РАУШАНГҮЛДІЛЕР ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ НЕГІЗГІ ТУЫСТАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІНЕ СИПАТТАМА

 

Қарабаева А.А.,  Мурсатова А.Ж.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

Тасболат Ә. , Наметова Ж.. Био-212-3,5 тобының студенттері.

 

  Раушангүлділер тұқымдасы (Rosaceae) туыстық және түрлік құрамы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының флорасындағы ең ірі тұқымдастардың бірі болып табылады. Раушангүлділер тұқымдасының туыстық және түрлік құрамы Оңтүстік Қазақстан облысының территориясында айтарлықтай әр түрлілігімен сипатталған.

Раушангүлділер (Rosaceae) тұқымдасының құрамына кіретін жетекші туыстарға: қазтабан (Potentilla) – 10 түр (барлық флораның 15,15%), 4 түрден (6,06%) кіретін шие (Cerásus), алма (Malus), тобылғы (Spiraea), ирга (Amelanchier Medik.) кіреді.

Тұқымдастың бұл туыстары берілген тұқымдасқа жататын барлық флораның 26 түрін немесе 39,39%-ын құрайды

Қазтабан (Potentilla) туысы 10 түрмен сипатталған: ашалы (P.bifurca), жоңғар (P. soongorica), кәдімгі (P. anserine), шырмауық (P. procumbeus), аласа (P. supine), түзу, немесе калган (P. erecta), жатаған  (P. supine), сұрғылт (P. callistephus), күміс (P. argentea), орташа (Potentilla medium).

          Алма туысының құрамына 4 түр енеді: кәдімгі алма (M. domestica), Сиверс алмасы (M. sieversii), орман алмасы (M. sylvestris) және сібір алмасы (M. sibirica). Алма туысына кіретін кәдімгі алма (M. domestica Borkh) және орман алмасы (M. domestica Borkh) түрлері дәрілік өсімдіктер болып табылады.

4 түрден тұратын туыстар: Тобылғы (Spiraea), шие (Cerasus), ирга (Amelanchier), таңқурай (Rubus L.) болады. Шетен (Sorbus), итмұрын (Rosa), долана (Crataegus), алмұрт (Pyrus), бадам (Amygdalus) және мойыл (Padus) туыстары жабайы болып табылады. 4 туыс құрамына 3 түрден енеді: долана (Crataegus L.), бүлдірген (Fragaria L.), жұлдызгүл (Filipendula Adans), тікенгүл  (Agrimonia L.). 4 туыс құрамына 2 түрден (3,08 %) енеді: гравилат (Geum L.), бадам (Amygdalus L.), шетен (Sorbus L.), раушан (Rosa L.).

6 туыс құрамына тек 1 түрден енеді, мысалы, Арония (Aronia), өрік (Armeniaca Mill), шелна (Sangiuisorba L.), теңгежапырақ (Alchemiilla L.), мажыра (Comarum L.), ырғай (Cotoneaster Madik.). Берілген тұқымдастың туыстарына зерттеу жүргізген кезде, раушангүлділердің жетекші туыстары 1 суретте көрсетілген.

 

 

1 сурет Раушангүлділер тұқымдасының (Rosaceae)  жетекші

туыстарына жататын өсімдіктер

 

Бұл кестеде көрсетіліп тұрғандай, кафедраның кеппешөп қорындағы раушангүлділерге (Rosaceae) жататын  күміс қазтабан (Рotentilla argentea L.) – (179 дана), орман бүлдіргені (Fragaria vesca L.) – (133 дана), шегіршін жұлдызгүл (Filipendula ulmaria (L.) Maxim.) – (124 дана) және қой бүлдірген (Rubus saxatilis L.) – (104 дана) облыс аумағында кең таралған.

          Кең тараған өсімдіктерге қоңыр раушан (Rosa cinnamomea L.) 89 дана, жасыл бүлдірген  (Fragaria viridis Duch.) – 78 дана, айыр  қазтабан (Potentilla bifurca L.) – 55 дана, түзу қазтабан (Potentilla erecta (L.) Hampe) – 56 дана жатады.

Оншақты кеппешөп парақтан тұратын кәдімгі өрік (Armeniaca vulgaris Mill.), кәдімгі шие (Ceraus vulgaris Mill), батпақ мажыра (Comarum palustre L.), кәдімгі өрік (Armeniaca vulgaris Mill.), кәдімгі мойыл (Prunus padus), Крената тобылғы (Spiraea crenata L.), қара жеміс ырғай (Cotoneaster melanocarpa Lodd.) түрлері бар. Осымен қоса тек 1-2  кеппешөп парақтан тұратын қаражеміс шетен  (Aronia melanocarpa Michx. Elliott), Алтай доланасы  (Crataegus altaica Bge.), Виргин бүлдіргені (Fragaria virginiana Mill.), нағыз жұлдызгүл (Filipendula vulgare), алша (Prunus avium (L.) Moench) т.б. түрлер де бар.

