ЕЛІКТЕРДІҢ АУРУЛАРЫ, АҢ АУЛАУ ӘДІСТЕРІ, БӘСЕКЕЛЕСТІГІ

 

Қарабаева А.А.,  Мурсатова А.Ж.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

Уллиев Ж , Амангелді М., Био-212-3,5 тобының студенттері.

 

            Еліктердің өлім деңгейі жоғары. Әр түрлі аудандарда қоршаған ортаның қолайсыздығына және қыстақтың жағымсызыдығына тағы басқа факторларға байланысты жануарлардың көпшілік өлімі байқалды. Табиғатта әсіресе қыста елікке қауіпті қасқырлар төндіреді. Қалың қардың үстіндегі тұрақсыз мұзқақтар жыртқышты ұстайды да, керісінше еліктің үшкір тұяқтары батып кетеді. Қысқы мезгілде еліктерге қасқырлар өзеннің жағалауында шабуыл жасайды, еліктерді ашық мұз айдынына қуады, ал таулы аймақтарда жартасқа шығады да содан құлап жығылады. Үлкен жыртқыштар, сілеусіндер сонымен қатар қаңғыбас иттер де еліктерге зиян тигізеді.

          Жас лақтар түлкінің, сілеусіннің, құнудың, сонымен қатар үкінің құрбаны болады.

          Аурулары

Еліктердің санының популяциясына әсерін тигізетін ең басты фактор ол әртүрлі аурулар. Аурулардың рөлі жануарлардың өлімінің өсуіне ешқандай шектеулік қоймайды. Ауруды жұқтырған жануарлар қатты азғынады, оның соңы өлімге әкеліп соқтырады. Кей уақыттарда ғана әр түрлі аурулар еліктердің көбеюінің екпінділігінің төмендетіп, эмбрион санының төмендеуіне, көбею мерзімін тоқтатады, сонымен бірге жиі бедеулікке ұшырауына септігін тигізеді. Кейбір дарақтардың аурулары лақтарының өмір сүру деңгейін төмендетеді.

Антропозооноза – адам ауру жануармен, терісін шешкен кезде, етті бөлген кезде жұқтыратын инфекционды ауру. Еліктер келесі антропозоонамен жарақаттанған: құтыру, аусыл, фасциоллез.

Құтыру – өткір вирусты ауру. Рабдовирус туысының нейтротропиялы вирусты сүзгілейді. Тістеген кезде сілекеймен тарайды. Инкубациялық кезең 12 күннен 3-6 айға дейін. Вирус бұлшықеттің сал болуын тудырады және соңы өліммен аяқталады.

Аусыл – жоғары контагиозды вирусты ауру, жоғары өлімді. Тері жабыны мен сілемейлі қабық жараланады. Эпизооталы лаулауы тіркелген. Вируленттігі тері жабында 28 күн, бас миында – 40, пішенде 56 – 105, жасунықта 140, өтпелі суда 103 сақталады. Қайнатқанда бір минут ішінде өледі.

Фасциоллез – инвазионды ауру, бауырдың паренхимасы мен өт жолын жарақаттайды. Жоғары жарақаттану деңгейінде аутоинтоксикацияға әкеліп соқтырады, соңы өліммен аяқталады.

Жануарлар дүниесін қорғау және өсімін малайту жөніндегі мемелекеттік мекемесінде 2015 жылы бұл аурулар тіркелген болатын.Аң шаруашылық орталықтарының аса маңызды міндеті ол аурулардың алдын алу іс – шараларының әдістемесін жүргізу.

Қазіргі уақытта жануарлардың жұқтырған ауруы бойынша тек қана көрсетілген сақтық шаралармен шектелуге мәжбүр.Жұқтырылған аурулармен күрес шараларын екіге бөлді: профилактикалық және емдік. Профилактикалық әдіс жануарлардың ауруын алдын алуды және олардың жайылуын шектеу. Аң шаруашылық алаңдарда профилактикалық іс шараларды жалпы және өзгеше деп бөледі.Жалпы профилактикалық іс шара жануарлардың мекендеген ортасының сауығуына бағытталған. Шаруашылық орталықтарында жануарлардың аурауын алдын алу үшін (ауру жануарды бақылау, өмір сүру деңгейінің бұзылу ізін, мысалыға қан аралас саңғырық, қанды несеп, өлген жануарлар т.б.) бақылау іс шараларын жүргізу тиіс. Жануарларда жаппай ауруларды байқаған уақытта, ауруда сипаттау үшін аймақтық мал дәрігерлік жұмыскерлерді қосу керек, олар күресу шаралары мен таралуымен күресу және жойылуына бағыт береді.

Ең басты маңызы, жануарлар жыл сайын күйі жақсы болуына ауру жұқтырмауын алдын алуда, дұрыс азықтандыруды ұйымдастыру. Жергілікті популяцияны толықтыру үшін басқа аудандардан немесе шаруашылықтан аударылған жануарларды алаңға шығармас бұрын мал дәрігерлік және түгелдей дегельминтизациядан өткізу керек; қандай да бір жұқпалы ауру табылған жануар болса оны түгелдей толығымен жазылып кету үшін арнай орында ұстау қажет.

