Право/4.
Трудовое право и право социального обеспечения
Құқық магистрі
Кебеева Б.П.
Турлыбаева У.Т.
М.Х.Дулати атындағыТараз мемлекеттік унивеситеті,
Қазақстан
Әлеуметтік
қамсыздандыру және әлеуметтік қамсыздандыру
құқығының нормалары
Заңды
әдебиеттерде әлеуметтік қамсыздандыру
құқығының нормаларын әлеуметтік қамсыздандыру
және әлеуметтік қамсыздандыруға
құқық
сияқты категориялармен қатынасы
алғаш рет зерттеліп, шешілді.
Мұндай жаңа теориялық зерттеу әдісі келесі
тұжырымдамаға келуге мүмкіндік берді.
Әлеуметтік
қамсыздандыру деп өзін-өзі қамтамасыз ету
қабілетін жоғалтқан, мұқтаж
тұлғаларды материалды
қолдау және, қоғамдық және (немесе)
әлеуметтендірілген қаражатттар есебінен, қамтамасыз етуімен
байланысты мемлекеттік шаралардың жүйесі.
Әлеуметтік
қамсыздандыру уақыт пен кеңестікте тек
құқықтық нысанда пайда болады, және
жүргізіледі. Нәтижесінде әлеуметтік қамсыздандыру
құқығының нормалары әлеуметтік
қамсыздандырудың нысаны болып табылады:
құқық нормалары оның нысанынан ажырамайды,
қамсыздандыру заңды түрде рәсімделген кезде ғана
әлеуметтік болады, яғни құқықтық
нормалармен бекітіледі.
Әлеуметтік
қамсыздандыру құқығының нормаларын
әлеуметтік қамсыздандыруға деген
құқықпен салыстыратын болсақ, айтылған
нормалар бұл құқықтардың іске
асырудың жалғыз мүмкін болатын әдісі.
Әлеуметтік қамсыздандыру
құқығы нормаларының маңызын
қарастырудың алдында оның негізгі базалық
категориялармен: әлеуметтік қамсыздандыру және
әлеуметтік қамсыздандыру
құқығымен қатынасын зерттеу қажет.
Мәселенің осындай қойылымы әлеуметтік
қамсыздандыру құқығының нормаларының
мәнін, оның құқықтық реттеуде алатын
орнын анықтауға, олардың құрылуына әсер
еткен экономикалық, тарихи, саяси және басқа факторларды
ашуға мүмкіндік береді.
Алғашында қарастыруды
әлеуметтік қамсыздандыру құқығы
нормаларының әлеуметтік қамсыздандыру
құқығымен қатынастары мәселелерінен бастау
керек.
Әлеуметтік
қамсыздандыру - әлеуметтік қамсыздандыру
құқығының орталық категориясы, оның
заң нормаларымен бекітілген анықтамасы жоқ, ал заң
әдебиеттерінде бұл сұрақ бойынша біркелкі
көзқарас жоқ.
Г.В.Сулейманова "әлеуметтік қамсыздандыру"
терминін арнайы әдебиеттерде әр түрлі мағынада
қолданылатыны туралы айтады: 1) бөлу қатынастарының
ерекше нысаны, 2) мемлекет қызметі; 3) азаматтардың субъективті
құқықтары мәніндегі
құқықтық категория, 5) азаматтарды түрлі
материалды қамтамасыз ету нысаны мен мемлекеттік жүйесі; 5)
құқық саласы және т.б.
Біздің ойымызша,
аталған позициялардың барлығы даусыз дұрыс. Біріншіден,
әлеуметтік қамсыздандыруды субъективті
құқық ретінде қарастыру дұрыс емес.
Негізінен оның жеке түрлері емес, әлеуметтік
қамсыздандыруға деген құқықтың
өзі субъективті болады.
Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік
қамсыздандыруға құқықты теңестіру үшін негіздер
жоқ.
