру кезінде ағаштарды кесіп, натурада теодолиттік жолды жургізу үшін көп уакыт кетеді. Мұндай жағдайларда С және Д нүктелеріндегі межелік белгілерді қалпына келтіру мәселесін басқаша шешуге болады.

 

 

3-сурет

В және Е нүктелерінің координаталары бойынша кері геодезиялық есепті шешіп, ВЕ сызығының бағыты жене ұзындығы есептеледі (3-сурет). Содан соң ВЕ сызығының және межелік сызықтың дирекциялық, бұрыштары бойынша φ=(ВА) - (ВЕ),  α =(ВЕ)-(ВС), β = (ВЕ)-(СД), γ =(ЕД) - (ЕВ) бұрыштары есептеледі; сосын ВЕ сызығы бойынша Вс= ВСсоsα, сd=СД соsβ, dЕ =ДЕсоsγ өлшеулері және ұзындығы Сс=(ВСsinα, Дd) =Сс+СД sinС және Д нүктелеріне перпендикулярлар есептеледі. Есептелген мәліметтер сызбаға жазылады. Осыған сейкес жер бетінде В нүктесінде φ бұрышы салынып, ВЕ сызығы жүргізіледі. Оның бойынан Вс өлшеніп с нүктесі салынады осы нуктеден сС перпендикуляры өлшеніп С нүктесіндегі белгі қалпына келтірледі. Д нүктесіндегі белгінің тұрған орны Вd сызығын және dД перпендикулярын өлшеу арқылы табылады.

Егер ВЕ сызығы бойын тікелей өлшеуге мүмкіндік болмаса немесе сол жердегі кедергілер қиындық тудырса, онда бір (екі) қосымша О нүктесі арқылы В және Е нүктелерінің арасынан көмекші теодолиттік жүріс жасаған тиімді (4-сурет). Содан соң Q және С,Q және Д нуктелерінің координаталары бойынша кері геодезиялык есепті шешіп, (ОС), (ОД)-ның дирекциялық бұрыштары мен ОС және ОД-ның горизонтальдық салудан содан кейін С және Д нүктелерінде жасалған белгілерді қалпына келтіру үшін, оларды жер бетінде салуға қажетті λ = (QС) - (ОВ) және δ = (QД) - (QВ) бұрыштары есептеледі.

 


4-сурет.

Жер пайдаланушылықтардың межелерін қалпына келтіру көршілес жер пайдаланушылықтардың өкілдерінің қатысуымен жасалып, геодезиялық негізделген пункттерге пайдалану үшін, ол белгілердің тұрған орны ұзақ уақыт сақталуы тиіс.

 

 

Әдебиеттер

1.     Технические указания по установлению и восстановлению границ землепользований. – М., Недра, 1983 г.

2.      «Геодезические работы при землеустройстве», Маслов А.В., Юнусов А.Г., Горохов Г.И. – М.: Недра, 1990 г.