М.Х.Дулати
атындағы ТарМУ
Удасбекова
А.М.
Менеджмент магистрі, аға оқытушы
Қазақстан Республикасында
кәсіпкерліктің
проблемалары және
кәсіпкерліктің дамуы
Қысқа мерзім ішінде Қазақстанды егеменді тәуелсіз
мемлекет ретінде дүниежүзінің 120-дан астам еліне
шағынданған болатын. Минералды ресурстарға бай
Қазақстан шетел капиталын өзіне тартып, 150-дей біріккен
кәсіпорын құрылған болатын. Кәсіпкерлік
табиғи жолмен қалыптасқан, ол оны мемлекеттік
қолдаудың нысандары мен әдістері
әлеуметтік-экономикалық ұзақ реформаларды жүргізу
барысында жетілдірілген экономикасы дамыған елдерге
қарағанда, Республикада кәсіпкерліктің даму тарихы не
бары 15 жылдан астам мерзімді құрайды. Осы кезде
кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың алты
мемлекеттік бағдарламасы қабылданды және іске асырылды.
Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мақсатында
жеке секторды қамтыған құны жоғары
өндірістерді құруға ынталандыратын кәсіпкерлікті
қолдаудың таяу перспективаға айналған, оның
ішінде кәсіпкерлік ахуалды, бәсекелі ортаны
қалыптастыруға, жоғары қойылған құны
бар жеке секторды ынталандыратын қоғамдық институттар
жүйесін қалыптастыру жөніндегі негізгі бағыттарды
айқындады.
Нарықтық
реформалар жылдарында кәсіпкерлік сектор қоғамда елеулі
орынға ие болды. Басты стратегиялық мақсатқа
кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндігі республика азаматтарының
конститутциялық құқықтары шынайы және
ажырамас бөлігіне айналуына қол жеткізді, ол үшін мемлекеттік
қажетті жағдайларды жасады.
Республикадағы
кәсіпкерлік өтпелі кезеңінің күрделі және
әрқашан жағымды емес әлеуметтік-экономикалық
және саяси жағдайда қалыптасты. Түрлі сипаттағы
бірқатар қиыншылықтар оның динамикалық дамуына
кедергі жасады. Прблемалар экономиканың жалпы дағдарысының
жағдайына және бюджет тапшылығына, кәсіпкерліктің
кең масштабты дамуына күшті әсер беруге арналған
қаржылық ресурстардың жеткіліксіздігіне, жетіліңкіреген
өнім мен қызмет көрсетуді шығаруды дұрыс
жолға қою есебінен толған тапшылықсыз рынок кезінде
өз орнын таба алмауға, іскерліктің жоқтығына,
қазіргі менеджмент пен маркетинг әдістерін білмеуге байланысты
болды. Социологиялық сұрақ-жауапқа сай АҚШ-та
бизнесмендерді тек кәсіпкерлік проблемалар аса аландатады: пайда алу,
бизнес өсуін басқару мен қолдау, ақша ағымдарын
реттеу, жаңа технологиялар. 15 маңызды сұрақ ішінде ел
экономикасы жағдайы туралы сұрақ-5, капиталға қол
жеткізу 11 орындарда болса, сыбайластық пен инфляция тіпті
аталмаған.
Кәсіпкерлік
қызметінің табыс
критерийіне болып, кәсіпорынның жеткілікті пайда және
табыс табу қабілеті жатады, яғни тек өзінің
шығындарын жауып қана қоймай өндірісті кеңейту
мүмкіндігінің болуы керек. Кері жағдайда кәсіпкер
өзін жұмыс істеуге қажетті қаражатпен әрең
қамтамасыз етіп, өмір сүру үшін күресуіне тура
келеді. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай,
кәсіпкерлердің көбісі мұндай жағымсыз
жағдайдан сәтті құтылуда, бірақ банкротқа
ұшырау құбылысы кәсіпкерлік әлемде сирек
кездеседі деуге болмайды. Зерттеулер бойынша алғашқы жылдар
ағымында 23,7%, алғашқы төрт жыл ішінде – 51,7%,
алғашқы 6 жыл ішінде – 62,7% банкротқа
ұшырағандығын көрсетіп отыр. Банкротқа ұшыраудың негізгі себептері мыналар:
-
Экономикалық
факторлар – 47,4%;
-
Қаржылық
қиыншылықтар – 38,4%;
-
Кәсіпкерлік
тәжірибенің болмауы – 7,1%;
-
Кәсіпкерлік
ниеттің жаман болуы – 3,4%;
-
Басқалар – 3,7%
Банкротқа ұшырау себептері
сыртқы және ішкі де сипатқа ие болуы мүмкін.
