Талапбаева Гульнар Едиловна

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

«Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.к

 

Инновациялық инфрақұрылымның ұлттық экономикада                      алатын орны

    

Инновациялық жүйе әрқайсысы тиiсiнше осындай элементтердi қосып алатын төмендегідей негiзгi кiшi жүйелерге бөлiнедi:

1. Ғылыми әлеует коммерциялық пайдалану деңгейiне дейiн iргелiк әзiрлемелердi "жетілдiрудi" жүзеге асыратын қолданбалы зерттеулердiң дамыған саласын құру жолымен инновациялық даму үшiн сөзсiз қажеттi фактор қалыптасады;

2. Мемлекеттiк ғылыми ұйым – ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғарғы оқу орындары, жобалық институттар;

3. Ұлттық компаниялар жанындағы ғылыми ұйымдар, iрi кәсiпорындар жанындағы зертханалар;

4. Жеке ғылыми-зерттеу және жобалық институттар;

5. Ғылыми зерттеулермен айналысатын шағын және орта кәсiпкерлiктер;

6. Ғылыми кадрлар және дербес өнер тапқыштар;

7. Материалдық-техникалық база.

Инновациялық кәсiпкерлiк төмендегілерді қамтиды:

1. Бизнес-серіктестер;

2. Кәсiпорындар;

3. Инновациялық менеджерлер;

4. Инновациялық қызметтi iске асыру үшiн қызмет көрсететiн және жағдайларды қамтамасыз ететiн өзара байланысты өндiрiстiк, консалтингтік, білiм және ақпараттық құрылымдардың кешенi айқындалатын көп деңгейлi инновациялық инфрақұрылым;

Инновациялық инфрақұрылым төмендегідей элементтерден тұрады:

1.Ұлттық технологиялық парктер;

2. Өңiрлiк технологиялық парктер;

3.Технологиялық бизнес-инкубаторлар;

4. Ғылым қалашықтары.

Қаржылық инфрақұрылым төмендегідей элементтерден тұрады:

 - мемлекеттiк даму институттары;

 - венчурлiк қорлар;

 - кәсiпорындар;

 - жеке кәсiпкерлер;

 - екiншi деңгейдегі банктер.

Қазiргi уақытта, өзiнiң коммерциялық қолданысын табуға инновациялық әзiрлемелердi және шығармашылық идеялардың аз үлесi ғана ие болады. Проблема, бүгiнгi күнi елде iс жүзiнде тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк база мен жобалық-конструкторлық институттар бұзылуында және ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн экономиканың нақты секторына енгiзудiң тиiмдi тетiгінiң болмауында болып тұр. Ғылымның институционалдық құрылымында соңғы жылдары болып жатқан қайта құрулар ғылыми-зерттеу институттарының меншiк нысандарындағы өзгерiстерге қарамастан жалпы алғанда инновациялық дамудың талаптарына жауап бермейдi. Ғылымда түпкілiктi нәтижелі өндiрiске жаңа өнiмдердi енгiзуге, жаңа коммерциялық тиiмдi технологияларды енгізуге әлсiз бағдар сақталып отыр. Бiрқатар салалық ұйымдар өзiндiк мәртебесi бойынша ғылыми болып қағаз жүзiнде қала отырып, iс жүзiнде зерттеушілiк қызметтi жиып қойды және тек шаруашылық құрылымға айналды.

Қазiргі кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігі ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілеттi орган болып табылады. Бұл министрлiктен өзге ғылыми-техникалық қызметпен салалық министрлiктер де айналысады. Уәкiлеттi органның функциясына бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми зерттеулердiң барлығына дерлiгіне тәуелсiз ғылыми-техникалық сараптама жүргiзудi ұйымдастыру кiредi. Сараптау кезінде бағдарламаның ғылыми негізділігі, ғылыми ұжымның оңтайлы мөлшерi мен құрамы, зерттеулердiң бас ұйымы жобалауының негізінде мақсаттарға жетудің нақтылығы, орындасушы ұйымдарды тарту қажеттілігі және тағы басқалар тексеру мен бағалауға түседі.

Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру, осының шеңберінде ғылыми ұйымдар ҒЗТКЖ жүргізуге мемлекеттік тапсырыс алатын ғылыми-техникалық бағдарламаларды қалыптастыру және іске асыру арқылы заңнамалық бекітілген бағдарламалық-мақсаттағы қағидаттар негізінде жүзеге асырылады. Ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру ұсынылатын бағдарламалар мен ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiне мемлекеттік ғылыми және ғылыми-техникалық тәуелсiз сараптама мiндеттi жүргізіле отырып, конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Қазiргi заманғы кезеңде бағдарламалық-мақсаттық әдiс шеңберiнде төмендегідей ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларды қалыптастыру мен iске асыру жүзеге асырылады:

-табиғи және әлеуметтiк жүйелер туралы қағидаттық жаңа бiлiмдердi және экономиканың жүйелiк қайта құрылуының, қоғамның, мәдениеттiң және ғылымның өзiнiң тұрақты дамуының ғылыми негіздерiн әзiрлеудi алу мақсаты бар ғылымның және ғылыми-техникалық прогрестiң басым бағыттарының сол шектеулi саны бойынша iргелiк зерттеулер;

- өнеркәсiптiк-технологиялық және әлеуметтiк экономикалық дамудың бас басымдықтарында ғылыми-техникалық әлеуеттi шоғырландыруға қабілеттi мемлекеттiк ғылыми-технологиялық саясатты iске асырудың маңызды құралы ретiндегi республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар;

- ғылыми-техникалық қызметтiң нақты және кешендiк-салааралық бағыттарын, қолданбалы және ендiрмелi зерттеулер мен әзiрлемелердi, өңiр үшiн басым ғылыми зерттеу бағдарламаларды бiлдiретiн қолданбалы (салалық, салааралық және өңiрлік ғылыми-техникалық) бағдарламалар;

 - айқындалған басым бағыттар шеңберiнде "тәуекелдiк" пен перспективалық iргелiк және қолданбалы зерттеулердi ынталандыру және өңiрлердегі ғылыми зерттеулердi дамытуға ықпал ету мақсаты бар Ғылым қорының жобалары.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрi - ЖҒТК) мақұлдаған iргелiк ғылыми зерттеулердiң 5 басым бағыттары айқындалған. Басым бағыттар шеңберiнде iргелiк және қолданбалы ғылыми зерттеулердің бағдарламаларын iске асыруды ғылыми және ғылыми-өндiрiстік орталықтар мен Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң басқа да ғылыми ұйымдары, бағдарламаның басқа әкiмшiлерi жүзеге асырады. Орталықтардың қызметi, ғылыми бағыттардың үйлестірушiлерi ретiнде ғылыми ұйымдарды жетелейтiн әлеуеттерді сақтауға және одан әрi дамытуға, пәнаралық өзара әрекеттi, материалдық және кадрлық резервтi шоғырландыруға, ғылымның өндiрiспен және біліммен ықпалдасуын жүзеге асыруға бағдарланған. Бұл ретте Ұлттық ғылыми орталықтар қолданбалы зерттеулердiң басым бағдарламаларын іске асыру жөніндегі бас ұйымдар болып айқындалған. Оның жекелей алғанда Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Ұлттық ядролық орталығы, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Радиоэлектроника және байланыстар жөнiндегi, минералдық шикiзатты кешендiк қайта өңдеу жөнiндегi ұлттық орталықтары. Сонымен қатар, ұлттық ғылыми орталықтар үшін "бас ұйымдар" мәртебесi заңды түрде бекiтiлмеген, ел экономикасының қажеттілігіне  сүйене отырып, ғылыми бағыттарды үйлестiру бойынша оларға жүктелген функциялар толық көлемде iске асырылған емес.

Ғылыми зерттеулердiң жоғарыда аталған бағдарламаларын орындауға ғылыми-зерттеу институттарымен қатар көптеген жоғары оқу орындары да қатысуда. Бұл ретте iргелiк және қолданбалы бағдарламаларды iске асырудағы жоғары оқу орындардың үлесi орта есеппен тиiсiнше 12 - 20%-ды құрайды. Одақтас мемлекеттiң орталықтандырылған жоспарлық жүйесi жағдайында республиканың ғылыми-техникалық кешенi жекелеген және едәуiр тар ғылыми проблемаларды шешуге бағдарланды. Iрi ғылыми зерттеулер, әзiрлемелер және ғылыми мектептер Ресей Федерациясында, Украинада және Беларуссияда басымдықпен шоғырланды. Дегенмен, республикада катализ, органикалық синтез, микробиология, металлургия саласында әлемдiк деңгейдегі күшті ғылыми мектептер қалыптасты.

 

Әдебиеттер

 

1 Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 10 тамыз 2014 жыл.

2 Серикбаева Б. Инновационные факторы развития // Транзитная экономика.- 2004.-ЗЧ 3.- С.106-110.

3 Научное издание. Наука и инновации в рыночной экономике// 2005- 256с.