ӘОЖ
59(07)
Магистрант
Б.А.Оразалиев, а.ш.ғ.д. И.А.Тәутенов,
т.ғ.д., доцент
С.З.Рахатов, а.ш.ғ.к. М.Қ.Ділімбетов
Қорқыт ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университеті, Қазақстан
Арал
өңірі жайылымдық жерлерінде мал азығы дақылдарын
өсіру технологияларын зерттеу
ҚР
Қызылорда обылысының жалпы жер көлемі 248 млн. кв.км.
кұрайды. Облыста егін шаруашылығымен қоса мал
шаруашылығы қатар дамығын. Жайылымдық жер көлемі
5млн. га-дан астам жерді қамтиды. 1995 жылдан бері қарай жайылымдық
жерлердің ауданы өсу үстінде. Себебі, күріш инженерлік
тегістелген жерлер 80-90 мың. га пайдаланылмай, істен шықты
және шаруашылықтар тиесілі жерлерін тиімді игере алмауда.
Бірақ мал шаруашылығының жем-шөппен қамтамасыз
етілуі төмен. Елімізде мал шаруашылығы өндірісі Президент
Н.Ә.Назарбаев жолдауына сәйкес интенсивті түрде асыл
тұқымды малдарды пайдалана отырып, дамыту өз
дәрежесінде жүріп жатыр.
Сондықтанда оларды сапалы, қоректік қасиеті
жоғары, дәруменділігі бар мал азықтық дақылдар
және жем-шөппен қамтамасыз ету өзекті мәселе
болып табылады. Жайылымдық жерлерде арамшөптер көп
өсуіне байланысты, ол жерлерге мал шаруашылығы өндірісіне
қажетті дақылдар егудің қажеттілігі көп
уақыттан бері айтылып келеді және мал басын, оның ет
және сүт өнімділігін жоғарылатуға байланысты
жұмыстар баршылық [1,2].
Бірақ Арал
өңірінің жайылымдық жерлерінде мал азықтық
дақылдарын егіп өсіру үшін заманауи инновациялық –
интенсивтік технологияларды пайдалану қажет.
Көптеген
ғылыми зерттеулер мен әдебиеттерде Арал өңіріндегі жайылымдық
жерлерде өсетін және өсірілуге қажет дақылдар
толығымен зерттелмеген. Мысал үшін, мал шаруашылығы
өндірісіне қажетті жусан, жантақ және ешкі-қойлар
үшін өте қажетті шеңгел мен жыңғыл
тәріздес қатты сүйекті өсімдіктердің
морфологиялық және физиологиялық қасиеттері
толығымен зерттелмеген. Оның үстіне Арал өңірінде
өсетін ақбас, болатжапырақ, итсигек және т.б. емдік
қасиеті болғанымен, мал жемейтін арамшөптер туралы
мәліметтер жоқтың қасы. Сол себепті бұлардан
басқа изен, теріскен, күйреуік және т.б. мал
азықтық дақылдардың физика-механикалық
қасиеттері келтірілген.
Изен
Изен (Kohia
prostratell schrad) қуаңшылыққа, суыққа
төзімді көп жылдық өсімдік . Биіктігі 30-40 см, ал
тамыры өте тереңге кетеді (2 м). Қазіргі уақытта изен
шөбінің азықтық қасиеті жоғары
болғандықтан, оның тұқымын өндіру
үшін әдейі шарушылықтар құрылған. Изенді
күз бен қыста қой, ешкі, түйе сүйсініп жейді.
Егіп өсірген кезде гектарына 10 ц пішен, 20 ц жайылым шөбін береді.
Табиғи күйінде қуаң далалық, шөлейт,
шөл аймақтарда және тау етегінің
құм-құмдақ, қызыл-қоңыр
құмайт, сортаң жерлерде өседі, өмірінің
ұзақтығы 10 жыл. Жайылымда қой оны қысы жазы жей береді. Изеннің протеиндік
құндылығы еркек шөптен жоғары. Орта есеппен 100
кг изенде 26 азық өлшемі мен 4,2 кг қорытылған протеин
болады.
Теріскен (Kraschtninnikivia ceraloides)
Теріскен
(Kraschtninnikivia ceraloides) көп жерлдерде табиғи жағдайда
кездесетін көпжылдық жартылай бұталы өсімдік. Биіктігі
70-110 см. Көбінесе құмды жерлерде өседі. Жайылымдарда,
әсірісе күзде және қыс қарсаңында
теріскенді қой өте сүйсініп жейді.
Теріскен
өзінің құрғақшылыққа
төзімділігімен ерекшеленеді, тамыры 3м тереңдікке дейін енеді.
Құрғақ кезінде 100 кг-да 47,4 азық өлшем,
3,3 кг қорытылатын протеин болады. Әрбір гектарының
шөп өнімділігі 4,9-7,8 ц аралығында.