Сыртқы факторларға жалпы экономикалық құлдырау,
процент ставкасының өзгеруі, мемлекеттік саясаттағы
өзгеріс, анағұрлым жетілген құрылыс материалдары
мен өндіріс технологиясының пайда болуын жатқызуға
болады. Іс жүзінде бұл сыртқы әсерлер барлық
фирмаларға бірдей, бірақ кейбіреулері оларға төтеп
беріп, қызметін одан әрі қарай тиімді жүргізе алуда, ал
басқалары сәтсіздікке ұшырауда. Кәсіпорынды банкрот
болуға алып келетін көптеген себептер тиімсіз менеджментпен
байланысты және оларды үш бағытта топтауға болады:
-
Стратегиялық
сипаттағы қателіктер;
-
Жалпы менеджмент
проблемалары;
-
Қаржы есептік жүйе мен
тәжірибедегі кемшіліктер.
Қазіргі
зерттеулерде бизнес сәтсіздігінің не екендігін дәл
түсіндіретін бір мәнді түсінік жоқ. Біреулер бұл
түсінікті банкротқа ұшыраумен қатар
кәсіпорынның бірігуі,басқа компания тарапынан сатып алынуы
сияқты әр түрлі себептерден кәсіпорын
қызметінің тоқталуын да қосады.
Егер
кәсіпорын тапсырыс берушілердің, акционерлердің,
жұмысшылардың, жеткізушілердің және
тұтынушылардың алдында
өз міндеттерін орындамаса, онда ол сәтсіз кәсіпорын
қатарына жатады деген пікір бар. Көптеген зерттеушілер
кәсіпорын қызметінің тоқталуын келесі бағыттар
бойынша бөліп қарастырады:
-
Банкротқа
ұшыраумен байланысты;
-
Алдағы залалдардың алдын алу
мақсатымен;
-
Қажетті нәтижені ала алмау себебіне
байланысты.
Қазақстан
экономикасының нарық қатынастарына өтуі ең
басынан жаңа кәсіпкерлер тобының өз ісін ашу және
жеке кәсіпкерлікпен айналысуға ұмтылу сипатына ие болды.
Бірақ бүгін сол құрылған
кәсіпорындардың азы ғана пайданы және
құрылыс бизнесін әрі қарай қаржыландыруды
қамтамасыз етуге қажетті өндіріс көлеміне шыға
алғаның айта кету керек.
Бұл келесі факторлармен түсіндіріледі:
-
әлеуметтік-экономикалық;
-
саяси;
-
құқықтық;
-
психологиялық;
-
кадрлық;
-
ұйымдастырушылық;
Қажетті
нарықтың құрылымдарымен өзара байланыстарды
құрмай кәсіпкерлік дұрыс әрекет ете алмайды.
Бұл жағынан біздің экономикамызға бірқатар проблемаларды
шешуге тура келеді.
Біріншіден,
экономиканы басқарудың командалық-әкімшілік
жүйесін қирату кезінде кәсіпкерлерді мемлекеттік органдармен
түрлі деңгейдегі аппараттық сыбайластық бөлігі
диктатынан қорғауды қамтамасыз ету қажет.
Екіншіден, коммерциялық банктер,
сақтандыру және биржалық мекемелер, аудиторлық
және кеңес беру фирмалары мен басқа мекемелер түріндегі
кәсіпкерлік инфрақұрылымын жетілдіру.
Үшіншіден, кәсіпкерліктің
уәждік базасын құру үшін экономика әрекет
етуінің бәсекелес-жарыстық режимі қажет.
Төртіншіден, өркениетті кәсіпкерлік
үшін жағдай жасау туралы айтқан кезде, оның
қалыптасуындағы заңдық және шаруашылық
қызметтер арқылы мемлекет ойлауы қажет елеулі рөлді
ұмытуға болмайды.
Осылардың барлығынан
Қазақстанның өркендеген экономикасында кәсіпорындардың
орны ерекше екенін байқаймыз. Себебі, ол өз қызметін
стратегиялық маңызды салаларды жүзеге асырады,
кәсіпкерліктің дамуы ұлттық байлықтың
маңызды бөлігін құрайды.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы:
«Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау
қарсаңында». Егемен
Қазақстан. 2 наурыз 2006жыл 4-бет;
2. Друкер П. Рынок: как выйти в
лидеры. Практика и принципы. М.1992год
3. Найт Ф. Риск,
неопределенность и прибыль Thesis. –1994
год –Выпуск 5.-
4. Кирцнер И. Конкуренция и
предпринимательтво. Экономика. М., 2001 год-
5. Кейнс Дж.М. Общая теория занятости, процента и денег Антология
экономической классики. М. Эконов, 1992 год-Т2-. 485с.
6. David C. Mc. Clelland, The Achieving Society (Princetion, N.J.; Van
Nostranal. 1961).
7. Макконел К., Брю
С. Экономикс: принципы, проблемы и политика в двух томах. Таллин, 1995год-Т
1.-538с.
8. Колесникова Л.А.
Формирование государственной системы развития предпринимательства в переходной эконоки (вопросы теории,
метологии и практики): докторская диссертация. М, 2001год- 294с.
9. Демин А.И. Информационная модель экономики.
Макромедель. М., 1996год-