ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕ ҚҰСТАРДЫ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӘНЕ ҚҰСТАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТОПТАРЫ

 

Қарабаева А.А.,  Мурсатова А.Ж.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

Бахаева А., Бахтиярова А., Био-212-3,5 тобының студенттері.

 

Омыртқалы жануарлар ішіндегі ең үлкен топ — құстар. Бүкіл дүние жүзінде олардың 9 мыңға жуық түрлерінің тіршілік етуі де құстардың кең таралғанын көрсетеді. Қазақстан территориясы да қанаттыларға өте бай. Онда құстардың 481 түрі мекендеп, күз айларындағы саны шамамен 18—20 миллионға жетеді. Бұл қаншама байлық. Оларды қорғап, пайдалана білуге тиіспіз.

Соңғы жылдары құстардың тек Қазақстанда ғана емес бүкіл жер шарында кейбір түрлерінің саны азайып бара жатқаны байқалады. Сондықтан да ел-елде оларды қорғау шаралары жүзеге асуда. Сол сияқты қазірде біздің республикамызда да осындай жұмысты жүргізу кең қолға алынды. Саны күрт азайып  кеткен аң-құстарды шұғыл зерттеу арқылы келешекте олардың таралған аймағы анықталып, сол жерлерде қорғау шаралары жүзеге асырылатын болады. Қазақстан ғалымдары осындай құстардың тізімін алып, табиғаттың «Қызыл кітабын» жасауға кірісті.

Қазақстанның ұлан-байтақ жері су қорларына өте бай. Әсіресе, Жайық, Ырғыз, Торғай, Тобыл, Есік, Ертіс, Іле, Шу, Сырдария сияқты өзендердің тигізер пайдасы зор. Бұл өзендердің суы көктемде молайып, олардың атырауында айдын көлдер мен көлшіктер пайда болады. Қазір су шаруашылығы мамандарының мәліметі бойынша республикамызда 35 мыңнан астам көл бар. Олардың үштен біріндейі Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында. «Су бар жерде өмір бар» дегендей жағаларында жайқалып қамыс, құрақ өскен бұл жерлерде көгілдір айдын еркелері су құстары мекендейді.

Республикамызда қанаттылардың 481 түрі кездессе, оның 56-дан астам түрі аңшылық шаруашылығында зор маңызы бар су құстары, басқа түрлері ауыл шаруашылығына зиянды жәндіктерді жойып үлкен пайда әкеледі. Біздің аймақта су көздерінің мол болуы көктемде су құстарынын; жаппай ұшып келуіне, ұя басуына және олардың түлеуіне мүмкіндік береді. Сырдария, Шу, Іле өзендері мұз құрсауынан босай бастасымен-ақ аққу, қаз, үйректер ұшып келе бастайды.

Қазақ Ғылым академиясы Зоология институтының жүргізген ғылыми-зерттеулерінде су құстарының өніп-өсуі аяқталған мезгілде олардың саны 3—4 есе ұлғаятындығын анықтады. Яғни күзгі аңшылық маусымы ашылған кезде республика суларында 10—12 миллиондай құс (оның 40 проценті қасқалдақ) тіршілік етеді деген сөз. Оған қоса, айының аяғында Сібірден жылы жаққа қарай ұшқан 10 миллиондай құс біздің өлкемізді басып өтеді [3, 5].

