ҚАЛА құрылысының
экономикалық дамудағы ролі
Утегенова К.А. Қорқыт
Ата атындағы ҚМУ-нің аға оқытушысы, э.ғ.к.
ҚР Президенті
Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол -
болашаққа бастар жол» Жолдауында әлеуметтік
инфрақұрылымдарды дамытуға қатысты бірінші
кезекте, апатты мектептер мен үш
ауысымда оқыту проблемаларын шешуді тапсырды. Үшжылдық
бюджетте қарастырылған қаржы бұл проблеманы 2017
жылға дейін шешуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан,
Үкіметке қосымша 70 миллиард теңге бағыттауды тапсырды.
Мектепке дейінгі мекемелерде орындар тапшылығын түбегейлі
қысқарту үшін 3 жыл бойы қосымша 20 миллиард
теңге бағыттауды тапсырды.
«Әлеуметтік
инфрақұрылым жақсарады, жаңа және заманауи
мектептер мен ауруханалар жоғары сапалы қызметтер көрсетеді.
Нәтижесінде ол әрбір қазақстандықтың
әл-ауқаты мен өмір сапасында көрініс табады» - деп атап
көрсетті [1].
Құрылыс
– әлемдік ІЖӨ-нің маңызды үлесін алатын
экономиканың үлкен саласы. Ақпараттық сектордың
өскелең мағынасына қарамастан,
құрылыстық сала дүниежүзілік экономикалық
өсуге маңызды үлес жасап келеді.
Құрылыс
саласы еңбек сыймдылығын көп қажет ететіндіктен
жергілікті тұрғын халықтарды жұмыспен қамтиды
және салынған инфрақұрылым үй шаруашылығы
мен экономиканың басқа да салаларының әрекет етуіне
қажет. Осы кезге дейін Қазақстан экономикасының
өсуінің үлкен бөлігі шикізаттың салаларының
қуатталды, бірақ айтылмыш саланың әлуеті іс
жүзінде өзін тауысты. Елге жетілу және дамудың
жаңа бастаулары керек. Қазақстан экономикасының
диверсификациялануы соңғы
уақыттарда өткір сезілуде. Алайда экономика саласының дамуы
елдегі ішкі инфрақұрылымдарға байланысты. Содықтан,
әлеуметтік және экономикалық
инфрақұрылымның қалыптасуының негізі болып
табылатын құрылыстық саланың әлуетінің
арттыру мәселесі өзекті.
Зерттеу
жұмысының мақсаты халықаралық тәжірибені
ескере отырып, Қызылорда облысы аймағының құрылыс
саласының даму перспективаларын анықтау. Қойылған
мақсатты анықтау үшін төмендегідей міндеттер
қойылады: құрылыс саласы мен экономикалық даму
арасындағы байланысты анықтау; құрылыс саласы мен сауда
саттықты либеризациалау арасындағы байланысты анықтау.
Құрылыстық
сала - негізгі қорлардыңдың қалыптасуы мен
жаңаруын қамтамасыз ететін экономиканың ірі саласы. Құрылыстық саланың ақырғы
өнімі сан-алуан ғимараттар,
құрылыстар, өндірістік және әлеуметтік
бағыттағы әр түрлі нысандар болып табылады. Құрылыстың өнімі
жылжымайды және аумақтық бекітілген [2].
Экономикалық
даму ІЖӨ –нің артуымен сипатталатын экономикалық
жүйенің сандық кеңеюі. Экономикалық даму ішкі
және сыртқы көріністері бар жан жақты үдеріс,
яғни құрылымның өзгеруі ішкі параметрлерге, ал
даму параметрлері жүйенің дамуының сыртқы
көрсеткіштеріне жатады.
Сонымен,
экономикалық өсу экономикалық дамудың міндетті
және қажетті шарты болып табылады. Экономикалық дамуды
сипаттайтын сапалық көрсеткіштер ретінде адами даму индексі,
тұрғындардың сауаттылық деңгейі, бір адамға
шаққан ЖӨ, елдегі жұмыссыздық деңгейі,
инфляция деңгейі, т.б.
Құрылыс
саласының экономикалық өсуге және елдің дамуына
әсер ету мәселесіне ғылыми қызығушылық
өткен ғасырда-ақ өзекті болды.
Әлемдік
экономикадағы құрылыс саласының ролін талдаудағы
негізгі қиындық болып, әлі де эмпирикалық
ақпараттың жетіспеушілігі болып отыр. Дегенмен, соңғы
онжылдықта эмпирикалық ақпарат базасының
айтарлықтай атап өту керек. Соның өзінде, құрылыс
кәсіпорындарының ұсынған ақпараттарының
шынайылығына қатысты мәселелер де жоқ емес.
Құрылыс
саласының әлеуметтік-экономикалық дамудағы ролін
айқындауға қатысты ақпараттарға тек бір
жақты көрсеткіштер талдануы орын алады. Мысалы, еңбек
ақы шығындары, шығыс және кіріс құжаттары,
т.б. Негізі, құрылыс саласының маңызы мен ролін
зерттеуде құрылыстың жалпы шығындарын, яғни
құрылыс барысында қолданылатын аралық өнімдер
туралы да ақпараттар толыққанды емес [3].
