Экономические науки/ 10.Экономика предприятия

Орысбаева Мөлдір

І. Жансүгіров атындағы ЖМУ, «Қаржы» мамандығының 1 курс магистранты

Ғылыми жетекшіcі:  э.ғ.д., профессор Қалдияров Д.А.

Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығын инвестициялаудың қазіргі жағдайы

 

Қазақстанның ауыл шаруашылығына қолайлы климаты мен құнарлы жерлері әлем нарығында бәсекелестікке қабілетті агроөнеркәсіп секторын дамытуға толықтай мүмкіндіктер береді. Аграрлық сала – халықтың қолайлы өмір сүруі үшін маңызды  саланың бірі. Халықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету осы салаға тікелей байланысты болғандықтан, аграрлық сектордың еліміздің экономикалық, әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатыны бәрімізге аян. [1].

Ел басымыз «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында «Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру маңызды. Бұл – біздің дәстүрлі саламыз. Азық-түлікке деген қажеттілік арта береді. Бұл секторға инвестиция көбірек салынады. Сондықтан бүгінгі фермерлер тек уақытша әрі ауа райына байланысты кездейсоқ жетістіктерді малданып қалмай, өндірістің өсімі жөнінде ойлануға тиіс. Жаһандық ауыл шаруашылығы өндірісінде бәсеке өсе беретін болады» деп атап айтқан болатын. Агроөнеркәсіпті инвестициялау негізінде біз аграрлық өнімдердің сапасы мен көлемін арттыруға толық мүмкіндігіміз бар [2].

 Қазіргі сәтте АӨК-ні дамытуды мемлекеттік реттеу саясаты мынадай нысандарда іске асырылады: АӨК субъектілері үшін қаржылық-кредиттік құралдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету; АӨК-ні дамыту жобаларына инвестицияларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасау; өнім экспортын қолдау; ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік саласында мемлекеттік қызметтер көрсету т.б.

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру. Аталған бағыт шеңберінде мынадай міндеттерді шешу қажет: өсімдік шаруашылығындағы тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру; мал шаруашылығындағы және тауарлы балық өсірудегі тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру; басым инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру; білім беру қызметтерінің, аграрлық ғылым нәтижелерінің және консультациялық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру, т.б. [3].

Басым инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру. АӨК-ні дамытудың басты міндеттерінің бірі жаңа өндірістік қуаттылықтар салуға не қолданыстағыларын кеңейтуге инвестициялар тартуды ынталандыру арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін ұлғайту болып табылады. Қазіргі уақытта «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдарының жеңілдікпен кредит беру өнімдері және мемлекеттік қолдау бағдарламалары шеңберінде негізгі және айналым қаражатты толықтыруға арналған кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын өтеу әрекет етеді. Сонымен бірге, көрсетілген құралдар ауыл шаруашылығы субъектілерін АӨК-нің басым салаларында инвестициялық жобаларды іске асыруға белсенді ынталандыру үшін жеткіліксіз. ҚР-да инвестициялық жобалардың капитал сыйымдылығын және өзін-өзі ақтау мерзімдерін төмендету үшін агроөнеркәсіптік кешен секторларының басым бағыттарында жаңа өндірістік қуаттылықтар салуға не қолданыстағыларын кеңейтуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде шығыстарды ішінара өтеу түріндегі мемлекеттік қолдау енгізілетін болады.

Кесте 1 - Басым инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіш

Көрсеткіш атауы

Жылдар

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

жоспар

факт

жоспар

факт

Инвестициялық субсидиялау есебінен тартылған инвестициялар көлемі, млрд. теңге

100

14,4

115,3

18,7

3,4

7,9

6,8

9,2

3,1

Ескерту: ҚР сатистикалық агаенттігінің Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы туралы  жедел акпарат бөлімі

Инвестициялық субсидиялау есебінен тартылған инвестициялар көлемі 2014 жылы жоспар бойынша 100 млрд. теңге болса іс жүзінде 114,4 млрд. теңгеге жеткен. 2015 жылы бұл көрсеткіш 115,3 млрд. теңгеге жоспарланған, іс жүзінде 118,7 млрд. теңгені құрады.

Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2014 жылғы 2527,9 млрд. теңгені құрады, бұл алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1%-ға артық (соның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің шығарылымы 1327,9 млрд. теңгені, мал шаруашылығы өнімі – 1189,6 млрд. теңгені құрады).Өсімдік шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі 98,5%-ды, мал шаруашылығы өнімі - 103,9%-ды құрады. Ауыл шаруашылығы өнімі мен оны қайта өңдеу өнімдерінің экспорты 2014 жылы 6,2%-ға төмендеп, 2,6 млрд. АҚШ долларын құраған. Бұл ретте АӨК өнімі импортының 6%-ға (4,2 млрд. тенге) төмендеуі байқалған.  Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар көлемі 2014 жылы 19,1%-ға ұлғайып, 173,3 млрд. теңгені құрады. Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына инвестициялар көлемі 21,9%-ға артып, 42,7 млрд. теңгені құраған. Азық-түліктің негізгі түрлері бойынша ішкі нарықтың отандық өндіріс есебінен қамтамасыз етілуі 80%-дан астамды құрайды [4].

Жалпы 2014 жылы тамақ өнімдері өндірісінің көлемі 3,8%-ға артып, 1103,5 млрд. теңгені құраған. Сонымен қатар, 2014 жылдан бастап жемістер және көкөністерді қайта өңдеу бойынша, дәнді және майлы дақылдарды терең қайта өңдеу, сондай-ақ қант, май-тоң май өнімдерін, кондитерлік өнімдерді өңдеу бойынша кәсіпорындарды салуға (кеңейтуге) инвесторлардың жұмсалған шығындарының 30% дейін өтеуді қарастыратын инвестициялық субсидиялау бағдарламасын жүзеге асыру басталған. 2014 жылдың қорытындысы бойынша өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында барлығы 5 инвестициялық жобалар мақұлданған яғни, «Жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарын кеңейту және құру» бағыты бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында 2 жоба 53,3 млн.теңгеге;- «Дәнді және майлы дақылдарды терең қайта өңдеу кәсіпорындарын дамыту және құру» бағыты бойынша 3 жоба 431,5 млн.теңгеге, оның ішінде Алматы облысында 2 крахмал-сірне зауыты және Қарағанды облысында жарма өндіретін 1 кәсіпорын. Жалпы субсидияның жалпы соммасы 484,8 млн. теңгені құраған. Жайылымдарды қоршау инфрақұрылымдарын дамыту бойынша, 2014 жылы құрылыстық-монтажды несиелендіру және инвестициялық субсидиялау және суару құрылыстары үшін технологиялық жабдықтарды алу жолымен жайылымдарды қоршау бағдарламасын іске асыру басталды. Барлығы 159 бірлікті жайылымдарды қоршау модернизациясы мен құрылысы жоспарланған. 2014 жылдың қорытындысы бойынша 174 бірлікті құдық жаңартылып, енгізілген және жоспарға 109 %-ды құраған.

2014 жылғы жағдай бойынша, республикада 3066 балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің 1799-ы немесе 58,7% 1080 пайдаланушыға бекітіп берілген.  2006-2014 жылдары пайдаланушылар осы бағыттар бойынша 11,5 млрд. теңгеден астам инвестиция құйған болатын [5].

2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда ауыл шаруашылығына салынған инвестициялар көлемі (салыстырмалы бағада) 2014 жылмен салыстырғанда 6,3%-ға азайды. Ауыл шаруашылығындағы инвестициялардың салым үлесі негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде 2,4% құрады.

    өткен жылғы тиісті кезеңге

 нақты көлем индексі, %-бен

Диаграмма 1. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар

 

Саланың негізгі капиталға салынған инвестициялардың едәуір үлесі (жалпы көлемінен 82,3%) инвесторлардың меншікті қаражаты есебінен қаржыландырылады.

 

Диаграмма 2. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялардың нақты көлем индексі.

 

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялардың жалпы көлемінде едәуір салымы маусымдық дақылдарды өсіруге (60,1%) және мал шаруашылығына (22,9%) келеді. [6].

Бүгінгі күні ауыл шаруашылығына жалпыреспубликалық көлеміндегі өңірлер бойынша  инвестиция салым деңгейі төмен көрсеткішті көрсетуде. 2010-2014 жылдар бойынша төмендегі 2- кестеде ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпыреспубликалық көлеміндегі өңірлердің үлес салмағы көрсетілген.

Кесте 2 - Ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпыреспубликалық көлеміндегі өңірлердің үлес салмағы

Аймақтар

2010ж.

2011ж.

2012ж.

2013ж.

2014ж.

2015ж.