Жануарларды емдеуде хирургиялық жолмен емдеуді, әр түрлі дәрілік заттарды пайдалану келесі жолдармен жүзеге асады:

- қоректендіру уақытында ауру жұқтырған жануарлардың  азығына әр түрлі дәрілік заттар мен дәрі – дәрмектерді қосу;

- ауру жануарларды тормен немесе басқа әдістермен аулау, оларды түгелдей ветеринарлық қараудан өткізу мен емдеу; аурудан емделген соң жануарларға қажет дәрілер мен хирургиялық көмек көрсету үшін тағы да аңшылық алаңға жібереді;

- ауру жануарларды мерзімді қимылсыздандыру инъекцияланған оқпен немесе нашақорлық заттары бар инемен қадау, хирургиялық емдеу немесе ағзаға қажет дәрілік заттарды ендіру;

- қажет дәрілік заттармен толтырылған инелермен ату;

Аңшылық шаруашылығына үлкен зиян тигізетіндері, ол – қасакерлік, жануарларды үлкен мөлшерде атып өлтіреді.

Қасакерлік тыйым салынған орындарда (қорықтар мен қорықшалар т.б.) мезгілсіз уақытта, жануарларды тыйым салынған әдіспен аулау заң бойынша тыйым салынған.

Еліктер тұяқты жануарлардың ішіндегі қасакерліке жиі ұшырайтынына күмән жоқ.

Бұған байланысты:

- аңшылыққа қойылған ережелерді ұстану тиіс;

- жануарлардың мекендеуіне, орын ауыстыру жолдарында, сақтап қалуында жағдайды жақсартуға ат салысу;

- кәсіптік жиілігін және тудыруын қамтамасыз етуде, кәсіптік қорды пайдалануды реттеу;

- пайдалы жануарлар, құстар, балықтарды аулауға жол бермеу үшін пайдалы фаунаны қорландыру;

- шаруашылыққа зиян келтіретін ауыл шарушылық дақылдар мен ормандардың зиянкестері, инфекцияны таратушы, улы паразиттерге қарсы күрес шараларын жүзеге асыру міндетті. Шаруашылыққа зиянын тигізетін жыртқыштар, паразиттер, улы, жұқпалы ауру жұқтыратындар, ауыл шаруашылық дақылдар мен ормандарға зиян тигізетін зиянкестермен күресу шараларын жүргізу.

Еліктердің табиғатта ең басты бәсекелесі бұлан мен үзбара. Бұл жануарлардың азықтану үлесі бірдей, ал жеке орындары жиі қабаттасады.

Аң аулау мерзімі мен негізгі әдістері: Еліктер тұяқтылар арасындағы Солтүстік Қазақстан облысында ең кең тараған аң аулаушылықтың олжасы.Негізгі аң аулайтын мезгіл қазанның 15 бастап 31 желтоқсан аралығында өтеді, кей уақыттарда олжалы аңшылық күйлеу уақытында басталады (тамыз соңы мен қыркүйек) әдетте қорықшының бақылауымен өтеді. Еліктің еті өте дәмді және жұмсақ – кез келген дастарханда жеңсік астың бірі. Сол себепті бұл жануар аңшылармен өте бағалы. Бірақта қазіргі уақытта еліктерідің популяциясы өте төмен, бұл қасакерлікпен және де еліктерді иір ойықты мылтықтың көмегімен қашықтықтан аулаумен байланысты.

Еліктерді заңды түрде аулаудың келесі әдістері:

1. Еліктерге аңшылықты тығылып жүргізу (жақындап келу):

Бұл еліктерді аулауда ең танымал әдістерінің бірі. Аңшылыққа алдын ала дайындалу тиіс, ең алдымен жануарлардың азықтанатын орынын анықтап, олардың келетін іздерін тауып алу тиіс. Әдетте еліктер жас көктерек тоғайының жазық жерінде, соя даласының жан-жағында орналасқан жаңғақ ағаш пен қарағаштың нуында, талмен өскен өзендердің жағалауында, орманды алқапта және орман шеттерінде қоректенеді. Күнің жарық кезінде еліктер қоректенуге шықпайды, тек кештің батқанын күтеді. Егер де еліктер тым абыржымаса онда бұл жануарлар таңғы және кешкі қоректенуге шығып отырады.

2.Еліктерді тосқауылдан аулау:

Бұл әдіс аң аулау шаруашылығының жұмыскерлері жиі қолданатын тәсілдің бірі, ол жануарларды таңдап ату және мал басын реттеп отыруға көмектеседі. Әдетте тамыз айында өтетін күйік уақытында еліктерді тосқауылдан аулауға жүргізуге болады. Бұл уақытта аталықтары әдетте соя алаңына оттауға шығады. Қоректенетін орындарды біле тұра, жақын маңда күркеше орналастырып еліктердің далаға оттауға шыққанын тосу қажет. Кейбір аңшылар бұндай әдісті шипажайлы аңшылық дейді, себебі еліктерді аңдып көптеген жазықтардан жүріп өтпегендіктен бұлай атап кеткен. Күркешені орналастырып, күннің әдемі батуын бақылап, орманның таза иісімен дем алып, өзіңді шынымен шипажайда жүргендей сезінуге болады.Егер де бұл күні елікті ауламаса да, өткізген уақыт босқа өткен жоқ, табиғатпен сырласу және дем алып, бұл түнді ұмытпастай өткізеді.