Әлеуметтік
қамсыздандыру құқығы - бұл әлеуметтік
қамсыздандыру құқығының нормаларынан
тұратын, әлеуметтік қамсыздандырудың жеке түрлері
мен нысандарын бекітетін қазақстандық
құқықтың жеке дербес саласы. Сонымен
әлеуметтік қамсыздандыру әлеуметтік қамсыздандыру
құқығының нормаларында бектіледі, бірақ оны
нормаларға түйістіруге болмайды. Әлеуметтік
қамсыздандыруды заң шығарушы нысанында іске асырылатын
мемлекеттің функциясы ретінде
қарастыру, бұл құбылыстың мәнін ашуға
ықпал етпейді, өйткені құқық
мемлекеттің "әмбебап аспабы" болап табылады. Сол себепті
мұндай көзқарас зерттелетін құбылыстың
спецификасын ашпайды.
Ал әлеуметтік
қамсыздандыруды бөлу қатынастарының категориясы
арқылы анықтауға келетін болсақ, келесі ерекшеліктерді
атап кетуге болады. Әлеуметтік қамсыздандырудың тек
экономикалық табиғатын қарастыру барысында мұндай
тұжырымға келуге болады. Шынымен де әлеуметтік
қамсыздандыру экономикамен тығыз байланысты: "Осы
экономикалық формацияда әрекет ететін экономикалық заңдар
әлеуметтік қамсыздандырудың табиғатына және
мәніне үлкен әсерін тигізеді". Олар арқылы
экономиканың жалпы деңгейі, экономикалық
қатынастарының даму дәрежесі көрсетіледі. мұндай
әсерді Р.И. Иванова жақсы
және анық көрсетті. Оның ойынша әлеуметтік қамсыздандыру
кәрілікпен, ауру болғанымен, мүгедектікпен және т.б.
жағдайлардан туындайтын өмірлік қажеттілігі бар қызмет
көрсетулерді және қаражаттарға деген
мұқтаждықтарды есепке алу қажеттілігінен туындады.
Мұндай жағдайлар өндірістік қатынастарды материалды игіліктерді бөлуге
мұқтаж етеді. Әлеуметтік қамсыздандыру
құқығының нормалары қоғам
өмірінінң экономикалық жағдайларына байланысты:
мұндай нормалар қалыптасқына экономикалық
қатынастарды есепке алады, өйткені соңғылар
әлеуметтік қамсыздандырудың қаржылық негізін
анықтайды. Экономикалық көзқараспен қарайтын
болсақ, әлеуметтік
қамсыздандыру бөлу және қайта бөлу
қатынсатарының саласы. Бәрақ әлеуметтік
қамсыздандыруды тек экономикалық сипатта қарастыру
дұрыс емес, көптеген құбылысатардың
түсініктерін беру кезінде құқықтану
ғалымдары оларды құқықтық категория ретінде
анықтайды. Сонымен әлеуметтік қамсыздандырудың
экономикалық мәнін жоққа шығармаймыз, дегенмен
оның құқықтық категория ретіндегі
түсінігін беру кезінде пайдалану дұрыс емес, өйткені
анықтамада әлеуметтік қамсыздандыруды заң аспектісінде
сипаттайтын ерекшеліктері бейнеленуі тиіс.
Біздің
ойымызша, әлеуметтік қамсыздандыруды
құқықтық категория ретінде немесе өзін -
өзі қамтамасыз етуге қабілетін жоғалтқан мұқтаждарға
қоғамдық қаражаттар есебінен материалды көмек
көрсету немесе оларды асыраумен байланысты мемлекеттік іс щаралар
жүйесі не мемлекеттік жүйе ретінде қарастыру дұрыс.
Мұндай тұжырым әлеуметтік қамсыздандырудың
нысанын - мемлекеттік нысанын дұрыс көрсетеді. Бұдан
әлеуметтік деп тек мемлекет тарапынан берілетін, онымен шығарылатын
нормаларда бекітілген қамсыздандыруды айтамыз. Әлеуметтік
қамсыздандыру құқығының нормалары
әлеуметтік қамсыздандырудың ерекше нысаны.
Мемлекет - қоғамның органы, яғни
ол қоғамдық (әлеуметтік) құбылыс,
сондықтан ол мемлекеттің "тапсырмасы" бойынша
әлеуметтік саясатты жүргізеді, ал осы саясатттың іске
асырудың негізгі құралы - құқық.