Күйреуік
Күйреуік
қой мен түйе үшін күз және қыс айларында
пайдаланылатын құнды азық шөбі. Оның
құрғақ 100 кг-да күзде 44, қыста 35 кг
азық өлшемі болады, бір гектардан 4,6-8,9 ц
құрғақ жайылым шөбі алынады.
Еркекшөп
Еркекшөп
(Adropyrum)- далалық құрғақшылықты
аудандарда таза күйінде
және жоңышқа, эспарцетпен қосылып егілетін
малазықтық дақыл. Оны барлық малдар сүйсініп
жейді, әсіресе жылқы мен ірі қара. Еркекшөптің
орғаннан кейін тез және жақсы кебуі, пішенінде протеин мен
каротиннің жақсы сақталуына септігін тигізеді.
Еркекшөп
пішенінде 5,1- 7,9% пртеин, 1,1-2,9 май, 15,4-35,4 –жасунық,
18,2-35,4-АЭЗ, 2,6-7,0% күл болады. 100 кг пішенінде 25,5-49,8
малазықтық өлшем, 3,3-6,9 кг қорытылатын пртеин болса, масақтану кезіндегі көк
балаусасында 20,4-22,7 кг
малазықтық өлшем мен 3,6-4,1 кг қорытылатын протеин
бар.
Өсірілетін
аумақтары мен ауа райы жағдайларына байланысты пішен өнімі
гектарына 10-нан 15ц дейін, тұқым өнімі – 1,5-3,5 ц.
Еркекшөп
(Agropyrum) – Қоңырбас тұқымдасына жататын орта бойлы,
бос түпті көпжылыдық астық шөпті дақыл.
Қазақстанда кең таралған түрлері –үлкен
масақты және құм еркекшөптері.
Еркекшөптің Қазақстанда аудандастырылған срттары:
Актюбинский узкоколосый, ширококолосый
местный, Карабалыкский 202, Таукумский гибридный, Батыр.
Беде
Беде-
құнды малазықтық дақыл. Гүлденгенге дейінгі
көк балаусасында 16,8% протеин, 4% май, 100 кг-да 21
малазықтық өлшем, ал пішенінде 15,2% протеин, 3,1% май, 51,7 малазықтық өлшем
болады. Өсімдік құрамы
кальций, калий, фосфор элементтерінен басқа дәрумендерге де
өте бай. Беде
топырақтың органикалық заттар мен азотын көбейтеді,
құрылысы мен құрылымын едәуір жақсартады,
сонымен бірге ол күздік және жаздық бидай, күздік
қара бидай және басқада көптеген дақылдарға
жақсы алғы дақыл. Екі жыл өсіріп пайдаланғанда 1 га жерге 100-150 кг
азоты бар 60-90 ц тамыр және аңыз қалдықтарын
қалдырады.
Беде елімізде
Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарында өсіріледі.
Құнарлы топырақтар мен жоғары агрофонда беденің 1
гектардағы көк шөп өнімі 400 ц дейін, пішені -60-100 ц, ал тұқымы 3ц
және одан да жоғары.
Қазақстанда
өсірілетін қызыл беде кіндік тамырлы, сабақтарының
биіктігі 60-70 см, дәнінің түсі сары, өте
ұсақ. Бір орымды беде-
күздік типті өсімдік, оңтүстік беделерімен
салыстырғанда қысқа және суыққа
төзімділігі жоғары. Екі орымды беде жаздық типті
өсімдікке жатады. Оның суыққа төзімділігі нашар.
Ылғалды көп қажет етпейді, ыстыққа
төзімділігі жоғары.
Бетеге
Бетеге-малазықтық
астық шөптерінің бірі. Бірқалыпты
ылғалдылықты аймақтарда оны танаптық ауыспалы егістерде
таза күйінде және жоңышқа, беде, эспарцеттермен
қоспа түрінде де егеді. Гүлдер алдында дайындалатын пішенінде
11% протеин, 44-АЭЗ мен 31% жасунық және оның 100 кг-да 45
малазық өлщемі бар. Жақсы агротехникада пішен өнімі
гектарына 40-50 ц, тұқым -2-5 ц.
Субетеге немесе
шалғындық бетеге (Festuca pratensis Huds)-Қоңырбас
тұқымдасына (Poaceae) жататын бос түпті, биік
көпжылдық астықты шөп.
Бетеге өсіп
жетілу сипаты бойынша күздік типтегі өсімдікке жатады.
Шалғындық бетеге атқонаққа қарағанда
ылғалды көп қажет етпейді, бірақ
құрғақшылықты да көтере алмайды.
Аязға төзімді және ұзақ өмір сүреді
(8-10 жыл).
Елімізде су
бетегенің Каргалинская және Пензенская 1 сорттарын Алматы
және Оңтүстік Қазақстан облыстарында
өсіреді.