3.Абалау

Бұндай көпшілік аңшылық түрін дұрыс өткізу ең жақсы нәтижеге әкеледі. Бұрынғы кездері абалау үлкен танымалдылықпен қолданды, бұнда 50 шамасында атушылар қатысатын. Қазіргі кездері абалауға шамамен 10 аңшылар қатысады, оқтардың саны аңшылық лицензияның санына және тиімді көліктің болуына байланысты

Барлық аңшылар екі топқа бөліну керек: атушылар және айдаушылар. Аңшылар өзара ауысып отыру үшін күні бойы бірнеше аула жүргізу керк. Ең алдымен орынды және еліктердің қылығын жақсы білген жағдайда ғана аңшылық табысты өтеді.

Елікке абалау басқа да тұяқты жануарларға аңшылық жүргізумен бірдей өтеді. Еліктердің үйірінде жануарлар саны көп, сол себепті аулада еліктердің саны мен аралап шығуында ешқандай қажеттілігі жоқ.

4.Қозғалыстаға еліктерге аңшылық

Күзгі және көктемгі уақытта еліктер орын ауыстырады, бұндай жануарларды ауыпсалы деп атайды. Көктемде бұндай аңшылық мүлде жүргізбейді: оның себебі аналықтары ұрпақ тосып жүрген кез. Сонымен бірге қысқы мезгілде жануарлар тым аш болғаннан соң, олардың массалары төмен және де терінің астында сонаның түлеуі жүреді. Теріні сыдырған уақытта байқалады да, етіне жағымсыз әсерін тигізеді.

5. Тазылармен аулау.

Еліктерді аулаған кезе тазылармен аңшылық жүргізу табысты болған кездер де бар. Бұндай аңшылыққа тазылардың әр түрлі тұқымы жарамды. Иттер тым ақырын және баяу қуса, онымен бірге аулаудың табысы жоғары. Бұндай иттерден еліктер қорықпайды, өзінің жылдам аяғына үміттеніп орташа шеңбер бойынша ақырын жүреді. Бұрынғы кездері Батыста еліктерді аулауға таксаны қолданған. Бұл иттерде сезгіштілігі жақсы дамыған және тыныш қозғалады. Еліктер аңдып жүрген таксалардың маңында жақын жүреді де онша үлкен шеңбер жасамайды.

Тыйым салынған аңшылықтың түрлері

Қасакерлік аң аулау әдісі-бұл тозақтың, қақпанның, ілмектің орналастыруы. Бұндай әдіс облыста сирек пайдаланады, себебі иттердің және үй жануарларының өлімінің қауіптілігі жоғары. Сонда да бұндай әдіс тайгада тұратындармен де аса қолданбайды себебі иттердің өлімі жоғары.

Бірақ та облыста қасакерліктің көп түрі ол-иірлі оқпен түнгі уақытта аңшылыққа шығуы. Бұндай әдістің түрінен еліктердің саны күрт төмендеді, себебі түнде шығатын аңшылар жыл бойы еліктерді ұстайды, олардың атуынан жүкті аналықтар өледі, бұл популяцияның күрт төмендеуіне әкеліп соқтырады. Соңғы кездері қасакерліктің тағы бір түрі пайда болды, жазық жерлердегі аң аулау ақпанның соңы мен наурыз айларында қарда жүргіш көліктермен аулау. Заманауи көліктер 150км/сағ елікті оңай озады, бұл уақытта мұздақтарға байланысты еліктердің тұяқтарын кеседі және олар көп уақыт бойы қуғыншылардан қаша алмай қарға құлайды да, қасакерлер пышақпен өлтіреді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1)             Абрамов К.Г. Копытные звери. – Владивосток: Мысль, 1963. – 127 б.

2)             Данилкин А.А., Соколов В.Е. Сибирская косуля: М.: Наука 1981. – 230 б.

3)             Млекопитающие Казахстана. Алматы: Наука,1984. – Т 3

4)             Соколов В.Е. Млекопитающие фауны СССР.М.: Академия Наук, 1992. – 989 – 993с.

5)             Цаплюк О.Э. Возрастные и сезоннын особенности биологии размножения косули в Казахстане // Зоологический журнал, 1977. №4 – Б. 611-618

6)             Смирнов М.Н. Как определить пол и возраст косули на расстоянии // Зоологический журнал, 1979. № 1.- 22-23 с.

7)             Руденко Ф.А., Семашко В.Ю. Семейство Олени. М.: Астрель, 2003. – 236 с.

8)             Данилкин А.А. Ресурсы косули в СССР и их рациональное использование. М.: Наука, 1982. – 115 с.

9)             Данилкин А.А. Европейская и сибирская косули: подвиды или виды / А.А. Данилкин // Охота и охотничье хоз-во. 1986. № 7. – 18 с.