Адилова А.Қ.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

Алтаева А.Д.

Тараз «Болашақ» колледжі

Дидактикалық материалдарды дайындау әдістемесі

Оқу теориясы дидактика деп аталады. «Дидактика» гректің сөзі, оқыту теориясы мен білім беру деген мағына береді. Дидактика оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, негізгі қағидалары мен әдістерін анықтайды. Информатика пәнін оқытуда дидактиканың принциптеріне негізделеді. Әдіс информатика пәнінің оқыту ерекшелігін қарастыратын ғылым болса, дидактика оқытудың барынша ортақ жалпы заңдылығын қарастырады. Ал дидактиканың негізгі міндеті- оқытудың заңдылығын ашу, берілетін білімнің мазмұнын анықтау, оқытудың барынша тиімді әдістерін және ұйымдастыру түрлерін тауып беру.

Дидактикалық даярлықты қалай түсіну керек? Бұл- күрделі ұғым. Мұғалімдердің дидактикалық даярлығына жататындар: олардың оқыту процесінің теориясы мен практикасы бойынша игерген білімдері, педагогикалық қызметке деген ынтасы мен мүмкіндіктері.  Нақты айтқанда, оқытудың мақсаты мен мазмұны оны ұйымдастырудағы  қолданылытын тиімді әдіс - тәсілдерді жете біліп, іске асырудың жолдарын меңгеруді – дидактикалық даярлықты анықтайтын белгілер деуге болады. Осыған орай, педагогикалық қызметті атқаруға қажет мұғалімнің бойында мынадай дидактикалық қабілеттер болуы керек: оқыту процесін жоспарлай білуі, оны мақсатты түрде ұйымдастыра алуы, жүйелі түрде бақылау мен бағалау ісін орындап отыруы.

Жалпы алғанда, оқытуды жақсартып, сапалы білім беру үшін қажетті шартты атап өтуге болады. Олар - дидактикалық жақсы әзірлігі бар, ізденіп, ынта-ықыласымен жұмыс істейтін информатика пәні мұғалімінің болуы. Екіншісі- оқушылардың берілетін білімге сай жоғары дәрежеде оқытылуы, үшіншісі- жақсы оқулықтың және оқу, көрнекі, компьютерлердің, сондай-ақ компьютерлік кластың болуы, төртіншісі- информатика мұғалімінің арасындағы жақсы арақатынастың болуы. Алайда, оқытуға қажетті бүкіл жағдайлар болғанның өзінде сабақты ұйымдастырудың мақсаты мен дидактикалық шарттарын жете түсінбегенше, сабақтардың санасы ойдағыдай дәрежеде болмауы мүмкін. Бұл өз кезегінде дидактикалық жүйе мен оқу- тәрбие жұмысын бағдарлаудың және ұйымдастырудың ережелерін сақтау арқылы қамтамасыз етіледі. Бейімділік қандай да бір іске деген шеберліктің алғашқы негізі. Дағды – әрекеттің саналы әдеттену дәрежесіне жетуі, яғни оқушының алған білімінің қаншалықты берік екендігінің белгісі. Икемділік пен дағды тәжірибемен шыңдалады. Оқушыларда пайда болған біліктілік пен дағды екі топқа бөлінеді:

1.     Интелекті білік

2.     Еңбек нәтижесінде пайда болған білік және дағды.

Жалпы алғанда оқыту процесінің негізінен үш түрлі құрылымы бар.

Біріншісі – догмалық оқу деп аталады. Мұндай түрдегі оқыту- мұғалім білімді түсіндірмей береді. Оқушылар білімді жаттап алады да, соны қайталап айтып береді. Сөйтіп, негізінен есте қалдыру қабілеті ғана қалыптасады. Мұндай оқыту көбіне орта ғасырларда басым орын алғанды. Екіншісі- түсіндірмелі оқу, немесе ақпарат алу негізіндегі оқу. Оқытудың бұл түріндегі білімді мұғалім айқын, дәйекті етіп түсіндіреді. Көрнекі тәсілдерді пайдаланады. Оқушыларға материалды әбден ұғатындай етіп береді. Бұл оқушылардың есте сақтау қабілетімен қатар, ойлау қабілетінің де дамуына ықпалын тигізеді. Үшіншісі- проблемалық оқыту. Бұл оқушыға проблемалық жағдайда беріледі. Проблемалық оқытудың артықшылығы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады, оларды творчестволықпен жұмыс істеуге тәрбиелейді. Оқыту- белгілі дидактикалық буындардан немесе кезеңдерден тұрады:

1. Оқушыларға информатикадан берілетін  білімнің мақсаты мен қажеттілігін түсіндіріп, оларды оны шешу саласындағы  әрекетке бағыттайтын мотивтерге әкелу, оқу міндеттерін белгілеу т.б.

2. Оқушыларды жаңа оқу материалын қабылдауға бағдарлау.

3. Оқушының санасында білімнің қорытылып, ғылыми ұғымдар мен тұжырымдардың қалыптасуы.

4. Информатикадан берілген білімді бекіту.

5. Информатикадан алған білімі мен игерген дағдысын есепке алу, тексеру және бағалау. 

Информатиканы оқытудағы дидактикалық буындар бір-бірімен тығыз байланысты. Мысалы, информатикадан білімді түсіндіру кезінде оқушылар оның мазмұнын қабылдаумен қатар, ойша қорытып, ғылыми түрлендірулер жасайды және оның іс- жүзіндегі қолданылуын пайымдайды.

Информатиканы оқыту әдістері

Әдістеменің мәні «метод- әдіс» деген сөзден шыққандықтан, «оқыту әдісі» деген ұғым информатиканы оқытудың бірнеше жолын қарастырады. Олар- программаланған оқыту әдісі, алгоритимизация әдісі, модельдеу әдісі, т.б. сонымен, оқыту әдісі ұғымы-оқытудың мазмұнына, күллі оқу жұмысының барысына, оқу ісін ұйымдастыруға  негізделеді. Әдіс – оқытудың мақсатымен мазмұнын анықтайды. Әр сыныпта әр түрлі әдіс қолданылады.  Тәсіләдісті іс жүзінде асырудың бір жолы әр түрлі тәсілдердің  ұштасып келуі. Ал, егер информатикадан өткізілетін іс жүзілік сабақтарда негізгі әдіс – практика. Ал тәсілге мұғалімнің жаттығу  жасау шеберлігі, оқулықты пайдалануы, т.б. жатады. Қазіргі қолданылып жүрген оқыту әдістері негізінен үш топқа бөлінеді: 1) ауызша түсіндіру әдісі; 2) көрнекілік әдісі; 3) практикалық әдіс.