Талапбаева Гульнар Едиловна

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

«Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.к

Кәдірова Гүлжайна Ғалымжанқызы

«Экономика» мамандығының студенті

 

Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау мен болжаудын әдістері

 

Қаржылык жоспарлау - қаржылық механизім жүйесіне енетін экономикалык-әлеуметтік жоспарлаудың маңызды бөлігі. Қаржылық жоспарлаудың негізгі түйінін өндіріс, қоғамдык кайта өндіріспен акшаға белсенді ықпал ететін элементтерге, тауарлык- материалдык кұндылыктарға қатысты еркін түрдегі ақшалай нысанда болуы кұрайды.

Қаржылык жоспарлау - экономикалық және құрылымшылары арасындагы маңызды басқару қызметі. Ол мемлекеттік билікпен, баскару органдарымен іске асырылады, сонымен қатар барлык шаруашылық органдары, мекемелері және олардың жоғары кұрылымындарымен жүзеге асырылады.

Нарық шартында шаруашылықтың қаржылық жоспарлауды енгізу болжамдау сияқты шаруашылықтың сонгы нәтижесіне ыкпал ететін көптеген факторлардың аныкталмағандығымен байланыстағы болжам болуымен байланысты.

Болжам - ғылыми зерттеуге негізделген қандай да бір құбылыстың болашақтағы жағдайының ықтималдығы. Болжамдау қандайда бір кұбылыстың, обьектінің кезеңнің даму бағыттарына кұрылған болжам. Қаржыға байланысты болжамдық дамуы қаржылық катынастарды жетілдіру мүмкіндіктері десек, нысанымен каржылык ресурс үрдісімен - қаржы корлары құралдарынын қозғалысы аныкталады.

Қаржылык болжау әртүрлі әдістерді қолдануды кажет етеді:

- экономикалық үрдістерді анықтайтын факторларға қарай қаржы жоспарлары көрсеткіштерінің динамикасын бейнелеп көрсететін экономикалық үлгілерді жасау;

- коррелляциялық-регрессиялык талдау;

- тікелей сарапаттамалық бағалау әдісі;

Қазіргі таңда шаруашылық жүргізудің нарықтык жүйесінде сонымен бірге индикативтік, яғни ұсынбалы (нұскамалық) жоспарлау пайдаланылады; ол олар ақпараттық - үйлестіруші рөлін орындайды және қаржы қызметінің субъектілеріне экономикалык реттеушілер аркылы жанама түрде ықпал етеді. Индикативтік жоспардың ажырамас бөлігі - индикативтік қаржылык жоспар- лау. Бұл жоспарлаудың басты максаты - болжанған дамуды қамтамасыз етудегі қаржы ресурстарының шамаланған ауқымын және олардың бағытын аныктау.

Индикативтік каржы жоспарларының мемлекеттік секторларда ғана міндетті сипаты бар. Ал меншіктің басқа нысандарының секторлары үшін кепілдемелік сипаты болады. Соңғыға экономикалық тетіктерде - реттелетін бағаны, субсидияларды, кредиттерді, салык мөлшемерлері мен жеңілдіктерін, жеделдетілген амортизация мен және басқаларды пайдалану арқылы жетеді

Жоспар - іс-әрекеттердің немесе құбылыстардың орындау ретін мерзімі мен қайталануын анықтайтын бір мақсатка жетуге бағытталған өзара байланысқан жүйе.

Жоспарлау - жоспар құруын қамтитын процесс, оның орындалуын қамтамасыз ету және орындалуына бақылау жасау.

Нарықтық шаруалық жағдайында санымен катар индекативті, яғни ұсынылатын жоспарлау қолданылады. Ол ақпарат түзету рөлін аткарады және экономикалық реттеулер арқылы қаржылық субьектілер кызметіне жанама ыкпал етеді.

Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау жүйесін қаржылық болжам белсенді рол атқарады. Қаржылық жоспар құрастыру барысында өндіріс қызметінің қуаттылық дәрсжесі тексеріледі, қаржылык ресурстарды өнім өндірудегі өндіріс қуатын толық пайдалану жәнс оның сапасына жақсартуы арқылы өнімді сатуды көбейту, айналым кұралдарын тездету, құрылыс кұнын төмендету, баскару ақпаратты қамтамасыз етудегі шығындарын төмендету мүмкіндіктері анықталады.

Сонымен қатар материалдык ресурстарды тарату арқылы каржылык құралдарға қажеттілікті төмендету жолдары карастырылады. Айналым құралдарының айналу жылдамдығы және т.б қарастырылады.

Сонымен қаржылық жоспарлау бір жағынан қаржылық ресурстарды басқару құралы, екінші жағынан - қоғамдық өндіріс үдерісіне әсер ету құралы.

