Талапбаева Гульнар Едиловна

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

«Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.к

 

Қазақстанда ұлттық инновациялық жүйелерді дамытудың негізгі бағыттары

 

Ақпараттық алмасу дамыту процесiнiң және әсiресе, бiлiмдердi, технологияларды, ақпараттарды беру процестерiне негiзделген инновациялық дамытудың шешушi факторының бiрi болып табылады. Қазақстанда жалпы жүйе құру қажет. Ол Қазақстанның мемлекет iшiндегі, дәл сондай шетелдiк серiктестерге индустриялық-инновациялық дамуы процестерiнiң жалпы кешенiн ашып көрсететiн болады - "Виртуалдық технопарк" инновациялық дамытудың бiрыңғай ақпараттық жүйесi (бұдан әрi - "Виртуалдық технопарк" БАЖ).

Ақпараттық жүйе әрiптестер мен инвесторларды iрiктеу мақсатымен ұсынылатын және талап етiлетiн технологиялар бойынша ақпаратты жинауға, талдауға және пайдалануға мүмкiндiк беретiн iргетасын бiлдiруi тиiс.

Инновациялық дамудың "Виртуалдық технопарк" БАЖ даму және ұйымның инновациялық дамуына iске қосылған басқа да институттардың қызмет көрсетуiн бiлдiретiн көп деңгейлi дерекқорды бiлдiредi деп жоспарлануда. Жүйе қазiргi заманғы технологияларды әлеуеттi жеткiзушiлер мен тұтынушылардың арасындағы барынша мүмкiн болатын байланыстардың санын ұйымдастыру процесiн қамтамасыз ететiн болады, ғылыми-технологиялық дамуды болжау үшiн негiзге болады.

Мемлекеттiк институттардан жеке секторға "Виртуалдық технопарк" БАЖ шеңберiнде ұсынылатын қызмет көрсетулердiң көлемi мен бағытын назарға ала отырып, "Виртуалдық технопарк" БАЖ сервистерi электронды Қазақстан Республикасының даму инфрақұрылымының мемлекеттiк бағдарламасына енгiзiлген.    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы ақпараттық жүйе шеңберiнде елдiң ғылыми-техникалық әлеуетiнiң картасы және мемлекеттiк индустриялық инновациялық саясатты қалыптастыру, iске асыру, оның мониторингi кезiнде, сондай-ақ зерттеушiлердiң, кәсiпкерлердiң, шетелдiк инвесторлардың жұмысында пайдаланылуы мүмкiн электрондық дерекқор құрылатын болады. Мұндай жұмыс бiлiмнiң қазiргi кластерлерiн орналастыру кестесiн, жекелеген зерттеушілердiң білiктілiгiн айқындайды, әртүрлi ғылыми пәндер арасында әлеуеттi байланыстарды бөледi.

"Виртуалдық технопарк" БАЖ сапасын және оның қойылған мiндеттердi орындауды қамтамасыз ету қабiлетiн айқындайтын негiзгi факторлар мыналар болады:

 - ҰИҚ субъектілерi қызметiнiң ақпараттандыру дәрежесi;

 - ҰИҚ арқылы субъектілер арасындағы өзара iс-қимылдың деңгейi.

Венчурлiк қорлар венчурлiк инвестициялаудың негiзгi тетігі болып табылады. Оларды құру және дамыту үшiн мыналар қажет:

 - венчурлiк қорлар қызметiнiң нормативтiк негiзiн бұл ретте, олардың қызметiнiң артық регламенттауынан бас тарта отырып, оларды тiркеудiң жеңiлдетiлген тәртiбiн енгiзе отырып жетілдiру;

 - заңды тұлғаны құру жолымен және құрмастан, венчурлiк қорларға бақылаусыз үлестiк қатысу жолымен инновациялық бағыттылықтың венчурлiк қорларын құруға ҰИЖ инвестицияларын жүзеге асыру;

 - шетелдiк қорларға ҰИЖ мамандарын тағылымдамаға жiберуге, олардың акционерлерiмен және Директорлар Кеңесiнiң мүшелерiмен өзара жұмыс iс-қимылын орнатуға, ал келесi кезеңде осы қорлардың ресурстарын Қазақстанда инвестициялауға тартуға мүмкiндiк беретiн үш жетекшi шетелдiк қорларға қаражатты инвестициялау жолымен венчурлiк қорларды басқару саласындағы алдыңғы қатарлы тәжiрибенi тарту, шетелдiк венчурлiк капиталмен ҰИЖ-бен белсендi ынтымақтастық.

Инновациялық қызметті дамыту үшін жаңадан құрылған өндірістегі немесе жақсартылған технологиядағы зияткерлiк меншiк баға алатын болады. Осы мақсатта зияткерлiк меншiк бағасының өлшемiн әзiрлеу және республикада зияткерлiк меншiктi бағалаушылар институтын құру қажет.

Зияткерлiк меншiк объектiлерiнiң құнын оларды шаруашылықтық айналымға (компанияның жарғылық капиталына жарналар) енгiзу үшiн сапалық бағалауды жүзеге асыру үшін лицензиаттардың рейтингiн айқындау және бағалаушы-компаниялардың "қысқаша тiзiмiн" қалыптастыру жүйесiн құру қажет. Бағалауды жүргізудiң нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындаған бағалаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн сақтандыруды дамыту бойынша шаралар қабылдау қажет.

