Қазақстандағы жанама салықтарды оңтайландыру
және ҚҚС-ның кәсіпкерлік қызметке әсерлері
Магистрант Ескерова А.С., э.ғ.к. Сaрыпбекoвa Н.A
М.Әуезов ат.ОҚМУ, Шымкент қаласы
Қазір
әлем шапшаң қарқынмен өзгеруде. Басқаша ашықтық
экономика дәуір туып келеді. Біздің көз алдымызда
өзгеше мүмкіндіктері мен тәуекелдері бар жаңа
жаһандық нақты ахуал пайда болуда. Бүгінде
Қазақстан экономикасына әлемдік рыноктардағы
құлдырау туындатқан бірқатар сыртқы факторлар
теріс әсерін тигізуде. Жаһандық дағдарыстардың
шығу төркіні біздерге байланысты емес. Жаһандық
дағдарыстар ықпалынан ешкім де сақтанып қала алмайды.
«Көрпеге қарап көсілу» – бұл, әсіресе,
жаһандық дағдарыстың ықпалы жағдайында біз
үшін тексерілген қағидат және бюджет саясатының
дұрыс моделі.Бүгінде біз бюджетке салықтық
түсімдердің 20 пайызға дерлік төмендегенін айтып
отырмыз. Қосылған құн салығын төлеу
көлемі төрттен бірге, ал табысқа корпоративтік салық
бойынша 13 пайызға төмендеді. Бұл бар болғаны бизнеске
қосымша қысымды білдіретін болады. Бюджет шығындарын
Ұлттық қор есебінен жабу – көрегендік емес. Біз
алдағы жылдардың қандай боларын білмейміз. Сондықтан
менің ұстанымым қағидатты – Ұлттық
қор қаржыларын ағымдағы шығындарға
пайдалану тоқтатылуы тиіс. Ұлттық қордан
республикалық бюджетке жыл сайынғы кепілдендірілген, шектеулі
трансферт бірден-бір тетік болуы керек. Үкіметке Ұлттық
қор қаржыларын жаңа жаһандық өмір
шындығы жағдайында қалыптастыру мен пайдаланудың
жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамыз. Бізге мемлекеттік
кірістер мен шығыстардың бүкіл жүйесін қайта
қарау қажет. Ең алдымен, бюджеттің кіріс базасын
ұлғайту керек. 2017 жылы қазіргі ҚҚС-тің
орнына сатудан түсетін салықты енгізу қажет. Барлық
тиімсіз салықтық жеңілдіктерді жойған жөн.
Салықтық режімдерді оңтайландыру қажет – тек үш
деңгей ғана қалуы керек. Олар – жалпы, жеке кәсіпкерлер
үшін патент және шағын және орта бизнес,
сондай-ақ, аграрлық сектор үшін арнайы салық режімі.
Мұндай механизм «көлеңкелі экономиканы» жарыққа
алып шығатын болады. Салық саласының мөлдірлігін
арттыру Үкіметтің басты міндеті болуы тиіс. Тек осылай еткенде
ғана экономиканың әрбір субъектісі салықтарды
толық көлемде төлеуге мүдделі болмақ.
Үкімет салықтық әкімшілендірудің тиімділігін қамтамасыз
етуі керек. Бүгінде мүлікті жария ету мерзімдері 2016 жылдың
31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Мүлік пен ақшаны
заңды айналымға қайтару үшін қосымша
ынталандырулар қабылданды. Құпиялылық пен сот
қудалауынан қорғауға кепілдік беріледі. Үкіметке
жария ету жағдайларына тағы бір рет талдау жасауды және
қажет болған жағдайда, оған қатысушыларға
кепілдікті күшейтуді тапсырамын. Мен мүлікті жария етуге
қатысу жөнінде әлі де ойланып жүргендердің
барлығын осы мүмкіндікті пайдаланып қалуға
шақырамын деп атап өтеді Елбасымыз Қазақстан
халқына 14.12.2015 күнгі жолдауында. [1]
2017
жылдың 1 қаңтарынан кірістер мен шығыстарды жаппай
декларациялау күшіне енеді. Одан кейін, олар қайда болса да,
олардың шығу төркіні мен салық салынуын анықтау
үшін, соның ішінде Экономикалық ынтымақтастық пен
даму ұйымының көмегімен, есепшоттар мен активтерді
анықтау бойынша шаралар қабылданатын болады. Енді бюджет
шығындарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы.