Жалпы алғанда Қазақстан тұрғындары жылына 3,2 миллион құс, атып алады екен. Оның 2,7 миллиондайы су құстары. Ал олардың 63 пайызы үйрек, 20 пайызы — қасқалдақ, қаз тәрізді еті дәмді қанаттылар. Расында. жабайы қанаттылардың өсіп-өркендеуіне қамқорлық жасап, саны сиреп бара жатқан түрлерінің қорын көбейтуге шаралар қолдансақ және жүйелі түрде аулау ісі қолға алынса жылына он шақты миллион құс еті халықтың пайдалануына жарар еді. Ол үшін құстарға қамқорлық жасап, қорын молайту керек. Бұлардың ішінде саны өте азайып бара жатқан және өте сирек кездесетін қоқиқаз, аққу, бірқазан, қызыл жемсаулы қарашақаз сияқты атуға үзілді-кесілді тыйым салынған түрлері бар. Табиғаттың осы байлығын қорғап, қорларының молаюына қамқорлық жасау үшін республика территориясында саны азайып кеткен құстардың қай көлдерде таралғанын, биологиялық ерекшеліктерін, санын көбейту үшін қандай шараларды жүзеге асыру керектігін білу барша жүртшылыққа қажет-ақ.

Сулы-батпақты жерлердің құстары. Қазакстанның көз жетпес шексіз аймақтарында барлык табиғи зоналар: тау тундрасы, тайга, орманды дала, дала, шөлейт және шөл, тау-лар мен көл-теңіздер орналасқан. Қазақстандағы көп атаулар даламен, шөлмен және басын ақ қар басқан биік таумен байланысты. Деседе көп адамдар Қазақстанның өте көп көлді ел екенін біле де бермейді, оның территориясында көптеген, 48 мыңнан аса, көлдер орналасқан. Әсіресе олар республиканың солтұстік бөлігінде - орманды дала мен далалык аймақтарда өте көп. Қазақстан көлдерінің жалпы ауданы 49 мың шаршы километрге жуык. Тұщысу көлдері басым, бірақ суы кермекті және ащы суқоймалары да жеткілікті. Біздің республикамыздағы үлкен көлдер - Каспий мен Арал теңіздері, Балқаш пен Зайсан.

Қазақстан өзендерге, өзектер мен жылғаларға да бай, олар мың-мыңдап саналады. Олардың ішінде үлкендері - Ертіс, Іле, Сырдария, Жайық, Есіл және т.т. Сулану сипаты мен су режимінің ерекшеліктеріне қарай өзендер тау және жазық өзендері деп бөлінеді. Көптеген дала өзендері көктемде суға толы, жаздың ортасында құрғал, жекелеген шүнеттер пайда болады.

Қазақстанда батпақты жерлер аз, олар орманды дала зонасындағы солтүстік және шығыс аудандарда басымдау. Тянь-Шань тауларында біршама биіктікте өзіндік ерекшеліктері бар батпақтар - жер бедерінің ойпаңдау сызды учаскелері түріндегі саздар кездеседі.

Көлдер орнитофаунаға өте бай. Сулы-батпақты жерлердің өкілдері ерекше орын алады, бұлар Қазақстанда тіркелген қанаттылардын жартысынан көбі. Ал саны жағынан бұл топтың құстарына тең келетін ешқандай топ жоқ, көптеген түрлерінің өкілдерінің саны жүз мыңдап және миллиондан есептелінеді. Жазда суқоймаларында құс тіршілігі қайнаған қызық өмір үстінде болады. Көптеген су және сумаңы құстары осында ұялайды, оданда көбі ұшып келу-кету кезеңдерінде дем алады, қоректенеді, жазғы түлеу өтеді. Үлкен көлдерде, Қазақстанда және Сібірдің кең байтақ жерлерінде, ұялайтын, сол сияқты Африка, Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Азияда қыстайтын кұстардың миграция жолдары түйіседі [1, 18].

Бұл құстардың ішіндегі ең "сушылдары" - су құстары, бұларға маймаққаздар (гагаралар), сұксырлар, бірқазандар, сукұзғындары, тактатұмсыктылар (акқулар, қаздар мен үйректер), қасқалдақтар жатады. Бұлардың барлығы да жақсы жүзеді және сүңгиді, бұл ерекшеліктер олардың дене пішініне де әсерін тигізген: денесі сопақтау, қанаттары салыстырмалы түрде қысқа әрі жіңішке, қауырсындануы тығыз әрі қатты. Саусақтарының арасында жүзу жарғактары болады, олар ескек қызметін атқарады. Құймышақ безі жақсы дамыған, оның бөліндісімен (секреті) қөстар қауырсындарын майлап, оларды су өтуден корғайды. Қорегін су қабатынан немесе оның бетінен ұстайды.