        Тұқымдас құрамындағы туыстар ішіндегі ең үлкені 17 түрден тұратын (Қазақстан анықтамасы бойынша 1т.) қазтабан (Potentilla) туысы.

  Үлкендігі бойынша екінші итмұрын туысы – 4 түр. Итмұрын – орман, орман бөктерлерінде, тоғай құра өсетін кәдімгі түрі (2 сурет).

Қазтабан (Potentilla) – раушангүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Бір-екі жылдығы өте сирек кездеседі. Солтүстік Қазақстанның орман-тоғай шетінде, далалы жерлер мен шалғындықта, су жағасында өсетін (тек шөлді жерде өспейді) 48 түрі бар.

 

2 сурет Тұқымдас туыстарының сандық құрамы

 

Олардың биіктігі – 3-70 см. Тамыры жуан, тамырсабағы түйнек тәрізді болады. Сабақтары тік, кейбір түрлерінде төселмелі келеді. Жапырақтары үшқұлақты, саусақ салалы, қауырсын тәрізді күрделі. Ақ, сары, қызыл гүлдері қалқанша - сыпыртқы гүлшоғырын құрайды, кей түрлерінде жеке орналасады. Көктемнен қоңыр күзге дейін гүлдейді. Жемісі - құрғақ келген, көп жаңғақша. Қазтабанның шөбінде, әсіресе түйнек тәрізді тамырсабағында илік заттар мол,балауыз, крахмал, қына қышқылы бар.

Түзу қазтабан (Potentilla erecta (L.) Hampe) раушангүлдер тұқымдасы қазтабан туысына жататын шөп тектес, көп жылдық өсімдік. Оңтүстік Қазақстан облысының ормандардың ішіндегі алаңдарда, ылғалды және құрғақ шабындықтарда, бұталардың арасында өседі. Өсімдіктің құрамында илік заттар, крахмал, алма қышқылы, шайыр, камедь, эфир майлары, қант бар.

Күміс қазтабан (Potentilla argentea) – раушангүлділер тұқымдасы қазтабан туысына жататын шөп тектес, көп жылдық өсімдік.  Өсімдіктің құрамында илік заттар,  шайыр, камедь, эфир майлары, липидтер бар. Тамырсабағын, жапырағын дәрілік зат ретінде пайдаланады. Өсімдік қан тоқтарқыш, бактерицидтік, асқынуға қарсы қасиеттерге ие. Қайнатпасын немесе тұнбасын дизентерия, жара түйремелерінде, бүйрек қабынған кезде пайдаланады.

Ашалы қазтабан (Potentilla bifurca L.) – биіктігі 8-20 см болатын жатаған сабағы көпжылдық шөптесін өсімдік. Медицинада тыныштандыратын, бактерицидтік, қан тоқтатқыш зат ретінде пайдаланылады. Шөбінің тұнбасын тыныс алу мүшелері ауруларында, іш өткенде қолданады.

Кәдімгі қазтабан (Potentilla anserina) . Өсімдіктің құрамында илік заттар,  шайыр, липидтер бар. Дәрілік өсімдік ретінде қолданылады. Өсімдіктің тұнбасы және қайнатпасы қаг тоқтатқыш, антисептикалық, несепайдаушы қасиеттерге ие.

Раушангүлділер тұқымдасы өсімдіктер құрамына 24 туысқа кіретін 66 түр  жатады.

Раушангүлділер (Rosaceae) тұқымдасының құрамына кіретін жетекші туыстарға: қазтабан (Potentilla)- 10 түр (барлық флораның 15,15%), 4 түрден (6,06%) кіретін шие (Cerásus), алма (Malus), тобылғы (Spiraea), ирга (Amelanchier Medik.) кіреді.

Тұқымдастың бұл туыстары берілген тұқымдасқа жататын барлық флораның 26 түрін немесе 39,39%-ын құрайды. Қазтабан (Potentilla) туысы 10 түрмен сипатталған: ашалы (P.bifurca), жоңғар (P. soongorica), кәдімгі (P. anserine), шырмауық (P. procumbeus), аласа (P. supine), түзу, немесе калган (P. erecta), жатаған  (P. supine), сұрғылт (P. callistephus), күміс (P. argentea), орташа (Potentilla medium).

  Алма туысының құрамына 4 түр енеді: кәдімгі алма (M. domestica), Сиверс алмасы (M. sieversii), орман алмасы (M. sylvestris) және сібір алмасы (M. sibirica). Алма туысына кіретін кәдімгі алма (M. domestica Borkh) және орман алмасы (M. domestica Borkh) түрлері дәрілік өсімдіктер болып табылады.

4 түрден тұратын туыстар: Тобылғы (Spiraea), шие (Cerasus), ирга (Amelanchier), таңқурай (Rubus L.)  болады. Шетен (Sorbus), итмұрын (Rosa), долана (Crataegus), алмұрт (Pyrus), бадам (Amygdalus) және мойыл (Padus) туыстары жабайы болып табылады. 4 туыс құрамына 3 түрден енеді: долана (Crataegus L.), бүлдірген (Fragaria L.), жұлдызгүл (Filipendula Adans), тікенгүл  (Agrimonia L.).

