Қазақстанда салық саясаттарын жетілдіру бағыттары мен жанама салықтар ролі

э.ғ.к. Сaрыпбекoвa Н.A., Магистрант Ескерова А.С.

М.Әуезов ат.ОҚМУ, Шымкент қаласы

Салық саласының мөлдірлігін арттыру Үкіметтің басты міндеті болуы тиіс. Тек осылай еткенде ғана экономиканың әрбір субъектісі салықтарды толық көлемде төлеуге мүдделі болмақ. Үкімет салықтық әкімшілендірудің тиімділігін қамтамасыз етуі керек. Бүгінде мүлікті жария ету мерзімдері 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Мүлік пен ақшаны заңды айналымға қайтару үшін қосымша ынталандырулар қабылданды. Құпиялылық пен сот қудалауынан қорғауға кепілдік беріледі. Үкіметке жария ету жағдайларына тағы бір рет талдау жасауды және қажет болған жағдайда, оған қатысушыларға кепілдікті күшейтуді тапсырамын. Мен мүлікті жария етуге қатысу жөнінде әлі де ойланып жүргендердің барлығын осы мүмкіндікті пайдаланып қалуға шақырамын деп атап өтеді Елбасымыз Қазақстан халқына 14.12.2015 күнгі жолдауында. Елімізде жеке кәсіпкерлердің оңайлатылған тәртіптегі қызметтерінің тоқтатылуына, құн салығына, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі тауарлар импортына және ауылшаруашылық өнеркәсіп кешеніне қатысты заңнамалар өзгертілді, ауыстырылды. Есімізге салсақ, ҚР Салық Кодексі 1995 жылы қабылданған. 2008 –жылы жетілдірілді. Одан бергі 7 жыл ішінде заман талабына сай, өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп келеді. 2015- жылдың 1 –қаңтарынан бастап, Салық Кодексіне  келесі өзгерістер енді. Бірінші - жеке кәсіпкерлер қызметін тоқтату бойынша жеңілдетіп жүргізу - 1-ақпаннан бастап, өтініш берсе, 3 күн ішінде есептен шығарады. Екіншісі -жер салығы, ауылшаруашылығы мақсатында қолданылатын жерлер салығы 5 есе өсті. Үшінші – қосымша құн салығына қатысты  2015- жылдан бастап электронды счет- фактура енгізілетін болды.бұдан басқа да өзгерістер бар. [1]

Бұл бағыттардың бәрі Елбасымыздың бастамасымен мақсатталған салықтық түсімдерді реттеу мен жетілдіру, кәсіпкерлік бағыттағы нысандардың дамуына мейлінше тиімді ықпал жасау принцптерімен түсіндіріледі. Еліміздегі бай шенеуніктердің жерлерді көптеп алып тастап, бирақ оларды пайдалану жүргізілмеуіне қарсы дұрыс амалдардың жетілдірілуі болып табылады. Жер телімдерін дұрыс пайдаланбайтын, іске асырмайтындықтарын ескере отырып барылған қадамдар. Бұл өз кезегінде дұрыс бағыттардың бірі болып танылады, біздің бағытымыз еліміздің экономикалық ресурстарын тиімді пайдаланып экономикалық өркендеуге жол ашу болып табылады. 2017 жылдың 1 қаңтарынан кірістер мен шығыстарды жаппай декларациялау күшіне енеді. Одан кейін, олар қайда болса да, олардың шығу төркіні мен салық салынуын анықтау үшін, соның ішінде Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының көмегімен, есепшоттар мен активтерді анықтау бойынша шаралар қабылданатын болады. Енді бюджет шығындарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы. Үкіметке барлық бюджеттік бағдарламаларға толық ревизия жүргізуді тапсырамын. Дағдарыс жағдайында әр теңге де маңызды. Тиімсіз шығындар немесе жеке сектор есебінен жабылуы мүмкін шығындар бюджеттен шығарылуы тиіс. Өңірлік және индустриялық даму бағдарламаларының шығындарын қайта қарау қажет. [2]