Әлеуметтік қамсыздандырудың бір түрін көздейтін
заңды нормалары объективті жағдайлардың әсерімен пайда
болады: қамсыздандыру нысанын беру негіздері (науқастық,
кәрілік, баланың туылуы) мемлектпен бекітілетін. Бірақ норма
болмаса, оған объективті негіздер бар болғанымен әлеуметтік
қамсыздандыру да болмайды. Одан басқа, егер бір заңды факт
мемлекетпен әлеуметтік қамсыздандырудың негіздемесі болып
танылатн болса, осыған байланысты қамсыздандырудың қай
түрі, қандай көлемде анықталады. Айтылғанға
бірнеше мысал келтіруге болады. Мысалы біраз уақыт бекітілген жасқа
келу зейнетақыға құқық беретін негіз деп
танылмайтын. 1918 жылы беітілген "Жұмысшыларды әлеуметтік
қамсыздандыру туралы ережеге" сәйкес зейнетақы
тағайындау негіздемесі "еңбек қабілеттілігін толық
немесе бір бөлігін жоғалту" деп таналатын. Л.Я. Гинцбург айтқандай "... Әлеуметтік
қамсыздандырудың игіліктері жұмысшылардың ішіндегі
барлық қарияларға берілмейтін, тек кәрілікке байланысты
еңбек қабілеттілігін жоғалтса ғана. Еңбек
қабілеттілігін жоғалтпаған мүгедек емес
қариялар, өзінің
жасына қарамастан қамсыздандыруға
құқығы жоқ".
Тек 20 жылдардың аяғында, 30 жылдардың басында жасына
байланысты зейнетақы жеке нысан ретінде бөлініп шықты.
Мысал ретінде
жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақыны
көрсетуге болады. Әлеуметтік қамсыздандырудың бұл
түрі КССРО ХХ ғасырдың 20 жылдарында енгізілді. 30 жылдары
Совет Үкіметі жұмыссыздықты жою туралы жариялады, ал совет
қалаларында жұмыссыздық деңгейі 20 жылдардғы
деңгейден төмен емес. Жұмыссыздық жоқ болса,
мұқтж адамдара да жоқ деген сөз, яғни оны
болдырмау шараларын іске асыру қажеттілігі де жоқ.
Жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы 1991 жылы
ғана қайта енгізілді.
Сонымен әлеуметтік қамсыздандыру
құқығы нормаларын "Әлеуметтік
қамсыздандыру" категориясымен қатынасын талдау барысында
қарастырылатын нормалардың мәні жайлы тұжырымға
келуге болады. Әлеуметтік қамсыздандыру қатынастарын
реттейтін құқықтық нормалардың пайда болуы
объективті процесс, өйткені ол адамның табиғатымен және
мемлекеттің әлеуметтік мақсатынан туындайды.
Бір жағынан адамға
оның физиологиясымен байланысты бастапқы биологиялық
қажеттіліктер тән, сонымен қатар адамға физиологиясына
баланысты басқа да жағдайлар өз
мұқтаждықтарын қанағаттандыруға
тосқауыл болады (кәрілік, мүгедектік, ауры, т.б.). Екінші
жағынан мемлекет осындай жағдай туындаған сәттен бастап
осы адамдарды қамқорлыққа алады.
Сонымен адамзат өмір
сүру барысында олардың мұқтаждықтарын
қанағаттандыруға тосқауыл болатын объективті
жағдайлар да болады, ал мемлекет осы жағдайларды,
өзінің азаматтарының және де өзінің
өмір сүруін қамтамасыз ету үшін реттеуі тиіс.
Яғни әлеуметтік қамсыздандыру аясында
құқық нормаларының пайда болуы терең объективті
факторларға байланысты. Бірақ осы нормалардың мазмұны
қандай болатыны заң шығарушының еркіне тәулді -
осыдан әлеуметтік қамсыздандыру құқығы
нормаларының пайда болуы процессінің субъективті жағы
анықталады.
Әдебиет:
1.
Шайхатдинов
В. Ш. Теория социального обеспечения: Юридический анализ. Саратов, 1982.
2.
Протасов В. Н. Лекции по
общей теории права и теории государства /
В. Н. Протасов, Н. В. Протасова. - М. : Городец, 2010.
3.
Гинцбург Л.Я. Трудовой
стаж рабочих и служащих - М. : Изд-во АН СССР, 1958.
4.
"Жұмыспен қамту туралы" ҚР Заңы 23
қаңтар 2001 жыл №149
5.
ҚР Еңбек Кодексі, 23 қараша 2015 жыл.