Жиналған кеппешөп даналарының саны бойынша едәуір үлкен туысқа жататындар: күміс қазтабан (Рotentilla argentea L.) – (179 дана), орман бүлдіргені (Fragaria vesca L.)- (133 дана), шегіршін жұлдызгүл (Filipendula ulmaria (L.) Maxim.) – (124 дана) және қой бүлдірген (Rubus saxatilis L.) – (104 дана) облыс аумағында кең таралған.

  Кең тараған өсімдіктерге қоңыр раушан (Rosa cinnamomea L.) 89 дана, Жасыл бүлдірген  (Fragaria viridis Duch.) 78 дана, айыр  қазтабан (Potentilla bifurca L.) 55 дана, түзу қазтабан (Potentilla erecta (L.) Hampe) 56 дана жатады.

Зерттеліп отырған тұқымдасқа жататын өсімдіктердің көп бөлігі – 48 түр шалғындық биотобына жатады. Бұны көптеген өсімдіктер жылу сүйгіш және жарық сүйгіш, әрі ашық жерлерді таралып өсетіндіктерімен дәлелдеуге болады. 26 түр ормандарда, ал 14 түр орман жиегінде өседі. Аз бөлігі 14 түр – өзен жағалауларында, ал 9 түр көл жағалауларында өседі. Көл жағалауларында өсетін түрлердің аз болуы тұқымдастың өсімдіктері әртүрлі ксероморфтық қасиеттері мен негізінен ылғал аз жерде таралғандығынан болуы мүмкін.

Өсімдіктердің бір қатары әртүрлі биотоптарда кең таралып өседі. Оларға шегіршін жұлдызгүл (Filipendula ulmaria (L.) Maxim), қоңыр раушан (Rosa cinnamomea L.), өзен гравилаты (Geum rivale L.), алқызыл долана (Crataegus sanguine Pall.).

Біз раушангүлділер  тұқымдасының (Rosaceae) гүлдеу ерекшеліктерін зерттеп, келесідей нәтижелер алдық: көптеген өкілдері ерте гүлдеушілер қатарына жатқызыладын, яғги сәуір мен мамыр аралығында гүлдейді. Ерте гүлдейтін өсімдіктерге 13 туыс жатқызылады: шетен (Sorbus), тобылғы (Spiraea), долана (Crataegus), шие (Cerasus), алма (Malus), алмұрт (Pyrus), ирга (Amelanchier) және т.б

Маусым-тамыз айлары аралығында мынадай шөптесін өсімдіктер гүлдейді: қала гравилаты (Geum urbanum L.), дәрі шелна (Sangiuisorba officinalis L.), алтыкүлте жұлдызгүл (Filipendula hexapetala), айыр  қазтабан (Potentilla bifurca L.), кәдімгі қазтабан (Potentilla anserine L.), шырмауық  қазтабан (Potentilla procumbeus Sibth), аласа қазтабан (Potentilla supine L.), кәдімгі теңгежапырақ (Alchemiilla vulgaris), кәдімгі тікенгүл (Agrimonia eupatoria).

Раушангүлділер тұқымдасының (Rosaceae)  шөптесін өсімдіктерінің 25  түрінің формаларының спектрі зерттелді. Негізінен басым бөлігі көп жылдық шөптесін өсімдіктер екен. Кей өсімдіктер мысалы аласа қазтабан (Potentilla supine L.) біржылдық та, көпжылдық та бола алады.

Қалыптасқан тіршілік формасының жіктелуі Оңтүстік Қазақстан облысының далалық және орманды-дала аймақтарына тән екендігін көрсетеді. Осылардың ішінен басты орындағысы шөптесін поликарпиктер. Флористикалық алуан түрліліктің азаюы, түр және туыс құрамының өзгеруі, құрылымы мен географиялық өсімділігінің өзгерісі, антропогенді әрекет нәтижесімен және көптеген өсімді қауымдастықтарының экологиялық тіршілік ету шарттарының өзгеруінен болып отыр.

Қолданылған  әдебиеттер тізімі

1)        Әметов Ә. Ә. Ботаника. – Алматы: Дәуір, 2005. – 360-369 б.

2)        Яковлев Г.П. Ботаника. М.: СпецЛит, 2008. 687 с.

3)        Тимонина А.К. Ботаника: В 4т.: Т.4. Кн.1. Систематика высших растений. М.: Academia, 2009. 330 с.

4)        Белякова Г.А., Дьяков Ю.Т., Тарасов К.Л. Ботаника. – М.: Academia, 2006. 320 с.

5)        Баландин С.А., Абрамова Л.И., Березина Н.А. Общая ботаника с основами геоботаники. М.: Академкнига, 2006. 293 с.

6)        Андреева И. И., Родман Л. С. Ботаника. М.: Колос, 2002. 488 с.

7)        Еленевский А. Г., Соловьева М. П., Тихомиров В. Н. Ботаника. Систематика высших, или наземных, растений. М.: Академия, 2004. 432 с.