Сумаңы құстарына құтандар, дегелектер, қоқиқаз, шағалалар мен қарқылдақтар, шалшықшылар, майда сутартарлар, кейбір көкқарғатәрізділер (зымыран), жыртқыштар (балықшы тұйғын, саз құладыны) және торғайтектес құстар (сушылкаралар, наурызектер, айқабақтар, шырылдақтар және баскалары) жатады. Сумаңы құстарының пішіні алуантүрлі болады, бірақ олардың барлыгы да су жағалауларында немесе суда қоректенеді және ұялайды.

Дала маңы мен шөл құстары. Қазақстанда дала зонасы республика территориясының 25%-на жуығын алып жатыр, солтүстік ендіктің 50-54 градусының арасында орналасқан. Өсімдік ассоциациясында, дала үшін біршама тән, жетекші орында селеу мен бетегенің түрлері алады. Далалық аймақта орманды және бұталы массивтер кездеседі. Оңтүстікке қарай, солтүстік ендіктің 48-50 градусы аралығын шөлейтті зона алып жатыр, бұл үшін, астық тұқымдасты өсімдіктер мен жусандар және сораңдардың кезектесіп орналасуы тән. Бүл жерде өсімдіктер біршама сиреген. Қазақстанда биік өсімдікті далалар өте аз қалды, өйткені олар құнарлы топырақтарда қалыптасады және бұлар әлде кайда жыртылған. Бұрынғы селсулі даланың орнында еліміздің солтүстігінде кең-байтак астық егістіктері бой көтерген. Құрғақ далалар біршама жақсы сақталған, бірақ олар өте төзімсіз болып келеді. Республикада олардың ауданы басқа кез-келген елдерден үлкен. Қазақстан далалары әлемдік масштабта осы типтес ландшафтарды сақтау үшін маңызды [3, 5].

Қазақстанда шөлді аймақ өте үлкен территорияны - еліміздің жалпы ауданының 40%- ға жуығын алып жатыр. Топыраққа байланысты шөлдің 4 типін ажыратады: құмды, сазды, қиыршық тасты және сортаңды. Шөл өсімдіктері жамылғысы үшін 2 ерекшелік тән: өсімдік жамылғысы тұтастай болмайды, бір бірінен біршама қашық орналасады және топырақ бетін толықтай жаппайды. Өсімдіктердің негізгі массасын бұталар мен бұташықтар құрайды, ал шөптесін өсімдіктер аз болады, далалы жерлерде керісінше шөптесін өсімдіктер басым болып келеді. Шөл мен шөлейттің тағы бір ерекшелігі - эфемерлер мен эфемероидтардың көп болуы, яғни ерте көктемде пайда болып, тез гүлдеп, тұқым беріп, жазға қарай қурап кететін өсімдіктер мол болады. Осыған орай шөл бейнесі күрт өзгереді.

Көпшілікке кең таныс шөл өсімдігі - сексеуіл, ол бұта түрінде де, кішігірім ағаш түрінде де, бағанасы біршама жуан, биіктігі бірнеше метрге жететін және өзіндік сексеуіл орманын түзейтін ағаш түрінде де өсетін өсімдік. Сексеуіл ормандары заңсыз кесуден жойылып кету жағдайында тұр. Нағыз шөл бұталары - жүзгін, қоянсүйек. Шол орманының тағы бір типі - тоғай. Тоғай деп шөл өзендерін бойлай өскен, тораңғыдан (теректің бір түрі), жидеден, шырғанақтан, талдан, бөріқаракат бұталарынан, шеңгелден, камыс өскен телімдерден, жиі гүлшырмауықтармен шырмалған және арасынан ит тұмсығы өтпейтін қалың орманды атайды. Тоғай ормандары өте шашырап орналаскан, Іле, Қаратал, Сырдария және басқа да озендердің аңғарларында шоғырланған және өзіндік ерекшелігі бар экосистеманың төзімсіз типі болып табылады. Ең алдымен өрттен және малды шектен тыс жаюдан қорғау керек, өйткені бұлардан жас ағаштар үлкен зардап шегеді.