1- сурет Мал азықтық дақылдарының
1 м2 саны мен
өнімділігі, ц/га.
1-изен; 2-теріскен;3-күйреуік; 4-еркекшөп;
5-беде
Суретте изен,
теріскен және күйреуіктің 1 шаршы метрдегі саны мен
көкбалауса және құрғақ кезіндегі
өнімділіктері берілген. Онда теріскен дақылынан
көрсеткіштерінің басымдылығы көрсетілген. Зерттеулерге
талдау жасау барысында аталған дақылдарды орташа есеппен протеин
73,8%; БЭВ-67%; май 40,7%; клечатка 39,4% болатыны анықталды. Мал
өнімдерін өндіруге аталғын азықтар 100кг-да 6,9 кг
протеин, 42 мал азықтық өлшем болады/3/. Басқада
ғылыми зерттеулерде мал азығы дақылдарын аралас себу
тәсілдері қолданып, өсіргенде олардың
өнімділігі мен қоректік
көрсеткіштері жоғары болатындығы анықталған.
Мысалы, изен+теріскен, изен+күйреуік, күйреуік+теріскен немесе
үшеуінің қосындысы. Бұл жағдайда көк
балауса өнімділігі орташа есеппен 1,8 ц/га немесе 15....15,8%
артқан. Сондықтан бұлардан басқа дақылдарды егу,
аралас себу, сол жағдайда әр дақылдың пайыздық
құрамы мен егу-өсіру технологиясын және агротехникалық
мерзімін негіздеу өзекті мәселе болып табылады.
1-кестеде Арал
өңірі жайылымдық жерлерінде аталған мал азығы
дақылдарын егіп-өсіру технологиясы ұсынылған.
Алғашқы варианты дақылдарды өнімділік жоғары,
шығын аз болуына байланысты аралас егу жағдайында берілді.
Жайылымдылық жерлерде мал азығы
дақылдарын егу-өсіру технологиясы .
Дақылдар
Себу нормасы
1) Изен
4-5 кг/га
2) Теріскен
4,5-8 кг/га
3) Күйреуік 5-7
кг/га
4) Беде және
бедеге 6-9кг/га
|
№ |
Жұмыс аты |
Орындалу мерзімі |
Ұзақтығы, күн |
Агротехникалық талаптар |
|
1 |
Жер жырту |
20.10-20.11 |
30 |
Жырту тереңдігі
20-25см,ауытқуы ±5% |
|
2 |
Тісті тырмалау |
25.10-20.11 |
25 |
Өңдеу
тереңдігі 8-10см, ауытқуы ±5% |
|
3 |
Тұқым себу |
25.10-20.11 |
25 |
Себу тереңдігі
1-1,5см, ауытқуы ±5% |
|
4 |
Нығыздау |
25.10-20.11 |
25 |
Еңістігі ±10-15° |
Әдебиеттер
1) К.Б. Бегалиев,
Искакова Ф.О. (Қорқыт Ата атындағы ҚМУ). Арал өңірінде шабындықтар мен
жайылымдықтардағы жем-шөп қорларын арттыру шаралары.
2) Абдраимов С.,
Сүргенбаев К., Абдраимов Ж. Создание сортов пастбищных растений для
развития аридного кормопроизводства в пустынной зоне юга Казахстана. Материалы
международной научно-практической конференции “ Научное обеспечение
развития агропромышленного комплекса стран таможенного союза. 8-9 апреля 2010г,
Астана стр 9-13.
3) Абдраимов Ж. С.
Агробиологические основы создания сеяных пастбищ в условиях пустынь юга
Казахстана.
4) Қызылорда
облысы бойынша 2010-2015 жж статистикалық көрсеткіштер.
Қызылорда, 20- бет.
Қорытынды
1) Арал
өңірінің табиғи-климаттық және
өндірістік-экологиялық ерекшеліктерін анықтау.
2) Жайылымдық
жерлердің құнарлығын арттыру, ұтымды пайдалану
үшін арамшөптер орташа аз қажет ететін, суық пен
ыстыққа төзімді мал азықтық дақылдарды
егіп, олардың тиімділігін зерттеу.
3) Арал
өңірінің мал өнімін өндіру және
перспективаның дамуын есептей отыра, мал жайылымдық
жерлерінің көлемін анықтау және
ғылыми-практикалық ұсыныстар берілді.
Резюме
1)
Определение природно-климатических и производственно-экологических
особенности Приаралья.
2)
Для повышения плодородия и оптимального использования
пастбищ целесообразно вместо сорных растении сеять и иследовать эффективность,
холодо и жаростойких растении для животноводство.
3)
С учетом производство и перспективного развития продукции
живитноводство в Приаралье определить потребность площади пастбищ и составить
научно-практические рекомендации.