ӘОЖ 37.015.3
Ж. К. Аубакирова
«Тұран- Астана» университетінің доценті, пс.ғ.к
А. Ш. Танирбергенова
«Тұран- Астана» университетінің доценті, пс.ғ.к
Ш. Ж. Баянова
«Тұран- Астана» университетінің педагогика- психология бөлімінің
магистранты
Аннотация
Мақалада философиялық, психологиялық, педагогикалық
арнайы және әдістемелік жұмыстар мен әдебиеттерге
жан-жақты жүргізілген талдау мен сараптаулардың
нәтижесінде, жоғары кәсіби білім берудің
психологиялық, педагогикалық теориялары мен концепциялары
әдіснаманың қазіргі жалпы ғылыми деңгейінде
жүйелілік, қарекеттік және тұлғалық
келістерге негізделетіні айқындалды.
Түйін сөздер:
кәсіби іс-әрекет, білім сапасын арттыру, жаһандану,
психологиялық, педагогикалық технологиялық құзіреттілік.
Жоғары
оқу орнында болашақ психологтарды кәсіби іс-әрекетке
дайындау бағыттары мен қағидалары
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық
өзгерістер жалпы білім беру жүйесіне, оның ішінде
педагогикалық білім беру жүйесіне де өз әсерін
тигізуде. Қазіргі мектепке теориялық білімдерді, кәсіби
қабілеттер мен дағдыларды
тұтастай пайдалана білетін, педагогикалық ойлау деңгейі
жоғары, педагогикалық
міндеттерді өз бетінше шығармашылық
тұрғыдан шеше алатын мамандар қажет. Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «...мұғалімдердің
біліктілігін неғұрлым сапалы деңгейге көтеру»
мәселесін атап көрсеткен
болатын . Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының
2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» мамандар
даярлау жүйесіндегі білім
берудің сапасын қамтамасыз
етуде жоғары білімді
дамытудың негізгі үрдісі мамандарды кәсіби даярлау сапасын
арттыру қажеттілігіне ерекше мән берілген. Біздің
қоғамның жағдайы, оның әлеуеті
(интеллектуалдық, адамгершілік және т.б.) өскелең
ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің сапасына
байланысты.
Жаһандану дәуірінде қазіргі заман болашақ
психологтарды кәсіби іс-әрекетке дайындау стратегиясы
оқушылардың тұлғалық, зияткерлік және
аффектік салаларын үйлесімді дамытудың құралдары мен
тәсілдерін қалыптастыруға деген мақсаткерлігімен,
бағыттылығымен анықталады.
Сәйкесінше, қазіргі педагогикалық білім беру
жүйесінің даму стратегиясын анықтауға және
мамандардың кәсіби, тұлғалық дамуындағы
өзекті мәселелерді шешуге міндетті болашақ кәсіби
даярлық жүйесін жетілдіру – қазіргі ЖОО-дағы білім беру
міндеттерінің аса маңыздыларының бірі болып табылады.
Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде
педагогикалық іс-әрекетке кәсіби даярлықтың дамуы
студенттердің кәсіби-педагогикалық бағдарлануын;
психологиялық, педагогикалық білім меңгеру деңгейін
арттыру; психологиялық, педагогикалық технологиялық
құзіреттілікті дамыту; деонтологиялық даярлықты дамыту;
педагогикалық практиканы жетілдіруді қамтитын үздіксіз процесс ретінде
қарастырылады.
Соңғы жылдары ТМД мен Қазақстанда орындалған
ғылыми еңбектерге жасаған талдау оқу-тәрбие
үдерісін ұйымдастырудың өзекті бағыттарының
болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың теориясы мен практикасының
(Р.Ж. Ержанова, К.К. Жампейісова, А.В. Иващенко, А.Р. Ерментаева, А.П.
Сейтешев, А.Г. Казмагамбетов, Г.Ж. Меңлібекова, М.С. Молдабекова, А.А.
Бейсенбаева, А.А. Қалыбекова, Л.К. Керимов, Р.Г. Лемберг, Б.И.
Мұқанова, В.В. Трифонов, Г.А. Уманов, Г.Т. Хайруллин, Н.Д. Хмель,
В.К. Шабельников, Х.Т. Шериазданова, Э.И. Шнибекова, Н.Н. Хан, А.Ж.Қайдарова
және т.б.) байланыстырыла отырып, қарастырылғанын
көрсетеді. Жеке тұлғаның қазақ
этнопедагогикасы негізінде жан-жақты дамуының (К.Б.
Жарықбаев, Р.К. Толеубекова, Ә.Н. Көшербаева) ең
маңызды жақтарын қарастырған.
Бірқатар зерттеулерде педагогтың кәсіби
дайындығының заңдылықтары (Ф.Н. Гоноболин, Н.В.
Кузьмина, Л.И. Рувинский, В.А. Сластенин, А.И. Щербаков және т.б.);
педагогикалық іс-әрекет мәні және құрылымы
(С.И. Архангельский, Д.М. Гришин, К.М. Левитан, Н.А. Половникова, Т.С. Полякова
және т.б.); жалпы педагогикалық біліктердің қалыптасу
әдістемесі (О.А. Абдуллина, С.И. Кисельгорф, И.Т. Огородников, Л.Ф.
Спирин, И.Я. Томин, Н.М. Яковлева және т.б.); мұғалімді
дайындауда жаңа тәсілдемелер іздеу (З.М. Большакова, А.А.
Вербицкий, В.И. Загвязинский, А.Я. Найн, М.М. Поташник, Л.Ф. Спирин, В.А.
Черкасов, А.И. Щербаков, Н.М. Яковлева және т.б.)
нақтыланған.
Жоғары оқу орнында болашақ мұғалімді
кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке дайындау мәселесін
О.А. Абдуллина, В.И. Андреев, Э.Ф. Зеер, Н.В. Кухарев, Е.В. Ткаченко, А.В.
Усова және т.б. шешкен. Мұғалімнің педагогикалық
шеберлігін зерттеуге (И.Я. Зязюн, Н.В. Кузьмина, В.А. Сластенин, Н.Н.
Тарасович, Г.И. Хозяинов және т.б.) және педагогикалық
техниканы жетілдіруге ерекше көңіл бөлінген (Ю.П. Азаров,
А.А. Кан-Калик, Л.И. Рувинский және т.б.).
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді сараптау
кәсіби-педагогикалық дайындықтың жоғары оқу
орны студенттерінде қалыптастыруға қажетті мынадай ең
маңызды жақтарын бөліп қарастыруға
мүмкіндік береді: педагогикалық іс-әрекеттің әр
түрлі компоненттері (Ф.Н. Гоноболин, Н.В. Кузьмина, В.А. Сластенин
және т.б.); зерттеу біліктері мен дағдылары (О.А. Абдуллина, А.И.
Щербаков, Н.М. Яковлева және т.б.); оқу процесінде тәрбие
міндеттерін шешуге даярлық (Н.Ф. Белокур, С.Е. Матушкин, П.И. Чернецов
және т.б.); шығармашылық педагогикалық
іс-әрекетке даярлық (К.А. Абульханова-Славская, Ю.П. Азаров, А.А.
Вербицкий, В.А. Кан-Калик, Ю.И. Кулюткин, Н.В. Кухарев, Г.С. Сухобская
және т.б.); педагогикалық сараптама, өз педагогикалық
іс-әрекетінің рефлексиясын жасау қабілеттілігі (Ю.А.
Конаржевский, Г.Н. Сериков, В.А. Черкасов, Т.И. Шамова және т.б.).
Осыған байланысты болашақ психологтардың өз
басының тұлғалық, зияткерлік және аффектік
салаларын кәсіби іс-әрекетке лайықтап, педагогикалық
талаптарға сай дамыту шарттары көкейтесті болады. Бұл
болашақ маманның кәсіби маңызы жоғары
қасиеттерін дамыту оның кәсіби іс-әрекетке
даярлығын анықтайды. Олай болса, болашақ психологтарды
кәсіби іс-әрекетке даярлығының теориялық
тұжырымдарын, мазмұнын, құрылысын анықтап
алуға негіз болатын бағыттар мен қағидаларды
жүйелеу қажет.
Жоғары психологиялық, педагогикалық білім беруді
ізгілендіру оны гуманитаризациялау, салалық жіктеу, білім беру
бағыттарын нұсқаландыру, білім беру мазмұнының
бір және көпнұсқалық компоненттерінің бірлігі арқылы жүзеге
асырылады.
Алайда, қазіргі еліміздің өркениетті нарыққа
бет алған кезеңіндегі туындаған экономикалық,
әлеуметтік қиындықтар жастардың адамгершілік
қадір-қасиетінің төмендеуіне, салауатты өмір
сүру ережелерінің бұзылуына, адамдар арасындағы
қатыгездік қылмыстың ең тұрпайы - айуандық,
тағылық түрлерінің барған сайын дендеп, рухани
жағынан құлдырау үрдісінің күшейе түсуіне
әсерін тигізуде.
Мұндай жағдайда жастардың қалыпты өмірін
қамтамасыз етуге ықпал жасайтын адамгершілік адами
қасиеттердің құндылықтарын бағалауда
әлеуметтік мәдени ортаның рөлі ерекше. Сондықтан
болашақ психологтардың кәсіби даярлығын дамытуда
гуманистік, яғни адамгершілік және мәдени
тұрғылар жіктері ажырамай негізгі қағидалық тірек
болады.
Адамның тұлғалық қалыптасуы әлеуметтік
жағдайларға тәуелділігі ертеден-ақ дәлелденген.
Бұл туралы психолог, педагог ғалым Л.С. Выготский
өзінің зерттеулерінде ерекше мән берген. Ол адам-
әлеуметтік ортаның негізгі бір құрамды бөлігі деп
есептейді. Өз тарапынан орта мүлде өзгермейтін, қатып
қалған, ешнәрсе әсер етпейтін дүние емес, ол
үнемі адамдық ойлы қарым-қатынаста болатындығын
айта келіп, орта, сайып келгенде, адам үшін әлеуметтік орта болып есептеледі
де, адамға әлеуметтік тәжірибесімен табиғи ықпал
жасайды деген пікірді ұсынады. Л.С. Выготский әлеуметтік ортаны
шартты түрде адамдар қарым-қатынасының жиынтығы
деп есептей келе, әлеуметтік ортаның ерекше өзгермелі
жаңа мазмұны, түрлері тәрбиенің өте икемді,
қажетті құралы бола алатындығын дәлелдейді[1].
Сонымен Л.С. Выготский әлеуметтік орта сансыз көптеген
әртүрлі қырларымен, құрамды бөліктерімен
үнемі үздіксіз диалектикалық тұрғыда дамып
отыратын динамикалық үрдіс деп тұжырымдайды.
Бұл пайымдаудан адамның ортамен қарым-қатынасы жай
ғана қарым-қатынаста емес, белсенді іс-әрекетті сипатта
болатындығын, сонымен қатар әлеуметтік орта үнемі
адамның дамуына үйлесімді бола бермей,
қарама-қайшылықтарда да өмір сүретіндігін
аңғаруға болады.
Осыған байланысты қазіргі кезеңдегі әлеуметтік
тұрақсыздық жағдайындағы орта мен адам
арасындағы байланыс бұл тек қана әлеуметтік
маңызды мәселе болумен бірге, педагогикалық көкейтесті
мәселеге айналып отыр. Болашақ ұрпақты қазіргі
өте бір қысылтаяң экономикалық, әлеуметтік
қиындық жағдайында, қарама-қайшылықты
кезеңде өзіндік мәні бар әлеуметтік мәдениет
тұрғысында тәрбиелеу- өркениетке бағыт
алған тәуелсіз мемлекеттің өзекті мұраты.
Әлеуметтік-мәдени ортаның болашақ
ұрпақтың тәрбиесіндегі маңызы туралы
әлемдік деңгейдегі көптеген ғалым-педагогтар,
соның ішінде 20-30 жылдардағы қазақтың ұлы
зиялылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев,
Ш. Құдайбердиев, М. Дулатов кеңестік дәуірдегі
көрнекті ғалымдар Н.К. Крупская, С.Т. Шацкий, А.С. Макаренко т.б.
сөз етіп, жеке тұлғаның қалыптасуындағы
ортаның ықпалына зор мән берген. Мәселен, С.Т. Шацкий
педагог пен ортаның өзара байланысы туралы жазғанда,
педагогикалық еңбек қоршаған ортамен байланысты
болатынына ерекше тоқталған. Егер оның еңбектерін
қарастырсақ, онда бала мектепте оқығанда 2 ортада, 2
бағытты тәрбие алатыны анық сипатталған. Бір
жағынан, мектеп өзінің ықпалында тәрбиелесе,
екінші жағынан, орта да оған ықпал жасайды. Ал екі
ортаның мүддесі, бағыты бала тәрбиесінде көп
жағдайда сай келмейді. Мектеп бір бағытта үйретіп жатса, ал
орта оған қарама-қайшы бағытта ықпал етеді. Сондықтан сол ортада не болып
жатқанын біліп, араласып отыру керек[2].
Философиялық,
педагогикалық, психологиялық, тарихи, әлеуметтік
әдебиеттер мен зерттеулерге талдау жасау барысында қазіргі кездегі
өзгермелі әлеуметтік-мәдени орта жағдайында
баланың тұтас тұлғалық адамгершілік
қалыптасуына мектептің де, мұғалім мен ата-ананың
да ықпалы шамалы екеніне, өйткені олардың нарық
экономикасына дайындығы төмен болғандығына көз
жеткіздік.
Жас ұрпақ
бойында жалпы адамзаттық, адамгершілік құндылықтарды
қалыптастыруға отбасы, мектеп, ауыл-аймақ, кітапхана,
жоғары оқу орны, театр, кино, ғылыми көпшілік
ұйымдар, теле, радио хабарлары, туристік-спорттық мекемелер,
көше, достары, құрбы-құрдастары әсер етеді
және әрбір жеке адам үшін оны қоршаған
басқа адамдар әлеуметтік орта болып есептеледі. Міне,
бұлардың бәрі қосылып, жас ұрпаққа
ықпал жасайтын әлеуметтік-мәдени орта болып табылады. Ал ол
ортаның тиімділігі психологтардың кәсіби іс-әрекетті
жүзеге асыруымен тікелей байланысты.
Қазақстан Республикасының білім беру Заңында
көрсетілгендей, адамзат құндылықтарының
ғылым мен тәжірибе негізінде, жеке тұлғаны
қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау - білім беру
жүйесінің негізгі міндеті болып отыр. Кәсіби мамандарды
даярлау проблемасын шешудің жаңа жолдары қарастырылуда. Білім
беру саласында мамандарды даярлаудың қазіргі
ұйымдастырылуының негізінде жүйелі білім берумен қатар,
оқу материалын ұғынуда қиындықтар тудыратын
бөлек-бөлек тұрғылары бар. Мұндай
жағдайдың негізгі себебі, біздің ойымызша, білім беру процесі
негізгі оқу пәндерін оқыту әдістемесі саласындағы
ғылыми ұсыныстарға негізделмейтіндігінде, ал оның
өзі білім берудің барлық
деңгейлерінде оқыту, білім беру процесінің
өрістеуіне кері әсер етеді. Кез-келген пән бойынша оқу
бағдарламаларын жасаушыларға оларға неғұрлым
жандандырудың логикалық-психологиялық негіздерін жаңаша
етіп іздестіру проблемасы қойылады.
Өткен ғасырдың 30-жылдары Л.С. Выготский қазіргі
кездегі оқыту процесінің маңызды
қағидаларының бірін атап көрсетті: оқыту
дамудың соңында жүрмейді, керісінше оны жетелейді. Л.С.
Выготский, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов зерттеулері дамыта оқыту
қағидасының психологиялық негіздерін қалады. Л.В.
Занковтың дамыта оқыту эксперименталды жүйесі бірнеше
қағидаларға, қиындықтың жоғары
деңгейінде оқыту қағидасы, теориялық білімдердің
жетекшілік қағидасы, оқушының өз оқуын
ұғынуы, оқушылардың дамуын қалыптастыру
қағидасына негізделген. Л.В. Занковтың жүйесінің
негізгі ерекшелігі: оқытудың жоғарғы
қиындық деңгейінде өткізілуі.
Л.С. Выготский,
Д.В. Элькониннің еңбектерінің теориялық
тұрғысында В.В. Давыдов дәстүрлі оқытуға
қарама-қарсы жүйені қарастырып, жалпыдан жекеге,
дерексізден нақтылығына, жүйеліден даралыққа
бағытталған жаңа оқыту жүйесін ұсынады.
Осындай оқыту барысында қалыптасқан баланың ойлауы –
теориялық, ал оқытудың өзі – дамыта оқыту деп
аталынады. С.Л. Рубинштейн көрсеткендей бала дамып, тәрбиеленіп
барып оқымайды, тәрбиеленіп және оқи отырып дамиды. Ол
дегеніміз тәрбиелеу мен оқыту дамыту процесінде іске асырылады.
Баланың жеке даралық іс-әрекетінде қалыптасады.
Осыған байланысты, ғылымда орын тепкен дамыта оқыту
қағидасы студенттің ғылыми теориялық ойлау
жүйесін қалыптастыруға да пайдасын тигізіп, соның
негізінде болашақ психологнақты-бағдарланушыдан
жүйелі-модульдеуші деңгейіне көтеріледі. Осы жағдайда
болашақ Психологтың оқыту обьектісінен оқыту субьектісі
позициясына біртіндеп өтуі іске асырылады. Даму жолында оқу
әрекеті енді нағыз іс-әрекет мағынасына ие болады.
Ғылыми ұғымдар жүйесін құру оқу
пәндерінің құрылымындағы ерекше қисынды
талап етеді. Осы талапқа сәйкес жоғары оқу орындарында
жалпы базистік білім беретін оқу жүйесіне қоса, кәсіби
мамандықты меңгеру біліктілігі жүзеге асырылады.
В.В. Давыдов, А.Н. Леонтьев, Н.Ф. Талызина, П.Я. Гальперин, Д.Б. Эльконин,
қазақстандық ғалымдар М.М. Мұқанов, С.М.
Жақыпов, А.Р. Ерментаева, Х.Т. Шерьязданова және т.б зерттеулері
көрсеткендей, жоғары мектептегі білім беру процесі –
мақсат–мотивтерден, ақпаратты қабылдаудан басталып,
күрделі шығармашылық процестерді субъект негізінде іске
асырумен аяқталатыны мәлім[3]. Сондықтан қазіргі жас
ұрпақ өмірінің сан-салалы қиындықтары
жағдайында әр түрлі әлеуметтік
құрылымдардың, әлеуметтік ортаның субъектісіне
айналып отыр. Сондықтан А.Р. Ерментаеваның еңбектеріне
сүйене отырып, субъект қағидасы психолог мамандарды
кәсіби даярлаудың негізі болады деп санаймыз.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1.
Выготский
Л.С. Психология. М., 1997. 123-145 б.
2. Шацкий С.Т. ,- Педагогические сочинения, Москва, 1962,
І-том.
3. Давыдов В.В.Проблемы развивающего
обучения. М., 1986.-104б
Резюме
В статье
рассматривается профессиональная подготовка будущих психологов. С учетом
современного социально-экономического изменения в обществе определяются
направления и концепции, инновационный характер высшего образования.
Resume
The article discusses the training of future psychologists. Given the current socio-economic
changes in society are determined by the direction and concept of
the innovative nature of higher education.
Тел:
Жұмыс: 60-74-52,
94-78-52, 8-701-172-47-78;
e-mail: www.bshg.92@mail.ru