Мемлекет, инновациялық қызмет саласындағы мамандардың дамуына бағытталған негiзгi шаралар ретiнде:

- мемлекеттiк бiлiм беру стандарттарында көрсетiлген мамандықтарды енгiзуге байланысты, Қазақстанда инновациялық қызметтi жүзеге асыратын тиiстi сұраныстағы мамандықтар бойынша жоғарғы оқу орындарында жүйелiк оқытуды ұйымдастыру;

- менеджменттiң білiктiлігін арттыру, сондай-ақ қазiргi заманғы әдiстемелiк қабылдаулар мен қазіргі заманғы техникалық құралдарды, бұл ретте даму институттарының әлеуетiн пайдалану мүмкiндiгiн пайдалана отырып интерактивтi режимде оқып үйретудi жүргiзу;

- басқарушылық және кәсiпкерлiк мәдениеттi дамыту;

жоғарғы оқу орындары мен жоғарғы оқу орындарынан кейiн оқып-үйрететiн, оның iшiнде шетелдерде қысқа мерзiмдi курстарды, семинарларды, жұмыс iстейтiн менеджерлердiң бiлiктілігін арттыруға арналған дөңгелек үстелдердi қамтитын кадрларды дайындаудың жүйесiн құруды болжап отыр.

Ұлттық инновациялық жүйенiң тиiмдi ұзақ мерзiмдi жұмыс iстеуiнiң негiзгi шарттарының бiрi негізгi элементтердiң тұрақты өзара iс-әрекетi болып табылады. ҰИЖ-дiң элементтерi мен олардың жинақтамалары ақпараттардың еркiн ағымын, бiлiм идеялары мен iшкi жүйелердегі және оның шегiндегi тәжiрибелердi бiр жүйеге қалыптастыруы тиiс.

ҰИЖ-дi қалыптастырудың желiлiк қағидаты инновациялық процестерге жаңа қатысушыларды тартудың тұрақты шаралары бойынша дамуына мүмкiндiк бередi. Осы көзқараспен алғанда мемлекет бастапқы кезеңде ҰИЖ-i қатысушыларының ашықтық қағидаты мен ақпаратқа тең қол жеткiзiлуiн, зияткерлiк және материалдық құралдары қағидатында ҰИЖ-i өзара iс-қимылын қамтамасыз етуi өте маңызды. Ақпараттық қамтамасыз ету оның барлық iшкi элементтерi мен қоршаған орта арасындағы тұрақты ақпарат алмасуын болжау бойынша ҰИЖ қалыптастырудың бiрден-бiр негiзгi жетiстiк факторы болып табылады. Осылайша, мемлекет Ұлттық инновациялық жүйенi қалыптастырудың негiзгi бастамашысы ретiнде екi секторға ақпараттардың алмасу ағымдарының инфрақұрылымын көздеуi және жоспарлауы тиiс:

а) - инновациялық жүйелер элементтерiнiң объектілерi болып табылатын ұйымдар:

- ғылыми ұйымдар;

- инновациялық кәсiпкерлiк;

- технологиялық және ғылыми парктер, технологиялық бизнес-инкубаторлар;

- қаржылық ұйымдар.

б) - инновациялық жүйелердiң объектiлерiне тыстан ықпал ететiн ұйымдар:

- бiлiм беру жүйелерi және кадрларды дайындау;

- мемлекеттiк органдар;

- инновацияларды талап етудi айқындайтын рынок;

- Қазақстан қатысып отырған әлемдiк инновациялық жүйе.

Инновациялық дамытудың бiрыңғай ақпараттық жүйесi ҰИЖ-i элементтерi арасындағы сияқты, сондай-ақ сыртқы ортадағы сияқты Қазақстанның iшкi инновациялық даму процесiне тұрақты ықпал ететiн ақпараттық алмасу процестерiн шешуге арналған.

Сонымен қатар ақпараттық алмасу жүйелерiн қалыптастыра отырып, оның тұрақты сапалы және сандық жұмыс iстеуiн, ақпарат алмасуды және осы жүйедегi пайдаланушылардың санын көптеп тарту есебiнен қамтамасыз ету қажет.

 

Әдебиет

 

1 Попов, Д. Ю. Проблемы ускорения инновационного развития экономики / Д. Ю. Попов, И. Н. Плющевский // Экономический бюллетень Научно-исследовательского экономического института Министерства экономики Республики Беларусь. - 2016. - № 2. - С. 13-19. - (Структурные преобразования экономики). - Библиография: 5 назв.

2 Иванова, Наталья Ивановна. Инновационная политика: теория и практика / Н. Иванова // Мировая экономика и международные отношения. - 2016. - № 1. - С. 5-16. - (К 60-летию ИМЭМО). - Библиография: 15 назв.

3 Белокрылова О. С. Теория инновационной экономики : учебник. – Ростов н/Д. : Феникс , 2009. - 376 с. Свердловская ОУНБ; КХ; Инв. номер 2311673-КХ