МЕКТЕП ХИМИЯ КУРСЫ БОЙЫНША - ҚЫШҚЫЛДАР МЕН НЕГІЗДЕР ТУРАЛЫ
ТҮСІНІКТЕР
Тапалова А.С., Арынова К.Ш., Қожагелдиева Г.Т.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университеті
Химияны оқыту
кезінде қалыптасатын түсініктер ішіндегі маңыздыларының
бірі – қышқыл және негіз түсініктері. Көптеген
химиялық реакциялар осы түсініктер негізінде
қышқылды-негіздік әрекеттесулер арқылы
қарастырылады. Қышқылдар мен негіздер туралы білім
химиялық элементтерді және олардың периодтық
жүйесі туралы білімді дамытуда маңызы өте зор [1].
Д. И. Менделеев
химиялық элементті және элементтің маңызды
қасиеттерін түбегейлі
түсінуге әкелетін химияның түйінді түсініктері
қатарына қышқылдар мен негіздерді де кіргізген болатын [2].
Қышқыл
мен негіз дегенде не түсінеміз?
Біз
хлорсутек қышқылын «қышқыл» дейміз, себебі: біріншіден,
бұл қышқылға әмбебап индикатормен әсер
еткенде қызыл түске боялады, екіншіден, карбонаттармен
реакцияға түсе отырып, көмірқышқыл газын СО2
түзеді, үшіншіден, негіздермен бейтараптанады. Бұл
қасиеттер біз білетіндей қышқылдарға тән
қасиеттер.
Химиктер
міндеттерінің бірі болып қосылыстардың қасиетттерін
атомдар, молекулалар және иондар деңгейінде түсіндіру болып
табылады. Ғалымдар қышқылдардың негізгі
қасиеттерін Н+ ионын беріп жіберу қабілетімен
түсіндіреді, ал Н+ ионын қабылдаушы қосылыс
негіздер деп аталады.
Қышқылды
ерітінділердің қасиеттері:
· қышқыл ерітінділерінде лакмус қызыл түс береді;
· қышқылдар негіздермен бейтараптанады;
· рН<7 болады;
· карбонаттардан СО2 бөліп шығарады.
Бренстед-Лоури
теориясы:
Қышқылдар
– Н+ доноры;
Негіздер
– Н+ акцепторы.
Қышқылдар
мен негіздердің ерітінділері
Хлорсутек
– НСl молекуласынан тұратын газ. Су толықтай дерлік Н2О
молекуласынан тұрады. Бірақ та хлорсутек қышқылы,
яғни хлорсутек қышқылының ерітіндісі суда электр
тоғын өткізеді, өйткені ерітіндіде иондар түрінде
жүреді. НСl мен Н2О молекулаларының арасында реакция
жүреді, нәтижесінде иондар түзеді. Реакция теңдеуі
келесідей:
HCl(сулы) + H2O(с.) → H3O+(сулы) +
Cl-(сулы).
қышқыл негіз
Бұл
реакцияда Н2О негіздік қасиет көрсетеді. Н3О+
− бұл гидроксоний ионы, өте көп таралған ион. Ол
қышқылдың судағы ерітінділерінің барлығында
кездеседі, басқаша айтқанда, әрбір
қышқылдық ерітіндіде кездеседі. Қышқыл Н2О
молекуласына Н3О+ түзе отырып Н+ ионын береді.
Н3О+
ионының өзі қышқылдың рөлін ойнай алады –
ол Н+ ионын беріп өзі су молекуласына айнала алады. Бізге
белгілі қышқылдық ерітінділердің қасиеттері Н3О+
ионы арқылы анықталады.
Н3О+
(сулы) формуласын қысқартылған түрде Н+(сулы)
жиі кездестіруге болады:
НСl(сулы) → H+(сулы) + Cl-(сулы).
Қышқыл
суда еріген кезде ерітіндіде Н+ (сулы) ионы түзіледі.
Сілті
– суда ерігенде ОН- (сулы) гидроксид иондарын түзетін
негіздердің ерекше түрі.
Натрий
гидроксиді сияқты кей сілтілердің құрамында ОН-
ионы бар. Натрий карбонатына Na2CO3 ұқсас
қосылыстар сумен әрекеттескенде гидроксид-ионын түзеді:
СО32-(сулы) + Н2О(с.) ↔ НСО3-(сулы)
+ ОН-(сулы);
NH3(сулы) + H2O(с.) ↔ NH4+(сулы)
+ OH-(сулы).
Заттардың қышқылдар мен негіздер туралы білім
жүйесі химиялық білімнің жалпы жүйесін
қалыптастыруда маңызды рөл атқарады[5]. Сонымен
қатар, оқушыларды пәнді оқытудың реттілігін
сақтай отырып, осы түсініктермен уақытында таныстыру да
өте маңызды. Қышқылдар мен негіздер
түсінігінің қалыптасуы барысында бірнеше теориялар да
жарық көрген. Мектепте бейорганикалық қосылыстар
негізін өту барысында жалпы химия сұрақтарымен қоса оқытылады
(VIII-IX сыныптарда). Қышқылдар мен негіздер алғашында
8-сыныптың оқу жоспарында «Су. Ерітінділер» тақырыбын
өткеннен кейін «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі
кластары» тарауында 6-тақырыпта нақты тоқталады. Содан
соң 9-сыныпта қайталаудан кейінгі алғашқы тақырып
ретінде «Электролиттік диссоциация теориясы» тақырыбында кеңінен
күрделеніп қаралады[6]. Қышқылдар мен негіздер туралы
түсініктерді теориялық және практикалық жұмыстар
арқылы қалыптастырған маңызды. Негіздер мен
қышқылдарды орта мектеп химиясында оқытудың тек
теориялық, яғни оқулық бойынша алған білімдерімен
ғана емес, өмірмен байланыстырып, іс жүзінде
орындалуының аспектілерін қарастыру қажеттігін
көрсетуге болады. Оқушыға берілетін білім тек
оқулық бойынша ғана емес, көзбен көріп, қолмен
ұстау, тәжірибелер жасау, мұғаліммен
әңгімелесу, өздігінен жұмыс жасау сияқты
жан-жақты қабілеттерін дамыта алады және оны болашақта
қолдана алады.
Әдебиет:
1.
Г.М. Чернобельская Методика обучения химии в средней
школе, Москва 2000г.
2.
И. Нұғыманұлы Химияны оқыту
әдістемесі, Алматы «Рауан» 1993ж.
3.
Б. П. Есипов
"Основы дидактики", под ред.. М., "Просвещение",
1967
4.
Варшавский Я.М.
Кислоты и основания, с.201-202.- В кн.: БСЭ,3 изд., 1973