Құрылыс
саласы қазіргі таңдағы Қазақстан
экономикасындағы барынша қарқынды дамып келе жатқан
сала. Жаңа өнімдер мен жаңа технологиялардың пайда
болуына ықпал ететін ғылыми–техникалық прогресс капитал
бағасының арзандауына ықпалын тигізеді.
Экономиканың әртүрлі салаларында және
ғылыми-техникалық прогрестің әртүрлі
жағдайларында жағдай әртүрлі қалыптасуы
мүмкін.
Құрылыс
— өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы
негізгі қорларды жасау жөніндегі қызмет. Жаңа
құрылыстарды салу және қолданыстағыларды
өзгерту, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен
конструкцияларын жасау болып табылады.
Елбасының
«Қазақстан 2030» Стратегиялық бағдарламасының
елімізде құрылыс саласын дамытуда бәсекелік
қабілеттілігін арттыру маңыздылығы уақыт өткен
сайын айқын аңғарылады. Құрылыс
жобаларын жүзеге асыру өңірлердегі
индустриялық-инновациялық дамуға жаңа серпін берумен
бірге, экспорттық мүмкіндікті арттырса, халықтың
энергетикалық тәуелсіздігіне қол жеткізу мен
индустриялық аймақ құруға қатысты
мәселенің оң шешілуіне бірден-бір негіз қалап отыр.
Демек, инновациялық бағыт арқылы
әлеуметтік-экономикалық дамуға қеңінен жол
ашылып, халықтың дағдарыс салқынын
сезінбеуіне керісінше әлеуметтік
жағдайдың оң шешіледі.
Қазіргі
таңда құрылыс қызметтері саласындағы
бәсекелестік ұлттық деңгейге дейін көтеріліп,
халықаралық құбылысқа айналды.
Қазақстан Республикасының халықаралық
экономикалық қауымдастық аясына интеграциялануы, экономиканың
қарқынды дамуы Астана, Алматы және басқа
қалалардағы ірі құрылыс нысандарын жобалауға
және салуға көптеген шетелдік құрылыс
компанияларын, инженерлер мен мамандар тартылды. Инжинирингтік қызметтер
мен құрылыс жүргізуге байланысты тапсырыстардың
ауқымды көлемі шағын зауыттар, фабрикалар, қоймалар,
дүкендер, кеңселер және тұрғын үйлер
салуға қатысты қарапайым міндеттердің үлесіне
берілді.
Елді
мекендердің кешенді түрде дамуы олардың белгіленген
тәртіппен бекітілген қала құрылыстық
құжаттарына сәйкес жүргізіледі. Елдi мекендердiң
бас жоспарлары қаланы, кенттi, ауылды не басқа да қонысты
дамытуды кешендi жоспарлауды айқындайтын және аумақты
ұйымдастырудың бекiтiлген бас сызбасы мен аймақтардың
қала құрылысын жоспарлаудың кешендi сызбасына
сәйкес әзiрленетiн негiзгi қала құрылысы
құжаты болып табылады.
Қызылорда
облысы көлемінде сәулет және қала құрылысы
саласында қордаланып қалған мәселелерді кешенді
түрде шешу үшін, сондай-ақ халықтың жер
телімдерін алуға берген сұраныстарын қала, аудан
әкімдерінің тарапынан тиісті деңгейде орындалуын және
жер беру мәселесінде ашықтық пен жариялылықты
қамтамасыз ету мақсатында «Қызылорда облысында қала
құрылысын дамытудың 2015-2018 жылдарға арналған
бағдарламасы» әзірленді.
Әзірленген
бағдарлама қала құрылысын жоспарлау мен
ұйымдастыру, аумақтар мен елді мекендерді дамыту, аумақтарды
қала құрылысына пайдалану түрлерін анықтау,
қала құрылысы кеңістігін қалыптастырудың,
қала құрылысы жобасын жасаудың шығармашылық
процесін, қала құрылысы құжаттамасының
барлық шектес бөлімдерін үйлестіруді қамтитын
қалалар мен елді мекендерді кешенді жоспарлауға және
аумақтағы барлық объектілердің экономикалық,
шаруашылық, табиғи және
құқықтық жағдайлары туралы
мәліметтерді жинау, жүйелеу, сақтау және жаңартып
отыру жөнінде біртұтас ақпараттық басқару
жүйесін құруды қамтамасыз етуге
бағытталған.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 Ел
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдаған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол»
Жолдауы - http://www.inform.kz/kaz/
2 Акимов В.В.,
Макарова Т.Н., Мерзляков В.Ф., Огай К.А. 2009. Экономика отрасли
(строительство). Учебник. Москва. ИНФРА-М.
3 Экономика городского
строительства: учеб. для вузов / под ред. А. Л. Коралова. - М. : Стройиздат,
2009. - 245 с.