Мемлекет басшысы Н.Назар­баев­тың Қазақстан халқына арнаған 2015 жылғы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында «Бүгінде біз бюджетке салықтық түсімдердің 20 пайызға дерлік төмендегенін айтып отырмыз. Қосылған құн салығын төлеу көлемі төрттен бірге, ал табысқа корпоративтік салық бойынша 13 пайызға төмендеді. Бұл бар болғаны бизнеске қосымша қысымды білдіретін болады. Бюджет шығындарын Ұлттық қор есебінен жабу – көрегендік емес. Біз алдағы жылдардың қандай боларын білмейміз. Сондықтан біздің ұстанымымыз қағидатты – Ұлттық қор қаржыларын ағымдағы шығындарға пайдалану тоқтатылуы тиіс. Ұлттық қордан республикалық бюджетке жыл сайынғы кепілдендірілген, шектеулі трансферт бірден-бір тетік болуы керек. Үкіметке Ұлттық қор қаржыларын жаңа жаһандық өмір шындығы жағдайында қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамын. Бізге мемлекеттік кірістер мен шығыстардың бүкіл жүйесін қайта қарау қажет. Ең алдымен, бюджеттің кіріс базасын ұлғайту керек. 2017 жылы қазіргі ҚҚС-тың орнына сатудан түсетін салықты енгізу қажет. Барлық тиімсіз салықтық жеңілдіктерді жойған жөн. Салықтық режімдерді оңтайландыру қажет – тек үш деңгей ғана қалуы керек. Олар – жалпы, жеке кәсіпкерлер үшін патент және шағын және орта бизнес, сондай-ақ, аграрлық сектор үшін арнайы салық режімі. Мұндай механизм «көлеңкелі экономиканы» жарыққа алып шығатын болады» деп атап көрсетті. Осыған орай Қазақстан Үкіметі және тиісті министрліктер мен мекеме­лер бірнеше бағдарламалар әзірлеп, жүзеге асыруда. Уақы­тында төленбеген салықтың айыппұлы мен өсімпұлы өте жоғары болады, әрбір тұлғаның салық төлеуге деген азаматтық борышын арттырумыз керек. [3]

Біз соңғы жылдар бойынша Қазақстанның, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының салықтық түсімдеріне, жанама салықтарына талдау жүргіземіз, бұл өз кезегінде салықтық жинау үдерісінде болып жатырған фактілерді, кемшіліктер мен даму жағдаяттарын анықтауға мүмкіндіктер береді. 2015 жылғы 1 тоқсанда ОҚ облысындағы ірі және орта кәсіпорындардың  қалдықты қаржылық нәтижесі (банктерді, сақтандыру және бюджеттік ұйымдарды, зейнетақы мен қоғамдық қорларын, бірлестіктерді және холдингтерді есептемегенде) 23099,8 млн.теңгеде  пайда болып қалыптасты.
2014 жылғы тиісті  кезеңмен салыстырғанда, салық салынғанға дейінгі пайда, 20,0% артты. [4]


14

Диаграмма 1 – 2014-2015 жж бойынша салық салынғанға дейінгі пайда

 Диаграммадағы мәліметтер ОҚО-ның Әлеуметтік экономикалық дамуы.Статистикалық  прессбюллетен 2015 ж.алынды

 

Салық салынғанға дейінгі  пайданың (табыстың)  негізгі бөлігі - кен өндіру  өнеркәсібіне - 49,1%, шағын бөлігі  әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы  қызмет кәсіпорындарына - 0,03%  тиесілі.
Аумақтар кесіндісінде салық салынғанға дейінгі пайданың - 78,1% Шымкент қаласына  тиесілі.

Ал экономикалық қызметтің жекеленген түрлері бойынша кәсіпорындар қызметінің қаржылық нәтижелерін 2014 және 2015 жж бойынша салыстырсақ келесі кесте 1-де көреміз.

 

Кесте 1. 2014-2015 жж. бойынша экономикалық қызметтің жекеленген түрлері бойынша кәсіпорындар қызметінің қаржылық нәтижелері

14

 

Кесте 1-де 2014-2015 жж. бойынша экономикалық қызметтің жекеленген түрлері бойынша кәсіпорындар қызметінің қаржылық нәтижелерінің өсу қарқынын көреміз. Мұнда Ауыл, орман және балық шаруашылығы 2014 жылы -45302 мың тг залал болса, 2015 жылы бұл залал -109542мың теңгеге өскендігін көреміз, бұл біздің еліміздің аграрлық саясатының дұрыс жолға қойылмай отырғандығын көрсетеді, себебі елбасымыздың бастамасымен бұл салаға әр жылы көбейтіліп мемлекеттік субсиялардың бөлініп отырғандығын білсекте, даму көрсеткіші көтерілер емес. Кен өндіру өнеркәсібінде де 2014жылдағы 16607401 мың тг. Көлемі 2015 жылы 11336453 мың тг.түскен. келесі көрсеткіш өңдеу өнеркәсібі 2014 жылы -4577566мың тг.залалдан, 2015 жылы 5363521мың теңгеге пайдасының көтеірлгендігі бізді қуантатын жағдай, себебі шикізаттарды өндіру бағытынан өңдеу өнеркәсібі саласының сәлде болса дамуға аяқ басқандығының дәлелін көреміз. [4]  Жанама салықтарды түсіруші бұл бағыттардың дамуы еліміздің тұтастай өркеуіне әкеледі.