Жоспарлаудың үздіксіздік қағидасы келешек дамудың және жылдық қаржылык жоспарлармен тығыз байланысын болжайды. Ал бұл тиімді дамудағы жоспар мерзімінің ұзартылуымен және қызметінің жылдык жоспарда анықталуымен кол жеткізіледі. Қаржылык жоспардың үздіксіздігі ағымдағы және болашақта жоспардың арасындағы қайшылықты алдын алуға мүмкіндік береді. Мұнда шаруашылык байланыс арасындағы байланысты ағымдағы және болашақтағы жоспар, нарықтық даму бағыттарын анықтай отырып, олардың дамуына бағытталған жөн.

Қаржылық жоспарлауда келесі әдістер қолданылады :

I. Экстрополяция (немесе коэффиценттер) әдісі. Қаржылык көрсеткіштер олардың кұрылу динамикасы негізінде анықталуында тұрады. Есептік кезеңінің базасы және олардың өсу немесе төмендеудің тұрақты типіне байланысты түзетулері арқылы жүргізіледі. Мұндай жағдайдың өзіндік кемшіліктері бар: Мүмкін болатын шаруашылык ішіндегі резервтерді есептемейді, пайдаланған қаржылык және материалдық ресурска кері әсер етеді. Өйткені жоспарланатын кезінде олардың мөлшері қол жеткен деңгейде негізделіп анықталады. Сонда оның мағынасындағы қаржылық көрсеткіштерді олардың динамикасын белгілеу негізінде анықтауға болады. Есеп-қисаптар есепті кезеңнің жетістіктері және оларды өсудің немесе төмендеудің салыстырмалы тұрақты қарқынына түзету негізінде жүргізіледі. Мұндай тәртіптің айтарлыктай кемшіліктері бар:

- мүмкін болатын ішкі шаруашылык резервтері аныктауды есепке алмайды;

- материалдык және акша ресурстарын пайдалануга теріс ыкпал етеді, өйткені жоспарланатын кезеңінде олардың көлемі кол жеткен деңгейге карай аныкталады.

2.       Экспортты бағалау әдісі жоғары маманданған мамандар тәжірбиесін пайдалануды болжайды, яғни жоспарлау обьектісі жағдайының параметрлерін анықтауға арналған сарапшылар. Сондыкган каржы балансының талаптарын сақтау кәсіпорынның, кәсіпорын бөлімшілерінің, өкілеттіліктерін шығындары мен табыстарының арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан сақтандыруға шаруашылык субъектіні дамытудың кажетті қаркындары мен үйлесімдерін аныктауға; ішкі резервтерін жұмылдыруды ескере отырып, оларды жан-жакты негіздеуге мүмкіндік береді. Нормативті әдіске сәйкес жоспарлы қаржылық көрсеткіштер нормалар мен нормативтер негізінде есептеледі.

3.       Баланстык әдіс шығындардың оларды жабу кездерімен сәйкестігін, барлык қаржылык жоспар білімдерінің өзара байланысын қарастырады. Сонымен катар өндірістік және каржылык көрссткіштерді карастырады. Қаржылык баланстың барлық шарттарып кәсіпорын шығындары мен кірістерін, сала аралык бүкіл шаруашылык бюджеті арасындагы диспрпорция анықтауға ішкі ресурстарды жұмылдыру негізінде оларды жан-жакгы түсіндіруге мүмкіндік береді.

4.       Мақсаты - бағдармалық әдіс. Нарық дамуының шартында каржылык болжамының әртүрлі деңгейінде - жалпы ұлттық, салалык. алғашқы іске асырылатын ғылыми техникалық бағдарлама базасы негізінде әдістерінің бірі қаржылық бағдарламалау анықталады. Мақсаты бағдарламалы әдісті қолданатын каржылык жоспарлау әдісі десек, оның негізінде нақты құрылған максаттар мен оған жету жолдарының күралдары салынған басымдылыктың құрылуы, құрау тиімділігінің артуы, балама нұсканы таңдауына қаржыландыруды токтату.

Есептеудің көп нұсқаулығы жақсы шешімдерді кабылдау экономикалық-математикалық әдістердің кең аукымды колданылуын пайымдайды, ұзак мерзімді каржылык болжамда ЭЕМ колданылады. Сондықтан каржы балансының талаптарын сақтау кәсіпорынның, кәсіпорын бөлімшілерінің, өкілеттіліктерінің шығындары мен табыстарының арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан сақтандыруға шаруашылык субъектіні дамытудың кажетті қарқындары мен үйлесімдерін аныктауға; ішкі резервтерін жұмылдыруды ескере отырып оларды жан-жакты негіздеуге мүмкіндік береді.

 

 

Әдебиет

 

1 Балабанов И.Т. Финансовый менеджмент. -М.: Финансы и статистика, 2005.- 384с.

2 Балабанов И.Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта. - М.: Финансы и статистика, 2004. -170с.

3 Гренов Н. Н.  В. Управление финансами. -М.: Экономика и статистика, 2001