СУЫРЛАР ЖАНҰЯСЫНЫҢ ОРНАЛАСУ БИІКТІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ІНДЕРДІҢ ОРНАЛАСУЫН СИПАТТАУ

 

Қарабаева А.А.,  Мурсатова А.Ж. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

Қартайғанова А., Жәйшібек Ғ. Био-212-1,5 тобының студенттері.

 

Суырлар өте үлкен ареалы Пиреней тауынан Камчатка түбегіне дейін созылған. Мұндай кең территория олардың  алуан түрлі тіршілік орталарын қамтамасыз етуі тиіс. Расында да бұл кемірушілердің ареалында көптеген ландшафт түрлері кездеседі, алайда суырлар мекендейтін учаскелер бір бірінен көп айырмашылығы жоқ.

Суырлар негізгі үш ландшафт типтерінде мекендейді: зоналы далаларда (шалғын дала, орман дала), таулы және биік таулы шалғын далаларда (шалғын, тундра, шөлдер), әртүрлі биіктегі белдеулерде орналасқан тасты биотоптарда. Суырлардың басым түрлері орман мен бұталар арасында кезікпейді, олардың ұнататын орындары үлкен үйілген тастар, альпі және субальпілік шалғындар мен шалғынды ормандар. [19]

Суырлардың таралуының кең диапазоны олардың барлық жерлерде тіршілік ететіні жайлы дұрыс емес тұжырымға келтіруі мүмкін. Алайда суырлар бұл территориялардың барлығында біркелкі тарамаған.

Барлық еуразиялық суырларға ашық кеңістіктерде аласа шөп өскен даларда таралу тән. Биік шөпті шалғындар мен сирек орман арасында таралу кейінірек өзгерген ландшафтқа бейімделу кезінде пайда болған. Оның дәлелі болып жаңа мекен орталарында суырлар ашық алаңдардың жануарларының мінез-құлқын көрсетуі табылады. Мысалы, қауіп төніп тұрғанда белгі беруі, қоршаған ортаны биіктерден бақылау.

Суырлардың мекендейтін учаскелерінде өсімдіктер ұзақ уақыт өсіп, бір бірін ауыстырып отырады. Бұл өсімдіктердің құрамына астық тұқымдасының түрлері, қияқөлендер және тағы басқа шөптер кіреді.

Үлкен ареал ішінде міндетті түрде әрбір географиялық популяцияға мекен ету орталарының алуандығы тән. Суырлардың ішінде тек Мензбир суырына басқаларымен салыстырғанда мекен ету орталарының біркелкі болуы байқалады.

Суырлардың бөлек географиялық популяцияларындағы айырмашылық кейбір жағдайда түр аралық айырмашылықтардан да көп болып кетеді. Сондықтан бұл кемірушілердің түрлерін анықтағанда мекен ету ортасы басты белгі ретінде қарастырылмайды.

Суырлар – колониалды, қыста ұйқыға кететін, жасыл өсімдіктермен қоректенетін кемірушілер. Осы басты экологиялық белгілермен оларға тіршілік үшін қажетті жағдайлар сипатталады. Олардың бастысы келесілер: 1) маңайдағы өсімдіктердің вегетация ерекшеліктері мен мерзімі суырдың қоректеніуне байланысты болуы тиіс; 2) қыс уақытында қажетті температуралық жағдайды қамтамасыз ететін індерді қазу мүмкіндігі; 3) колония тұрғындарының арасында көру-дыбыс байланысын іске асыру мүмкіндігі. Ең басты мәселелердің бірі әрине қоректің болуы, бұл кемірушілерге шөптердің нәрлі жас өскіндері қажет: жас жапырақтар, гүлдер, піспеген жемістер. Суырлардың тіршілік етуіне жеке аңдардың арасында көру және дыбыстық байланыстың маңызы зор. Колониалды өмір сүру тек ашық ландшафтта ғана мүмкін, өйткені мұнда қауіп төніп тұрса бір біріне жылдам белгі беруге болады. Маңайдағы суырлардың бір біріне деген көмегінің маңызы өте зор, және бұл көмек тек аңдар өзара бір –бірін  бақылап тұрғанда ғана іске асады.

Суырлар жанұя құрып, ін қазып тіршілік ететін жануарлар. Жалпы бір жанұяда шамамен 7-8 суыр болады. Тығыздығы жоғары болған жағдайда 12-14 ке дейін жетеді. Жанұядағы даралар санына байланысты іннің көлемі анықталады. Яғни жанұя неғұрлым үлкен болса, ін де соғұрлым үлкен және күрделі, әрі ін ауыздары да көп болады. Суыр іні құрылысына қарай корғаныс, жазғы ін, қысқы-жазғы және қысқы ін болып бөлінеді. Құрылысы ең қарапайым болып қорғаныс індері табылады. Іннің ауыздары екі немесе одан көп болады, қысқы ұйқыға жатарда суырлар барлық ін ауыздарын сырттан жауып, тек негізгі кіретін ауызды ішінен жабады. Суырлардың көктем айларында қысқы ұйқыдан оянып, сыртқа шыққанын осы ін ауыздарының ашық жатқанынан білуге болады.          

Індердің сырқы белгілерінен олардың қандай мақсатта қолданылатыны байқалмайды. Жазық далада тіршілік ететін суырларда тек бір ғана көбею іні болады, ол басқаларынан үлкендігімен және өте күрделі құрылысымен ерекшеленеді. Көбінесе суырлар індерді ауыстырмайды, олар ұялық камераны ауыстырады деген дұрыс болар. Көптеген жағдайда буаз аналық суыр ұялық камераны ауыстырып іннің басқа ауызын қолдана бастайды. Кейбір аңдар қысқы інді жазғы уақытта да пайдалана береді. Бірнеше жыл бойы қолданылатын күрделі індер барлық суырлардың түрлеріне тән.

