Искакова Д.М., Абілбашір Ж.
ЖММ
"Болашақ" Академиясы, Қазақстан
Жалпы білім
беретін мектептегі инклюзивті оқытудың маңыздылығы
Қазіргі
таңда еліміздің экономикалық
дамуының қажетсінуіне сәйкес білім жан-жақты,
терең тұғырлы болуымен қатар мүмкіндігі
шектеулі баланың да білім алу құқытарын жүзеге
асыруын қамтамасыз ету мақсаты алдынғы қатарға
қойылып отыр. Сондықтанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.
Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде,
бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында» «...мүмкіндігі
шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек.
Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға
тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы
біздің парызымыз» – деп атап өткен болатын [1].
Сонымен
қатар, Қазақстан Республикасының 2011 - 2020 жылдарға
арналған Мемлекеттік білімді дамыту бағдарламасының ағымды
жағдайдағы қорытындысында мүмкіндігі шектеулі балалардың
саны өсіп келетініндігін көрсеткен, қазіргі уақытта 41%
ғана аранаулы білім беру бағдарламасымен қамтылған. Соған
байланысты ҚР мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасында мектептегі
инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру міндеті қойылған [2].
Бұл әлем
жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе, балалардың
жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен
білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті
білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай
анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды,
соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне
толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу
тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға,
ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық
және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау,
яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға
бағытталған мемлекеттік саясат [3].
Инклюзивті оқыту
– ол ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін
мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті
оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа
шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз
ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға
арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткеніндей,
қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып
қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың
даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті
бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп,
жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті
оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында,
мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік
береді; оқушылардың тең құқығын анықтайды
және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді;
адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға
мүмкіндік береді.
Жалпы
білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып үйрету
процесін психологиялық-педагогикалық қолдау үшін психологқа
арнаулы педагогқа, әлеуметтік педагогқа арналған кабинеттерді
арнайы жабдықтау қажет болады.
Сонымен
қатар инклюзивті оқыту негізінде балалар құқын кемсітпеу,
барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз
ету, сонымен бірге ерекше оқыту қажеттілігі бар балаларға арнайы
жағдай қалыптастыру идиологиясы жатыр.
Инклюзивті
мектептер өз оқушыларының түрлі қажеттіліктерін мойындап,
оқытудың түрлі стильдері мен өлшемдерін қолдана отырып
және лайық оқу жоспарының ұйымдастыру шараларының,
оқыту стратегияларының, ресурстарды пайдаланудың және қоғамдастықтармен
серіктестік қарым-қатынастың көмегімен барлығына сапалы
білім беруді қамтамасыз ете отырып оларды қанағаттандыра білу
керек. Әрбір мектепте кездесетін ерекше қажеттіліктерді қанағаттандыру
бойынша тұрақты қолдау мен қызметтер көрсетіліуі тиіс
[4].
Сонымен қатар,
Инклюзивті білім беруді енгізуге арналған бірнеше негізгі жұмыстарды
ескерген жөн:
- баланың қажеттілігінен
туындайтын психологиялық үрдістерді жаңарту;
- балаға субьективті
қарым-қатынас жасау;
-. баланың жақын
арадағы «Даму аймағын» ескере отырып жеке қарым - қатынас
жасау
- баланың қызығушылыған
туғызатын, оларды жандандыратындай түзету-дамыту сабақтардың
көпшілігінде түрлі әдіс тәсілдерді, жаңа педагогикалық
технологияларды қолдана отырып жүргізу;
- балалармен педагогтардың
қарым қатынасы әрқашанда достық және мейірімділік
тұрғыда жүргізіліп, қажетті мамандардың (дефектолог-логопед
мұғалімдердің, педагог-психолог) әлеуметтік–педагогикалық
түзету жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде баланың
жалпы даму деңгейі көтеріліп, олар өз бойындағы кемістіктерін
қалпына келтіруге, қаблеттерін көрсетуге, қарым-қатынаста
өзін басқара алуға және қоршаған ортаны танып
білуге үйренеді [5].
Жалпы білім беретін мектепте
сау балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың бірлесіп оқуын
ұйымдастыру кезінде кері салдарлар туындау мүмкіндігін азайту үшін
инклюзивті білім беруге қажетті арнаулы жағдайлар тізбесін нақты
белгілеп алу шарт. Бұл тізбе оқу процесін ұйымдастыруды, оқу
мазмұны мен әдістемесін, балалардың үлгерімін бағалауды
және т.б қамтуы тиіс болып саналады.
Сонымен «Қазақстан
Республикасында 2020 жылға қарай инклюзивті білім жүйесі енгізілгелі
отыр және инклюзивті білім үшін жағдай жасайтын мектептердің
жалпы санынан 70 % -ға ұлғаймақ, сонымен қатар мүгедек
балалар үшін «кедергісіз қол жеткізуді» жасайтын мектептердің
үлесі мектептердің жалпы санына 50% құрайтын болады» -
деп көрсетілген. [6].
Қорытындылай келгенде инклюзивті оқыту -
оқушылардың тең құқығын
анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға,
адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті
дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы
барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше
қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін
жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Инклюзивті
бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда
жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру
мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру
жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке,
қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз деген ойдамын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 Н.Ә.Назарбаев
халыққа Жолдауы «Қазақстан жолы - 2050: бір
мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Астана, 2014 жылғы 17
қаңтар
2 Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемілекеттік бағдарламасы. – Астана, 2010.
3 Жарықбаев
Қ. Жалпы психология, Алматы: Білім, 2000. 272б.
4 Тұрсынбекова.Н
Мектептерде инклюзивті білім беру ісін ұйымдастыру. // Дефектология, 2013
№12 Б 2.
5 Лиза Нәби. Инклюзивті білім беруді ерекшелігі // Қазақстан мектебі, №3 2015. Б. 33-34.
6 С.Бердібаева. Инклюзивті білім беру. // Қазақстан мектебі, №6
2015. Б. 6.