Үкіметке барлық бюджеттік бағдарламаларға толық
ревизия жүргізуді тапсырамын. Дағдарыс жағдайында әр
теңге де маңызды. Тиімсіз шығындар немесе жеке сектор есебінен
жабылуы мүмкін шығындар бюджеттен шығарылуы тиіс.
Өңірлік және индустриялық даму
бағдарламаларының шығындарын қайта қарау
қажет. [2]
Осы бағыттарда
Үкіметіміз тындырымды жұмыстар атқаруда. Ең алдымен,
бюджеттің кіріс базасын ұлғайту керек. 2017 жылы қазіргі
ҚҚС-тың орнына сатудан түсетін салықты енгізу
қажет. Барлық тиімсіз салықтық жеңілдіктерді
жойған жөн. Салықтық режімдерді оңтайландыру
қажет – тек үш деңгей ғана қалуы керек. Олар –
жалпы, жеке кәсіпкерлер үшін патент және шағын
және орта бизнес, сондай-ақ, аграрлық сектор үшін
арнайы салық режімі. Мұндай механизм «көлеңкелі
экономиканы» жарыққа алып шығатын болады» деп атап
көрсетті. Осыған орай Қазақстан Үкіметі
және тиісті министрліктер мен мекемелер бірнеше бағдарламалар
әзірлеп, жүзеге асыруда. Уақытында төленбеген
салықтың айыппұлы мен өсімпұлы өте
жоғары болады. Қазақстан Республикасында салықты мерзімінде
төлеу әрбір азаматтың парызы болуы тиіс, яғни
төленген салық арқылы дер кезінде ата-әжелеріміз
зейнетақысын, аналарымыз әлеуметтік жәрдемақыларын,
мемлекеттік қызметкерлер жалақысын, ал білім алушылар
(студенттер, магистранттар, докторанттар) шәкіртақыларын алатынын
ескеруіміз, сонымен қатар, егемен еліміздің
әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін өзіндік бір
үлес қостық деп есептеуіміз қажет. Сонымен,
қорыта келгенде, біздің мақсатымыз – еліміздің
салық саясатындағы жүзеге асырып жатқан іс шараларын
насихаттау, жанама салықтардың ролін негіздеу, салық
төлеушілердің арасында «салық мәдениетін» қалыптастыру,
әрбір тұлғаның салық төлеуге деген
азаматтық борышын арттыру. [3,4]
Бұл
бағыттардың бәрі отандық кәсіпкерлікті
дамытуға жақсы ықпалдар жасайды. Қашан қандай
жағдайда салықтық түсімдер, соның ішінде жанама
салықтар көбейеді деген сұрақ зерттеу
жұмысымның басты мақсатының бірі. Жанама
салықтардың мөлшерін түсіу тікелей отандық
кәсіпкерлердің қызметтерінің жандана түсуіне
ықпал жасайды, олардың тауар айналымының жылдамдығына
тікелей әсер етеді. Өкінішке
орай, еліміздің экономикамызға 2015 жылдың жарты
жылдығынан бастау алған, 2016 жылдыда өз ішіне толықтай
бағындырып отырған әлемдік дағдарыстың
келеңсіз әрекеттері біздің отандық кәсіпкерлер
мен қатар халқымыздың тұрмыс тіршілігіне теріс
әсер етіп отырғаны баршамызға аян. Бұл жолғы
әлемдік дағдарыстың толқуы қатты белең алып
ұлттық валютамыз «тенгенің» бағамын толықтай
дерлік екі есеге жуық төмендетіп жіберуі (2015 жылдың тамыз
айында 1 АҚШ доллары 185 теңге болса, қазіргі таңда 1
АҚШ доллары 355 теңгеге дейін өскені) біздің
еліміздің экономикасына тұтастай зияндықтар әкелері
сөзсіз. 2014 жылдың салықтық түсімдеріне
салыстырғанда 2015 жылдың салықтық түсімдері
оң нәтиже бергендігіне бәріміз куәміз, алайда
салық түсімдерінің алдағы 2016 жылғы
түсімдерінде азаятындығы мүмкін. Өкінішке орай, 2016
жылдың салықтық түсімдері жайлы мәліметтер алуға
әлі ерте.
