Нуркенова Г.Қ., Карабаева Д.

ЖММ "Болашақ" Академиясы, Қазақстан

Білім беру жүйесіндегі педагогикалық технологиялардың ерекшеліктері

 

Қазір таңда мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияны өндіруге көптен күш жұмсалады. Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтар-тәрбиешілердің негізгі міндеті әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау,жаңаша педагогикалық-технологияларды дұрыс қолдана білу,жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңайлы жағдай жасау.

“Оқыту технологиясы - белгіленген мақсатқа нәтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы,әдістері мен құралдарын ашып көрсетіп,оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұны жүзеге асырылады ”,-деп С.Әбенбаев айта келіп,оның құрылымын төмендегідей етіп көрсетеді[1]:

-оқытудың мақсаты;

-білім берудің мазмұны;

-педагогикалық өзара әрекеттестіктің құралы (оқыту және мотивация),оқыту процесін ұйымдастыру;

-оқушы,оқытушы;

-әрекеттің нәтижелі(сонымен бірге кәсіптік даярлықтың деңгейі).Сонымен қатар,с.әбенбаев нақтылы педагогикалық процесті талдап жүзеге асыруды “оқыту технологиясын жобалау процесі деп атауға болады”деп айта келіп,оның құрылымын төмендегідей анықтайды:

-оқу жоспары және бағдарламасына сй оқытудың мазмұнын таңдау;

-оқытушы бағдарлай алатын оқытудың басымды мақсатын таңдау,яғни жобалау барысында білім алушыларда қандай кәсіптік және тұлғалық сапа қалыптасады,міне соны анықтау;

-мақсаттарға немесе басымды бір мақсатқа негізделіп оқыту технологиясын таңдау;

-оқыту технологиясын талдап жасау.

Педагогикалық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес білім берудің қазіргі заманғы технологиясының нұсқауы,төмендегі принциптердің қатысуымен жасалуы тиістігі анықталуда:

-дидактикалық жүйені көрсететін технологияның бүтіндік принципі;

-қойылған мақсатқа жету үшін нақты педагогикалық ортада технологияларды қайта өндіру принципі;

-сәйкес келетін педагогикалық жүйелердің өзін-өзі дайындау механизміне әсер ететін факторлардың приоритеті және педагогикалық құрылымдарының сызықтық емес принципі;

-оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына және оның танымдық қабілеттілігіне оқыту процесінің бейімделу принципі;

-біріктірілген білімдерді құру үшін оптимальды жағдай жасайтын оқу ақпараттарының потенциалды көп болу(артық болу) принципі.

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің құрылымдарында оқытудың айқындалған көптеген технологияларын пайдаланып жатқандығы белгілі. Болашақ маманға тәжірибе беруде ақпаратпен жұмыс істеу әдістеріне,жаңа білімдерді құру әдістеріне,ең маңыздысы –әлемнің дамуы туралы білімдердің қажетті деңгейін қалыптастыратын әдістерге үйрету. Сондықтан әрбір оқытушыға және оқышуға “оқыту” мен “үйрену” процестерін игеру үшін 3 тілді меңгеруі қажет:ана тілін,ғылым тілін және технология тілін. Сонымен технология көмегімен білімдерді, іскерлікті, дағдыларды игеру процесінде тұлғалық қасиеттің дамуында нәтижелі шешімге жету мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.”Педагогикалық технология оның ішінде “оқыту технологиясы” ұғымын анықтауда,басым көпшілік мамандар оларды үш маңызды жағдайлармен біріктіреді:

- іс-әрекетінің жиынтығы түріндегі қажет ететін үлгіні дәл анықтау негізінде оқытуды жоспарлау;

- оқытуды талап ететін әрекетті қалыптастыруды іріктеген қатаң тізбекті әрекеті түріндегі оқытудың барлық процесін”бағдарламалау”.

- алғашқы белгіленген эталонмен оқытудың нәтижесін салыстыру. М.Чошанов оқыту технологиясы негізінен педагогикалық процестегі «Қалай нәтижелі етіп оқыту керек?» мәселесін шешуге бағытталатынын айтады [2].

Жалпы “педагогикалық технология” түсінігі қаншалықты қолданыста болғанымен, ол жөніндегі түсінік ұғыныңқы болмаған. Білім берудің қазіргі кездегі практикасында бұл ұғым стандартты емес ғылыми көріністерге ереже ретінде қолданылып,педагог жұмыстарының өндірілген әдіс-тәсілдерін, құралдарын білдіреді. В.П.Беспалько технологияны түсіну үшін ең алдымен педагогикалық іс-әрекеттің өндірушілік белгісіне көңіл аудару қажеттігіне зейін аударады,әлеуметтік тұрғыдан бұл белгі,технологияның басқа белгілерінен оның жалпылық сипатымен байланыстығын сипаттайды. Қазіргі білім беру технологияларын Г.К.Селевко технологияның классификациялық папаметрлері тұрғысынан: қолдану деңгейі, негізгі дамыту факторы, меңгеру тұжырымы, жеке тұлғаның құрылымына бағдарлау, мазмұн сипаты,басқару типі, ұйымдастыру формалары, балаға ықпал ету тәсілдері, әдістердің басымдылығы, жетілдіру бағыттары,оқушылар категориялары бойынша нақтылап көрсетеді[3].

Ш.Т.Таубаева оқытудың қазіргі технологияларының аттарын атап көрсетіп,олардың мақсаттарын,тұжырымының және мазмұны мен әдістерінің ерекшеліктерін сипаттап көрсеттеді. Жұмыста педагог-ғылымның зерттеулері басшылыққа алынған [4].

Сонымен педагогикалық технологиялардан төмендегілерін бөле жарып көрсетуге болады:

-ойын арқылы оқыту технологиясы;

-проблемалық оқыту технологиясы;

-тірек сигналдары арқылы оқыту;

-деңгейлік саралап оқыту;

-міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік оқыту технологиясы;

-бағдарламалап оқыту технологиясы;

-оқытудың компьютерлік технологиясы;

-дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы;

-дамыта оқыту технологиясы;

-модульдік оқыту.

Сондай-ақ Қазақстандық ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде білім беру жүйесіне қолданылуда.бұл технологиялардың өздеріне тән ерекшеліктері бар. Мәселен, В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының ерекшелігі:

-үнемі қайталау;ірі блокпен оқыту,тіректі қолдану;

-жеке бағдарлы қарым-қатынас,ықпал;

-ізгілік;

-зорлықсыз,еркімен оқыту;

-әр оқушының табысының жариялылығын түзетуге,өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау,

-оқыту мен тәрбиелеуді біріктіру.

Сондай-ақ әрбір педагогикалық технологияның өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың негізгі қарастыратыны оқытуды нәтижелі ету.

Педагогикалық жүйедегі негізгі өзекті мәселе-оқушылардың,стүденттердің ойлау қабілетін дамытып,өздігінен жұмыс істеуге баулу,өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру болғандықтан сабақ барысында кеңінен деңгейлеп,дамыта оқытудың модульдік әдісін жиі пайдалану қолдау табуда. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Әбенбаева С.,Ахметова Г.,Әбенбаева И.Дәстүрлі емес сабақ турасында/2013, №2, бб. 11-16.

2. Қуанбаева Б.  Оқытудың педагогикалық жүйесін технологиялық негізді жетілдірудің дидактикалық шарттары: дисс.Пед.ғыл.канд.-Алматы,2005.-137бет.

3. Селевко Г.К.Современные технологии в образовании.-М.,1998.

4. Таубаева Ш.Т. Оқытудың қазіргі технологиялары\2011.№4.5-12бб.