Шөлейтті және шөлді аймактар үшін кұстардың мынандай түрлері тән: жорға, дуадақ, тілеміш, дырду, сарысағақ және калтатұмсық шүрілдектер, кылқұйрық, қарабауыр және ақбауыр бұлдырықтар, бәбісек, сары және жасыл боздақтар, үй байғызы, сексеуіл жорға торгайы, сұр тағанақ, шөл және биші шақшақайлар, шөл сандугашы, шөл құнақ, кіші және сұр бозторғайлар және басқалары. Тораңғы тогайының құстарының да өзіндік ерекшеліктері болады, бұл орман үшін мықи, шөл жапалағы, қоңыр кептер, аққанат тоқылдақ, көккарга, сұр көкшымшык, сексеуіл торғайы тән.

Орман кұстары. Қазақстанда ормандар көп емес - олар оның 5%-н кем территориясын алып жатыр, бұган шөл ортасындағы ормандар - сексеуіл ормандары мен өзен аңғарларындағы тоғайлар (су жайылмалары шіліктері) жа-тады. Бірак кейбір орман құстары бұл кітапта дала мен шөл кұстары бөлімдеріне енгізілген, мұнда тек нағыз орман құстары жайында ғана сөз болады. Ормандар еліміздің солтүстігінде орманды дала зонасыңда үлкен не кіші массивтер түрінде, оңтүстікке қарай шоқ және созыла орналасқан карағайлы ормандар түрінде, осы сияқты шығыс пеп оңтүстік-шығыс тауларында да тараган.. Дала мен құрғак даланың қарағайлы ормандарында, оларға тән карағайдан баска, қайын, терек, тал, кейбір жерлерде таза жапырақты орман телімдерін түзейді. Ормандарда бірен-саран көлшіктер, кішірек батпақты жерлер де кездеседі. Үлкен қарағайлы ормандар - Қостаиай облысындағы Аманқарағай, Семейдегі Ертіс аңғарындағы созыла орналаскан қарағайлы ормандар, Павлодар облысындағы Шалдай қарағайлы орманы және басқалары. Солтүстік Қазақстан ормандары - шоқ ормандар (жекеленген массивтер түрінде) типі, бұлар далалық телімдер (негізінен жыртылған) және көптеген көлдермен араласып кеткен, көп жағдайда қайың мен теректен түрады. Қазакстанның барлык ормандары сақтауға жатады, оларда өндірістік кесу жүмыстарын жүргізуге тиым салынған. Ормандардың көптеген телімдері ерекше қорғалатын табиғат территориялары болып табылады [3, 5].

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.      Есжанов Б.Е., С.С. Көбегенова, С.Т. Нұртазин.  Орнитология. – Алматы, «Дәуір», 2011

2.      Михеев А.В. Биология птиц. М., 2007.

3.      Беркінбай О. Орнитология. – Алматы, «Агроуниверситет», 2010

4.      Птицы Казахстана. Алма-Ата, Наука, т. 1, 1960; т. 2, 1962; т. 3, 1970; т. 4, 1972; т. 5, 1974.

5.      Мазунин Н. Определитель позвоночных Казахстана. Алматы: Мектеп 1982г стр. 56-135.

6.      Материалы международной научной конференции. Фауна Казахстана и сопредельных стран на рубеже веков. Алматы 2004г стр 36, 65, 79, 246.

7.      Зоологические исследования в Казахстане. Алматы 2002, стр 126-163.