 

1-кесте.  Жанұядағы даралар көлеміне байланысты ін ауыздарының саны

 

Көрсеткіштер

 

 

Оңтүстік беткей

Солтүстік беткей

І

(0-400м)

ІІ

(400-800 м)

ІІІ

(800-1200 м)

І

(0-400м)

ІІ

(400-800 м)

ІІІ

(800-1200 м)

Ін ауыздарының орташа саны

7-8

5-6

2-3

5-4

3-4

2-3

Лимиттер

6-11

4-7

1-5

3-7

2-6

3-5

Жанұядағы даралары мен ін ауыздарының саны арасындағы корреляция коэффиценті

0,32

0,71***

0,96***

0,94

0,96

0,92

mr

0,16

0,09

0,018

0,02

0,018

0,15

tr

2

7,8

6,4

47

53

6,1

 

*** - B>0,999 айырмашылық нақтылы

 

Ұялық індердің құрылысы, олардың тереңдігі, кіретін ауыздарының саны, камералардың саны, ін жолдарының ұзындығы әрбір суырдың түрлерінде әрқалай болады, кейде бір түрдің ареалының басқа бөлігінде де айырмашылықтар байқалады. Ұялық індерге бірнеше кіріп шығатын ауыздар тән. Алайда олардың біреуі немесе екеуі ғана ылғи да қолданылады. Ауыздарының саны мекен ету ауданының теңіз деңгейінен биіктгіне және ауаның ылғалдығына байланысты. Ауа ылғалды болса соғұрлым іннің ауыздар саны көбірек болады, өйткені мұнда жақсы вентиляция жүріп тұруға тиіс.

 

IMG_1879IMG_1809IMG_1821

 

Сурет 1. а- Оңтүстік беткейдегі суыр іні , б- Солтүстік беткейдегі тастың араснда қазылған ін, в- Суырлардың тіршілік ететін іні

 

 

 

Суырлар індерінің тереңдігін зерттеу өте қиын, өйткені оны қарастыру үшін алдымен інді қазу керек. Жалпы айтқанда бұл кемірушілердің барлық түрлерінің ұя камералары 1 метрден төмен орналасады. Ең терең орналасу қысқы ұя камераларында байқалады, олар 2 метрден астам тереңдікте ұйымдастырылады. Жазғы індердің тереңдігі 1,5 метрден аспайды, көбінесе 1 метр ғана болады.

Суырлардың індерінің құрылыс эволюциясының бағыты – қысқы ұйқыға арналған терең ұя қазу, оның тереңдігі қолайсыз кезде жиналған майды ұқыпты жұмсауға жол береді. Кейбір кезде қысқы індердің тереңдігі аса үлкен болып 5-7 метрден де асып кетуі мүмкін. Ұялық іңдердің күрделілігі жайлы олардың ішіндегі жолдардың ұзындығы сипаттайды. Орта есеппен суырдың індеріндегі жолдардың ұзындығы 30 метрді құрайды және бұл сан кіретін ауыздарының санымен тікелей байланыста. Кіретін ауыздардың саны көп болса, індердің жолының ұзындығы да мол болады. Ғалымдар тіркеген ең ұзын суырдың ініндегі жолдардың ұзындығы 113 метр болған. Ұялық материал көбінесе астық тұқымдасына жататын өсімдіктерден құралады (бетеге, қоңырбас, бидайық). Кейде басқа өсімдіктердің түрлері де қолданады.

Биік тауларда суырлардың індерінде қияқөлендерден құралған ұялық материал жиі кезігеді. Бұл кемірушілер кейде шөптен басқа көп материалды ұясына жинайды: маталарды, мақта, жүн, жіптерді, ескі аяқ киімдерді. Суырлардың індерінде жиналған қорек қоры кездеспейді.

Жоғарыда айтылған зерттеулерді жүргізу барысында, оңтүстік және солтүстік беткейлерде суырлар санына есеп жүргізу барысында ін және олардың ауыздарының санын да есепке алып жүрдік. Оңтүстік беткейдегі бірінші биіктік деңгейіндегі ін ауыздарының орташа саны 7-8 тең (6-кесте), екінші биіктік деңгейде 5-6, ал үшінші биіктік деңгейде 2-3-ке тең болды. 400 м биіктікте оңтүстік және солтүстік беткейлерде мекен ететін сұр суырлар саны мен ін ауыздары санының арасындағы байланыс нақтылы емес. ал 400-800 және 800-1200 м биіктікте осы көрсеткіштер арасындағы айырмашылық жоғары деңгейде нақтылы болып табылады.

 

Қолданылған әдебиеттер

 

  1. Жаворонков Н.М., Зуев Е.Я. Охрана  охотничьих  животных.- М.-1985. - 8-49 б.
  2. Ли М.В.Охотничьи  угодья  Казахстана.- Алма-Ата.- 1977. - 109-120б.
  3. Гурский А.Н. Спортивная  охота.- М. – 1978. - 237-247 б.
  4. Қыдырбаев Х., Бекенов А.- Қазақстанның  аң  байлығы. - Алма-Ата.- 1977. -61-63 б.
  5. Берендяев С.А. О внутривидовых отношениях серых сурков. – Зоол. ж., т 44, вып. 4.