Сонымен қатар, қазіргі таңда ҚҚС -ның отандық кәсіпорындар қызметіне ауыртпалығыда бар. Мысалы, Қазақстандық тәжірибеде ҚҚС есептеу өндірілген өнім бағасына қосылып беріледі. Негізгі маңыздылығында соңғы нәтижеде әр бір өндіруші мекеме өзінің атқарылған, немесе қызмет көрсету құнына қойылатын қосымша құн бағасы. Бұл соманы тауар өткізіліп болғансоң тұтынушы халықтар төлегені мен қазіргі таңда бұл жеке кәсіпкерлікпен айналысушы тұлғаларға сәлде болса қиыншылықтар туындатып отыр. Ашық нарықтық экономика талаптарында кәсіпкер жұмысының бірінші принціпі ол сол кәсіпорынның нарықтағы бәсекеге қабілеттін орнатуына байланысты екендігін бәріміз білеміз. Әлемдік дағдарыс кезінде және қазіргі таңда Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болған кезеңде біздің кәсіпкерлеріміздің бәсекеге қабілеттігін көтеруде әрқилы келеңсіз тосқауылдар көп. Соның бірі өндірген тауарларымыздың бағалары шетелдік әріптестерімізден жоғары болуы, шикі зат материалдарымыздың қымбат сатып алынуы және сол сияқты мәселелер бар. Және осы жерде айта кететін тағы бір мәселе, отандық кәсіпкерлеріміздің нарықта жұмыс жүргізуіне тауар айналымында жанжақты ескеріліп отырған қосылған құн салығы сомасы да теріс әсер жасайды. Мысалы кәсіпкерлер шикізаттар мен материалдар, сондай-ақ басқа қондырғыларды алар болсын, соларды алу кезінде ақ, олардың сомасының құрамында ҚҚСны қосып төлейді. Тауарлар сомасының айналымында Құнға қосылған салықтың айналымы өте көп, шикі заттарды өңдеп болған соң, кәсіпкерлердің сату кезінде тауарлардың сомасына қайтадан ҚҚС қосу, сон оларды бұрынғы ҚҚС сомасынан шегеру тағы сол сияқтылар. Осы жерде қазіргі таңда кәсіпкерлерге мынандай басты қиындық туады. Ол кәіпкерлердің шикі заттар мен материалдар және де басқа құрал жабдықтарды алу кезінде олардың барлық сомасына ҚҚС төлеу жүргізіледі, ал шындығына қарасақ бұл заттар қоймада 2-3 айлап жатып қалама, немесе өндірілген өнім нарықта сатылмай қалу жағдайларында бұл ҚҚС сомалары отандық кәсіпкерлер үшін өте қолайсыз жағдайлар туындатуда. Сол үшін біздің ойымызша, қазіргі таңда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаетың бастамаларында сөз қозғалып отырған ҚҚС орнына отандық кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдайлар туғызатын өндірген өнімдерін сату кезінде ғана қойылатын Сатудан түскен түсімдерге салықты жүргізуді қолдаймыз. Мұнда бір қолайлылық кәсіпкерлер үшін қоймадағы заттар үшін ҚҚС төлеу емес ал, сату кезінде ғана түсімдерге қойылатын жанама салық кәсіпкерлер жұмысын одан әрі жандандыра түсетіндігін алға тартамыз.

               

Резюме

В статье рассматриваются совершенствования налоговой политики РК и роли косвенных налогов в товарообороте предпринимательской деятельности.  

 

         Summary

The article deals with improving the Kazakhstan tax policy and the role of indirect taxes in the turnover of business.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

1.   Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі, өзгертулер мен толықтырулар 2015 жыл

2. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 14.12.2012 «Қазақстан 2050 стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауы;

3. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 30.11.2015 күнгі «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы;

4.  ОҚО-ның Әлеуметтік экономикалық дамуы.Статистикалық  прессбюллетен 2015 жыл.

 5. Оңалбай АЯШЕВ, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры. http://egemen.kz/2016/02/11/23397