Мұны дәлелдей
түсу үшін еліміздің экономика секторлары бойынша соңғы 2016 жылдың бірінші
айларындағы бағалар өзгерісіне көңіл қойғанымыз
орынды. Мұны келесі кесте 9-дан көруімізге болады. 2016 жылғы
қаңтарда инфляция 1,3%-ды құрады. Баға бір ай
ішінде көтерме саудада – 3,6%, ауыл шаруашылығында - 1,2%,
құрылыста – 0,4%-ға өсті, ал өнеркәсіпте –
1,9%-ға төмендеді. Барлық көлік түрлерімен
жүк тасымалдауға тарифтер 5,5%, почталық және курьерлік
қызметтеріне – 2,1%-ға жоғарылады, ал заңды
тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметтері –
0,2%- ға төмендеді. [4]
Кесте 1. Еліміздің
экономика секторлары бойынша 2016 жылға қарай бағалар
тарифтерінің өсуі (пайызбен)
|
Бағалар
мен тарифтердің экономика секторлары бойынша өзгеруі |
|||
|
|
2016 жылғы қаңтар |
||
|
2015 жылғы желтоқсанға |
2015 жылғы қаңтарға |
2010 жылғы желтоқсанға |
|
|
Тұтыну
бағалары |
1,3 |
14,4 |
47,4 |
|
Өнеркәсіп
өнімін өндіруші кәсіпорындар бағасы |
-1,9 |
4,2 |
12,4 |
|
Өндірістік-техникалық
мақсаттағы сатып алынған өнімнің бағасы |
0,6 |
8,4 |
35,2 |
|
Құрылыстағы
бағалар |
0,4 |
3,0 |
22,7 |
|
Ауыл
шаруашылығы өніміне бағалар |
1,2 |
3,2 |
31,9 |
|
Барлық
көлік түрлерімен жүк тасымалдауға тарифтер |
5,5 |
31,9 |
108,6 |
|
Заңды
тұлғаларға көрсетілген почталық және
курьерлік қызметтер тарифтері |
2,1 |
14,0 |
38,4 |
|
Заңды
тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметтер
тарифтері |
-0,2 |
-0,1 |
-22,3 |
|
Көтерме
сауда бағалары |
3,6 |
10,5 |
37,6 |
|
Өнімдердің
экспрорттық жеткізілімдерінің бағасы* |
-4,9 |
-26,5 |
-12,9 |
|
Өнімдердің
импорттық түсімдерінің бағасы* |
-1,6 |
-11,0 |
-5,1 |
|
*)
Деректер 2015 жылдың
желтоқсанына қарай алынды. |
|||
|
Кестедегі деректер – ҚР Статистика
агентігінің сайтынан алынды,2016жыл,www.stat.kz. |
|||
Кесте 1-мәліметтерінің
еліміздің экономикасын көтерудегі басты салалардағы
баға тарифтерінің құлауы олардың
қызметтерінің қиындауына, тауар айналымдарының
түсуіне алып келді, мұнда басты себеп тұрғын
халқымыздың тауар сатып алу қабілетінің
құлауынан орын алып отыр, бұл өз кезегінде жанама
салықтық түсімдердің мейлінше азайуына ықпал
жасайды. Мысалы, Өнеркәсіп өнімін өндіруші
кәсіпорындар бойынша салыстырылған кезеңдер бойынша 2015
жылдағы 4,2 ден, 2016 жыл -1,9 түскенін, қарап
тұрғанымыздай жоғарыда көрсетілген барлық
салалрдың тауар айналымының қатты түсу фактісінің
орын алғандығын көріп отырмыз. Мұннан әрине,
отандық кәсіпорындардың тауарлары өтпесе, жанама
салықтар түсімі болмайтынын бәріміз білеміз. Елімізде
қиын жағдай белең алып тұр.
Отандық
кәсіпкерлер мен кәсіпорындардың тауар айналымдарына
және же бір ауыртпалық ҚҚС сомаларын есептеуде,
тауарлардың нарықта өтпей қалу кезінде,
қоймаларда сақталып тұрған тауарлардың
құнындағы ҚҚС сомаларын
кәсіпкерлердің төлем жүргізіп қоюы, олардың
тауар айналымына теріс әсерін тигізеді.