Қазақстан Республикасы

100

100

100

108,4

 100,0

93,7

Ақмола облысы

22

20,1

16,2

    11,4

    3,6

2,7

Ақтөбе облысы

6,1

2,2

2,1

    10,6

    9,5

7,3

Алматы облысы

8,3

4,7

9

    9,8

    9,2

8,1

Атырау облысы

0,4

0,9

0,2

    14,6

    21,7

8,2

 Батыс Қазақстан облысы

7,4

0,9

0,9

    1,3

    6,5

5,0

Жамбыл облысы

0,2

1,5

0,6

    1,5

    3,7

11,5

Қарағанды облысы

7,9

4,8

6,2

    6,4

    5,7

5,5

Қостанай облысы

17,4

22,8

19,4

    11,5

    2,1

7,4

Қызылорда облысы

2,6

0,3

0,7

    6,3

    6,2

16,0

Маңғыстау облысы

0,1

0,1

0,4

    9,5

    13,0

2,3

Оңтүстік Қазақстан облысы

3,7

4,9

4,1

    7,5

    7,2

6,2

Повлодар облысы

1,8

3,7

3,7

    5,1

    4,1

4,3

Солтүстік Қазақстан облысы

15,7

26,3

29,4

12,3,

    2,4

3,7

Шығыс Қазақстан облысы

5,6

6,5

7,1

    12,9

    5,1

5,5

Астана қ.

0,6

0,3

0

0

0

0

Алматы қ.

0,2

0

0

0

0

0

Ескерту: Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің ресми сайты stat.gov.kz/

 

Жоғарыдағы 2–ші кестеден Қазақстан бойынша ауыл шаруашылығын инвестициялау деңгейінің ең жоғарғы үлесі  2013  жылда 108,4%-ға дейін жеткенін аңғартады.  Ал 2015 жылы ол 93,7%-ға төмендеген.  Жыл сайын әр өңірдің көрсеткіші әр түрлі көрсеткіштерді көрсетеді. 2010 жылы 22%-бен Ақмола облысы, 2011 жылы 26,3 %-бен, 2012 жылы 29,4%-бен Солтүстік Қазақстан облысы  2013 жылы 14,6%-бен  2014 жылы 21,7%-бен  Атырау облысы, 2015 жылы 16,0%-бен Қызылорда облыстарының  үлес салмағы жоғары болған.

2016 – 2020 жылдар аралығында  ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін елеулі түрде өсіру, барлық негізгі тамақ өнімдері бойынша Қазақстанның импортқа тәуелділігін қысқарту, экспорттық әлеуетті іске асыру, Бағдарламада қойылған мақсаттарға қол жеткізу қажет. Осы  кезеңде қойылған міндеттерді шешу нәтижелері: 1) өсімдік дақылдары түсімділігінің және малдар өнімділігінің нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін заманауи агротехнологияларды қолдану есебінен ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін ұлғайту. 2) Қазақстан Ресбубликасы агроөнеркәсібінің өндірістік және қайта өңдеу салаларының әлеуетін игеру.

Мемлекеттік реттеудің тиімді шараларын пайдалану, ҚР АӨК бизнесін дамыту үшін қолайлы жүйелі жағдайлар жасау, қамтамасыз етуші инфрақұрылымды дамыту, секторға тартылатын орташа жылдық инвестицияларды екі есе арттыру, өнімділікті өсіру нәтижесінде Бағдарламаның мынадай негізгі нысаналы индикаторларына қол жеткізу күтіледі:

1)       АӨК субъектілерін субсидиялау есебінен ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемін 2020 жылға қарай 4,5 есе арттыру;

2)       АӨК субъектілерінің борыштық жүктемесін қаржылық сауықтыру шаралары есебінен жалпы сомасы 300 млрд. теңгеге кемінде 8 жылға ұзарту;

3)       кредиттер мен лизингтің қолжетімділігін арттыру жөніндегі шаралар есебінен АӨК-ге тартылған мемлекеттік емес кредиттік қаражат көлемі 2013 – 2020 жылдары 2 трлн. теңгеге дейін, т.б. [7].

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.  Александр Кайгородцев, Жанара Джуманазарова Казахстанский АПК: проблемы и пути повышения эффективности  http://group-global.org/kk/

2.  Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы

3.  ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.С. Мамытбековтің ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесіндегі баяндамасы

4.  Қазақстан Республикасы сатистикалық агаенттігінің ресми сайты http://stat.gov.kz

5.  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2014 жылдағы жұмыс қорытындылары мен 2015 жылға арналған міндеттері туралы

6.  Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығық министірлігінің ресми сайты  http://mgov.kz/

7.  Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы