Право/4. Трудовое право и право социального обеспечения

 

Құқық магистрі Кебеева Б.П.

Турлыбаева У.Т.

М.Х.Дулати атындағыТараз мемлекеттік унивеситеті, Қазақстан

ҚР еңбек құқығындағы қалау және оның шектерінің түсінігі

 

Құқықтың атақты теоретигі С.С.Алексеев құқықтық реттеуді құқық құралдарының көмегімен (заң нормалары, құқықтық қатынастар, жеке ұйғарымдар және т.б.) экономикалық базистің талаптарына және осы әлеуметтік құрылымның қоғамдық қажеттілігіне сәйкес тәртіптеу, қорғау, дамыту мақсаттарында қоғамдық қатынастарға нәтижелі, нормативті-ұйымдастырылған ықпал ету болып табылады. Ғалымның ойынша, «құқық ... адамның қылықтарының барлық нұсқалары көрсетілген бағдарламалық матрица секілді емес, ол керісінше қоғамдық қатынас қатысушыларының жүріс-тұрысына кеңістік қалдыратын, түрлі нысандар мен көлемдері бар,заңмен нақты шектелген алдаын-ала бағдарламар мен ұяшықтардан құралған , алдын-ала бағдарламаланған үлкен «рама» сияқты».

Диспозитивті реттеудің мүмкіншіліктерін кеңейту бағытында жоспарлы түрде қозғалып жатқан еңбек құқығының қазіргі кездегі даму кезеңінде, қалау мәселесі және оның шектері өзекті мәселеге айналып отыр. Заң шығарушының және құқық субъектілерінің жүріс-тұрыстың нұсқасын таңдау еркіндігі, әлеуметтік көзқараспен қарағанда адамның ең маңызды құқықтарын қорғау қажеттілігі туралы сұрақтардың саны барған сайын көбеюде. Мұндай еркіндікті тым шектеу, және әрекеттердің мүмкін болатын нұсқалар арасында шексіз мүмкіншіліктер еңбек қатынастары тарптарының мүдделерінің дисбалансына әкеп соғады, жұмыскерлердің құқықтары бұзылады, жұмыс берушының экономикалық еркіндігі шектеледі, әлеуметтік серіктестік шеңберінде қоғамдық бірлестіктермен құрылған өзара әрекеттесуде үйлесімдіктің бұзылуына әкеледі.

Сол себепті құқықтық реттеу кейбір жағдайларда тек субъектілердің жүріс-тұрысын қатан реттеу ғана емес, сонымен қатар құқықтық тәртіптің мүмкін болатын нұсқаларын таңдауда салыстырмалы еркіндікті беру арқылы жүзеге асырылады. Құқық субъектіге тиісті бағытты таңдауға белгілі бір кеңістік қалдыру керек. Мұндай еркіндік әдетте заң әдебиеттерінде құқықтағы қалау деп анықталған.

Заңмен берілген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыратын субъектінің қалауы мәселесі көптен бері ғалымдар мен практиктердің назарында. Әдебиеттерде қалау түсінігінің анықтамасы жайлы мәселе, және оны қолданудың  шектерін анықтау мәселесі қызу талқылануды. Қалау түсінігі ғалымдармен теориялық және қолданбалы жазықтақта бағаланады.

Этимология тұрғысынан, қалау (усмотрение) сөзінің етістігі ажырату, көріп қою (усмотреть) сөздері. Д.Н.Ушаковтың түсінігі бойынша оның бірнеше мәні бар. Усмотреть - көріністен жоғалтып алмау, қадағалау, ашу, бекіту, бір құбылыстың бар екені туралы тұжырымға келу, орнату, бар екенін мақұлдау, т.б.

Сонымен, жалпы нысанда қалау етістігі – субъектінің нақты фактілерді, құбылыстарды, процесстерді, субъектінің қорытындылау, бірдей қасиеттерін анықтау деп есептеледі. Д.Н.Ушаковтың берген анықтамасы бойынша «қалау» -әрекет, шешім немесе заң бойынша емес, өзі тілегі бойынша әрекет ету қасиеті. озбырлық.  С.И.Ожегов ойынша қалау ол шешім, қорытынды, пікір. В.И.Дальдің ойынша, қалау ол бір нәрсені көзбен көру, ашу, түсіну, байқау.  

Сонымен «қалау» сөзінің семантикалық мағынасы өзіне, бір жақтан, субъективті мәнді, қорытындыны, ал екінші жақтан, субъектінің өз тілегі бойынша, ішкі сенімі негізінде шешімді қабылдау қабілеті, мүмкіндігі.

Сонымен қатар, қарастырылып жтақан терминнің семантикалық талдауы «қалау» сөзінің мүмкін болатын жағымсыз мағынасын да анықтауға көмектесті.  Қалау деп субъектінің заң бойынша емес, өзінің қалауы бойынша, заңға қайшы әрекет етуді, озбырлықты білдіруі мүмкін.

   Егер «қалаудың» жалпы құқықтық түсінігінің доктиналық зерттеуін жүргізсек, онда аталған категория түрлі құқық салаларында, басқару теориясында зерттеу пәні болғандығын атап өтуге болады. Бірақ еңбек құқығында қалау тек жеке нормалар мен институттаға қатысты қарастырылды, және оның кешенді зерттеу пәні болмағанын байқаймыз. Заңдылықты, құқықтық тәртібті, қатынастырдың барлық қатысушыларының негізгі құқықтары мен мүдделерін қорғау, алдында қойылған мақсаттарға жету еңбек құқығының негізгі міндеттері, оларды орындау үшін нормативтік ұйғармыдарды тиімді іске асыру арқылы ғана қаматамасыз етіледі, ал ол, өз кезегінде, әр норманы нақты жағдайға сәкестендіруге мүмкіншілік беретін қалаусыз мүмкін емес. 

Қалауды екі жақтан қарастыруға болады: кең және тар мағынада. Кең мағынадағы қалау - ол шешім, пікір, қорытынды. Құқық қалаумен «байланған». Ал тар мағынада қалау ол таңдау, және керісінше қалау құқықпен «байланған».

 Мұндай түсініктер өте қызықты, өйткені құқықтағы қалауды және заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қажеттілігінің қатынасын зерттеудің алғы шарты. Берілген кең түсінігінді құқық сырттай, субъектінің қалау призмасынан түсіндірілетінің  айтамыз.

Бұл анықтамаға сүйенсек қалау заңмен бекітілген шектерден шықпаған кезде ғана мүмкін және заңды болады. 

О.А. Папкованың зерттеуінде берілген қалаудың анықтамасы ең толық деп ойлаймыз, оған сәйкес қалау ол құқықтық нормалармен реттелетін қызмет түрі, оның мәні тиісті жағдайларда заң шығарушының мақсаттарына, құқық қағидаларына, істің нақты жағдайларына, сонымен қатар парасаттылық бастамаларымен, адалдық, әділдік және адамгершілік негіздеріне сәйкес жүріс-тұрыстың нақты әдісін таңдау үшін құқықтарды беру болып табылады.

 Сонымен «қалаудың» берілген анықтамаларын талдау барасысында барлық ғалымдар субъектінің бірқатар жағдайларда жүріс-тұрыстың белгілі нысанын таңдау екенін айтуда, бірақ оның мәнін әр қайсысы өзінше түсінідіреді.

   Біреулері қалауды субъектінің белгілі бір таңдау еркіндігін, заң шығарушымен жүріс-тұрыстың рұқсат етілетін альтернативті әдістерінен таңдау құқығы деп біледі. Басқа көзқарасты жақтаушылар қалауды субъектінінң қызметі, яғни оның іс бойынша оптималды шешімді таңдау процессі деп біледі.

Сонымен қатар қалау деп, құқық нормасымен рұқсат етілетін жүріс-тұрыстың нақты әдісін таңдау деп білеміз, қалау тәртіп нұсқаларын таңдау мүмкіншілігін беретін құқықтық нормаларды жүзеге асыру кезінде орын алады, ал жүзеге асыру осындай таңдау мүмкіншілігін рұқсат ететін нысандарда ғана жүргізіледі.

Әдебиет:

1. Алексеев С.С. Общая теория права: учеб. — 2-е изд., перераб. и доп. М., 2009.

2.Толковый словарь русского языка. Репринтное издание: В 3 т. /Под ред. Д.Н. Ушакова. М.. 2001.

3. Ожегов С.И. Словарь русского языка / Под ред. H.IO. Шведовой. М.. 1987.

4. Даль В.И. Толковый словарь живого великорусского языка в 4 томах. Т. 4. М. 1980.

5. Папкова О.А. Понятие судейского усмотрения // Журнал российского права. 1997. № 12.

6. ҚР Еңбек Кодексі, 23 қараша 2015 жыл.