Қазақстандық тәжірибеде ҚҚС есептеу
өндірілген өнім бағасына қосылып беріледі. Ашық
нарықтық экономика талаптарында кәсіпкер
жұмысының бірінші принціпі ол сол кәсіпорынның
нарықтағы бәсекеге қабілеттін орнатуына байланысты
екендігін бәріміз білеміз. Әлемдік дағдарыс кезінде және
қазіргі таңда Қазақстанның
Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болған
кезеңде біздің кәсіпкерлеріміздің бәсекеге
қабілеттігін көтеруде әрқилы келеңсіз
тосқауылдар көп. Соның бірі өндірген
тауарларымыздың бағалары шетелдік әріптестерімізден
жоғары болуы, шикі зат материалдарымыздың қымбат сатып алынуы
және сол сияқты мәселелер бар. Және осы жерде айта
кететін тағы бір мәселе, отандық
кәсіпкерлеріміздің нарықта жұмыс жүргізуіне тауар
айналымында жанжақты ескеріліп отырған қосылған
құн салығы сомасы да теріс әсер жасайды. Мысалы
кәсіпкерлер шикізаттар мен материалдар, сондай-ақ басқа қондырғыларды
алар болсын, соларды алу кезінде ақ, олардың сомасының
құрамында ҚҚСны қосып төлейді. Мұны
келесі 1-суретте байқауымызға болады.
|
Жеңілдетілінген
салық салуды есепке алып өткізілген тауардың бағасы |
|
ҚҚС |
|
Болашақта төленетін салықтық төлемдер
есебінен немесе бюджет есебінен алу |
|
|
|
|
|
|||
|
Үстеме |
|
Сатып
алынған өнімнің ҚҚС-сыз бағасы |
|
|
|
Сурет 1 -
Кәсіпкерлердің тауар айналымындағы ҚҚС орын алуы
Ескерту –суреттегі
мәліметтер автор тарапынан құрастырылды
Тауарлар
сомасының айналымында Құнға қосылған
салықтың айналымы өте көп, шикі заттарды
өңдеп болған соң, кәсіпкерлердің сату
кезінде тауарлардың сомасына қайтадан ҚҚС қосу,
сон оларды бұрынғы ҚҚС сомасынан шегеру тағы сол
сияқтылар. Осы жерде қазіргі таңда кәсіпкерлерге
мынандай басты қиындық туады. Ол кәіпкерлердің шикі
заттар мен материалдар және де басқа құрал
жабдықтарды алу кезінде олардың барлық сомасына
ҚҚС төлеу жүргізіледі, ал шындығына қарасақ
бұл заттар қоймада 2-3 айлап жатып қалама, немесе
өндірілген өнім нарықта сатылмай қалу жағдайларында
бұл ҚҚС сомалары отандық кәсіпкерлер үшін
өте қолайсыз жағдайлар туындатуда. Сол үшін
біздің ойымызша, қазіргі таңда Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаетың бастамаларында сөз қозғалып
отырған ҚҚС орнына отандық кәсіпкерлер үшін
қолайлы жағдайлар туғызатын өндірген өнімдерін
сату кезінде ғана қойылатын Сатудан түскен түсімдерге
салықты жүргізуді қолдаймыз. Мұнда бір
қолайлылық кәсіпкерлер үшін қоймадағы
заттар үшін ҚҚС төлеу емес ал, сату кезінде ғана
түсімдерге қойылатын жанама салық кәсіпкерлер жұмысын
одан әрі жандандыра түсетіндігін алға тартамыз.
Резюме
В статье
расматриваются оптимизация косвенных налогов РК, а также их влияния на
предпринимательскую деятельность.
Summary
The article deals
with the optimization of the Republic of Kazakhstan of indirect taxes and their
impact on business.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
30.11.2015 күнгі «Қазақстан жаңа жаһандық
нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан
халқына арнаған Жолдауы;
2.
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына 14.12.2012 «Қазақстан 2050 стратегиясы - қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауы;
3.
Н.Ә.Назарбаевтың 20.05.2015
«100 нақты қадам» -
Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің
отыздығына кіру жөніндегі жоспары;
4.
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі,
өзгертулер мен толықтырулар 2015 жыл.
5. ҚР Статистика агентігінің сайтынан
алынды,2016жыл,www.stat.kz